с е, қырық сүрінеді (мақал). Батырлар сол бетімен о н төрт қонып, Қара Ертіс жағасына барды жетіп (Байзақов).
43
Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің ш а м а- м е н алғандағы қарқынын білдіреді: Би-болыстар е к і-ү ш қонып... ауылнайға қарай кетті (Көбеев). Қожаш та... қамшымен Шалқанды б і р-е к і т а р т ы п ө т т і. Шалқан Жүністі қамшы-мен екі-үш р е т с і л т е п ө т т і (Көбеев). [Ол] бір сөзді бес -а л - ты р е т ж ө н д е й д і (Ерғалиев).
Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында рет, дүркін, қабат сөздерімен қосарланып, қимылдың дүркінділік дәрежесін көрсе-теді: [Ғайша]... бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қой- д ы. Бұл мәселе обкомда б і р і н ш і р е т қаралғанда, аудан өкілі боп рахмет те қатынасты, (Мұқанов). Бейсен е к і дүркіп с ө й - л е п үлгірді (Мұстафин). [Айшакүл мектеп үйін] бір сылағанда, үии қ а й т а р а с ы л а д ы (Майлин). Мың қабат т ү ш к і р с е ң і з д е, мұншалықты кедей колхоз бар дегеніңізге сену қиын (Әбішев).
Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен тіркес-кенде, қимылдың сандық тұрғыдан даму дәрежесін білдіреді: Жұ-мыс аумағы ү ш е с е ұ л ғ а й д ы (Мұстафин). Олар жоспарды бірі ү ш е с е, бірі б е с есе орындады (Мұстафин).
Мезгіл мағыналық есімдер мен саң есімдер тобы етістіктермен тіркесіп, к ү р д е л і сан мөлшерін білдіреді: алты ай іздеді, бес километр жүгірді, он сағат істеді. Мұндай сөз тіркестерінің сан-мөлшерлік мәні, көбінесе, мезгілдік, мекендік болады: Ауылдастар... бір төбені б і р а й қ а з д ы (Ерғалиев). Үйіндегі бір нанды б і р ай ж е й д і аз-аздап (Абай). Бұлар байдың үйінде... екі-үш күн жатты (Көбеев). Иванов 10 мину т с ө й л е д і (Нұрпейісов). Жомарттың жоспарын Жанат с е г і з к ү н ұ с т а д ы (Мұстафин. Үш а д ы м алға к е т т і. О н к и л о м е т р жү г і р д і.
Зат есімді сөз тіркестері
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы — зат есімді тіркестер. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура объектілік қатынаста жұмсалады, Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады, мыс.: жер жырту, киім тігу, бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу.
Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолданылуының нәтижесінде және керісінше, өздерінің бұрынғы дербестілігінен
айрылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың не басқа бір мү-шенің құрамына еніп кетеді, мыс.: сөз сөйлеу, темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу.
Мұндай тіркестердегі зат есімдер, сырт қарағанда, қимылдың объектісі болып көрінгенмен, қолдану тәжірибесінде ешқашан табыс жалғауын қабылдамайды. Ал, жоғарыда келтірілген (жер жырту, киім тігу т. б.) зат есімдер табыс жалғаулы болып та немесе жалғау-сыз да жұмсала алады. Бұл ерекшелік алдыңғылардың (сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз байланыста екенін, дербес-тілігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың (жер жырту, киім тігу) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады.
Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркестерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады:
1. Нақтылы зат есімдердің кимылды, қозғалысты білдіретін
44
етістіктермен тіркесі. Мыс.: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу, шам жағу, тері илеу, үй салу, кілем тоқу.
Осындай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары етістіктердің мағыналық ерекшеліктеріне үйлесімді болып ыңғайласа тіркеседі. Сондықтан, мысалы, тоқу етістігіне тоқылып жасалатын зат атаула-рының бірі объекті бола алады, ал тоғыту етістігі қой тоғыту, қозы тоғыту тәрізді бірен-саран сөз тіркестерінің ғана құрамында жұм-салады.
2. А б с т р а к т і зат есімдердің күйді, сезімді білдіретін етіс-тіктермен тіркесі. Сөз тіркестерінің бұл түрі сирек құралады. Өйткені ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тәрізді абстракті зат есімдердің объектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, мұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында, көбінесе, лексикалық тіркес ретінде ұғынылады. Бұлар ән тыңдау, ақыл беру тәрізділер. Әдебиеттең мысалдар: 21—22 жылдардағыдай билік айтып о л ж а т ү с і р е т і н... заман емес. Сары оған мынандай с ө з а й т т ы. Досбол Хасеннің үстінен а р ы з бермекші (Майлин).
МЕҢГЕРІЛЕ БАЙЛАНЫСҚАН ЕТІСТІКТІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
Меңгеріле байланысқан сөз тіркесі туралы түсінік
Етістікке ілескен сөздердің біразы жалғаусыз қабыса байланысса, енді бірқатары жалғаулар арқылы меңгеріле байланысады. Син-татикалық байланыс — сөз тіркесі синтаксисінің жанды жері. Сөздердің байланысу дағдысы сөз тіркесінің сапалық қасиетін, оның тармақты топтарының аясы қаншалық кең не тар екенін белгілейді Осы тұрғыдан меңгеруді етістікті сөз тіркестеріне өлшем етсек, олардың аса қомақты, әр алуан екені байқалады. Олай болу меңгеруде сөз арасына дәнекер болатын жалғаулардың көптігінде емес, олардың жұмсалу аясының кеңдігінде. Олар — барыс, шығыс, табыс, жатыс, көмектес жалғаулары.
Меңгерілетін сөздер — есімдер. Олардың белгілі жалғауда жұмса-луының екі жағы бар: біріншіден, олар етістіктермен сабақтаса, орайласа байланысса, екіншіден, сол байланыс нәтижесінде грамматикалық қосымша мағынаға ие болады. Мысалы, Нұржан Меруертке ажырая қарады дегендегі меңгеріле байланысқан сөз тіркесі — Меруертке қарады. Бұл құрамдағы барыс жалғаулы жалқы есімді сол мағынада басқаша айтуға болмайды: жалғаусыз айтсақ, Меруерт қарады деген басқа тіркеске айналады, табыс, шығыс, барыс, жатыс жалғауларын жалғасаң, ол екі сөздің байланысы бұзылады. Өйткені, қарады етістігі әлгі сөйлемде тек ба-рыс жалғауын керек етеді де, сол тобымен ол екі сөз толықтауыш-тық қатынаста айтылады. Бұған қарағанда, жоғарыда аталған жалғаулар есімдерді етістіктермен ұластырушы ғана емес, — сөйлемдегі сөздердің белгілі синтаксистік қызметке енуіне себепкер болатын да тұлғалар. Олардың тиістілері етістіктердің лексикалық мағыналарымен үйлесе бағыныңқы сөзге жалғанғанда, сен пәлен мүшесің дегендей таңба болмайды, меңгерілген сөз бен меңгеретін етістіктің қарым-қатысқа ену нәтижесінде ол сөздердің мүшелік қызметтері белгілі болады. Мысалы, шық, түс, қара, жібер, шақыр етістіктері барыс, шығыс, көмектес жалғауларын түгел меңгереді де, табыс жалғауын кейбіреуі ғана меңгереді, мыс.: үйден шық, тауға шық, сатымен шық, суға түс, аттан түс, арқанмен түс, балаға қара, терезеден қара, биноклъмен қара, жазғапын қара; үйге жібер, қаладан жібер, машинамен жібер, машинаны жібер;
Достарыңызбен бөлісу: |