45
мектепке шақыр, жиналыстан шақыр, телефонмен шақыр, Есенді шақыр.
Меңгеріле байланысатын етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сөз-дің тұлғасына қарай былай бөлінеді: 1) табыс жалғаулы. сөз тіркес-тері; 2) барыс жалғаулы сөз тіркестері; 3) шығыс жалғаулы сөз тір-кестері; 4) жатыс жалғаулы сөз тіркестері; 5) көмектес жалғаулы сөз тіркестері.
Етістіктер меңгеретін сөздер,— негізінде, зат есімдер мен олар-дың орнына жүретін есімдіктер. Сонымен қатар етістіктер субстан-тивтенген сын есім, сан есім, есімшелерді де меңгереді. Сонысына қарай меңгеріле байланысқаң етістікті сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі болады.
Қимыл есімді, есімше тұлғалы етістіктер тиісті септік жалғауында айтылып меңгерілген сөз тіркесінің құрамында, өздері басқа есім-дерді меңгеріп екінші сөз тіркесінің әрі бағындырушы сыңары болуы мүмкін. Мектепті қалай с а л у д ы кеңестік, бірсыпырасы жұмысы аз болады деп к ә с т е н с а л у д ы қ о л а й л а п еді, көпшілігіміз к і р п і ш т е н с а л у ды қолайладық (Майлин).
Табыс жалгаулы сөз тіркестері
Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер — сабақты етіс-тіктер. Қазақ тілінде сабақты, салт етістіктің тұлғалық айыр-машылығы болғанмен, оларды мағыналық ерекшеліктеріне қарап, табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не тіркесе алмайтынына қарап, айыруға болады, мыс.: кес, ұр, шап, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, таста, көзде, қолда, кемі, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же. Кісінің қимыл-әрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле, тоң, шомыл, тырыс, шаттан, насаттан сияқты кісінің көңіл-күйін білдіретін және маңыра, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сайра, тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, жымыңда, аһла, уһле, жылтылда, қозыла, бұзаула сияқты, кісінің не басқа заттың қимылдың күйін білдіретін етістіктер салт болады. Бұларға етіс жүрнақтары жалға-нып, сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді.
Қазақ тілінде, етістіктердің мағыналарын түрлендіруде етіс жұр-нақтары ерекше роль атқарады. Соның нәтижесінде етістіктер бір қалыпты қатып қалмай, жылысып, ауытқып, меңгеретін сөзімен са-бақтылық, салттылық байланыста болу арқылы ерекше икемділік қасиетке ие болады.
Сабақты, салт етістіктердің негізгі топтарының айырмашылық-тарына қарағанда, түбір тұлғалы сабақты етістіктердің көпшілігі кі-сінің еңбек процесімен, қимыл әрекетімен байланысты етістіктер болады да, салт етістіктердің көпшілігі кісінің көңіл-күйін, кісінің және басқа заттардың үндеу, қозғалыс әрекетін, қимыл-күйін білдіреді. Бірак, заттың қимылы, күйі деп отырған етістіктер әр уақытта белгілі затқа ғана таңулы болмайды. Олардың бәрі болмағанмен, бір-қатары әрі жанды, әрі жансыз заттың қимылы, күйі болуы мүмкін.
Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері объектілік (толықтауыштық) қатынаста жұмсалады: табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да, ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі, мыс.: ағашты кесу, етті турау, қойды айдау, шегені суыру, терезені ашу, пішенді ору, малды бауыздау, баланы тәрбиелеу.
46
Барлық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті бірдей емес: көбінесе, ол құрамда айтылатын сөздер — зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер және сапалық есімдер. Бұ-лар қатысты сөз тіркестері былай бөлінеді: 1) нақты объектілі; 2) абстрактіленген объектілі.
Бірінші топқа қолға ұстап, көзбен көретіндей зат есімдер қатысқан сөз тіркестері енеді. Ондағы есімдер мен етістіктер барынша мағыналық тығыз байланыста болады: Мыңнан аса жылқыны үш-ақ адам б а ғ ы п ж ү р. Игілік т о қ ы м ы н т ө с е н і п, е р і н жастанды да жата берді (Мүсірепов), Қалампыр сынық ашалы б а қ а н д ы сүйретіп, қоңыр с и ы р д ы айнала қ у а д ы. Қанеки, қарындас, қ о л ы ң д ы т о с! (Майлин).
Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де енеді. Самалды салқын түн Қ а н ы ш т ы жұбата а л м а й д ы (Майлин). Ол Жақыпты ертіп үйге кірді (Мұстафин). Жұмагұл Абайды тани берді (Әуезов). Ушаков Байжанды шанасына м і н - г і з і п а л д ы (Мүсірепов).
Табыс жалғаулы сөзі бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобына абстракт есімдер мен кісінің (жан-жануарлардың да) көру, сезу, сөй-леу т. б. әрекетін білдіретін сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері жатады: [Қаныш] солармен араласып өткізген ө м і р д і о й л а й д ы. Ауыл адамдары алдымен ж а з д ы әңгіме қ ы л ы п
Достарыңызбен бөлісу: |