Информатика


§ 5. Деректер қорымен жұмыс технологиясы



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата06.02.2017
өлшемі4,79 Mb.
#3495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
§ 5. Деректер қорымен жұмыс технологиясы 
Жоспар 
5.1. Деректер қоры ұғымы. 
5.2. ДҚ деректердің құрылымы бойынша жіктелуі 
5.3. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) 
5.1. Деректер қоры ұғымы 
Деректер  қоры  –  ақпараттық  жүйелердің  өте  маңызды  құрама 
бөлігі.  Мұнда  ақпараттық  жүйелер  туралы  өте  қысқа  жалпы 
мәліметтер  сипаталды.  Негізінен  деректер  қорына  көбірек  зейін 
қойылды. 
Ақпараттық  жүйелер  үлкен  көлемді  ақпараттарды  өңдеуге 
және  сақтауға  арналған.  Әуелгіде  мұндай  жүйелер  жазба  түрінде 
болған.  Ол  үшін,  әртүрлі  картотекалар,  қағаз  салатын  қапшықтар, 
жорналдар,  кітапханалық  тізімдемелер  (каталогтар)  және  с.с. 
қолданылған. Кез келген ақпараттық жүйе негізгі үш қызмет атқаруға 
тиіс:  деректерді  енгізу,  деректер  бойынша  сұраныс  жасау,  есеп 
беруді құрастыру
Деректерді  енгізу.  Жүйе,  деректерді  реттеу  және  жинақтау 
мүмкіндіктерін  ұсынуға  тиіс.  Ақпараттың  әрқашанда  өзектілігін 
қолдау  үшін,  деректерді  қарау,  оларды  дер  кезінде  толықтыру  және 
өзгертулер енгізуді қамтамасыз ету қажет.  
Деректер  бойынша  сұраныс  жасау.  Жүйеде  жинақталған 
ақпараттың  жеке  бөліктерін  табуға  және  қарауға  мүмкіндік  болуға 
тиіс. 
Есеп  беруді  құрастыру.  Ара-тұра  ақпараттық  жүйедегі 
деректердің  үлкен  тобын  (немесе  тіпті  барлық  деректерді)  талдау 
және  жалпылау  қажеттілігі  туындайды.  Бұндай  әрекеттер  нәтижесі 
құжат түрінде ұсынылады. 
Информатикада  деректердің  өзара  байланысқан  жиынтығын 
ақпараттық құрылым немесе деректер құрылымы деп атайды. 
Деректер  қоры  –  компьютердің  көмегімен  іске  асырылған, 
объектілердің  жағдайын  және  олардың  қатынастарын  бейнелейтін 
ақпараттық құрылым (модель). 
Деректер 
қоры 
— 
пайдаланушылардың 
ақпараттық 
қажеттіліктілігін  қанағаттандыру  үшін  қолданылатын,  қандай  да 
пәндік  аймақтың  өзекті  жағдайын  сипаттайтын,  анықталған 
ережелерге  сәйкес  ұйымдастырылған  және  компьютер  жадында 
қолдау тапқан деректер жиынтығы
1

                                                 
1
 Когаловский М.Р. Энциклопедия технологий баз данных. — М.: Финансы и статистика, 2002 

 
282 
Деректер қоры — деректердің схемасымен сақталған, олармен 
манипуляуциялар  деректерді  модельдеу  құралдарының  ережелеріне 
сәйкес орындалатын деректер жиыны
Ана  немесе  мына  авторлардың  субъективті  пікірлерін 
бейнелейтін,  басқа  да  көптеген  анықтамалары  бар,  бірақ  көпшілікке 
танылған бірыңғай анықтама (тұжырым) жоқ.  
Деректер қорының жалпы жұмыс сипаттамалары: 
• толықтығы – деректер қоры неғұрлым толық болса, соғұрлым 
онда  керек  ақпараттың  болу  ықтималдығы  жоғары  (бірақ,  артық 
ақпарат болмауы керек); 
•  дұрыс  ұйымдастыру  –  деректер  қоры  неғұрлым  жақсы 
құрылымданған  болса,  соғұрлым  оның  ішінен  қажет  мәліметтерді 
табу жеңіл болады; 
• өзектік– кез келген деректер қоры дәл және толық бола алады, 
егер  ол  тұрақты  жаңартылып  отырса,  яғни  деректер  қоры  уақыттың 
әрбір  сәтінде,  бейнелген  объектінің  жағдайына  толығымен  сәйкес 
болуы қажет; 
•  пайдалану  қолайлылығы  –  деректер  қоры  пайдалануға 
қарапайым,  қолайлы  және  ақпараттың  кез  келген  бөліміне 
қатынасудың дамыған әдістері болуы тиіс. 
5.2. ДҚ деректердің құрылымы бойынша жіктелуі  
Кез  келген  деректер  қорының  негізін  ақпараттық  құрылым 
(модель)  құрайтын  болғандықтан,  деректер  қоры  үш  үлгіге  (типке) 
бөлінеді: кестелік (реляциялық), желілік және иерархиялық
Алайда,  реляциялық  деректер  қорына  қарағанда,  иерархиялық 
және  желілік  деректер  қорлары  анағұрлым  кем  тараған.  Сонымен 
қатар,  ЭЕМ  программалық  өнімдерінің  құрамына  кіретін  белгілі 
ДҚБЖ-ң 
көмегімен 
іске 
асыруға 
келмейтіндіктен, 
оларды 
қарастырмаймыз.  
5.2.1. Иерархиялық құрылымды деректер қорлары  
Деректер  қорының  иерархиялық  моделі  байланыстырылған 
ақпаратты біріктірген, аталық (родитель) объектілерден ұрпақтарына 
(потомок) көрсеткіштермен бағытталған объектілерден тұрады. 
Иерархиялық  деректер  қоры  әртүрлі  деңгейдегі  объектілерден 
тұратын  ағаш  түрінде  ұсынылуы  мүмкін.  Жоғарғы  деңгейде  бір 
объект  орналасады,  екінші  деңгейде  –  екінші  деңгейдің  объктілері 
және т.с.  
Объектілер арасы байланыста болады, сондықтан, әр объектіге 
төменгі  деңгейлі  бірнеше  объект  кіруі  мүмкін.  Мұндай  объектілер 
ұрпаққа  қарағанда  алғы  ата  (предок)  ретінде  (түбірге  жақындау) 
тұрады,  оның  ұрпағы  болмауы  да,  немесе  бірнеше  ұрпағы  болуы  да 

 
283 
мүмкін.  Ал  керісінше,  ұрпақтың  міндетті  түрде  тек  қана  бір  атасы 
болады. Ортақ аталары бар объектілер егіз деп аталады.  
Мысалы,  егер  иерархиялық  деректер  қорында  сатып  алушы 
және  олардың  тапсырыстары  туралы  ақпарат  болса,  онда  «сатып 
алушы» (ата) объектісі және «тапсырыс» (ұрпақты) объектісі болады. 
«Сатып  алушы»  объектісінен,  көрсеткіштер,  әрбір  тапсырыс 
берушіден,  «тапсырыс»  объектісіндегі  сатып  алушының  нақты 
тапсырыстарына бағытталып тұрады.  
Бұл  модельде,  иерархия  бойынша  төмен  қарай  бағытталған 
тапсырыс,  қарапайым  (мысалы,  бұл  сатып  алушыға  қандай 
тапсырыстар  жатады);  алайда,  иерархия  бойынша  жоғары  қарай 
бағытталған,  ол  анағұрлым  күрделі  (мысалы,  бұл  тапсырысты  қай 
сатып алушы орналастырды). Сондықтан, бұл модельді қолданғанда, 
иерахиялық емес деректерді елестету қиын. 
Иерархиялық  модельдерде  аталары  және  ұрпақтары  арасында 
сілтемелердің  тұтастығы  автоматты  түрде  қолдау  табады.  Негізгі 
ереже: ешқандай ұрпақ өз атасынсыз бола алмайды. 
Түбірлі  директориядан  тұратын,  ішкі  директориялары  және 
файлдар  иерархиясы  бар  файлдық  жүйе,  иерархиялық  деректер 
қорының мысалы бола алады.  
5.2.2. Желілік құрылымды деректер қорлары 
Деректер  қорының  желілік  моделінің  негізгі  ұғымдарына: 
деңгейэлемент (түйін – узел), байланыс жатады. 
Түйін  —  бүл,  қайсібір  объектіні  сипаттайтын,  деректердің 
анықтауыштарының  жиынтығы.  Схемада  (3.18-сурет)  иерархиялық 
ағаштың түйіндері граф төбелерімен ұсынылған. 
3.18-сурет. Желілік деректер қорының схемасы 
Желілік  құрылымда  әр  элемент  кез  келген  басқа  элементпен 
байланыста  болуы  мүмкін,  яғни  деректер  арасында  тікелей 
(вертикальды)  иерархиялық  байланыстардан  басқа,  көлденең 
(горизонтальды) байланыстар да болады. 

 
284 
Желілік  деректер  қоры  да,  туыстас  ақпаратты байланыстырған, 
екі  жаққа  бағытталған  көрсеткіштерді  есептемегенде,  иерархиялық 
сияқты болып келеді.  
Сондықтан  желілік  құрылымда,  иерархиялық  модельге 
байланысты 
кейбір 
мәселелерді 
шешкенімен, 
қарапайым 
сұраныстарды орындау айтарлықтай күрделі жүреді.  
5.2.3. Реляциялық құрылымды деректер қорлары 
Тәжрибелік  қолданыста  ең  кеңінен  тараған,  ол  реляциялық 
деректер қоры екені белгілі.  
«Реляциялық  (ағылш.  –  relation,  қаз.  –  қатынас,  орысша  – 
отношение)  деген  атау,  кестедегі  әрбір  жазба  (запись),  тек  қана  бір 
нақтылы объектіге қатысты, ақпараттың болуына байланысты. 
Реляциялық  деректер  қоры  –  бұл,  қисынды  байланысқан 
кестелерде  тұрған  деректер  жиыны  (қоры),  және  де  әр  кестедегі 
(анықтамаларға  ұқсаған)  ақпарат,  тек  қана  бір  объект  туралы  ғана 
болады.  Ал  кестелер  арасында  байланыстарды  құру,  кез  келген 
кестелерден,  кез  келген  деректерді  жеңіл  шығару  және  қатынасу 
мүмкіндігін береді.  
Кесте,  өріс  (баған),  жазба  (жолдар)  –  реляциялық  деректер 
қорының негізгі ұғымдарына жатады. 
Айталық,  музыкалық  топтардың  альбомдары  туралы  ақпарат 
жинағымыз  келді  делік.  Кейбір  альбомдар  туралы  ақпарат  бар  екен 
дейік: 1965, Led Zeppelin 4, Lp, Help!, Atlantic, 1971. Lp(England), EMI. 
1970,  Flash  Gordon,  Parlophone,  1980,  Led  Zeppelin  3,  Soundtrack,  Lp, 
Atlantic.  
Бұл  тізім,  не  туралы  екені  белгісіз.  Мұндағы  деректер 
жиынынан  қандай да  бір  ақпаратты  шығарып  алу,  іс  жүзінде  мүмкін 
емес. Ал, осы тізімді 1- кесте түрінде үсынайық. 
1-кесте. Музыкалық топтардың альбомдары туралы ақпарат  
Енді ақпарат, қабылдауға және пайдалануға анағұрлым ыңғайлы 
болды.  Ұсынылған  кесте,  реляциялық  құрылымды  ақпараттық 
модель болып табылады. 
Жол (жазба– барлық деректер өзара байланысқан, музыкалық 
альбом (топтар) туралы кажет ақпараттан тұрады. 
Альбомның атауы  Шыққан жылы   Типі 
Альбомның фирмасы 
Help! 
1965 
Lp (England) 
Parlophone 
Led Zeppelin 4 
1971 
Lp 
Atlantic 
Led Zeppelin 3 
1970 
Lp 
Atlantic 
Flash Gordon 
1980 
Soundtrack 
EMI 

 
285 
Баған  (өріс)  –  тек  қана  бір  типті  ақпараттан  тұрады:  мәтіндік 
(альбомның  атауы,  типі,  альбомның  фирмасы),  сандық  (шыққан 
жылы). 
Әртүрлі  қатынастың  өзінің  атауы  болуға  тиіс.  «Топтың 
альбомы»  деген  атаумен  деректер  қатынасы  болсын  делік.  Мұндай 
жағдайда, бір кестеден тұратын, деректер қорының құрылымы былай 
жазылады:  Топтың  альбомы  (альбомның  атауы,  шыққан  жылы, 
альбомның типі, фирмасы). 
Алайда,  қор,  жалпы  анықтауыштары  (атрибуттары)  арқылы 
өзара байланысқан, бірнеше кестелер негізінде жиірек құрылады. 
Мысалы, «Рок-энциклопедиясы» деректер қоры екі: 2а және 2б 
кестелерінен тұрады делік.  
2а-кестесі. Топтардың музыкалық альбомдары  
Альбомның 
коды  
Топтың
коды  
Альбомның атау  Шыққан 
жылы 
Альбомныңт
типі  
Фирмасы 
25 

Help! 
1965 
Lp (English)  Pariophone 
36 

Led Zeppelin 4 
l97l 
Lp 
Atlantic 
35 

Led Zeppelin 4 - 
1970 
Lp 
Atlantic 
34 

Flash Gordon 
1980 
Soundtrack 
EMI 
2б-кестесі. Рок топтар 
Топтың 
коды 
Альбомның атау  Елі 
Жасалған 
уақыты 
Тараған уақыты 

The Bealles 
Англия 
1963 
I970 

Led Zeppelin 4  
Англия  
1989  


Flash Gordon 
Англия 
199I 

Бұл  екі  кесте  өзара  «Топтың  коды»  атты  жалпы  өріс  арқылы 
байланысқан.  2а-кестесіндегі  «Альбомның  коды»  өрісі,  альбомдарды 
бірінен бірін айыру үшін жасалған. Бұл өте маңызды, себебі, кестеде 
атаулары бірдей альбомдар болуы мүмкін. 
Егер  осы  екі  кестелерді  біреуге  біріктірсек  (2.1-кестесі),  онда 
бірден артық кестелерді қолдану қажеттілігі көзге айқын көрінеді. 
Белгілі топтың альбомдары туралы 2.1-кестесіне енгізген кезде, 
әрдайым,  кестенің  бірінші  төрт  өрісіне  ақпараттың  қайталанып 
отырғаны көрінеді. 
Деректер  қорында  бірдей  деректер  (топтың  атауы,  елі, 
жасалған  уақыты,  тараған  уақыты)  қайта-қайта  сақталғанда,  жады 
тиімсіз  қолданылады,  сонымен  қатар,  деректерді  қате  енгілу 
ықтималдығы  өседі.  Деректерді  кестелерге  бөлу  арылы,  мұндай 

 
286 
қиындықтардан құтылуға болады.  
2.1-кестесі. 2а және 2б кестелерінің біріктірілуі  
Бұл кестелерде белгіленген байланыстар арқылы, білуге болатын 
нәрселер: 

 
топ неше альбом шығарды; 

 
EMI фимасының альбомдары шығарылды ма; 

 
қай жылы альбомдардың ең көп саны шығарылды және т.б. 
Сұраныстарға  жауаптар,  кестені  жол  және  баған  бойы  «кесу» 
және  «желімдеу»  арқылы  алынады.  Осы  себепті,  сұраныстар  кесте 
пішімінде болатыны айқын.  
Деректер  қоры  –  затында  ақпарат  қоймасы  екенін  айта  кету 
керек. Сол себепті, деректер қорымен жұмыс қалжыратады, көп еңбек 
сіңіруді қажет етеді. Деректер қорын ұжыммен пайдалану мүмкіндігін 
жасау,  жүргізу  және  іске  асыру  үшін,  деректер  қорын  басқару 
жүйесі (ДҚБЖ) деп аталатын программалық құралдар қолданылады. 
Деректер құрылымын құру келесі тәртіппен өтеді: 

 
сипатталу объектілері анықталады; 

 
бұл объектілердің құрылымдары анықталады; 

 
объектілер 
арасындағы 
қатынастарды 
бейнелейтін, 
құрылымның типі (кестелік, иерархиялық, желілік) таңдалады

 
нақты ақпараттық құрылым қүрылады. 
5.3. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі  
Microsoft  Access  —  Microsoft  корпорациясының  реляциялық 
деректер  қорын  басқару  жүйесі
  (
ДҚБЖ).  Access  кең  спектрлі  қызмет 
атқарады,  соның  ішінде,  байланысқан  сұраныстар  құрастыруды, 
бөлек-бөлек  өрістер  бойынша  іріктеуді,  сыртқы  кестелермен  және 
деректер  қорымен  байланыс  жасауды  және  т.б.  Кірістірілген  VBA 
(Visual  Basic  Aplication)  тілдің  арқасында,  Access-ң  тура  өзінде 
деректер қорымен жұмыс жасайтын қосымшалар жазуға болады.  
Access  –  ағылшын  тілінен  аударғанда  «кіруге  болады», 
«рұқсат», «кедергісіз кіру» (орысша «доступ») дегенді білдіреді. 
Microsoft Access- ң белгілі болу себептері мынада: 
Топтың 
атауы 
Елі 
Жасалған 
уақыты 
Тараған 
уақыты 
Альбомның 
атауы 
Шық. 
жылы 
Альбом
ның типі 
 
Фирмасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
The  
Beatles 
Англия  1963 
I970 
With 
the 
Beatles 
1963  Lp 
Pariophone 
The  
Beatles 
Англия  1963 
I970 
Please, 
please me 
1963  Lp 
Pariophone 
The  
Beatles 
Англия  1963 
I970 
Rubber soul  1963  Lp 
Pariophone 

 
287 

 
Access  деректер  қорымен  негізгі  жұмыс  принциптерін  тез 
игеруге  мүмкіндік  беретін,  кәсіби  маманға  да,  жаңа  үйреніп  жүрген 
пайдаланушыға да, кіруге жеңіл және ұғынықты жүйелердің бірі.  

 
жүйенің нұсқасы толығымен орысшыланған;  

 
Microsoft  Office  дестесіне  кіретін  Word,  Excel,  Power  Point, 
Mail қосымшаларымен толықтай ықпалданған; 

 
Windows  идеалогиясы  ақпаратты  әдемілеп  түрлі  түсті  және 
көрнекі ұсынуға мүмкіндік береді; 

 
OLE 
технологиясын 
пайдалану 
мүмкіндігі, 
басқа 
қосымшалардың  объектілерімен  байланыс  орнатуға  немесе  Access-ң 
деректер қорына қандай да болса объектілерді енгізуге рұқсат етеді;  

 
WYSIWIG 
технологиясы 
пайдаланушыға 
үнемі 
өз 
әрекеттерінің нәтижесін көруге мүмкіндік береді; 

 
анықтамалық жүйе кеңінен және көрнекі ұсынылған; 

 
объектілерді  құратын,  кестелерді,  пішімдерді  және  есептерді 
жасауды жеңілдететін «шеберлер» жиынтығы бар. 
5.3.1. Accessтің негізгі объектілері 
Кесте  –  деректерді  сақтау  үшін  белгіленіп  және  пайдаланатын 
объект. Әр кестеге белгілі типті объект туралы ақпарат кіреді. 
Жазбалар – кестелердегі деректермен толтырылған жолдар.  
Өріс  –  деректермен  толтырылған  кестеніњ  баѓандары.  Әр  өріс 
тек  бір  типті  ақпаратпен  толтырылады.  ¤рістің  қасиеттері  –  сол 
бағанада  тұрған  деректердің  типі,  сол  өрістің  символдық  ұзындығы 
(Длина),  бірегей  атауы  және  Подпись,  яғни  кестенің  бағанының 
тақырыбында тұрған ақпарат. 
Өрістің типтері: 
Мәтіндік  –  символдық  ақпарат  үшін  (255  символға  дейін). 
Үндемегенде – 50 символ қойылады. 
Сандық  –  есептелуге  арналған,  бүтін  және  нақты  сандар  үшін. 
Сандық  өрістің  әртүрлі  өлшемі  (Размер)  және  диапозоны  болады. 
Байт:  0-ден  255-ке  дейінгі  бүтін  сандар  үшін;  бүтін  сан  (Целое): 

 
32767; ұзын бүтін сан (Длинное целое)

 2 147 483 648.  
Ұзын  бүтін  сандар,  есептеуге  пайдаланудан  басқа,  кестелерді 
байланыстыру өрістері ретінде де қолданылады.  
Жылжымалы  нүктелі  сан  (С  плавающей  точкой)  (4  байт): 

 
3.4*10
38
; және (8 байт): 

 1.7*10
308
.  
Дата/Время  –  мерзім  үшін.  Әртүрлі  пішімдері  бар:  Полный 
форматКраткий формат және т.б. 
Логикалық  –  логикалық  мәндерді:  ақиқат  (Истина),  жалған 
(Ложь) енгізу үшін. 

 
288 
Денежные  –  валютаны  жазу  үшін:  тенге-тиын,  рубль-копейки 
және т. б.  
Счетчики  (санауыштар)  –  жазбаларды  нөмірлеу  үшін  (2  млрд. 
дейін). 
OLE  –  бейнежазбаларды,  музыкалық  клиптерді,  суреттерді 
сақтау үшін белгіленген өріс-ұяшығы. 
MEMO – өрісі 65 535 символға дейін ұзын мәтінді сақтау үшін. 
Кестемен  жұмыс  негізгі  екі:  Конструктор  және  Таблицы 
(Кестелер) режімдерінде жүреді.  
Конструктор режімі – жан-жақты, себебі кестені құрған кезде 
өрістердің атауын беруге, типін таңдауға және қасиеттерін баптауға 
мүмкіндік береді. Бұл режім, кестеде сақталған деректерді емес, оның 
құрылымын өзгерту үшін қолданылады.  
Тәртібі:  Таблица 

  Создать  таблицу  в  режіме  Конструктор. 
Немесе Таблица 

 Создать 

 Конструктор 

 ОК.  
Шыққан кестеде Имя поля бағанында атауы теріледі, Тип данных 
бағанында  белгісі шертіліп, сол өрістің типі таңдалады, ал  Описа-
ние  бағанында  енгізілген  параметрлерге  түсініктемелер  енгізіледі 
(бірақ  міндетті  түрде  емес).  Свойства  поля  терезелерінде,  осы 
бағандардың қосымша қасиеттері дәлденіп енгізіледі.  
Басқа  ұйяшықтарға  ауысу  үшін  TAB  немесе  Enter  пернелері 
қолданылады. Өрістердің барлық парметрлерін енгізілген соң: 

 Файл 

  Сохранить,  кестенің  атауын  теру,  мысалы  Отделы  және 

  ОК. 
Создать ключевое поле сейчас? деген сұраққа Да батырмасын шерту. 
Таблицы  (Кестелер)  режімі  –  деректерді  қарау,  қосу,  өзгерту, 
қарапайым  іріктеу  немесе  алып  тастау  үшін  қолданылады.  Таблицы 
(Кестелеррежіміне көшу үшін, деректер қорының терезесінде керек 
кестенің атауын екі рет шерту керек. 
Сұраным  (Запрос)  –  пайдаланушыға  бір  немесе  бірнеше 
кестелерден  деректер  алуға  мүмкіндік  беретін  объект.  Деректерді 
таңдау,  жаңарту  немесе  қосу  сұранымдарын  жасауға  болады. 
Сұраным  көмегімен,  бір  немесе  бірнеше  кестелердегі  бар  деректерді 
пайдаланып, жаңа кестелер жасауға болады. 
Шын  мәнінде,  сұраным  –  пайдаланушының,  деректер  қорында 
сақтаулы  тұрған  ақпарат  туралы,  Access-ке  қоятын  сұрағы. 
Сұранымды жасау негізгі екі: Конструктор және Таблицы (Кестелер
режімдерінде жүреді.  
Пішін  (Форма)  –  негізінен,  деректердің  енгізуін  ыңғайлы 
бейнелеуге  арналған  объект.  Пішін  –  тек  компьютер  экранында 
көрінетін  пішім  (бланк).  Пішіндер  тек  кестелер  немесе  сұранымдар 
негізінде  құрылады.  Сұранымдар  негізінде  пішіндерді  құрғанда 

 
289 
бірнеше  кестелерден  ақпаратты  ұсынуға  болады.  Пішінге  суреттер, 
диаграммалар,  дыбыс  (аудио)  және  бейне  (видео)  суреттемелері 
кірістірілуі мүмкін. 
Пішінмен жұмыс жасау режімдері: 

 
пішін  режімі  деректерді  қарау  және  түзету  үшін 
қолданылады, деректермен жұмыс жасау ортасы жайлы және экранда 
ыңғайлы дизайнмен көрсетіледі; 

 
пішіндердің  конструктор  режімі,  пішіннің  құрылымын 
немесе  қалпын  (оның  ішіндегі  деректерді  емес)  өзгерту  қажет 
болғанда қолданылады. 

 
кесте режімі пішіннің барлық өрістері кірген кестені көруіге 
мүмкіндік  береді;  бұл  режімге  көшу  үшін,  саймандар  тақтасындағы 
кестенің батырмасын басу керек.  
Есеп  –  бұл,  кейін  қағазға  басылып  шығарылатын  немесе  басқа 
қосымшаның  есептеріне  кіргізілетін  құжатты  жасауға  арналған 
объект.  Есеп,  пішіндер  сияқты,  сұраным  және  кестелер  негізінде 
жасалады, бірақ деректер енгізілмейді. 
Есеппен жұмыс жасау режімдері: 
Алдын  ала  қарау  режімінде  есептің  баспаға  шығарылатын  түрі 
қандай болатынын көруіге болады. Есепті алдын ала қарау режімінде 
ашу үшін: 
• Отчеты бетбелгісін
 
шерту; 
  деректер  қорының  терезесінде  батырмамен  қажет  есепті 
таңдау;  
• Просмотр батырмасын шерту. 
Конструктора  режімі  есептің  қалпын  (құрылымын)  өзгерту 
үшін қолданылады. 
Макрос  –  Access-ң  белгілі  бір  жағдайға  жауап  ретінде 
орындайтын,  бір  немесе  бірнеше  әрекеттердің  құрылымды 
сипаттамалары бар, объект.  
Мысалы, негізгі пішінде қандайда бір элемент таңдалған кезде, 
басқа пішінді ашатын макросты белгілеуге болады. Басқа макростың 
көмегімен,  қандайда  бір  өрістің  мазмұны  өзгертілсе,  оның  мәнін 
тексеруге  болады.  Макросқа  енгізілген  әрекеттердің  орындалуы  ия 
орындалмауы  үшін,  оған  қосымша  шарттарды  қосуға  болады.  Бір 
макростың ішінен басқа макросты немесе модульді жіберуге болады. 
Макрокомандаларды пайдалану, пішіндермен және есептермен 
жұмысты  елеулі  жеңілдетеді.  MS  Access-те  40-тан  астам 
макрокомандалар бар, оларды макростарға енгізуге болады. 
Макрокомандалар, 
кестелерді 
және 
пішіндерді 
ашу, 
сұранымдарды  орындау,  басқа  макростарды  жіберу,  мәзірден  басқа 

 
290 
опцияларды  таңдау,  ашылған  терезелердің  өлшемдерін  өзгерту  және 
с.с. әрекеттерді орындайды. Макрокомандалар, жұмыс барысында жиі 
орындалатын  әрекеттер  жиынтығын,  бір  батырманы  (немесе 
бірнешеуін катар) басу арқылы орындауға мүмкіндік береді. Олардың 
көмегімен,  деректердің  динамикалық  алмасуын  қолдайтын  (DDE) 
қосымшаларды  жіберуге,  мысалы,  MS  Excel-ді  және  сіздің  дерек 
қорыңызбен  осы  қосымшалар  арасында  деректерді  алмастыруға 
болады. Бір макрос бірнеше макрокомандалардан тұруы мүмкін. Жеке 
макрокомандалардың  орындалу  немесе таңдау  шарттарына  тапсырма 
беруге болады. 
Модуль  –  макростарды  қолданғанда  айқындауға  мүмкін  емес 
қателерді, үрдісті кішірек әрекеттерге бөлу арқылы іздеп табатын, MS 
Access Basic программаларынан тұратын объект.  
Access-пен  (немесе  оның  қосымшасымен)  жұмысты  аяқтаған 
соң  сеансты  мүлтіксіз  бітіру  қажет.  Компьютерді  жәй  өшіре  салу  – 
онша  жақсы  әдіс  емес,  ол  кейін  қандай  да  проблемалардың  пайда 
болуына  әкелуі  мүмкін.  WINDOWS-тың  жұмысының  барысында, 
қосымшалар 
пайдаланушы 
білмейтін 
көптеген 
файлдарды 
пайдаланады. Компьютер өшірілген кезде, бұл файлдар ашық қалады 
да, келешекте қатты дискінің файлдық жүйесінің беріктігіне әсер етуі 
мүмкін. 
Access-тен бірнеше әдіспен қауіпсіз шығуға болады: 
• Access-ң бас терезесінің тақырып жолындағы жүйелік мәзірлік 
пиктограммасын тінтуірмен екі рет шерту арқылы
• Access-ң мәзірінен Файл Выход командасын таңдау арқылы; 
• Alt + F4 пернелер тіркесін басу арқылы. 
Тест сұрақтары 
1.
 
Мєліметтер ќоры дегеніміз не? 
a.
 
бір дискетте жинаќталѓан мєліметтер жиыны; 
b.
 
программамен ж±мыс істеуге арналѓан мєліметтер; 
c.
 
мєліметтерді  сипаттау,  саќтау  жєне  µњдеудіњ  жалпы  прин-
циптерін  ескеретін  белгілі  бір  ережелер  бойынша  ќ±рылѓан  µзара 
байланысќан мєліметтер жиынтыѓы; 
d.
 
коммуникациялыќ желілер бойынша жіберілетін мєліметтер; 
e.
 
дұрыс жауабы жоқ. 
2.
 
¤ріс дегеніміз, ол: 
a.
 
кестеніњ жолы; 
b.
 
кестеніњ баѓаны; 
c.
 
біртектес мєліметтер жиынтыѓы; 
d.
 
сандық, мєтіндік немесе басќа да бір маѓынамен (мєнмен) си-
патталатын ќандай да бір кµрсеткіш; 

 
291 
e.
 
дұрыс жауабы жоқ. 
3.
 
Реляциялыќ  мєліметтер  ќорының  жазбалары  қандай  типті 
болады? 
a.
 
әртүрлі типті деректер, яғни біртекті ақпарат емес; 
b.
 
тек қана бір типті деректер, яғни біртекті ақпарат; 
c.
 
тек қана мәтіндік ақпарат; 
d.
 
тек қана сандық ақпарат 
e.
 
өңкей логикалық шамалар. 
4.
 
Қайсыбір 
мәліметтер 
қорында 
ФАМИЛИЯ, 
ГОД 
РОЖДЕНИЯ,  ДОХОД  атты  өрістер  бар.  Мына  шарт  бойынша:  ГОД 
РОЖДЕНИЯ  >1958  AND  ДОХОД  <  3500  іздеуді  орындағанда,  не 
табылады? 
a.
 
кірісі  (доход)  3500  кем  емес  және  1958  жылы  туғандардан 
жасы үлкен кісілердің тізімі; 
b.
 
кірісі  (доход)  3500  кем  немесе  1958  жылы  және  одан  кейін 
туған кісілердің тізімі; 
c.
 
кірісі  (доход)  3500  кем  және  1959  жылы  және  одан  кейін 
туған кісілердің тізімі; 
d.
 
кірісі  (доход)  3500  кем  және  1958  жылы  туған  кісілердің 
тізімі; 
e.
 
кірісі  (доход)  3500  кем  және  1958  жылы  және  одан  кейін 
туған кісілердің тізімі. 
5.
 
Реляциялыќ мєліметтер ќорында келесі µріс типтерініњ ќай-
сысы ќолданылмайды? 
a.
 
символдыќ тип; 
b.
 
дата типі; 
c.
 
аналогты тип; 
d.
 
логикалық типі; 
e.
 
МЕМО типі; 
6.
 
Реляциялыќ мєліметтер ќоры дегеніміз, ол: 
a.
 
деректер  тµртб±рышты  кесте  т‰рінде  ќ±рылѓан  мєліметтер 
ќоры; 
b.
 
жазудаѓы элементтері реттелген, яѓни бір элементі басты бо-
лып саналып, ќалѓаны соѓан баѓынѓан, мєліметтер ќоры; 
c.
 
жазудаѓы кез-келген ретпен орналасќан мєліметтер ќоры; 
d.
 
вертикаль  иерархиялыќ  байланысќа  ќосымша  горизонталь 
байланыстар орнату м‰мкіндігі бар мєліметтер ќоры; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
7.
 
Жазба дегеніміз, ол: 
a.
 
кестеніњ жолы; 
b.
 
кестеніњ баѓаны; 

 
292 
c.
 
біртектес мєліметтер жиынтыѓы; 
d.
 
сандыќ, мєтіндік немесе басќа да бір маѓынамен (мєнмен) си-
патталатын ќандай да бір кµрсеткіш; 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
8.
 
Реляциялыќ  мєліметтер  ќорының  объектісі  –  кестелердің 
құрылымын жобалау нені айқындайды?  
a.
 
мєліметтер  ќорының  жазбалар  санын  және  өрістердің 
аттарының тізбесін; 
b.
 
мєліметтер ќорының жазбалар санын, оның ұзындығын және 
атауларын; 
c.
 
өрістердің  атауының  тізбесін,  оған  енгізілетін  деректердің 
типтерін және ұзындығын; 
d.
 
мєліметтер ќорында сақталған жазбалардың мазмұнын; 
e.
 
мєліметтер ќорының жазбалар диапазонын. 
9.
 
Қайсыбір 
мәліметтер 
қорында 
ФАМИЛИЯ, 
ГОД 
РОЖДЕНИЯ,  ДОХОД  атты  өрістер  бар.  Мына  шарт  бойынша:  ГОД 
РОЖДЕНИЯ  >1958  OR  ДОХОД  <  3500  іздеуді  орындағанда,  қандай 
жазба табылады? 
a.
 
Петров,   
1956, 3600; 
b.
 
Иванов,  
1956, 2400; 
c.
 
Сидоров, 
1957, 5300; 
d.
 
Козлов,   
1952, 4200; 
e.
 
Егоров,   
1954, 7300. 
10.
 
Access мєліметтер ќоры келесі объектілермен ж±мыс істейді: 
a.
 
кесте, , есеп беру (отчеттар); 
b.
 
пішін; 
c.
 
мәтін, дыбыс; 
d.
 
кесте, пішін, с±раным, есеп (отчеты); 
e.
 
дұрыс жауап жоқ. 
11.
 
Мєліметтер ќоры дегеніміз, ол: 
a.
 
ќызметтіњ  кµптеген  т‰рлерін  автоматтандыруды  ќамтама-
сыз ететін µзара байланысќан модульдер жиынтыѓы; 
b.
 
мєліметтер  мен  формулаларды  саќтау  мен  µњдеуге 
м‰мкіндік беретін кесте; 
c.
 
пайдаланушыныњ  аќпаратын  µњдеуге  арналѓан  ќолданбалы 
программа; 
d.
 
саќтау мен кµп ретті пайдалануѓа баѓытталѓан мєліметтердіњ 
µзара байланысќан, бірлескен жиынтыѓы; 
e.
 
дұрыс жауабы жоқ. 
12.
 
Access программасы -б±л: 
a.
 
мєтіндік редактор; 

 
293 
b.
 
электронды кесте; 
c.
 
мєліметтер ќорын басќару ж‰йесі;  
d.
 
графиктік редактор; 
e.
 
программалау жүйесі. 
13.
 
Реляциялыќ мєліметтер ќорының өрісінде жазылатыны: 
a.
 
тек қана бір типті деректер; 
b.
 
бір уақытта сандық та, мәтіндік те типті деректер;  
c.
 
тек қана жазбалардың номерлері
d.
 
тек қана жазбалардың жасалған уақыты; 
e.
 
тек қана логикалық шамалар. 
14.
 
“Недвижимость”  деген  мәліметтер  қорында  Комнаты,  Пло-
щадь,  Адрес,  Стоимость  өрістері  бар.  Екі  бөлмелі  жалпы  ауданы  50 
кв.м.  артық  пәтерлердің  тізімін  шығару  үшін  жасалған  сұраныста 
мына өрнек жазылуы қажет: 
a.
 
Комнаты=2 және Площадь>50; 
b.
 
Комнаты=2 және Площадь=50;  
c.
 
Комнаты=2 немесе Площадь<50; 
d.
 
Комнаты>=2 немесе Площадь>50; 
e.
 
Комнаты>2 және Площадь=50. 
15.
 
МЌБЖ µнімділігі ќандай факторлармен баѓаланады? 
a.
 
с±ранысты жинаќтау уаќыты, аќпаратты іздеу жылдамдыѓы; 
b.
 
барлыќ жауап д±рыс; 
c.
 
мєліметтер ќорын басќа файлдардан импорттау уаќыты; 
d.
 
мєліметтерді енгізу, µшіру, ќосу амалдарын орындау уаќыты; 
e.
 
дұрыс жауабы жоқ. 
16.
 
Мєліметтер ќорыныњ моделіне ќайсысы жатады? 
a.
 
фактографиялыќ; 
b.
 
документалдыќ; 
c.
 
ж‰йелік; 
d.
 
реляциялыќ; 
e.
 
дұрыс жауабы жоқ. 
17.
 
Иерархиялыќ мєліметтер ќоры дегеніміз, ол 
a.
 
аќпараттар  тіктµртб±рышты  кесте  т‰рінде  ќ±рылѓан 
мєліметтер ќоры; 
b.
 
жазудаѓы элементтері реттелген, яѓни бір элементі басты бо-
лып саналып, ќалѓаны оған баѓынѓан, мєліметтер ќоры; 
c.
 
жазудаѓы элементтері кез-келген ретпен орналасќан мєлімет-
тер ќоры; 
d.
 
вертикаль  иерархиялыќ  байланысќа  ќосымша  горизонталь 
байланыстар орнату м‰мкіндігі бар мєліметтер ќоры; 
e.
 
дұрыс жауабы жоқ. 

 
294 
18.
 
Иерархиялыќ  мєліметтер  ќорында  деректер  жиыны  және 
олардың арасындағы байланыстар сипатталады:  
a.
 
желілік схемамен; 
b.
 
кестемен; 
c.
 
фактілер және ережелер жиынымен; 
d.
 
кестелер жиынымен; 
e.
 
ағашты құрылыммен. 
19.
 
Тәжрибеде ең кең тараған: 
a.
 
иерархиялық деректер қоры
b.
 
желілік деректер қоры; 
c.
 
бөлінген деректер қоры; 
d.
 
реляциялық деректер қоры; 
e.
 
локальды деректер қоры. 
20.
 
Иерархиялық  деректер  қорының  мысалы  ретінде...келтіруге 
болады: 
a.
 
сынып жорналының бетін; 
b.
 
дискіде сақтаулы тұрған файлдар каталогын; 
c.
 
поездардың жүру кестесін 
d.
 
электрондық кестені; 
e.
 
сараптау жүйесін. 
 
 

 
295 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет