Информатика



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата06.02.2017
өлшемі4,79 Mb.
#3495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Қеңейтім – әтүрлі программалық жасақтамада (мысалы Mozilla 
Firefox, Google Chrome, OpenOffice.org) – негізгі қосымшаға қосылған, 
оның  функционалдылығын  кеңейтетін  (немесе  керісінше  азайтатын) 
модуль.  
Әдетте,  кеңейтімдер,  скрипттік  тілде  және/немесе  белгілеу 
тілінде  жазылған  бастапқы  кодымен,  архив  түрінде  таратылады. 
Сонымен  қатар,  қосымша  тілдерді  қолдау  үшін,  кеңейтімдерді 
программаға қосуға болады. 
6.5. Электрондық пошта 
Электрондық  пошта  (email,  e-mail,  electronic  mail)  —  ол 
үлестірілген  (оның  ішінде  ғаламдық)  компьютерлік  желі  бойы, 
электрондық  («хаттар»  немесе  «электрондық  хаттар»  деп 
аталатын)  хабарларды  жіберу  және  алу  бойынша  ұсынатын 
қызметтері және технолгиясы.  
Басқа хабарларды жіберу  (мысалы,  бір  сәтте хабарлау  қызметі) 
жүйелерінен  айырмасы,  жеткізуді  кейінге  қалтыру  мүмкіндігі  және 
тәуелсіз  пошталық  серверлер  арасындағы  өзара  әрекеттесу 
жүйесінің дамығандығы
Электрондық  пошта  –  Интернеттің  ең  белгілі  қызметі,  оның 
көмегімен,  ақпаратпен  тез  алмасу  үшін,  дүниенің  кез  келген 
нүктесінен клиенттерді қосуға болады. 
E–  mail-дың  қызметтері  көптеген  нұсқалармен  іске  асырылған, 
олар – Microsoft Outlook, Outlook Express, HotMail және т.б. 
Электрондық 
поштаның 
адресінің 
құрамы: 
 
пайдаланушының  аты  @  доменнің  аты.  доменнің  типі. 
Пайдаланушының  атын  оның  өзі  таңдайды,  ал  доменнің  атын 
пошталық  сервердің  иесі  тіркеп  қояды.  Мысалдар: 
nurad@mail.ru
, 
inchin@math.kz
 
6.6. Протоколдар 
Протокол–  бұл,  бейнелеп  айтқанда,  желіде  жұмыс  жасағанда 
деректермен  алмасу  үшін,  компьютерлердің  қолданатын  «тілі». 
Желідегі  әртүрлі  компьютерлер  бірлесіп  әрекет  қылу  үшін,  олар  бір 
«тілде» «сөйлесуге» тиіс, яғни бір протоколды қолданулары керек.  
Қысқасы,  протокол  –  компьютерлік  желі  тораптарының 
арасындағы деректерді жіберу ережелері.  
Интернетегі  протоколдар  жүйесін  «TCP/IP  протоколдар  стегі» 
(орысша «стеком протоколов TCP/IP») деп атайды. 

 
305 
OSI желілік моделі (ашық жүйелердің өзара әректінің негіздік 
эталондық  моделі,  ағылш.  Open  Systems  Interconnection  Basic 
Reference 
Model
– 
желілік 
протоколдарды 
жасау 
және 
коммуникациялау үшін, абстрактілі желілік моделі.  
Компьютерлік желінің деңгейлі әдістемесін ұсынады. Әр деңгей, 
өзара  әректтесу  үрдісінің  өз  бөлігіне  ғана  қызмет  етеді.  Осындай 
құрылымның арқасында, желілік жабдықтардың және программалық 
жасақтаманың  бірлескен  жұмысы  анағұрлым  оңай  және  түсінікті 
бола бастайды. 
Қазіргі  кезде,  негізінен  TCP/IP  тектес  протоколдары 
пайдаланылады,  бірақ  олардың  жасалуы  OSI  моделімен  байланысты 
болмаған. 
Ең кең таралған Интернет-протоколдары (алфавит ретімен, OSI 
моделіне шамалы сәйкестікте топтастырылған): 
OSI деңгейі 
OSI деңгейіне шамалы сәйкес протоколдар 
Қолданбалы 
DNS,  FTP,  HTTP,  HTTPS,  IMAP,  LDAP, 
POP3, SNMP, SMTP, SSH, Telnet, XMPP (Jab-
ber) 
Сеанстық/Ұсынулары  SSL, TLS 
Транспорттық 
TCP, UDP 
Желілік 
BGP,  EIGRP,  ICMP,  IGMP,  IP,  IS-IS,  OSPF, 
RIP 
Арналық 
Arcnet,  ATM,  Ethernet,  Frame  relay,  HDLC, 
PPP, L2TP, SLIP, Token ring 
Әлі  стандартталмаған,  бірақ  Интернетте  өте  белгілі,  бірқатар 
протоколдар бар, олар:  

 
OSCAR 

 
CDDB 

 
MFTP 
(eDonkey2000 
желісі) 

 
BitTorrent 

 
Gnutella 

 
Skype 

 
Steam 
Бұл  протоколдар,  көбінесе  файлдармен  және  мәтіндік 
хабарлармен  алмасуға  керек,  олардың  кейбіреулерінің  негізінде, 
тұтастай файл алмасу желілері құрылған. 
6.7. Интернетте ақпаратты іздеу стратегиясы  
1.
 
Сіздің  іздейтін  нәрсеңізді  сипаттайтын,  негізгі  ұғымдарды 
таңдаңыз. 
2.
 
Осы ұғымға лайықты, түйінді, кілттік сөздерді таңдаңыз. 
3.
 
Сіздің  кілттік  сөздеріңізге  неғұрлым  көбірек  мағыналас 
(синоним) сөздерін іздестіріңіз. 

 
306 
4.
 
Ізденіс  операторларының  (OR,  AND,  NOT)  қай  типі,  сіздің 
жағдайыңызға келетінін анықтаңыз. 
5.
 
Қолайлы іздестіру жүйесін таңдаңыз. 
6.
 
Іздестіру жүйесінің ерекшеліктерін, оның «Помощь» бөлімін 
падалану арқылы зерттеңіз. 
7.
 
Ізденіс үшін, алдан ала орфографиясы тексерілген сөйлемше 
дайындап алыңыз.  
8.
 
Сөйлемшені  аздап  өзгертіп,  бірнеше  рет  сұранымдар 
жүргізіңіз. 
9.
 
Нәтижеге 
байланысты, 
өзіңіздің 
сұранымдарыңызды 
модификациялаңыз. 
10.
 
Осы  сұранымды  басқа  іздестіру  жүйелерінде  орындап 
көріңіз.  
Ідестіру  жүйелерінде  (машиналарда)  өте  аумақты  деректер 
қоры  бар.  Ізденіс,  каталогтарда  (яғни,  пәндік  аймақта)  және  ізденіс 
терезесіне енгізілетін, кілттік сөздер бойынша жүргізіледі. 
3.20-сурет 
Сұранымның 
нәтижесінде, 
әдетте, 
іздестіру 
жүйесі, 
сұранымның  шарттарын  (критерийлерін)  қанағаттандыратын,  web-
ресурстарға  сілтемелер  топтамасын  (сериясын)  береді.  Онан  соң 
пайдаланушы  шыққан  сілтемелерді  қарап,  олардың  ішінен,  ізденіс 
тақырыбына ең жақындау дегендерін іріктейді. 
Бірқатар жан-жақты, әмбебап іздестіру жүйелерінің сілтемелері 
3.20-суретте келтірілген. Одан басқа, мамандандырылған тақырыптық 
іздестіру  жүйелері  бар  (мысалы,  жұмыс  іздеу,  кітаптар,  музыка, 
танысу және басқа) 
Білім саласында ең толық сілтемелер топтамасы Ресейдің «Всем 
кто учится»–
 
http://www.alleng.ru/
, «Российский общеобразовательный 
портал».– 
http://www.school.edu.ru/
  және  Қазақстанның  «Образова-
тельный  портал  Казахстана»  – 
http://www.kazeducation.net/
,  ғылыми 
порталдар  – 
http://www.naukakaz.kz
  және 
http://www.nauka.kz
,  e-
Learning Portal Kazakhstan – 
http://www.sabak.kz/
 сайттарында бар.  

 
307 
Сонымен  қатар,  Қазақстан  республикасы  білім  және  ғылым 
министрлігі  – 
http://www.edu.gov.kz
 
және  Қазақстан  ғылыми 
кітапханасының – 
http://www.library.kz
 сайттарын айтуға болады. 
Егер  сіз  ең  соңғы  жаңалықтарды  үнемі  білуге  қызығушылық 
танытсаңыз, онда 
http://www.maillist.ru/
 сайтында, жаңалықтарды жан-
жаққа  жіберуге  жазылыңыз,  онда  күнделікті  электрондық  пошта 
арқылы  өзіңіздің  E-mail  адресіңізге  ең  соңғы  әртүрлі  жаңалықтар 
түсіп отырады.  
Yandex іздеу жүйесінде өзіңіздің  бетшеңізді (страничку) тіркеу 
үшін, 
http://webmaster.yandex.ru/
 сілтемесін пайдалануға болады. 
Google-да 
пайдаланушы 
өз 
URL-ын 
енгізу 
үшін, 
http://www.google.ru/intl/ru/addurl.html
 сілтемесін қолдануына болады. 
Rambler 
іздеу 
машинасында 
сайтты 
тіркеу: 
http://www.rambler.ru/doc/add_site_form.shtml

6.7.1. Сұранымдардың ізденіс тілі және оны қолдану  
Компьютерлік  желілерде  іздеу  үшін,  қазіргі  іздестіру 
машиналары операторларды пайдаланады. Мұнда, оператор – ізденіс 
нұсқаулары деп түсініледі.  
Осы себептен, бірнеше сөзден тұратын сұранымда, операторлар 
тұруы  мүмкін.  Көрсетілген  операторлар  құжатта  ізделінбейді.  Олар, 
іздестіру машинасына, тек нұсқаулық қызмет атқарады. 
Ізденіс операторларының орфография және синтаксис кестесі 
Оператордың 
синтаксисі  
Оператор нені білдіреді  
Сұраным мысалы  
(Ескерту:сайттар 
көбіне 
орысша 
болғандықтан,  мысалдар  орыс  тілінде 
қалтырылды
бос орын 
немесе & 
Логикалық  ЖӘНЕ  (И)  (сөйлем 
шегінде) 
лечебная физкультура 
&& 
Логикалық  ЖӘНЕ  (И)  (құжат 
шегінде) 
рецепты && (плавленый сыр) 

Логикалық НЕМЕСЕ (ИЛИ) 
фото  |  фотография  |  снимок  |  фо-
тоизображение 

Табылған  құжатта  міндетті 
түрде сөздің болуы 
+быть или +не быть 
( ) 
Сөздерді топтастыру 
 
(технология | изготовление) (сыра 
| творога) 

Бинарлық  оператор  ЖӘНЕ  (И) 
ЕМЕС (НЕ) (сөйлем шегінде) 
банки ~ закон 
~~ 
или 

Бинарлық  оператор  ЖӘНЕ  (И) 
ЕМЕС (НЕ) (сөйлем шегінде) 
путеводитель  по  Парижу  ~~ 
(агентство тур) 

 
308 
/(n m) 
Сөздердегі  аралық  (минус  (-)  - 
кері, плюс (+) - алға) 
поставщики /2  кофе музыкальное 
/(-2 4) образование вакансии ~ /+1 
студентов 
" " 
Фразаны іздеу 
"красная шапочка" Эквивалентно: 
красная /+1 шапочка 
&&/(n m) 
Сөйлемдердегі  аралық  (минус 
(-) - кері, плюс (+) - алға) 
банк && /1 налоги 
Ізденісте  жақсы  нәтижелер  алу  үшін,  бірнеше  қарпайым 
ережелерді есте сақтаған жөн: 
1.
 
Тек  қана  бір  ғана  кілттік  сөз  бойынша  ақпаратты  іздемеу 
керек.  
2.
 
Кілттік  сөздерді  бас  әріппен  енгізбеген  дұрыс,  себебі,  онда 
сол сөз, бірақ кіші әріппен жазылған, табылмай қалуы мүмкін. 
3.
 
Егер  ізденіс  аяғында,  сіз  ешқандай  нәтиже  алмасаңыз,  онда 
кілттік сөздерде орфографиялық қателер жоқ па, соны тексеріңіз. 
Қазіргі  іздестіру  жүйелері  семантикалық  талдаушының 
қалыптасқан сұранымына қосылуына мүмкіндік береді.  
Соның  көмегімен,  бір  сөз  енгізу  арқылы,  оның  әртүрлі 
септіктегі,  әр  шақтағы,  ж.б.  осы  сөздің  туындылары  кезігетін 
құжаттарды таңдауға болады. 
Нақты  мысал  қарастырайық.  Браузерде  Яндекс  іздестіру 
серверінің  бастапқы  бетін  ашайық.  Іздеу  алаңына  кілттік  сөздерді 
енгізейік, мысалы, «информатика учебники тесты CD-ROM», немесе 
«информатика&учебники&тесты&CD-ROM». 
Іздеу барысында, берілген сұраныммен 202 бет және 81-ден кем 
емес сайт табылды.  
Іздеу статистикасында әр кілтті сөзден тұратын сайттар санымен 
танысуға  болады:  «информатика»  сөзі  бар  –  55813,  «учебники»  сөзі 
бар  –  189860,  «тесты»  сөзі  бар  –  498394,  «CD»  –  348167,  «ROM»  – 
34315. 
Енді,  OR  операторын  қолданып,  іздеу  алаңына  келесі  фразаны 
енгізейік:  «информатика|учебники|тесты|CD-ROM».  Нәтижесінде, 
бұл сұраным бойынша 48 518 876 бет, 962 сайт каталогында, 22 970-
ден кем емес сайт табылады. 
Іздеу алаңына «~» (NOT) операторын қолданып, келесі фразаны 
енгізейік: «информатика ~учебники тесты CD-ROM»/ 
Іздеу  нәтижесінде  3695907  бет  және  4056-ден  кем  емес, 
«информатика»  кілттік  сөзінен  тұратын,  бірақ  «~»  белгіден  кейінгі 
сөздер кірмеген, сайттар табылады. 
Яndex  бір  сөздің  орнына  бірнеше  сөзден  тұратын  логикалық 
сөздер  топтамасын  да  пайдалануға  мүмкіндік  береді,  тек  оларды 

 
309 
жақшаның  ішіне  алып  отыру  керек.  Жоғарыдағы  мысалды 
пайдаланып,  іздеу  алаңына  (информатика  учебники)  тесты  CD-
ROM деген сөдер тобын кіргізейік.  
Іздеу нәтижесінде мұндай (информатика учебники) сөздер тобы 
бар 3564 бет және 701-ден кем емес сайттар табылады.  
Енді  фраза  іздестірейік,  ол  үшін  іздеу  алаңына:  «мороз  и 
солнце,  день  чудесный»  деген  құрамды  сөздерді  кіргізейік.  Іздеу 
нәтижесінде 14195 бет және 756 – дан кем емес сайттар табылады. 
Тапсырмалар 
1-машықтану  тапсырмасы.  Бір  кілттік  сөзді  әртүрлі  іздестіру 
жүйелері  арқылы  іздестіріп,  нәтижелерін  салыстырыңыз  (Goоgle 
интеграцияланған
 
іздестіру жүйесімен де пайдаланып көріңіз). 
2-машықтану 
тапсырмасы. 
Архивтелген 
файлдар 
серверлерінен,  WinAmp  мультимедиа  ойнататын  файлды  іздеп 
табыңыз. 

 
310 
Тест сұрақтары 
1.
 
Компьютерлер  арысында  деректермен  алмасуға  мүмкіндік 
беретін, аппараттық және прогаммалық кешені – ол:  
a.
 
магистраль; 
b.
 
интерфейс; 
c.
 
деректер шинасы; 
d.
 
адаптер; 
e.
 
компьютерлік желі. 
2.
 
Ақпараттық  ресурстарға  кіру/катанасу  үшін  Интернет 
желісіне  қосылу  әдістерінің  қайсысы  ең  үлкен  қамсыздандыру 
мүмкіндігін береді:  
a.
 
телефон арналарымен қашықтан қатынасу;  
b.
 
оптоталшықты арналарымен тұрақты қосылуы; 
c.
 
еншілі арнамен тұрақты қосылуы; 
d.
 
коммутацияланатын арнамен терминалдық қосылуы; 
e.
 
телефон арналарымен уақытша қатынасу. 
3.
 
Интернет  желісіне  қосылған  компьютерде  міндетті  түрде 
болу керек: 
a.
 
домендік аты; 
b.
 
WEB-беті; 
c.
 
IP-адресі; 
d.
 
URL-адресі; 
e.
 
үйдің WEB- беті. 
4.
 
Интернете жұмыс жасау үшін модемнің минималды қолайлы 
деп саналатын үнемділігі:  
a.
 
4800 бит/сек; 
b.
 
9600 бит/сек; 
c.
 
28 800 бит/сек; 
d.
 
19 2000 бит/сек; 
e.
 
14 400 бит/сек. 
5.
 
HTML (HYPER TEXT MARKUP LANGUAGE) ... болады: 
a.
 
программалау жүйесі; 
b.
 
графикалық редакторы; 
c.
 
мәліметтер қорын басқару жүйесі; 
d.
 
WEB – бетін жасауға арналған құралы; 
e.
 
сараптық жүйе. 
6.
 
Ауқымды (глобальды) компьютерлік желі – ол: 
a.
 
гипербайланысты ақпараттық жүйе; 
b.
 
бір  ғимараттың,  үйдің  ішінде  орналасқан,  ақпаратты  беру 
арналарымен байланыстырылған, көптеген компьютерлер;  

 
311 
c.
 
файл-серверлермен  және  хост  (түйін)  –компьютерлер 
жинағы; 
d.
 
анықталған тақырып бойынша ақпарат алмасу жүйесі;  
e.
 
бір  жүйеге  арналардың  көмегімен  байланыстырылған  және 
үлкен  ара  қашықтарда  орналасқан,  жергілікті  желілер  және 
компьютерлер жиыны; 
7.
 
Әртүрлі  желілік  протоколдармен  (хаттамалармен)  істейтін 
компьютерлік  желілер  арасындағы  ақпарат  алмасу  ...  көмегімен 
орындалады:  
a.
 
хост (түйін) –компьютерлердің; 
b.
 
шлюздердің (көмей); 
c.
 
электрондық поштасының; 
d.
 
модемдердің; 
e.
 
файл-серверлердің. 
8.
 
Ресейдің Internet - те жоғарғы деңгейлі қандай домені бар: 
a.
 
ru;  
b.
 
su;  
c.
 
us;  
d.
 
ra;  
e.
 
ss. 
9.
 
Телемаслихат (телеконференция) — ол: 
a.
 
глобальды желілерде хаттармен алмасу; 
b.
 
гипербайланысты ақпараттық жүйе; 
c.
 
кез  келген  форматтағы  файлдарды  қабылдау  және  жіберу 
қызметі; 
d.
 
WEB-беттерді жасау, қабылдау және жіберу үрдісі; 
e.
 
компьютерлік  желілердің  абоненттерінің  арасында  ақпарат 
алмасу жүйесі. 
10.
 
Интернетегі FTP қызметі неменеге арналған:  
a.
 
WEB-беттерді жасау, қабылдау және жіберу үшін; 
b.
 
электрондық  поштаның  жұмыс  жасауын  қамтамасыз  ету 
үшін; 
c.
 
телемаслихаттың жұмысын қамтамасыз ету үшін; 
d.
 
кез келген пішімдегі файлдарды қабылдау және жіберу үшін; 
e.
 
для приема и передачи файлов любого формата; 
11.
 
Бір  (немесе  бірнеше)  ғимараттың,  үйдің  ішінде  орналасқан, 
ақпарат  алмасу  үшін,  арналарымен  байланыстырылған,  көптеген 
компьютерлерді:  
a.
 
глобальды компьютерлік желі; 
b.
 
гипербайланысты ақпараттық жүйе;  
c.
 
жергілікті компьютерлік желі; 

 
312 
d.
 
электрондық пошта; 
e.
 
аймақтық компьютерлік желі; 
12.
 
Жергілікті 
компьютерлік 
желінің 
барлық 
жұмыс 
станциялары  файл-сервермен  байланыстырылған  конфигурациясы 
(топологиясы):  
a.
 
сақиналық; 
b.
 
шапақты (радиалды); 
c.
 
шиналық; 
d.
 
ағаштар тәрізді; 
e.
 
шапақты - сақиналық. 
13.
 
Апараттық және программалық құралдары үшін  - параллель 
интерфейсі:  
a.
 
символға  немесе  сөзге  қатысты  екілік  кодтың  барлық 
разрядтары бір уақытта трансляцияланып, ақпаратты беру;  
b.
 
символға  немесе  сөзге  қатысты  екілік  кодтың  барлық 
разрядтары бірінен кейін бірі тізбекті трансляциялап, ақпаратты беру; 
c.
 
программалардың  және  есептеуіш  жүйелердегі  құралдардың 
жанасуы; 
d.
 
программаларды жоғарғы деңгейдегі тілден екілік код түріне 
трансляциялау;  
e.
 
көп терезелерде диалогты әрекеттестіру. 
14.
 
Модем нені қамсыздандырады: 
a.
 
аналогты сигналын ұлғайтады 
b.
 
тек қана екілік кодын аналогты сигналына түрлендіреді; 
c.
 
тек қана аналогты сигналын екілік кодына түрлендіреді; 
d.
 
екілік кодын аналогты сигналына және кері түрлендіреді; 
e.
 
аналогты сигналын бәсеңсітеді. 
15.
 
Электронды поштаның абонентінің пошта жәшігі - ол: 
a.
 
дағдылы пошта жәшігі; 
b.
 
файл-серверде жедел жадының аймағы; 
c.
 
пайдаланушы  үшін  бөлінген,  пошталық  сервердің  қатты 
дискісіндегі жадының бөлігі; 
d.
 
жұмыс станциясының қатты дискісіндегі жадының бөлігі; 
e.
 
мәтіндік  файлдарды  сақтауға  арналған  арнайы  электрондық 
құрал. 
16.
 
Желілік протокол (хаттама) – ол: 
a.
 
компьютерлік  желіде  болып  жатқан  оқиғаларды  тізбелеп 
жазу; 
b.
 
желіде беріп жатқан деректерді интерпретациялау ережелері; 
c.
 
компьютерлік желіде әрекеттестірудің келісімдер жинағы;  
d.
 
желіде екі компьютер арасында байланыс құру ережелері;  

 
313 
e.
 
әртүрлі үрдістерді уақыты бойынше қиыстыру. 
17.
 
Маршруттауыш (IP) протоколы нені қамсыздандырады: 
a.
 
пайдаланушы  деңгейі  үшін  деректерді  интерпретациялау 
және дайындау; 
b.
 
компьютерлік желіде физикалық байланыстың механикалық, 
функционал параметрлерін сақтау; 
c.
 
байланыс  арнасының  және  деректерді  беру  аппаратурасын 
басқару;  
d.
 
компьютер  -  қабалдаушыға  компьютер  –  жіберушіден 
ақпаратты жеткізу; 
e.
 
қабылдау үрдісінде файлдарды жинау және жіберу үрдісінде 
файлдарды IP- дестелеріне бөлу. 
18.
 
Ақпаратты  28800  бит/с  жылдамдықпен  жіберетін  модем,  2 
бет мәтінді (3600 байт) жібере алады: 
a.
 
бір аптада; 
b.
 
1 минутта; 
c.
 
1 сағатта; 
d.
 
тәлікте; 
e.
 
1 секундта. 
19.
 
WEB — беттердің кеңейтімі: 
a.
 
*..HTM; 
b.
 
*.THT; 
c.
 
*.WEB; 
d.
 
*.EXE; 
e.
 
*.WWW. 
20.
 
Компьютерлік 
желіде 
қашықтан 
әкімшілік 
ету 
(администрирование) қауыпы деген:  
a.
 
Web  беттердің  белсенді  объектілерінің  аясында,  агрессивті 
программалық кодты ендіру;  
b.
 
тасу жолында деректерді ауыстырып алу немесе ұстап қалу; 
c.
 
жеке адамның өміріне араласу;  
d.
 
қашықтықтағы компьютерді бекітусіз (рұқсатсыз) басқару;  
e.
 
мазмұны қолайсыз инфрмацияның жеткізілуі;  
21.
 
Желінің  пайдаланушыларына  жалпы  қатынау  файлдардын 
сақтау үшін, қолданылады:  
a.
 
хост-компьютері; 
b.
 
файл-сервері; 
c.
 
клиент-сервері; 
d.
 
коммутатор; 
e.
 
жұмыс станциясы 
22.
 
Транспрорттық (TCP) хаттамасы нені қамсыздандырады:  

 
314 
a.
 
қабылдау үрдісінде файлдарды жинау және жіберу үрдісінде 
файлдарды IP- дестелеріне бөлу; 
b.
 
байланыстың бір сеансын қабылдау, жіберу және беру; 
c.
 
өңделген ақпаратға пайдаланушының қатынауы; 
d.
 
компьютер  -  қабалдаушыға  компьютер  –  жіберушіден 
ақпаратты жеткізу; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
23.
 
Электрондық пошта (e-mail) … жіберуге мүмкіндік береді:  
a.
 
хабарларды және қосымша тіркелген файлдарды; 
b.
 
тек қана мәтіндік файлдарды; 
c.
 
орындалушы программаларды; 
d.
 
www-беттерді; 
e.
 
тек қана деректер қорын. 
24.
 
Web-құжаттың айырықша ерекшелігі: 
a.
 
қатаң анықталған пішімнің жоқтығы; 
b.
 
құжатты тираждауды құрастырушының өзі орындайды; 
c.
 
құжатта гиперсілтемелердің болуы;  
d.
 
құжатта иллюстрацялардың жоқтығы; 
e.
 
оның тұтастығы. 
25.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет