ө т т і (Майлин). Е л і н ері қ о р ғ а с а, елі де е р і н қ о л д а й- д ы (Жамбыл). Сортаңдауды, т о з у д ы б і л е м е, ол жер (Мұқанов). Біз сүйеміз к ө к т е м к ү н і н (Ерғалиев). Осы с ы р -д ы Нысаналы ақын жақсы б і л е д і (Мүсірепов).
Сабақты етістікті сөз тіркесінің құрамында зат есімдерден басқа есімдер де айтылады. Есімдіктердің (жіктеу, өздік, сілтеу, сұрау, белгісіздік) табыс жалғауында, тура толықтауыштық қатынаста жұмсалуында кейбір ерекшелік бар: біріншіден, олардың лексика-лық ұғымдары объектілік (заттық) болмай, субъектілік не атрибут-тық болатындықтан, деректі зат есімдердей кейде жалғаулы, кейде жалғаусыз тұлғада жұмсалмайды, көпшілігі тек жалғаулы болады, екіншіден, олар (не дегеннен басқалары) сабақты етістіктермен ішкі берік байланыста емес, көлденеңнен қосылған объект ретінде жұмсалады.
Сын, сан есімдер мен есімшелер де сабақты етістіктермен мағы-налық үйлесімі болғандықтан тіркеспейді, зат есімдердің орнына жүретіндіктен тіркеседі:
— Мені қызғанасың ба? — деді Рақила.
— Биыл ө з і н конфискелеп, жер аударып жібердік (Майлин). Мырза, сіз б а с қ а б і р е у д і маған жорып отырсыз ғой (Сейфуллин). Күн қазір ымырт бопты, о н ы да жаңа б а й қ а д ы. Екі көше адасып пәтерінен асып кетіпті. М ұ н ы да жаңа б і л д і (Әуезов). Бөлінгенді бөрі ж е й д і (мақал). Шөптің шашылғанын жинап а л у ғ а да мұрша жоқ (Мүсірепов). Ж а қ с ы н ы к ө р м е к үшін (мақал). Мектептің а ш ы л ғ а н ы н біз бір-ақ б і л д і к (Майлин).
Барыс жалғаулы сөз тіркестері
Есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестерінің барыс жал-ғауы арқылы байланысуында да белгілі жүйе бар. Егер табыс жал-ғауы сабақты етістіктің затқа қатысын. заттың оған қатысын бекем-дейтін тұлға болса, «көлемдік жалғаулар», соның бірі барыс, қимыл процесінің әр алуан бұлтарысына сәйкестене заттың етістікке қаты-
47
сын орнықты етеді. Сондықтан барыс жалғаулы есімдерді кез келген етістікпен бірыңғайластыра салмай, мағыналық үйлесімі бар етістік-термен ғана отастыруға болады. Мысалы, ойлау, етістігі табыс, шы-ғыс, көмектес жалғауларын керек етсе (елін ойлау, алыстан ойлау, түнімен ойлау), сағыну етістігі, тек табысты тілейді (баласын сағын-ды), ал жақындау, таяну етістіктері барыс жалғауын керек етеді (ауылға жақындады, қалаға таянды). Бұлай болудың себебі екі түр-лі: біріншіден, әрбір септік жалғауы жалғанған сөздердің белгілі синтаксистік қызметі, мағынасы болады, е к і н ш і д е н, әр-бір етістіктің мағынасы солардың тиістісін тілеп тұрады. Сол мағы-налар мен синтаксистік қызмет әуелі тіркес құрамында пайда бола-ды. Солай үйлесімін тапқан сөздер тіркестері көп жылғы дағды бойынша өздерінің ұяласқан жұбын жазбайды. Одан сәл ауытңу, бір жалғаудың орнына екінші жалғауды жұмсай салу сөз тіркесінің тұр-қын бұзады. Мысалы, атқа мінді дегенді — аттан мінді, атпен келді дегенді аттан келді, атқа келді деуге болмайды, болса, басқа мағынада жұмсалады.
Барыс жалғауын меңгере алатын негізгі етістіктер мыналар:
1. Қимыл бағдарын білдіретін етістіктер, мыс.: кету, бару, ұмтылу, қозғалу, жақындау, таяну, беттеу, келу, қамау, кіргізу, кіру, жету, жіберу, жүру.
2. Қимылдың мекенін білдіретін етістіктер, мыс.: отыру, тұру, жату, міну, қону, түсу, қою, шығу.
3. Кісінің ішкі әрекетін білдіретін етістіктер; мыс.: сену, нану, ұнау, жалыну, қуану, қайғыру, қызығу.
4. Кісінің не басқа заттың қабылдау күйін білдіретін етістіктер, мыс.: көріну, есітілу, сезілу, түсіну, құлақ қою, зер салу.
5. Кісінің іске қатысын білдіретін етістіктер, мыс.: кірісу, араласу, қатысу, жәрдемдесу, жолығу, ұшырау.
Бұл етістіктердің көпшілігі — салт етістіктер. Барыс жалғаулы есімдердің ондай етістіктермен байланысы берік болады да, сабақты, етістікті сөз тіркестерінің құрамына енген барыс жалғаулы есімдер-дің мағыналық байланысы екі жақты болады: олар етістіктермен де, сөйлем ңқрамында тұра объект қызметіндегі заттармен де мағыналык; байланыста болады.
Барыс жалғауының мағынасы, әдетте, шығыс жалғауына қарсы болады, мыс.: үйге кірді, үйден шықты; Есеннен алды, Ерболға берді
Барыс жалғауындағы есімдер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері екі түрлі мүшелік қатынаста жұмсалады:
I. О б ъ е к т і л і к. Бұл топқа енетін сөз тіркестерінің мағыналық қатарлары былай болады:
1. Барыс жалғауындағы зат не зат орнына жұмсалатын есімдік, сын, сан есімдер сөйлемдегі басқа заттың кімге, неге арналға-нын білдіреді, мыс.: кітапты балама алдым, телеграмманы Өскенбайға жібердік, мақаланы редакторға тапсырдым.
Достарыңызбен бөлісу: |