Ядролық
қауіпсіздік бойынша жаһандық саммит өтті.
Қазақстан АҚш пен Ресей арасындағы стратегиялық шабуылдаушы
қаруды (сшҚ) қысқарту туралы шарттың күшіне кіруін қуаттайды және
АҚш-тың жаңа ядролық стратегиясын, әсіресе, оның
ЯҚТШ ережесін
сақтаушы мемлекеттерге қатысты ядролық қару қолданудан бас
тарту тұрғысындағы бөлігін қолдайды.
көріп отырғанымыздай, қол жеткен табыстар аз емес, бірақ соған
қарамастан, дүниеде әлі де болса көптеген аса күрделі мәселелер
ашық күйінде қалып отыр.
Біріншіден, ядролық қауіпсіздіктің өңірлік өлшемінің мәнділігі
бір деңгейге жоғарылады.
Бүгінде оңтүстік Азия мен таяу шығыста ядролық қару-жарақ
бәсекесін халықаралық бақылаудың пәрменді жүйелері жоқ. Біз
жекелеген ядролық державалар мен «табалдырық деңгейіндегі»
елдердің текетіресін бақылап жүрміз. Атом технологиялары мен
материалдарының халықаралық лаңкестердің қолына түсу қаупі күшті.
Бәлкім, ядролық қауіптің бақылаусыз жайлауына қатысты қатердің
ең зоры ядролық технологиялардың «қара базарына» қатысушы
мемлекеттермен байланысты болар.
Екіншіден, Ядролық сынауларға тыйым салу туралы Шарттың
төңірегіндегі шарасыздық жағдай сақталып отыр.
Бірсыпыра ядролық және «табалдырықтағы» елдердің қол қою мен
бекіту үдерісін созбаққа салуына байланысты ол күшіне кіре алатын
емес.
108
G
- GL
OBAL
Үшіншіден, «ядролық клуб» державаларының бәрі бірдей
ядролық қарусызданудың жаһандық үдерісіне қатысып отырған
жоқ.
Бүгінде ядролық мемлекеттердің бірнеше түрі бар. олар – ресми
түрдегі ядролық державалар, іс жүзінде атом қаруына ие болып
отырған және «табалдырықта тұрған» деп аталатын мемлекеттер.
Ядролық державалар ядролық қаруы жоқ елдерге қауіпсіздік
кепілдігін бере алмайды. Ал бұл ядролық қарудың дүниедегі шиқанды
өңірлерге «жайылуына» апарып соғуы ықтимал.
Барлық шарттар мен келісімдерге қарамастан екі мемлекет –
үндістан мен пәкістан – бәрібір өткен ғасырдың соңына қарай
ядролық державаларға айналды.
Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа (ЯҚтш) сәйкес
таратпаудың жұмыс істеп тұрған тәртіптемесі негізіндегі жаһандық
қауіпсіздік жүйесі дел-сал жағдайда. Бір себебі – оның өзі «ядролық
клуб» мүшелерінің ядролық арсеналдарды қысқартуы мен қару-
сыздануына түрткі болудың орнына санкцияларын тек ядросыз
мемлекеттерге ғана қолдануды көздейтін сәйкессіздік сипатта. Бұл
әділетсіздік ЯҚтш-ның орындалмауына соқтыруда.
өкініштісі, ЯҚтш тәртіптемесінің тозуы нақты шындыққа айналды,
ал ядролық мемлекеттер қатарының бақылаусыз өсуі ХХі ғасырдағы
ең елеулі қателердің бірі болып отыр.
Базбір мемлекеттер ядролық қаруға ие болуды қауіпсіздік факторы
есебінде қарастырады.
сондықтан ядролық державалар ядролық қаруға ие болудан
бас тартқан мемлекеттерге Біріккен Ұлттар Ұйымы мақұлдаған
қауіпсіздік кепілдігін берулері керек.
Төртіншіден, әзірге дүниежүзілік қауымдастық бейбіт атомды
дамытушы мемлекеттерге қатысты әділ көзқарас қалыптастыра
алған жоқ.
Ядролық энергетиканы дамыту мәселелеріндегі сенім тапшылығы
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
109
елеулі проблемаға айналып отыр. Ал сенім болмаған жерде ешқандай,
әсіресе, ядролық қауіпсіздік жүйесі пәрменді болмақ емес.
Бесіншіден, атомнан шығатын осы заманғы қауіп-қатер елдердің
бейбіт атом энергетикасы қауіпсіздігінің тәртіптемесін сақтау
мәселесіндегі қиғаштықтармен тереңдей түседі. мұндағы әңгіме
«бейбіт атом» объектілеріне мАгАтэ тарапынан болатын бақылаудың
жеткіліксіздігінде немесе бұл мәселе жөніндегі халықаралық
құқықтық негіздің босаңдығында ғана емес.
ең үлкен қиғаштық –
ядролық қуат өндіру қауіпсіздігін
қамтамасыз ету технологияларының атом саласын дамыту
ауқымынан елеулі түрде кенже қалуы. кей реттерде біз ядролық
энергетикалық циклдың коммерциялануы жағдайында қауіпсіздік
мәселесі екінші немесе тіпті үшінші кезекке ысырып тасталатынын
көріп жүрміз.
трансұлттық корпорациялардың ядролық қуатқа деген ынтасының
артуы «бейбіт атомды» пайдалану жөніндегі халықаралық
конвенцияларда ескерілмейді десе де болады.
мұның бәрі, әрине, шешуін күтіп отырған күрделі проблемалар.
сөйтсе де,
атом ыдырауының технологиясына ие болғалы бергі
жүз жылда адам баласының ядролық қарудан бостан дүние
тәртібін құруына бұрын ешқашан мұндай кең мүмкіндігі болған
емес. сондықтан осы қолайлы сәтті пайдаланып қалу – баршамызға
парыз!
Ядролық қарудан бостан әлем ретіндегі G-GLOBAL әлемі –
қиял
емес. ол – қазірдің өзінде планетаның елеулі бөлігінде орныққан
шындық. Ядролық қарудан бостан аймақтар оңтүстік және орталық
Америкада, Австралия мен океанияда, Африкада, оңтүстік-шығыс
пен орталық Азияда құрылған – бұл бүгінде жарты дүниеге бара-бар.
өңірлес көршілерімізбен бірге орталық Азияда ядролық қарудан
бостан аймақ құру туралы семей шартына қол қойылды. енді қазір
осы ядролық қарусыз аймақтардың қатысушыларына барлық
110
G
- GL
OBAL
ядролық мемлекеттер тарапынан берілетін «жағымсыз» кепілдіктердің
пәрменді тетігі керек.
Әсіресе, дау-жанжал әлеуеті күшті өңірлерде ядролық қарудан
бостан аймақтар құрудың аса келелі сипаты бар.
Қазақстан
G-8 елдерінің жаппай қырып-жоятын қару-жарақты
таратуға қарсы жаһандық серіктестігіне қосылды.
Біз ядролық қарусыз дүниені планетамыздың аңсары болуға тиісті
жаһандық нысана деп білеміз.
ол – әлдебір идеологиялық және мәдени айырмашылықтардан
тозбайтын
жалпыадамзаттық жаңа әмбебап құндылық. ол –
G-GLOBAL әлемінің шынайы құндылығы.
БҰҰ Бас Ассамблеясы 66-шы сессиясының мінберінен мен
Ядролық
қарусыз дүниенің жалпыға бірдей декларациясын тұжырымдау
туралы ұсыныс жасадым.
оның қабылдауымен біз ХХі ғасырда сол үшін бақылаудың айрықша
өкілеттігін алатын
БҰҰ-ның қатаң қадағалауындағы жаһандық
ядролық қауіпсіздіктің біртұтас жүйесін байланыстырамыз.
планетаның дұрыс пікірлі барлық адамдарының күш-жігерін
біріктірмейінше, яғни Ядролық қаруға қарсы жаһандық қозғалыс
болмайынша ядролық қарусыз дүниеге қадам басу мүмкін емес. оның
басты мақсаты
–
ядролық қатермен күресу ғана емес. Ядролық қарудың
кез келген түрін мүлдем қабылдамау ретіндегі
адамзаттың ядролық
қаруға қарсы ой-санасын табанды түрде қалыптастыру маңызды.
Ядролық қарусыз дүние идеясы өзінің жаһандық өтімділігін көрсетті.
Ядролық полигонын бірінші болып жапқан елдің президенті ретінде
менің өзім үшін ядролық қарусыз дүние – теорема емес, саяси аксиома.
ХХ ғасырдың адамзатқа берген сабақтары аз емес. Бірақ тарих
тағылымы болашаққа бағытталғанда ғана оның мәні болмақшы.
Бұдан жиырма жылдан астам бұрын семей полигонының жабылуымен
бірге ядролық қаруды таратпау мен қарусызданудың
жаһандық
үдерісінің жаңа кезеңі басталды.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
111
1991 жылғы 29 тамызға дейін ядролық қауіпсіздік аясында көбінесе
шектеу шаралары қабылданатын. Қазақстан сынауларға, демек
«қиямет-қайым күнінің» қаруына
толық және сөзсіз тыйым салу
актісін бірінші болып іске асырды.
осыдан он алты жыл бұрын БҰҰ шешімімен
Ядролық сынауларға
жаппай тыйым салу туралы Шарт қол қоюға ашылды. Әрі Қазақстан
оған ең алғашқылардың бірі болып қол қойды. шартқа қазірдің өзінде
183 мемлекет қосылды, ал 157-сі оны бекітті. «Ядролық клубтағы»
барлық державалар сынауларға қойылған мараторийді сақтауда.
планетадағы басқа да аса ірі полигондар – невададағы, Жаңа Жердегі,
лоб-нор мен муруроадағы полигондардың да үні өшулі.
сондықтан бүкіл дүние үшін
29 тамыз күні – ядролық ақырзаманды
кейінге ысырған
аралық нүкте. Жылдар мен онжылдықтар араға
түскен сайын бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтың
осы күннің
айрықша маңыздылығын түсінуі арта береріне сенімдімін.
осы мәнмәтінде 2012 жылғы 29 тамызда Астанада өткен
«Ядролық
сынауларға тыйым салудан – ядролық қарудан бостан дүниеге»
атты Халықаралық конференцияда ашық-жарқын әрі жемісті
пікірталас болды.
ол бүкіл дүние жүзінен көптеген белгілі саясаткерлердің, ғалымдар
мен қоғам қайраткерлерінің басын қосты. Ресей Федералдық
жиналысы Федерация кеңесінің спикері В. и. матвиенко, Беларусь
Ұлттық жиналысы Республика кеңесінің төрағасы А. н. Рубинов,
германия Федерациялық Республикасының вице-канцлері әрі
сыртқы істер министрі гидо Вестервеле форумның құрметті
қонақтары болды.
конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде
герман саясаткері біздің еліміздің ядролық қарусыздану үдерісіне
қосқан үлесін жоғары бағалады. ол G-GLOBAL коммуникативтік
алаңы құрылуының маңыздылығын айрықша атап көрсетіп, одан
планетамызды неғұрлым қауіпсіз, соның ішінде ядролық өзін өзі
112
G
- GL
OBAL
жалмау қатерінен алаңсыз етуге деген құлшынысында адамдарды
біріктірудің болашағын көретінін айтты.
Форумды ашарда сөйлеген сөзімде мен ядролық қарусыз дүниеге
ұмтылыстың күрделі үдеріс екенін ерекше атап көрсеттім. осы заманғы
дүниежүзілік саясаттың, көбіне-көп өткен замандардан мұра боп қалған
кемістіктері жаһандық ядролық қауіпсіздіктің қазіргі жағдайына қатты
әсер етеді. олар – одақшыл ойдың салқыны, елдер арасындағы
қарым-қатынаста
сенімділік пен ашықтықтың жетіспеушілігі,
жекелеген мемлекеттердің
жауапкершілігінің тапшылығы.
көпкіндікті дүние қалыптасуының объективтік барысындағы
бейберекеттік жағдайды қиындата түсуде.
Әскери атомның апиыны
базбір саясаткерлер мен әскерилердің бастарын әлі айналдырумен
келеді. Әлемде жаһандық көпкіндікті дүниені
тар өрісте, ең алдымен,
ядролық күштің бірқатар орталықтарының жиынтығы ретінде
көретін күштер көп.
мен болашақтың дүниесінде «ядролық қолшатыр» экзотикасына
орын болмауы керек екеніне әбден сенімдімін.
сонымен бірге мемлекетаралық өзара қарым-қатынастың басқа
проблемаларын шешуде ядролық қауіпсіздік мәселелерін
ұсақ тиын
ретінде пайдалану – көргенсіздік.
көптеген елдер үшін кедейшілік, жұмыссыздық, азық-түліктің
жетімсіздігі проблемаларын шешу бейбіт атом энергетикасының
жобаларын, әлбетте, БҰҰ мен мАгАтэ-нің қатаң бақылауында, іске
асырумен байланысты.
сондықтан біздің ядролық қарусыз дүние туралы мәселе
қоюымыздың
радиоүреймен немесе ыдыраған ядродан қуат алудың
құпиясын мәңгіге «ұмытуға» деген қиялдағы тілекпен
ешқандай
ортақтығы жоқ.
Ядролық қарусыз дүние дегеніміз – ядролық қуатты
әскери мақсатта
пайдалануға толық тыйым салу деген сөз. мен осы идеяның дәйекті
жақтаушысы
болғанмын және бола беремін.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
113
Саяси реализм тұрғысынан алғанда жаһандық ядролық
қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын шешу
осы заманғы дүние
тәртібі ауысуының жалпы үдерісінен ажырағысыз екенін мойындау
керек.
мен өзім
G-GLOBAL-дың бес принципі негізінде жаһандық
ядролық қауіпсіздік аясында
қарқындау болуы мүмкін екеніне
сенімдімін.
Ядролық қарудан құтылу үдерісі
эволюциялық болуы тиіс.
Стратегиялық
шабуылдаушы
қару-жарақты
жаппай
қысқартудың барлық ядролық мемлекеттер қатысып, БҰҰ
қамқоршылығымен әзірленетін және қабылданатын адымды
Жоспары қажет. онда дүниедегі ядролық текетіресті бәсеңдету
жөніндегі жұмыстың
барлық кезеңдері бейнеленуі тиіс.
ең алдымен,
Ядролық сынауларға жаппай тыйым салу жөніндегі
Шарттың күшіне кіруіне жету маңызды. дүниежүзілік қауымдастық
«ядролық клубтың» барлық мүшелерінің өздеріндегі әскери атом
арсеналдарын қысқарту жөнінде міндеттемелер алуын
қамтамасыз
етуге құқылы.
Бәрін емес және бірден емес, біртіндеп. мәселен, ескірген ядролық
зарядтар мен жеткізу құралдарын
жаңғыртудан бас тарту мен қару-
жарақ қатарынан шығару тәжірибесіне көшуге болады. Әлбетте,
бұл екі ядролық державаның – АҚш пен Ресейдің – қарусыздану
үдерісімен
қатар жүруі тиіс.
содан соң, алдағы болашақта «ядролық қолшатырларды»
тежеу жөніндегі шаралар көзге елестейді. Әңгіме ядролық қаруды
орналастыру мен жинауды оған ие мемлекеттің ұлттық аумағының
ішімен ғана шектеу туралы болып отыр.
таратпаудың және бейбіт ядролық энергетиканың дамуын
бақылаудың жаһандық жүйесі тек
әділдіктің, теңдіктің және
пәтуаның үшбірлікті принципі негізінде ғана тиімді болмақ.
Ядролық қарусыз өңірлік аймақтарға қатысушылардың
114
G
- GL
OBAL
бәріне берік, «жағымсыз» қауіпсіздік кепілдігін беру маңызды.
Ядролық әскери бағдарламалардан принципті түрде бас тартқан
мемлекеттерді
ынталандырушы тетіктерді қалыптастыру қажет.
тек осы негізде ғана жекелеген елдердегі ядролық энергетиканы
дамытудың болашағымен байланысты проблемаларды
әділетті
шешуге болады.
Бүгінге дейін ядролық қауіпсіздік саласында
30 мемлекет
ұлттық міндеттемелер алды. Ядроға қарсы халықаралық құқық
пен практикалық саясатта ешқандай
«екіжақты стандарт» пен
ерекшелік дегенге орын болмауы керек.
Ядролық қарусыздану мен ядросыз дүниені ол үдерістің барлық
қатысушылары арасындағы сенімнің айқын тетіктерінсіз көзге
елестету мүмкін емес. сенім принципі – тежеудің, соның ішінде
ядролық тежеудің де әскери
байыптамаларына ақылға қонымды
балама.
Ядролық қауіпсіздіктің жаһандық жүйесі өңірлік бірлестіктердің –
АӨСШК-нің, ЕҚЫҰ-ның, Ислам ынтымақтастығы ұйымының
және басқалардың
әлеуетін толық көлемінде іске қосуы тиіс.
өкініштісі, дүниежүзілік саясатта белгілі бір діннің күшін
ядролық қарудың қуатымен «нығайту» дейтін жаңсақ «пайымдар»
бар. тағы еске салайын: бұдан 20 жыл бұрын Қазақстан базбір
«тілектестердің» ақыл-кеңесі мен тұңғыш мұсылман ядролық
державасы болу дейтін
күдікті абыройдан батыл бас тартқан
болатын.
Ядролық қару – адамзат үшін өзін-өзі жоюмен тең. Ал өзіне-
өзі қол жұмсауды Жаратушыға тікелей қыр көрсету деп
дүниедегі
барлық діндер айыптайды. осы тұрғыдан алғанда да ядролық
әскери қуатқа ие болуға ұмтылу – барып тұрған күпірлік.
Ұлттардың болашақ ядролық қарусыз қауымдастығы негіздерінің
бірі деп мен
жаһандық төзімділікті санаймын. өзінің ядролық
қаруға қарсы тәжірибесі арқылы Қазақстан ядролық қарусыздану
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
115
мен таратпау мәселелеріндегі
ашықтықтың күшін бүкіл әлемге
паш етті. төзімділік негізінде біз 210 тонна пайдаланылған ядролық
отынды қауіпсіз сақтау орнына жеткізу жобасын жүзеге асырдық.
Қазақстандық реакторларды кем байытылған отынға көшіру
жөнінде жариялы жұмыс жалғасып жатыр. мАгАтэ-мен бірлесіп
табиғи уранды есепке алудың, бақылаудың және нақты
қорғаудың автоматтандырылған бірегей жүйесі жасалуда.
осының бәрі – ядролық қарудан мәңгіге бас тартқан біздің еліміз
үшін
сөзсіз тиімділіктердің мысалдары. сонымен бірге, ол өзге
мемлекеттер үшін – өнеге.
Ядролық қарусыз дүниеге беталыс –
сындарлы көпкіндіктілікке
апарар жол. Қару, әсіресе, ядролық қару қашан да адамдардың
арасын бөлетін болған. Ядролық қарусыз дүние үшін күрес –
барша
адамзатты, барлық халықтар мен мемлекеттерді жақындастырудың
факторы.
сондықтан семей полигонын жауып, ядролық арсенал мен
мәртебеден бас тартқан қазақстандықтар әрдайым ядролық қаруға
қарсы жаһандық қозғалыстың алғы шебінде болды.
Біз
Қазақстанның ұлы парызы, тарихи жауапкершілігі мен
жаһандық борышы осында деп білеміз! Әрі мен біздің плане-
тамыздың осы ғасырда ядролық өзін-өзі жоюдың қатерінен мәңгі-
бақи арыла алатынына сенемін.
Бейбіт атом: жаһандық қағидаттар мен ұлттық міндеттер
Атом электр станцияларының тарихы әртүрлі 60 апатты біледі.
уақыт есебімен ең соңғысы – 2011 жылғы наурызда «Фукусима»
Аэс-інде болған апат – табиғат зілзалалары немесе адамның қателігі
ауқымды қайғы-қасіретке соқтыруы мүмкін екенін тағы да көрсетті.
демек, ядролық энергетика қауіпсіздіктің сапалық жаңа сатысына
көшуі қажет.
116
G
- GL
OBAL
ХХі ғасырда жаһандық экономика энергетикалық жағынан жеткілікті
қамтамасыз етілмейінше дами алмайды. мамандардың есептеуінше, тек
алдағы 2 онжылдықтың ішінде адамзаттың қуатты қажетсінуі
40 пайызға
өседі. Бүгінде 2 миллиард адамның электрге мүлдем қолы жетпейді.
шындықтың аты – шындық: планетаның көмірсутекті қоры сарқылып
барады.
Қайталама қуат көздерінің болашағы зор, бірақ ол жақын
болашақта жаһандық экономика дамуының өскелең қарқыны талап
етіп отырғандай көлемде электр қуатын бере алмайды.
Бүгінде адамзатта
атом энергиясынан асқан пәрменді әрі
қолжетімді қуат көзі жоқ. Қазір 40 шақты ел бейбіт атом саласында
зерттеулер жүргізуде.
15 мемлекет атом электр станцияларын салып жатыр немесе соны
жоспарлап отыр.
Қазақстан да солардың қатарында. Біз үшін ядролық энергетика
– ұлттық
экономикамыздың
болашақтағы инновациялық
кластерлерінің бірі. Қазақстан уранның барлық дүниежүзілік
қорының ширегіне ие. Бізде ядролық энергетиканың зор ғылыми
әлеуеті мен инфрақұрылымы бар.
1991 жылғы 29 тамызда полигонды жабу туралы өзім қол қойған
жарлықтың өзінде-ақ семей полигоны мен курчатов қаласы тек
әскери ғана емес, әлеуеті зор ғылыми да орталық деп белгіленген
болатын. сондықтан мен семей сынау полигонын ғылыми-зерттеу
орталығына айналдыру міндетін алға қойдым. Ал бұл міндет
ойдағыдай іске асырылып жатыр.
Бүгінде Қазақстан өзінің зерттеуші ядролық реакторларының және
пайдаланылған отынның нақты қауіпсіздігі мен қорғалуын толық
көлемінде қамтамасыз етеді.
Біз реакторды кем байытылған отынға көшіру, ядролық қауіпсіздік
жөніндегі өңірлік оқу орталығын құру бағытындағы жұмысты одан әрі
жалғастырудамыз.
Х
Х
I ғ
ас
ы
р
әл
ем
і
117
Халықаралық қатысумен
ядролық отын дайындау жөніндегі
қазақстандық заводтың қорғанысы нығайтылды. Халықаралық
міндеттемелерді қатаң сақтай отырып, Қазақстанда «бейбіт атомның»
барлық объектілеріндегі қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз
етілген. еліміздің барлық ядролық объектілері
МАГАТЭ-нің толық
бақылауы мен кепілдіктеріне алынған.
мАгАтэ-мен бірлесіп, біз табиғи уранды есепке алудың, бақылаудың
және нақты қорғаудың автоматтандырылған бірегей жүйесін жасап
жатырмыз. Біз ядролық материалды нақты қорғау жөніндегі конвенцияға
түзетулерді бекіттік және баршаны түзетулердің 2014 жылға дейін күшіне
кіруі үшін оларды тез арада бекіту шараларын қолдануға шақырдық.
сондықтан мАгАтэ қамқоршылығында жұмыс істейтін
Ядролық
отын халықаралық банкінің депозитарийі рөліне өз кандидатурасын
нақ Қазақстанның ұсынуы қисынды.
уран кенінің дүниежүзіндегі ең ірі өндірушісі, сондай-ақ осы салада
тәжірибесі мен халықаралық сенім кредиті бола отырып, Қазақстанның
өз аумағында ядролық отынның тұңғыш халықаралық банкін
орналастыруға барлық мүмкіндіктері бар.
Қазір Қазақстанда осындай банк орналастыру жөніндегі мАгАтэ-
мен бірлескен жұмыс практикалық кезеңіне аяқ басты.
Бұл – ядролық қаруды таратпау мен қарусыздану тәртіптемесін
нығайтуға қосқан біздің нақты үлесіміз.
Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттіктің қамқор-
шылығында әрекет ете отырып, бұл банк әртүрлі елдердегі атом электр
станциялары үшін уран отынын бере алады және мемлекеттердің
ашық рынокта уран отынын ала алмау қаупіне қарамастан азаматтық
ядролық реакторларды пайдалануына мүмкіндік береді.
мАгАтэ шарттарына сай келетін барлық елдердің қауіпсіз
және сенімді түрде отын алуға мүмкіндігі болады. Бұл ядролық
энергетиканы дамытып, кем байытылған уранның қуатына деген
азаматтық қажетсінулерді қанағаттандыруға көмектеседі.
118
G
- GL
OBAL
мен Қазақстанның таратпау, қарусыздану және ядролық қуатты
бейбіт пайдалану мәселелерінде
әрқашан ең сенімді серіктес
болғанын, болып та келе жатқанын және бола беретінін атап
көрсеткім келеді.
Әрі мен бұдан Қазақстанның болашақ G-GLOBAL әлемінде бейбіт
атомның айқын және теңқұқықты дамуына септесетін өзіндік борышын
көремін.
Жаһандық ядролық энергетика тек қауіпсіздіктің даусыз кепілдіктері
болғанда және басты үш қағидат негізінде дамуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |