Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата30.03.2017
өлшемі2,65 Mb.
#10596
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

Байқоңыр иннова-
циялық форумын құруды ұсынды және жалпы алғанда бұл бастама-
шылық Ресей президенті тарапынан қолдау тапты.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
85
Ғылым мен инновациялар, еуразиялық көлік инфрақұрылымы 
саласындағы ынтымақтастық, бірыңғай энергетикалық кеңістік 
құру сияқты ілгерінді өзгерістердегі қазақстан-ресей ықпалдастығы 
қарқын алып келеді.
екі онжылдықта Ресейдің әскери жоғары оқу орындарында 
4 мыңнан 
аса  қазақстандық  офицерлер  даярланды.  Әскери  және  әскери-
техникалық  ынтымақтастықтың  әртүрлі  қырлары  бойынша 
60-тан 
аса бірлескен құжаттар іске асырылуда.
тегінде Қазақстан мен Ресей 
ортақ рухани-өркениеттік өлшемде 
өмір  сүруде.  ғылыми-біліми  ынтымақтастық  артып,  сондай-ақ 
Қазақстан  мен  Ресейдің  гуманитарлық  мәселелер  бойынша  өзара 
ықпалдастығы кеңейіп келеді.
мәскеудің,  санкт-петербургтың,  омбының,  екатеринбургтың, 
новосібірдің  және  Ресейдің  басқа  да    қалаларының  жоғары  оқу 
орындарында 
20  мыңдай  қазақстандық  азаматтар  білім  алуда. 
Ресейдің шектес өңірлеріндегі жастардың қазақстандық жоғары оқу 
орындарында жоғары білім алуына мүмкіндігі бар.
екі елде 
өзара ашық ақпараттық кеңістік жұмыс істейді.
Қазақ халқының қызметі Ресеймен, оның жекелеген өңірлерімен 
байланысты болған 
көрнекті қайраткерлерінің есімдерін мәңгі есте 
сақтау жөніндегі Қазақстанның ұсынысын Ресей жағы түсіністікпен 
қабыл алады.
өз кезегінде, біз де өткен дәуірлерде елімізді дамытуға өз іздерін 
қалдырған 
көптеген  ресейлік  ғалымдар  мен  жазушыларға, 
мәдениет және өнер қайраткерлеріне зор құрметпен қараймыз
Қазақстанда 
орыс тілінің еркін жұмыс істеуі қамтамасыз етілген, 
ол мемлекеттік қазақ тілімен қатар қолданылады.
осы  аталған  сәттердің  бәрі 

 
аса  көрнекті  нәтиже  және  соны-
мен бірге ХХі ғасырда екі елдің
 достығын, тату көршілігі мен одақ-
тастығын одан әрі дамытудың берік негізі.
Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасындағы жиырма жыл 

 
тек 

86
G
 - GL
OBAL
жолдың басы ғана. Біздің одақтастығымыз бен тату көршілігіміздің 
болашағы зор, өрісі кең.
Қазақстандағы  біздер  Ұлы  Ресеймен  ізгі  қатынастарымызды 
әрқашан  қадір  тұтып  келдік  және  қадір  тұта  береміз.  Біздің 
қатынастарымыз  орасан  бай  ортақ  тарихқа  негізделген  және 
уақыттың сынынан өткен.
Бүгінде біздің достығымыз 
толып жатқан экономикалық, мәдени 
және гуманитарлық байланыстармен, көптеген қазақстандықтар 
мен ресейліктердің туыстық дәнекерлерімен нығая түсуде.
В. В. Путин мен Д. А. Медведевтің батыл әрі көреген ұстаным-
дарының  арқасында  тмд  кеңістігінде  айқын  интеграция  үдерісі 
басталды.
интеграциялық  үдеріске  деген  біздің  көзқарасымыз  іс  жүзінде  
Ресей  басшыларының 
көзқарасымен  бірдей  екенін  атап  өткім 
келеді, ал ол экономикалық прагматизм, теңдік, өзара тиімділік және 
бір-біріміздің мүдделерімізді құрметтеу қағидаттарына негізделген.
осының негізінде біз 
«әңгіме-кептің  онжылдығынан, іс-әрекеттің 
онжылдығына» көше алдық.
мен  қашан  да  объективті  тұрғыдан 
Қазақстан  мен  Ресей 
еуразиялық интеграцияның локомотивтері деп есептейтінмін.
сондай-ақ кеден одағын құруға біздің белорустық серіктестеріміз 
бен Беларусь президенті Александр лукашенконың жеке өзі қосқан 
зор үлесті атап өткім келеді.
Біз  бәріміз  қосылып  қыруар  жұмыс  тындырдық.  Қазақстанның, 
Беларусьтің және Ресейдің кеден одағы қисынды түрде еуразиялық 
экономикалық қауымдастықтан келіп шықты.
Біздің өзара әрекеттестігіміз әсіресе, онжылдықтың соңына қарай, 
жаһандық дағдарыс жағдайында күшейе түсті.
2008 жылдың желтоқсанында қазақстандық Бурабай курортында 
болған қысқы кездесулеріміз есіме түседі.
дүниежүзілік дағдарыс өктеп тұрған жағдайда өткен осы бейресми 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
87
достық  саммитте  біз  сағаттарымызды  салыстырып,  кеден  одағын 
дайындау үдерісін тездеттік.
кеден  одағын  құру  үкіметтер  мен  бизнес-қоғамдастықтардың 
үйлесімді  жұмысын  қажет  еткен  күрделі  үдеріс  болды.  үш  жылға 
жетпейтін  уақытта  үш  елдің  ортақ  кедендік  кодексі  әзірленіп, 
қабылданды,  жалпыұлттық  орган 

  кеден  одағының  комиссиясы 
құрылды.  ортақ  кеден  аумағынан  тысқары  елдермен  саудада 
біріздендірілген  тарифті  қолдану  үшін 
11  мыңнан  аса  тауар 
айқындамасы келісілді.
2010-2011  жылдары  кеден  одағы  жұмысын  бастап,  еуразиялық 
экономикалық  интеграцияның  әлеуетін  іске  асырудың  маңызды 
кезеңіне  айналды.  Қазірдің  өзінде-ақ  кеден  одағын  құрудың 
макроэкономикалық пәрмені айқын көрініп отыр.
кеден  одағының  ішіндегі  өзара  сауда  айналымы  2010  жылы 
2009  жылғысына  қарағанда  21%,  ал  2011  жылы  (оның  алдындағы 
жылғысынан) 30%-дан аса өсті. Әрі Қазақстан мен Ресей арасындағы 
шекараға шектес сауда көлемі неғұрлым тез өсіп, 40%-дан да асып 
түсті. 
Қазақстан мен Ресей арасындағы жалпы тауар айналымы тарихи 
шегіне жетіп, 25 миллиард долларды құрады.
кедендік  бақылау  кеден  одағының  сыртқы  шекарасына 
ауыстырылды.  ортақ  кеден  аумағы  рыноктағы  таза  бәсекені 
қамтамасыз етуде.
Әлбетте,  біз  үш  елдің  экономикалық  субъектілерінің  біріз-
дендірілген кеден тарифтері мен шетелдік баж салығына бейімделу 
кезеңімен байланысты белгілі бір қиындықтар да болатынын білдік. 
Ұлттық кеден әкімшіліктері арасында жекелеген түсініспеушіліктер 
бар  және  олар  кеден  одағы  комиссиясының  жұмысы  арқылы 
жүйелі түрде жойылып отырады.
кеден  одағы  қазақстандық  өндірушілердің  өнім  өткізу 
рыноктарының  өрісін 
Брест  пен  Владивостокқа  дейін  кеңейтті. 

88
G
 - GL
OBAL
ортақ  кеден  аумағының  ішінде  шетелдік  валютаның  ауыс-
түйісіне  қойылған  шектеулер  жойылды.  Ресей  мен  Беларусь 
тауар  өндірушілері  үшін  де  осы  жағдай  жасалды.  осының  бәрі 
қазақстандықтардың, ресейліктер мен белорустардың әмбесі үшін 
нақты артықшылық болды.
кеден  одағының  дәйекті  түрде 
Бірыңғай  экономикалық 
кеңістікке,  ал  уақыт  өте  келе,  менің  күмәнсіз  сенімім  бойынша, 
еуразиялық экономикалық одаққа ұласуы біздің халықтарымыздың 
гүлденуі  үшін  қуатты  ынталандырушы  күшке  айналады,  біздің 
елдерімізді жаһандық дүниенің алдыңғы шептеріне шығарады.
2009-2011  жылдарда  мемлекет  басшыларының  табанды  саяси 
ерік-жігерінің  арқасында 
Бірыңғай  экономикалық  кеңістіктің 
нормативтік-құқықтық негізі әзірленіп, бекітілді.
Бэк 

  еуразиялық  интеграцияның  келесі  кезеңі,  ұлттық  эконо-
микаларды дамытудың, демек 

 халықтардың әл-ауқатын көтерудің 
жаңа серпіні.
2011  жылғы  желтоқсанда  кеден  одағы  елдерінің  Жоғары 
еуразиялық экономикалық кеңесі жалпыұлттық орган  
Еуразиялық 
экономикалық комиссияны құрды.
сөйтіп,  2012  жылы 
тауарлардың,  қызметтердің,  капитал  мен 
еңбек ресурстарының ортақ еуразиялық рыногына жол ашылды.
менің  еуразиялық  идеямның  негізі 
қашанда  прагматикалық 
көзқарас болған және болып та келеді, ал ол саясаттың қандай 
ізгі ниетті немесе тиімділікті болсын желеу етіп, экономикаға зорлық 
жасауының кез келген түрін мойындамайды.
еуразиялық  жобадан  тек  сыртқы  экономикалық,  әскери, 
ақпараттық,  технологиялық,  экологиялық  және  басқа  да  қауіп-
қатерден ұжым болып тасалану мүмкіндігін ғана көру 

 көрегендік 
емес. 
еуразиялық интеграцияның тарихи болашағын бұлайша тар өрісті 
түсіну «темір шымылдықтың», енді басқа үлгімен болса да, жаңа бір 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
89
сойын пішуге деген құмарлықты арттырар еді. Бұған жол беруге де, 
көнуге де мүлдем болмайды.
мен 
Еуразиялық  одақты  ашық  жоба  ретінде  түсінемін.  оны 
еуроодақпен, басқа да бірлестіктермен өзара кең ықпалдастықтан 
тыс көзге елестету мүмкін емес.
ксРо-ны ешқандай «реставрациялау» немесе «реинкарнациялау» 
дейтін жоқ және болмақ емес. Бұл тек өткеннің елесі, болжал мен 
саудагерлік  қана.  Әрі  бұл  ретте  Ресейдің,  Беларусьтің  және  басқа 
елдердің басшылығы мен біздің көзқарастарымыз толық сәйкеседі.
Бүгінде «одақ» дейтін сөзден және атышулы «империя шабуылынан» 
шошынуды қою керек. Бұл жөнінде Ресей басшысы В.путиннің 2011 
жылғы  қазанда  «известияда»  жарияланған  мақаласындағы  пікірі 
маңызды. менің Ресей мен Беларусь президенттерімен 2012 жылы 
болған  жеке  кездесулерім  де  үш  елдің  тең  құқықты,  өзара  тиімді, 
«бейимпериялық» бірлестік құруға деген ниетін растайды.
Еуразиялық одақ 

 бүгіннің және болашақтың күрделі талабымен 
өлшемдес 
мегажоба.
оның  тарихтағы  ең  қуатты  жаһандық  қаржы-экономикалық 
дағдарыстың  әсерімен  қалыптаса  бастаған  дүниежүзілік  жаңа 
құрылымның бөлігіне айналу мүмкіндігі бар. 
ол  үшін  еуразиялық  интеграцияға  қатысушылардың  бәрінде 
айқын әрі нақпа-нақ іс-әрекет стратегиясы болуы тиіс.
еуразиялық  одақ  әуел  бастан-ақ 
бәсекеге  қабілетті  жаһандық 
экономикалық  бірлестік  ретінде  құрылуы  керек.  тек  «қуалаушы 
жаңғыртпа» принципімен ғана дамитын елдердің жиынтығы болудың 
тар өрісті болашағы да, өзге дүние үшін табиғи ресурстардың үлкен 
жеткізушісі  болып  ылғи  шеткері  қалудың  да  тағдыр-талайы  бізді 
қанағаттандыра алмайды.
дүние технологиялық жаңа революцияның табалдырығында тұр. 
Бүгінде  Қазақстан  индустриялық-инновациялық  үдемелі  дамуға 
бағыт  алды.  Біз  болашақ  ұлттық  инновациялық  экономиканың 

90
G
 - GL
OBAL
негізі  ретінде  осы  заманғы  өндірістік  күштердің  жаңа  құрылымын 
жасап жатырмыз. Ресей мен тмд-ның басқа елдерінде де осындай 
міндеттер  қойылуда.  сондықтан  біздің  еуразиялық  кеңістігіміздің 
үздік  технологиялар  мен  инновациялар  кеңістігі  болуының  зор 
маңызы бар.
Индустриялық-инновациялық  даму 

  еуразиялық  өңір  елдері 
үшін  даусыз  басымдық.  Бұл  идея  мен  үшін  ерекше  жақын.  неге 
десеңіз, мен өзімнің кәсіби жолымды (мұны қазақстандықтар жақсы 
біледі) жұмысшы-металлург болып бастадым ғой.
Жаңа  индустрияландыру  ХХІ  ғасырда  әрбір  мемлекет  үшін 
маңызды  екені  айдан  анық,  өйткені  қарқын  алып  бара  жатқан 
жаһандық бәсеке жағдайында елдер тек қана шикізат жеткізілімінің 
есебінен дами алмайды.
еуразиялық өңір елдерінің әрқайсысында өнеркәсіпті дамытудың  
ұлттық  өз  жобалары  бар.  Қарқынды  бағыттарға  күш-жігерді 
континенттік ауқымда біріктіру қажет.
еуразияны  жаңадан  индустрияландыру  жаппай  синергетикалық 
әсер  беріп,  өңірдің  ішкі  өнеркәсіптік-технологиялық  әлеуетін 
толығынан  ашуы  тиіс.  тек  сонда  ғана  ұлттық  мемлекеттер  де, 
тұтастай алғанда еуразиялық интеграциялық бірлестік те жаһандық 
тұрғыда бәсекеге қабілетті болмақшы. 
Қатысушы  мемлекеттер  екіжақты  да,  көпжақты  да  негізде 
бірлескен ғылыми-зерттеу кластерлерін құруды ынталандыруы 
қажет.
Қазір  белсенділікпен  «таратылып»  жатқан  инновациялық,  жо-
ғарытехнологиялық  өсудің  нүктелері  қарқынды  түрдегі  өзара 
ықпалдастыққа түсулері керек.
Қазірдің өзінде оң тәжірибе бар: 
ЕурАзЭҚ Жоғары технологиялар 
орталығы, сондай-ақ жобаларға тепе-теңдік негізде қаржы салумен 
және  нанотехнологияларды  енгізумен  айналысатын
  қазақстан-
ресей нанотехнологиялар қоры құрылды.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
91
еуразиялық 
ауқымдағы 
индустриялық-инновациялық 
өрісті 
жобалардың  ішінен 
бейбіт  атом  энергиясын  өндірудің  бірыңғай 
циклын  жасау,  макроөңірлік  энергетикалық  жүйе  құру, 
аэроғарыштық  кластерді  дамыту,  көлік  желісінің  бүкіл  кешенін 
сапалы жаңғырту міндетін бөле-жара айту керек.
еуразияны дамыту үшін индустриялық-инновациялық міндеттермен 
қатар 
көліктік коммуникациялардың зор мәні бар. 
континенттілік  пен  аумақтардың  теңіз  жағалауынан  қашықтығы 
факторын ескергенде көлік коммуникациялары ұлттық ауқымда ғана 
емес, сонымен бірге еуразиялық ауқымда да, қан тамырлары сияқты, 
бір-бірімен байланысып жатуы тиіс.
коммуникациялардың  болуы  мен  олардың  жай-күйі 

  іс  жүзінде 
континенттің барлық мемлекеттер үшін өмірлік мәні бар нәрсе. 
ол аз десеңіз, алдағы болашақты ескергенде, еуропа мен Азияны, 
Батыс пен шығысты жалғастыратын жалпы көлік және коммуникация 
инфрақұрылымын дамыту қажет.
еуразиялық  континентте  және  дүниеде 
энергия  жеткізілімдері 
тұрақтылығының  айрықша  мәні  бар.  сондықтан  мұнай  қоры 
бойынша  дүниежүзінде  жетекші,  газ  қорынан 

  алтыншы  және 
уран  қорынан 

  екінші  орында  бола  тұрып,  Қазақстан  жаһандық 
энергетикалық  теңдестік  пен  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етудегі  өзінің 
жауапкершілігін барынша толық түсінеді.
ХХі  ғасырдың  көз  жетерлік  өрісінде 
еуразиялық  интеграцияның 
таралу аймағы қуат ресурстарының 
– 
мұнайдың, табиғи газдың, көмірдің, 
уранның және т.б. аса маңызды жаһандық көзі болып 
қала береді.
сондықтан  Бэк  шеңберінде  кен  өндіруші  секторды  жаңғырту, 
озық  технологиялық  деңгейдегі  өндіруші  өндірістер  құру  жөніндегі 
бірлескен жұмысты жолға салудың маңызы зор.
геологиялық  барлау  саласындағы  күш-жігерді  біріктіру,  еура-
зиялық геологиялық-барлау консорциумын құру жөніндегі мәселені 
пысықтау өрісті бағыт болып саналады.

92
G
 - GL
OBAL
экспорттық  қана  емес,  Бэк  ішіндегі 
құбыр  жүргізу  жүйелерін 
дамыту өзекті мәселе болып қалуда.
Атап  айтқанда,  Бэк  елдерінің  барлық  өңірлерін  келісілген 
тарифтер  бойынша  газбен  жабдықтауды  қамтамасыз  ететін 
Бірыңғай  ішкі  газ  өткізу  жүйесін  жасау  маңызды  бірлескен  жоба 
бола алар еді.
интеграцияның  аса  маңызды  міндеттерінің  бірі  – 
Бірыңғай 
еуразиялық электроэнергетикалық жүйені қалыптастыру.
Бэк  аумағында  трансконтиненттік  шығындарды  елеулі  түрде 
қысқартуға  мүмкіндік  беретін  ең  жаңа  логистикалық  және 
ақпараттық  технологияларды,  стандарттарды  пайдалана  отырып, 
ғаламдық көлік-коммуникациялық тораптар қалыптастыру қажет.
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап Бэк шеңберіндегі жүк тасы-
малына енгізілген ортақ теміржол тарифтерінің еуразиялық өңірдегі 
әділ  бәсекені  қамтамасыз  етудегі  маңызы  зор  болмақшы.  Бэк-
тің  арқасында  оған  қатысушы  елдер  өздерінің  геоэкономикалық 
жағдайын  жақсартады.  Бизнестің  ұлттық  субъектілері  Бэк-ке 
қатысушы  әрбір  мемлекеттегі  көлік  инфрақұрылымына  өзара 
жеңілдікпен қол жеткізе алады.
Қазірдің  өзінде-ақ  Қазақстан,  Беларусь  және  Ресей  аумағы 
бойынша 
Батыс  Еуропа  –  Батыс  Қытай  автомобиль  желісі 
(халықаралық көлік дәлізі) салынып жатыр.
Алдағы  уақытта  осы  желінің  бойына  көлік-логистикалық  жүйе 
құрылады да еуропа мен Қытай рыноктарына тауар жеткізу мерзімін 
3,5 еседен артық қысқартуды қамтамасыз ететін болады.
2012  жылдың  шілдесінде  Қазақстан  ұзындығы  мың  километрге 
жуық темір жол төсеуді бастады, ол Қазақстанның орталық және 
батыс  өңірлерін  каспий  теңізіне  шығу  арқылы  жалғастыратын 
болады.  Біз  транзит  жүк  ағымдарын  екі  есе  ұлғайту  мақсатымен 
көлік-логистикалық қызметті дамыту жөніндегі жобаларды белсенді 
түрде іске асырамыз.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
93
мен ірі инвесторларға 
«Қазақстан – Жаңа Жібек Жолы» мега-
жобасын бірлесіп жүзеге асыруды ұсындым және барлық мүдделі 
бизнесшілерді біздің стратегиялық жоспарларымызды іске асыруға 
белсене қатысуға шақырдым.
көлік  коммуникацияларын  дамыта  отырып,  Бэк  (ал  болашақта 
–  еуразиялық  одақ)  біріншіден,  инфрақұрылымы  дамыған 
тұрақты  макроөңірге,  ал  екіншіден,  еуроатлантикалық,  азиялық-
тынықмұхиттық  және  солтүстікамерикалық  экономикалық  таралу 
аймақтарын  жалғастыратын  берік  геоэкономикалық  буынға 
айналады.
ХХі  ғасырда 
азық-түлік  проблемасы  жаһандық  әлеуметтік-
экономикалық жаймадағы алғашқы орындардың біріне шығады.
Жер  шарының  тұрғындары  ұдайы  көбеюмен  келеді  және  қазір 
ол 
7  миллиардқа  жетті.  Азия  елдеріндегі  халық  санының  күрт 
артуы азық-түлікке деген сұранысты арттыруға әкеп соқтырды. Бұл 
жағдайда  тамақ  өнімдері  мен  су  дүниедегі  шын  мәніндегі,  құнды 
валютаға  айналды  және  солай  болып  қала  береді.  оларға  деген 
сұраныс ұдайы артуда.
сарапшылардың  есептеуінше,  алдағы  онжылдықтарда  өскелең 
сұранысты қанағаттандыру үшін дүниедегі тамақ өнімдерінің өндірісін 
70 пайызға арттыруға тура келеді.
сапалы  тамақ  өнімдеріне  деген  жаһандық  сұраныстың  артуын 
ескергенде 
еуразиялық  интеграцияның  маңызды  қыры  азық-
түліктің  ортақ  рыногын  дамытумен  байланысты.  Бұл  –  әсіресе 
өздерінің ауыл шаруашылығын дамыту жағдайы нашар бола тұрып 
демографиялық өсуді бастарынан кешіріп отырған тмд елдері үшін 
маңызды.
тмд елдерінде айтарлықтай аграрлық әлеует, ұлан-байтақ аумақ, 
ауылшаруашылық мақсатындағы жүздеген миллион гектар жер бар. 
Бэк пен тмд шеңберінде 
Еуразиялық азық-түліктің ортақ қазанын 
қалыптастыруға  талпыну  маңызды.  Бұл  жоба  –  тек  қатысушы 

94
G
 - GL
OBAL
мемлекеттердің  халқын  Бэк-те  өндірілетін  тамақ  өнімдерімен 
қамтамасыз ету тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге азық-түлікті 
Бэк-тен тысқары жерлерге экспорттау үшін қолайлы жағдай жасау 
тұрғысынан да маңызды. 
Бізде ұлттық агроөнеркәсіп кешендерін, әсіресе, дәнді дақылдар 
саласын  дамытуды  үйлестірудің,  азық-түліктің  дүниежүзілік 
рыногында  жалпы  бәсеке  мен  экспорт  саясатының  негіздерін 
тұжырымдаудың,  ұлттық  инфрақұрылымдық  желіні  сыртқа  астық 
шығару үшін үйлесімді пайдалануды жүзеге асырудың мүмкіндігі бар.
тмд  елдерінде  мал  шаруашылығының  зор  мүмкіндіктері  бар, 
бұл  –  әсіресе,  ет  өніміне  деген  дүниежүзілік  сұраныстың  артуына 
байланысты аса маңызды.
тұтастай алғанда, еуразиялық интеграция аграрлық өндірістің осы 
заманғы  технологиялары  мен  шоғырланған  аграрлық  ғылымының 
мүмкіндіктері  негізінде  қатысушы  елдердің 
ауыл  шаруашылығын 
дамытудың маңызды ынталандырушысы бола алады.
еуразиялық  одақ 
дамудың  еуроатлантикалық  және  азиялық 
таралу  аймақтарын  берік  тұтастырушы  буын  ретінде  қалыптасуы 
керек.
экономикалық  тұрғыдан  біз  еуроодақтың,  шығыс,  оңтүстік-
шығыс және оңтүстік Азияның серпінді экономикаларын біріктіретін 
жәй  ғана  көпір  емес  (ол  тым  қарабайыр  әрі  тар  өрісті  болар  еді), 
бәсекелі экономикалық және коммуникативтік кеңістік бола аламыз.
Бэк елдеріне еуропалық одақпен, Қытай Халық Республикасымен, 
Жапониямен, үндістанмен ынтымақтастығын кеңейту пайдалы. Әрі 
мен мұның өзара тиімді боларына сенімдімін!
еуразиялық  одақ  жаһандық  жаңа  валюта-қаржы  жүйесінің  бір 
бөлігі болатын дербес өңірлік қаржылық бірлестік ретінде қалыптасуы 
керек.
еуроодақтың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, ортақ төлем жүйесін, 
ал  содан  соң  ортақ  валюта  жасау  -  интеграцияның  заңды  кезеңі. 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
95
Бұл үдеріс дүниежүзілік дағдарыстың ізін ала дамыған үдерістерді 
ескеруі тиіс.
Бүгінде ео мен еуроаймақ қанша сынға алынғанымен, олар өздерінің 
өміршеңдігі  мен  дағдарыстарға  берік  табандылығын  көрсетуде.  Біз 
аса  қиын  жағдайға  тап  болған  елдерге  ео  қандай  қуатты  қолдау 
жасап жатқанын көріп отырмыз. 
Бұдан  үш  жылдан  астам  бұрын  мен  қуатты  өңірлік  резервтік 
валютаның  түп  негізі  ретіндегі 
еуразиялық  жалпыұлттық  есеп 
айырысу  бірлігі  туралы  мәселені  пысықтауды  қолға  алу  жайын 
ұсынған  болатынмын.  салдары  бұрынғыдан  да  ауыр  болатын 
жаһандық құлдыраудың жаңа толқынының ықтималдығын ескерсек, 
бұл  келелі  идея  болып  қана  қалмай,  іс  жүзіндегі  шешімдерді  қажет 
етеді.
БЭК шеңберінде валюта одағын құру – өзіндік бір шеп екенін
оны еңсергенде біз еуропалық одақтың қазіргі жағдайына жақын жаңа 
интеграция деңгейіне жететінімізді айрықша атап көрсеткім келеді.
Бұл біздің көршілерімізді еуразиялық экономикалық одақтың маңыз-
дылығы мен өміршеңдігіне іс жүзінде иландыруға мүмкіндік береді.
еуразиялық интеграцияның геоэкономикалық, ал алдағы болашақта 
геосаяси да марқаюы 
тек қана эволюциялық және ерікті жолмен 
жүруі тиіс.
оны  жасанды  түрде  жеделдетудің  және  оған  жекелеген  елдерді 
«жапсырудың»  ешқандай  түріне  жол  берілмеуі  керек.  еуропалық 
ортақ рынок 40 жылға жуық уақыт бойы құрылғанын ұмытпайық.
Қауіпсіздік  ұғымындағы  макроөңірлік  интеграция  дегеніміз  –  ең 
алдымен,  қатысушы  мемлекеттердің 
тәуелсіздігі  мен  аумақтық 
тұтастығының  сенімді  халықаралық  кепілдіктері,  ұлттық  және 
өңірлік қауіпсіздіктің барлық өлшеміндегі берік негізі.
еуразиялық  интеграциялық  үдерісті  батыл  түрде  ілгері  бастыру 
дегеніміз  –  ХХі  ғасырда

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет