Қиын-қыстау жүзжылдық: дүние өзгерістер дәуірінде


қауіпсіздіктің  талаптарына  берілетін



жүктеу 2.65 Mb.
Pdf просмотр
бет9/19
Дата30.03.2017
өлшемі2.65 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19

  қауіпсіздіктің  талаптарына  берілетін 
ұжымдық жауап. 

96
G
 - GL
OBAL
тек  бірлескен  күш-жігер  арқылы  ғана  жаһандық  экономикалық 
құлдыраудың  алдына  сенімді  қорғаныс  қоюға,  халықаралық 
лаңкестік пен сойқаншылдыққа, заңсыз есірткі бизнесіне, астыртын 
көші-қон  мен  басқаларға  тосқауыл  жасауға,  бүкіл  өңірге  қауіпсіз 
экологияны қамтамасыз етуге болады. 
еуразиялық  интеграция  қандай  болсын  үшінші  бір  елге,  елдер 
тобына немесе басқа да интеграциялық өңірлік бірлестіктерге 
қарсы 
бағытталмаған.
еуразиялық  идеяның  өзі  сияқты,  еуразиялық  интеграцияның  да 
ХХі  ғасырда 
шектегіш  шлагбаумы  жоқ,  ол  тмд-ның,  еуропа  мен 
Азияның барлық елдеріне ашық.
Қатысушы  мемлекеттер  –  Біріккен  Ұлттар  ұйымының  толық 
құқықты  мүшелері,  олар  БҰҰ  Жарғысын  қолдайды  және  БҰҰ-ның 
халықаралық істердегі рөлін нығайтуды жақтайды.
Еуразиялық  интеграцияның  тұғырнамасы  мейлінше  кең.  ол 
тмд,  еурАзэҚ,  ҰҚшҰ,  Қазақстанның,  Беларусьтің  және  Ресейдің 
кеден одағы –   Бэк және басқалар сияқты формасы, мақсаттары 
мен міндеттері жөнінен әртүрлі халықаралық бірлестіктерді қамтиды.
мен,  мәселен, 
мемлекеттердің  Орталық-Азиялық  одағын 
құрудың  жақтаушысы  болып  қала  беремін.  одан,  өзгеден 
бұрын,  өңірдегі  барлық  елдердің  проблемаларын  бірлесіп  шешу 
мен  әлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейлерін  теңестірудің 
орасан  зор  мүмкіндіктерін  көремін.  Бұл 
Орталық  Азия  елдерінің 
барлық  азаматтарының  әл-ауқатын  жақсартып,  өңірдің  күрделі 
проблемаларын шешуге көмектесер еді.
неғұрлым  кең  халықаралық  пішімде  алғанда  еуразиялық 
ынтымақтастық  дегеніміз  –  еҚыҰ,  Аөсшк,  шыҰ,  ислам  ынты-
мақтастығы ұйымы, түрік тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының 
кеңесі шеңберіндегі ынтымақтастық.
Бұл  ұйымдардың  қызметіне  Қазақстан  барынша  белсенді  түрде 
қатысады.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
97
Біздің белсенділігіміздің жалпы өлшемі – еуропа мен Азия, Батыс 
пен  шығыс,  солтүстік  пен  оңтүстік  елдерінің  жақындасуына, 
ынтымақтастығына  және  қауіпсіздігін  нығайтуға  бағытталған  кең 
ауқымды еуразиялық идея. 
ХХі  ғасырда  еуразиялық  интеграция  G-GLOBAL    дүниесінің 
шындығына айналуы керек, бұған менің зәредей де күмәнім жоқ.
2. ЯдРолыҚ ҚАРусыз Әлем ЖӘне БейБіт Атом: 
ҚАзАҚстАнның БоРышы
Тағдыршешті таңдау – ядролық қарудан бостандық
1947  жылы  британдық  «Атомшы  ғалымдардың  бюллетені» 
(«Bulletin  of  the  Atomic  Scientists,  BAS»)  журналының  мұқабасына 
«қиямет-қайым күні» фотосуреті басылды. содан бері басылымның 
қызметкерлері жаһандық ядролық қауіптің деңгейін осы нышандық 
қондырғымен өлшейтін болды.
Бұдан  65  жыл  бұрын  сағаттың  үлкен  тілі  тұңғыш  рет  ядролық 
ақырзаманның ықтималды мерзіміне – түн жарымына 7 минут қалған 
қалпына қойылды.
содан  бері  ғалымдар  оны  19  рет  өзгертті.  2007  жылға  қарай  ол 
12-ге  5  минут  қалған  қалпына  қойылса,  2010  жылы  бір  минут  кері 
шегерілді. сарапшылар 2010 жылғы сәуірде Вашингтонда ядролық 
қауіпсіздік  туралы  жаһандық  саммиттің  өткізілуі  ядролық  қауіпті 
біршама бәсеңдетті деген байламға келді.
Ал  бірақ  2012  жылғы  қаңтарда  «таңда  махшар  күнінің»  сағаты 
қайтадан  бұрынғы  орнына  келтіріліп,  қауіптің  жақындай  түскенін 
паш етті.
Әрине, бұл ядролық әскери себептерге ғана емес, Жапониядағы 
«Фукусима»  Аэс-інде  2011  жылы  наурызда  болған  ядролық 

98
G
 - GL
OBAL
энергетиканың бүкіл тарихындағы ең ірі апаттың да салдары екені 
сөзсіз еді. 
міне, осылайша, 
жетпіс жылдай уақыттан бері дүние ядролық 
күйреудің жар жағасында қалтылдаумен тұр.
Ядролық  қауіпті  жою  –  біздің  планетамыздың  бүгіні  мен 
болашағының өзекті міндеті.
Ядролық  қатердің  әскери  құрамдасын  ғана  емес,  бейбіт  атомды 
қауіпсіз  пайдалануды  қамтамасыз  етуді  де  қамтитын 
ядролық 
қауіпсіздіктің  берік  кепілдіктері  –  G-GLOBAL  әлемінің  аса 
маңызды құрамдасы.
Бұл – аса күрделі және сонымен бірге принципті мәселе.
Қазақстан 
ядролық  қарусызданудың  қиын  жолымен  барынша 
дәйекті әрі ашық түрде 
жүрді және жүріп келеді. Біз үшін саясаттың 
ядролық  қаруға  қарсы  бағыты  –  бейбітшілік  жолындағы  әлдебір 
дерексіз күрес емес, өткен ғасырда астам державалардың ядролық 
текетіресінің  сойқанды  салдары  ретінде  өзіміз  сезінген  қатал 
шындық.
1965  жылы  семей  ядролық  полигонында  термоядролық  жары-
лыстың  салдарынан  пайда  болған  «атом  көлі»  қазаншұңқырының 
жағасындағы шаған нүктесінде тұрғаным есіме түседі.
Қап-қара су айдыны мен төңкеріліп түскен жердің жансыз шомбал 
кесектері  қиял-ғажайып  көріністен  аумайды.  сол  арада  мен  өз 
дүниеміздің қаншалықты осал екендігін мейлінше анық сезіндім. ХХ 
ғасырда бүкіл дүние осындай «төңкерілген» қазаншұңқырға айналуы 
мүмкін еді...
Біздің  халқымыз  ядролық  жанталаса  қаруланудың  барлық 
салдарын өз басынан өткерді. сондықтан да біздің дүниені ядролық 
өзін өзі жою қаупінен құтқару жолында тынбастан әрекет етуге бүкіл 
адамзатты шақыратындай моральдық қақымыз бар.
семей  сынақ  полигонының  үні  өшкеніне  20  жылдан  асты.  Бірақ 
қисапсыз  жапа  шеккен  бұл  жер  әлі  де  болса  қауіп-қатер  елесінен 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
99
айығып біткен жоқ. Қырық жыл бойғы сынаулардың кезінде мұнда 
450 
жарылыс болды, соның 116-сы жер бетіндегі жарылыс. олардың 
жиынтық қуаты 
екі жарым мың Хиросиманы жойып жіберуге жетер 
еді.
Үш  жүз  мың  шаршы  километрден  астам  аумақ  радиациямен 
былғанды. Бұл шамамен ірі еуропалық елдердің біреуінің аумағындай. 
Ядролық сынаулардың салдарынан 
бір жарым миллионнан аса адам 
зардап шекті. мыңдаған азаматтарымыз радиоактивтік шөгінділердің 
ықпалымен пайда болған аурулардан көз жұмды.
Апатқа  ұшыраған  өңірде  ракпен  ауру  және  туа  біткен  ақаулар 
бұрынғысынша бүкіл елдегі көрсеткіштен асып түседі. Ақыл-есі мен 
дене бітімі кеміс балалардың тууы әлі тоқталар емес.
Қазақстан  халқы  үшін  ядролық  қару  мен  радиация  – 
алыстағы 
теория емес, қырық жылдан аса уақыт бойы қазақ жері мен Қазақстан 
халқын азапқа салған қатыгез, бұлжымас кесапат болды. сондықтан 
бұдан  56  жыл  бұрын  Рассел-эйнштейн  манифесінде  адамзатқа 
айтылған  мынадай  ескерту  сөздері  біз  үшін  қашан  да  нақты  және 
түсінікті: «Адамдардың дерексіз түрде қабылданатын «адамзат» дейтін 
ұғымды ғана емес, олардың өздері, балалары мен немерелері қатерге 
байланатынын ұға қоюы екіталай. Олар азапты өліммен өлудің сөзсіз 
қаупі өздеріне және жақындарына төніп тұрғанын түсінгісі келмейді. 
Ең ірі мамандар ядролық бомбаларды қолданумен жүргізілетін соғыс 
адам баласын жойып жіберуі әбден мүмкін екенін бірауыздан айтады».
мен 
1991  жылғы  29  тамызда  дүниежүзіндегі  ең  ірі  Семей 
полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Біз өз жеріміздегі 
ядролық  полигонды  дүниеде  бірінші  болып  жаптық.  1991  жылғы 
тамызда қабылданған ерекше шешімдер саяси аужалдың ықпалымен 
тумаған болатын.
ең  алдымен,  әңгіме  өмірлік  маңызы  бар  мәселелерге  қатысты 
болды.  Біздің  жерімізде  «ядролық  жынойнақпен»  тәжірибе  жасау 
тым ұзаққа созылған еді.

100
G
 - GL
OBAL
осы полигонды жаба тұрып, бұдан 20 жыл бұрын менің басымнан 
өткен  ахуал  бірде-бір  адамның,  бірде-бір  саясаткердің  пешенесіне 
жазылмаған шығар. ең алдымен, бұл – кесапатты жеңудің қуанышы 
еді.  Жантәсілім  жағдайындағы  ксРо-ның  әскери-өнеркәсіптік 
кешенінің қаһарлы қарсылығын, сондай-ақ президент м. горбачев 
бастаған сол кездегі басшылықтың қатаң текетіресін еңсеруге тура 
келді.
сондықтан  семей  полигонын  жабу  туралы  менің  Жарлығым 
біздің  тәуелсіздікке  бағытталған  қозғалысымыздағы 
қайтпастың 
нүктесіне айналды. енді тек қана алға басуға болатын еді.
семей полигонын жабудың тек 
Қазақстан емес, сонымен бірге 
бүкіл дүние үшін маңызы зор. Бұл шешімнің өркениеттік мәні жыл 
өткен сайын неғұрлым айқын бедерлене түсуде.
Адамзат атомның ыдырау құпиясына ие болғалы жүз жылға тарта 
уақыт болды. Бұл жаңалық өткен ХХ ғасырдың аса көрнекті ғылыми 
қарқындауына айналды. Бірақ ол жаппай қырып-жоюдың ең қуатты 
қаруын жасауға арсыздықпен пайдаланылды.
Әскери  атомның  қуаты  мен  жан  түршігерлік  мейірімсіздігі 
саясаткерлерді өркениеттің өзін өзі жалмау қаупіне қарсы тұрудың 
жолдарын іздеуге мәжбүрледі.
Таратпаудың  жаһандық  үдерісі  осылай  пайда  болды.  оның 
шеңберінде  ядролық  арсеналдар  мен  жойқын  қаруды  сынау 
мүмкіндіктерін  қысқарту  туралы  бірқатар  халықаралық  келісім-
шарттар жасалды. Әйтсе де мұның бәрі тек шектеу шаралары еді.
семей  полигонын  жабу  дүниежүзі  бойынша 
ядролық  қаруды 
сынауға  тұңғыш  және  күні  бүгінге  дейінгі  бірден-бір,  толық  әрі 
жүзеге асқан тыйым салу болды.
Қазақстан  біздің  жаңа  мемлекетіміздің  күші  мен  қуаты  ядролық 
бұлшық еттерін ойнатуда емес, 
оларды қолданбауда және олардан 
толық бас тартуда екенін бірден әрі түбегейлі шешті.
Бұл барлық қазақстандықтар үшін өздерінің ерекше егемендігін, 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
101
күші  мен  кемелдігін,  бүгіні  мен  ертеңіне  деген  сенімін  түйсінудің 
тарихи көрінісі болды.
Біз дүниені «ядролық кесапаттың» ең ауқымды мекенінен табанды 
түрде құтқарып қана қойған жоқпыз. Біз 
жаһандық қатерден үстем 
шығып,  өз  еліміз  бен  бүкіл  дүниенің  ядролық  қарусыз  тарихының 
пайдасына 
принципті таңдауымызды жасадық.
сөйтіп бұл біздің мемлекеттігіміздің арқауына – жалпыұлттық идея 
дәрежесіне көтерілген бүкілхалықтық кемелдікке айналды.
көбінесе  Қазақстанның  әсерімен 
планетаның  барлық  басқа 
полигондарының – неваданың, лобнордың, Жаңа Жердің үні өшті. 
«Ядролық  клуб»  державалары  сынақтарға  салынған  тоқтамды 
сақтауда.
тегінде 
1991  жылғы  29  тамызда  жаһандық  ядролық  тарихтың 
жаңа дәуірі басталды. дүние ерікті, саналы түрде және біржақты 
қабылданып, «қиямет-қайым күнінің» қаруын заңнан тысқары еткен 
заң актісіне ие болды. Әрі Қазақстан жасаған бұл қадамның мәнділігі 
уақыт пен кеңістікте мейлінше шексіз. сондықтан біздің ұсынысымыз 
бойынша 
БҰҰ-ның  29  тамызды  Ядролық  сынауларға  қарсы  іс-
қимылдың халықаралық күні деп жариялауы әбден заңды.
ХХ  ғасырдың  90-шы  жылдарындағы  асқынған  экономикалық 
дағдарысқа қарамастан, Қазақстан үкіметі ядролық сынақ полигоны 
жабылған  соң  сынаулардан  зардап  шеккен  аумақтарда  ядролық 
жарылыстардың салдарын жою мен қоршаған ортаны сауықтыруға 
бағытталған шешімдер қабылдады.
1992 жылғы қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында 
сөйлеген сөзімде мен қазақ жерінде халықтың еркінен тыс құрылған 
семей  полигонын  «экологиялық  жара»  деп  атадым.  Біз  ажалдың 
бұл көзін жаптық, бірақ өңірді қалпына келтіру, зардап шеккендерді 
емдеу, жаңа туған балаларды қауіпсіздендіру үшін ұшан-теңіз қаржы 
керек. осыған байланысты қазақстандықтар белсенді халықаралық 
көмекке зәру.

102
G
 - GL
OBAL
мен бұдан кейін де Қазақстанның бұрынғы барша одақтың ядролық 
полигоны  болғанын,  алайда  сәулеленуден  зардап  шеккендерді 
әлеуметтік қорғау мен апаттың салдарын жою проблемасымен айналып 
келгенде тек біздің ғана бетпе-бет қалғанымызды еске салумен болдым.
тарихи,  адамгершілік,  экологиялық  және  басқа  да  тұрғыдан  бұл 
әділетсіздік  еді.  саясаткерлердің  халық  алдындағы  құқықтық  ми-
расқорлығын алып тастау мүмкін емес, әсіресе,  әңгіме адамгершілік 
принциптері мен жауапкершілік туралы болғанда солай. 
Ядролық  сынаулардың  зардаптарын  жоюда  АҚш  пен  Ресей 
Қазақстанға  елеулі  қолдау  жасады.  семей  полигонының  нақты 
қауіпсіздігін арттыру жөніндегі үш елдің көпжылдық ынтымақтастығы 
бүкіл дүниеге өзара сенім негізіндегі серіктестіктің үлгісін паш етеді.
Қазақстан 
Республикасы, 
Ресей 
Федерациясы 
және 
Америка  Құрама  Штаттары  Президенттерінің  2012  жылдың  27 
наурызындағы Сеулде өткен кездесуі мен бұрынғы семей сынақ 
полигонына қатысты үшжақты ынтымақтастығы туралы 
Бірлескен 
мәлімдемелері осы жолдағы тарихи кезеңге айналды.
Бірлескен  мәлімдемеде  былай  деп  атап  көрсетілген:  «2004 
жылдан  бастап  біздің  үш  ел  бұрынғы  Семей  сынақ  полигонының 
аумағында өткізілген ядролық сынау қызметінің зардаптарын жоюға 
және оны қауіпсіз күйге келтіруге бағытталған бірқатар жобаларды 
жүзеге асыруда ынтымақтасып келеді. Қазақстанның, Ресейдің және 
Америка  Құрама  Штаттарының  Президенттері  бұл  мақсаттардың 
жүзеге асырылуын тікелей өздері бақылаумен болды.
Қазіргі уақытқа дейін елеулі жұмыс көлемі атқарылды. Осы заманғы 
физикалық және техникалық құрал-жабдықтарды қолдану нәтижесінде 
бұрынғы полигондағы қауіпсіздік деңгейі едәуір артты.
Бұл  жұмыс  аяқталуға  жақын,  сондықтан  біз  оны  өзіміздің  нақты 
ядролық  қауіпсіздік  пен  ядролық  қаруды  таратпауға  деген  ортақ 
ықыласымызды  көрсететін  үшжақты  ынтымақтастықтың  мейлінше 
жемісті үлгісі ретінде қарастырамыз».

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
103
президенттердің  сол  кездесуінде  мен  сынаулардың  зардап-
тарын  жою  жөніндегі  жұмыста  көрсеткен  көмектері  үшін  біз 
серіктестерімізге  риза  екенімізді  айттым.  өз  кезегінде,  дмитрий 
медведев  ядролық  қарусыздану  ісіндегі  белсенді  ұстанымы 
үшін  Қазақстанға  алғыс  айтты,  ал  Барак  обама  ядролық  қаруды 
таратпау саласындағы табыстарға Қазақстанның аса зор үлесінің 
арқасында қол жеткенін атап көрсетті.
мұндай жоғары бағалаудың астарында Қазақстанның және бүкіл 
дүниенің ядролық сенім мен қауіпсіздікті нығайту мақсатында жүріп 
өткен ұшан жолы жатыр.
тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде семейдегі полигон біздің жалғыз 
проблемамыз болған жоқ. 1991 жылғы желтоқсанда кеңестік астам 
державаның  ыдырауымен  бірге  тәуелсіз  елдердің  иелігінде  қалған 
ядролық арсеналды не істеу керек деген сұрақ туды.
Қазақстан 
іс жүзінде ауқымы жөнінен дүниежүзіндегі төртінші 
зымырандық-ядролық  әлеуетке  ие  болатын.  ол  кезде  бұл 
ядролық  арсенал  Ұлыбританияның,  Францияның,  Қытайдың 
ядролық  күштерін  бірге  алғандағыдан  қуатты  еді.  1991  жылы 
Қазақстан аумағында 
1216 ядролық оқтұмсық бар-ды. салыстыру 
үшін  алсақ,  1995  жылы  Ұлыбританияда  296,  ал  Францияда  512 
ядролық оқтұмсық болды. 
Ақмола облысындағы державинскіге зымыран базасын инспек-
циялауға барғанымда мен Батыста «Жын-пері» деп аталған, ядролық 
оқтұмсықтары  бөлінетін  стратегиялық
  СС-18  зымырандарын  өз 
көзіммен  көрдім.  Биіктігі  34  метр  және  диаметрі  үш  метрлік  ол 
шынында да аждаһаға ұқсайды екен. Ал оның ішінде қандай тажал 
жасырынып жатқанын ешкім білмейтін еді.
осындай  аса  күрделі,  теңдесі  жоқ  әрі  шиеленіскен  жағдайда 
біз ұлттық мүдделерді де еске ала отырып, бұл проблемаға деген 
жаһандық өркениетті көзқарас тұрғысынан да таңдау жасауға тиіс 
болдық.

104
G
 - GL
OBAL
Бәрін безбендеп әрі ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке тигізер 
салдарын  есептей  келіп,  мен 
бұл  қаруды  сақтаудың  кез  келген 
уәжін  теріске  шығардым.  ешқандай  ішкі  жағдай  бізді  «ядролық» 
жолмен  жүруге  мәжбүрлей  алмайтын  еді.  Жаңа  жағдайда  әскери 
әлеуетті  арттыру  тәжірибесі  ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ете 
алмайтын, қайта, керісінше, тұрақсыздандыру факторы болатын-ды.
сондықтан мен принципті екі жағдайды табандата талап еттім. 
Біріншіден, 
ядролық  державалар  Қазақстанның  қауіпсіздігіне 
кепілдік берулері тиіс.
екіншіден,  1991  жылғы  31  шілдеде  қол  қойылған 
КСРО  мен 
АҚШ арасындағы Стратегиялық шабуылдаушы қаруды (СШҚ-1) 
қысқарту және шектеу туралы шарт екіжақты пішімнен көпжақты 
пішімге көшуі тиіс.
1992  жылғы  23  мамырда  лиссабонда  Қазақстан  стратегиялық 
шабуылдаушы қаруды (сшҚ-1) қысқарту және шектеу туралы кеңес-
американ  шартына  хаттамаға  қол  қойды.  Біз  ядролық  қарусыз 
мемлекет ретінде қысқа мерзім ішінде 1968 жылғы Ядролық қаруды 
таратпау  туралы  шартқа  қосылуға  міндеттеме  алдық.  Қазақстан 
парламенті  сшҚ-1  шарты  мен  лиссабон  хаттамасын  1992  жылғы 
шілдеде, ал Ядролық қаруды таратпау туралы шартты 1993 жылғы 
желтоқсанда бекітті.
содан  бері  Қазақстан,  шарт  мүшесі  ретінде  ядролық  қаруы  жоқ 
мемлекеттің міндеттерін қатаң басшылыққа алып келеді. 
АҚш  пен  Ресейдің  қатысуымен  Қазақстан  аумағындағы  жер 
шарының  кез  келген  нүктесіне  жете  алатын  бір  мың  екі  жүз 
ядролық оқтұмсығы бар 
110-нан аса баллистикалық зымырандар 
бөлшектенді.
1994  жылғы  5  желтоқсанда  Будапеште  «Ядролық  клуб» 
мемлекеттері  -  Ресейдің,  АҚш-тың  және  Ұлыбританияның 
басшылары 
Қазақстанға  қауіпсіздік  кепілдігін  беру  туралы 
Меморандумға қол қойды.

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
105
Бұл  құжат  Қазақстанның  ядролық  қаруды  тасып  әкету  туралы 
өз  міндеттемелерін  орындағанын  халықаралық  қауымдастықтың 
мойындағанын білдірді. одан кейінірек Қазақстан Франция мен Қытай 
тарапынан  да  қауіпсіздік  кепілдігін  алды.  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінің 
тұрақты  мүшелері  болып  табылатын  жетекші  державалардың  бұл 
халықаралық міндеттемелері Қазақстанның аумақтық тұтастығына да 
кепілдік берді.
1995  жылдың  көкегінде  континентаралық  баллистикалық 
зымырандардың  барлық  ядролық  оқтұмсықтарын  шығару 
толық 
аяқталды.  31  мамырда  семей  полигонында  жер  астында  қалған 
соңғы ядролық заряд жойылды. Ал 1996 жылы Қазақстан 
Ядролық 
сынауларға  жаппай  тыйым  салу  туралы  Шарттың  қатысушысы 
болды.
сөйтіп,  қазақ  жері  ядролық  қарудан  толық  азат  етілді.  Бейнелеп 
айтқанда, Қазақстан бізге кеңестік әскери мәшинеден мұраға қалған 
ядролық сауытын тастады.
Бұл тағдыршешті шешім болды.
Біріншіден,  ол  ядролық  сынаулардан  жапа  шеккен  қазақ-
стандықтардың өз мүддесіне толық сай келеді.
екіншіден,  ядросыз  әлеуетті  таңдау  –  қауіпсіздіктің  дүниежүзілік 
жүйесіндегі кереғарлықтың қатерлі салдарын түйсінудің нәтижесі.
Ядролық  қарусыз  мемлекет  болған  соң  біз 
милитарлансыздану 
мен ядролық қарусыздану бағытын таңдадық.
үшіншіден,  Қазақстанның  ядролық  қарудан  бас  тартуы  өз 
тәуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап бейбітшілік сүйгіш сыртқы 
саясат жүргізуімен байланысты. Ядросыздық мәртебесін алу арқылы 
біз  дүниеге  өнеге  көрсеттік, 
берік  халықаралық  кепілдіктерге  ие 
болдық және, сол арқылы еліміздің нақты тәуелсіздігін нығайттық.
Бұл  жайында  егжей-тегжейлі  айтып  отырған  себебім  –  мұның 
бәрі тәуелсіз Қазақстанның ядросыз өмірбаянының жарқын беттері 
болғандығынан.

106
G
 - GL
OBAL
Бұл – біздің ядролық қаруға қарсы тәжірибеміз және 
біз дүниенің 
барлық мемлекеттерін осыны қолдауға шақырамыз.
Бұл  –  менің  елімнің  жаһандық  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге 
қосқан  үлесі,  бұл  –  G-GLOBAL  қағидаттарына  негізделген  әділетті 
әлем сипатын жасаудың жолы.
Жаһандық ядролық қауіпсіздік
Бүгінде  ядролық  қауіпсіздік  мәселелері  дүниежүзілік  саясаттағы 
ең жетекші орындардың бірінде.
тәуелсіз  Қазақстан  тек  өзі  үшін  қауіпсіздікке  жетуді  ешуақытта 
мақсат қылған емес. Ядролық қарусыздану мен қауіпсіздік туралы 
мәселені біз әрдайым кең мағынада қарастырып келдік.
мәселен, 2000 жылғы қыркүйекте болған 
БҰҰ-ның Мыңжылдық 
саммитінде-ақ мен талқыланатын мәселелердің қатарына ядролық 
қауіптің таралуы проблемасын да қосуды ұсынған болатынмын. неге 
десеңіз, ядролық қаруға ие базбір елдердің текетіресі сол кезде де 
болған, қазір де бар. дүниедегі біраз елдер ядролық Жалмауыздың 
құпиясына ие болудың табалдырығында тұр.
Ядролық қауіпсіздікті мен үшбірлікті тұтастық деп қарастырамын, 
олар: 1) проблеманың әскери-саяси қыры – яғни адамзатты ядролық 
қарудан сақтау; 2) ықтималды ядролық лаңкестікке қарсы әрекет; 
3) атом энергетикасының қауіпсіздігі.
Бірінші  мәселе  бойынша  Қазақстанның  ұстанымы  айнымайды: 
тарихи мақсат – ядролық қарусыз дүниеге ұмтылу.
соңғы  20  жылда  ядролық  қарусыз  дүниеге  қарай  аса  маңызды 
қадамдар жасалды.
Жаһандық ядролық текетірес қаупі елеулі түрде бәсеңдеді.
орталық  еуропадағы  ядролық  зымырандардан  тұратын  меже 
жойылды. сшҚ-1 және сшҚ-2 келісім  шарттары іске асып, АҚш пен 
Ресейдің арсеналдарын әжептәуір қысқартты. Біз ұсынған Аөсшк 

Х
Х
I ғ
ас
ы
р 
әл
ем
і
107
үдерісі әр қадам сайын ортадағы еуразияның ұлан-байтақ өңірінде 
мемлекеттер арасындағы сенімді арттыра түсіп келеді.
Ядролық сынауларға жаппай тыйым салу шартына қазірдің өзінде 
180 ел қол қойды, 154 мемлекет оны бекітті.
2010 жылы АҚш пен Ресейдің стратегиялық ядролық арсеналдарын 
қысқарту  жөніндегі  осы  ғасырдағы  тұңғыш  прага  шартына  қол 
қойылып,  ол  іске  қосылды.  сол  жылы  Вашингтонда 
Каталог: files
files -> Оңтүстік Қазақстан облыстық «Отырар» ғылыми әмбебап кітапханасы
files -> Көркемсөз зергері
files -> Мұратбеков Сайын
files -> Литература по физико-математическим наукам
files -> Г. Д. Рыскелдиева Жинақта «Жаратылыстану гуманитарлық ғылымдары жəне олардың Қазақстан Республикасының индустриалды нновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудағы рөлі» атты
files -> Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Хіх ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы
files -> Бағдарламасы бойынша шығарылып отыр Редакция алқасы


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет