Информатика


§ 4. Сандық есептеу технологиясы



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата06.02.2017
өлшемі4,79 Mb.
#3495
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
§ 4. Сандық есептеу технологиясы 
Жоспар 
4.1. Microsoft Excel кестелік процессоры. 
4.2. Excel-ң пайланушылық интерфейсі.  
4.3. Excel-ң құрылымдық объектілері.  
4.4. Excel-де деректердің типтері  
4.5. Ұяшықтарды пішімдеу. 
4.6. Электрондық кестелерде есептеу. Формулалар. 
4.7. Ұяшықтардың салыстырмалы және абсолютті адрестері. 
4.8. Диаграммалар, графиктер. 
4.9. Функциялар. 
4.10. Макростар. 
4.11 Массивтермен және матрицалармен жұмыс. 
4.12. Құжаттарды қорғау. 
4.1. Microsoft Excel кестелік процессоры  
Microsoft  Excel  (Microsoft  Office  Excel  деп  те  аталады)  — 
электрондық  кестелермен  жұмыс  жасауға  арналған  Microsoft 
Windows,  Windows  NT  және  Mac  OS  операциялық  жүйелері  үшін 
Microsoft корпорациясы жасаған программа.  
Ол VBA (Visual Basic қосымшалары үшін) макро программалау 
тілін  және  графикалық  саймандарды,  экономико-статистикалық 
есептеулердің мүмкіндіктерін ұсынады. 
MS  Excel  (XL)  –  электрондық  процессор,  кесте  түрінде 
ұйымдастырылған  ақпаратты  енгізуге,  өңдеуге,  автоматтандырылып 
санауға  арналған  арнайы  программалық  жүйе.  Құрылымы  күрделі 
кестелерді  құруға,  әдемілеп  өңдеуге,  сонымен  қатар,  жеке 
ұяшықтарда, жолдарда, бағаналарда және матрицаны есептеу, іріктеу 
мүмкінді  мол.  XL  –  өзінің  есептерін  шығыратын  программалау 
жүйесі.  
Microsoft  Office-нің  құрамына  кіретін  Microsoft  Excel,  бүгінгі 
таңда  дүние  жүзіндегі  ең  белгілі  қосымшалардың  бірі  болып 
табылады. 
Файлдардың пішімдері  
Microsoft  Excel-де  2003  нобайына  дейін  және  сонымен  қоса, 
негізгі ретінде, өзінің басыбайлы файлдардың бинарлық пішімі (BIFF) 
қолданылды
1
.  Excel  2007-де  өзінің  негізгі  пішімі  ретінде  Microsoft 
Office Open XML қолданылады.  
Excel 2007 негізгі ретінде жаңа XML-пішімдерін қолдануға және 
қолдауға  бағытталған  болса  да,  ол  бұрынғыдай  дәстүрлі  бинарлық 
                                                 
1
 http://support.microsoft.com/kb/840817/ 

 
256 
пішімдермен  де  үйлесімді.  Сонымен  қатар,  Microsoft  Excel-дің 
көптеген  нобайы  CSV,  DBF,  SYLK,  DIF  және  басқа  пішімдерді  оқи 
алады. 
Microsoft  Office  2007-нің  басқа  да  программаларымен  қатар, 
Microsoft  Excel  2007  файлдардың  көптеген  жаңа  пішімдерін  енгізеді. 
Олар  Office  Open  XML  (OOXML)  ерекшеліктерінің  (спецификация) 
бөліктері болады. 
Кестелерді ауыстыру және экспорттау 
API
1
  Excel-ң  кестелерін  басқа  бірқатар  қосымшаларда  ашуға 
мүмкіндік  береді.  Бұған,  ActiveX  немесе  Adobe  Flash  Player  сияқты 
плагиндер  көмегімен  Excel-де  құжаттарын  веб-беттерде  ашу 
кіреді.Apache  POI  жобасы  Excel-ң  электрондық  кестелерін  оқу  және 
жазу  үшін  Java-кітапханаларын  ұсынады.  Сонымен  қатар,  мәндерді 
үтірмен бөлуді қолданып, Excel кестелерін веб-қосымшаларға көшіру 
әрекеттері болды. 
Программалау 
VBA  қосымшалары  үшін,  Visual  Basic  негізінде  кодтарды  жазу 
Excel-ң  бағалы  мүмкіндігі  болып  табылады.  Бұл  код  кестеден  бөлек 
редакторды  қолданып  жазылады.  Электрондық  кесте,  деректердің 
                                                 
1
  Программалаудың  қолданбалық  интерфейсі  (кейде  қолданбалардың  программалау  интерфейсі
(Application  Programming  Interface,  API  [эй-пи-ай])  –  қосымшаның  сыртқы  программаларда  қолдануға 
беретін, дайын константалар құрылымдарының, функциялар таптарының (топтарының) жийыны. 
Excel 2007 жаңа пішімдері 
Пішім 
Кеңейтімі 
Ескертулер 
Excel-ң 
Жұмыс 
кітабы 
.xlsx 
Excel  2007-ң  жұмыс  кітаптарының  стандартты 
пішімдері.  Шындығында  бұл  XML  құжаттар 
каталогының  қысылған  ZIP-архиві.  Бұрынғы 
бинарлық  .xls  пішімінің  жаңғыртуы  болып 
табылады, 
бірақ 
қауіпсіздікті 
ескеріп 
макростарды қолдамайды.  
Макроспен Excel-ң 
Жұмыс кітабы 
.xlsm 
Excel-ң  сол  жұмыс  кітабы,  бірақ  макростарды 
қолдайды. 
Бинарлық  Excel-ң 
Жұмыс кітабы 
.xlsb 
Макростармен  Excel-ң  сол  жұмыс  кітабы,  бірақ 
ақпарат бинарлық пішімде сақталған, құжаттарды 
XML-ден  тез  ашады.  Әсіресе  ондаған  мың 
жолдары  және/немесе  жүздеген  бағандары  бар 
өте үлкен құжаттар үшін жиі қолданылады. 
Макроспен  Excel 
шаблоны  
.xltm 
Жұмыс  кітаптары  үшін  негіз  сияқты  жасалған 
шаблон,  макростарды  қолдау  қосылған.  Ескі  .xlt. 
пішімін ауыстырған. 
Excel-ң 
қондырмасы 
.xlam 
Құралдарды  және  қосымша  функционалдық 
мүмкіндіктерін  қосуға  бағытталған,  Excel-ң 
қондырмасы.  

 
257 
және кодтың объектілі-бағытталған моделі арқылы басқарылады. Осы 
кодтың  көмегімен, енгізу  кестелерінің деректері  лезде  өңделеді  және 
кестеде  және  диаграммаларда  (графиктерде)  бейнеленеді.  Кесте 
кодтың  интерфейсі  болады  да,  онымен  жеңіл  жұмыс  жасауға, 
өзгертуге және есептеуді басқаруға мүмкіндік береді. 
4.2. Excel-ң пайдаланушылық интерфейсі  
Excel-ң стандарты терезесі келесі компоненттерден тұрады: 
Тақырып  жолы  –  «Свернуть»,  «Развернуть»,  «Закрыть» 
батырмалары бар терезенің ең жоғарғы жағындағы жол.  
Мәзір  жолы  –  Excel-де  жұмысты  ұйымдастыратын  негізгі 
командалар  тізімінен  тұрады.  Олардың  әр  қайсысы  ішкі  бағынышты 
мәзірлерден тұрады. 

 
Файл – файлымен жұмыс жасау командалары;  

 
Правка (Түзету) – құжатты түзету командалары; 

 
Вид (Түр) – экранды өзгерту командалары; 

 
Вставка  (Кірістірме)  –  құжатқа  әртүрлі  нысандарды 
кірістіруге  қызмет  етеді,  мысалы,  бет  нөмірлері,  символдар,  тақырап 
пен көрсеткіштер, файлдар, кадрлар, сурет, объект, деректер қоры; 

 
Формат (Пішім) – деректердің түрін өзгертуге және кестені 
түрлі мәнерде форматтауға, яғни өзгертуге арналған командалар; 

 
Сервис – файлға қорғау қою (защита), қатесін тексеру, баптау 
параметрлерін  қою,  макростар  құру,  VBA  (Visual  Basic  for 
Applications) – редакторын қосу командалары; 

 
Данные  (Деректер)  –  кестелермен  жұмыс  жасайтын 
командалар; 

 
Окно (Терезе) – терезелермен жұмыс жасайтын командалар; 

 
Справка  (Көмек)  –  Excel-мен  жұмыс  істеу  жөнінде, 
функциялары туралы анықтама алу командалары. 
Стандартты  саймандар  тақтасы  –  жиі  кезігетін  амалдарды 
орындауға арналған батырмалар орналасқан.  
Форматтау  (пішімдеу)  саймандар  тақтасы  –  ұяшықтардағы 
мәтінді және сандарды форматтауға арналған батырмалар орналасқан.  
Формулалар  жолы  –  үш  бөлімнен  тұрады:  сол  жағында 
ағымды  ұяшықтың  адресі  нұсқалады,  ортасында    –  дайындалған 
әрекетті қайтару (немесе Esc), жасыл  – енегізу (немесе Enter), fx – 
Вставка  функции  қосымшасын  шақыру  батырмасы  орналасады.  Бұл 
батырмамен,  көптеген  әртүрлі  функцияларды  –  қаржылық 
(финансовый),  статистикалық,  математикалық  және  басқа 
шақыруға  болады. Егер  формула  жолы  тақтада жоқ болса,  онда:  Вид 

 Строка формул.  

 
258 
Бағаналар тақырыбы – латын әріптерімен аталады: A, B, … , 
Z, AA, AB, …, AZ, BA, BB, …, IU, IV. Барлығы 256 бағана.  
Жолдар  тақырыбы  –  цифрлармен  нөмірленеді  1,  2,  3,  …, 
барлығы 65536 (әр парақта) жол болады 
Жағдай  жолы  –  терезенің  төменгі  жағында  орналасқан. 
Операцияны  орындау  барысы  немесе  таңдалған  команда  туралы 
ақпаратты бейнелейді. 
Парақтардың жарлықтары – Лист1, Лист2, … 
Айналдыру  жолақтары  (скроллингтер)  –  терезенің  төменгі 
және оң жағында.  
3.5-сурет. Excel-ң стандартты терезесі 
4.3. Excel-ң құрылымдық объектілері  
4.3.1. Жұмыс кітабы 
Excel-дегі  электрондық  кесте  3  өлшемді  құрылым  болып 
табылады.  Бір  құжатты  немесе  файлды  Книга  (Кітап)  деп  атайды. 
Неше файл құрамыз десеңізде ол өз еркіңізде.  
XL  құжаты  –  Жұмыс  кітабы  бірнеше  парақтардан  тұрады 
(Лист1,  Лист2,  …).  Әдетте  бір  кітаптағы  парақтар  арасындағы 
ақпарат  логикалық  байланыста  болады.  Жұмыс  кітабының  мысалы 
ретінде  бір  ұжымның  құжаттар  жиынын  келтіруге  болады  – 
бухгалтериялық  формалар,  налогтар,  кадрлар,  т.б.  Басқаша  айтсақ, 
Жұмыс  кітабын  –  бұл  парақтар  тігілген  скоросшиватель  деуге 
болады,  парақтарды  қосуға,  жоюға,  орындарын  ауыстыруға, 
құжаттарды өзгертуге және т.б. әрекеттер жасауға болады. 
Жұмыс кітабында парақтар санына сұраныс жасау – Сервис 

 Параметры 

 Общие 

 Листов в новой книге 

 парақ санын қою 

 ОК. Парақтар санына 256 – ға дейін сұраныс жасай беруге болады, 
себебі таза парақтар жадыда орын алмайды.  

 
259 
Жаңа  Жұмыс  кітабын  құру  –  Файл 

  Создать  немесе 
саймандар  тақтасында  Создать  батырмасын  шерту.  Саны  алдын  ала 
қойылған таза парақтардан тұратын Жұмыс кітабы ашылады. 
Сақталған  құжатты  (Жұмыс  кітабын)  ашу  –  Файл 

Открыть 

  файл  орналасқан  қапшықты  тауып  (файл  атауын  екі 
рет шерту), файлдың атауын шерту 

 Открыть.  
Жаңа  Жұмыс  кітабын  сақтау  –  Файл 

  Сохранить  как 

 
сақталатын  қапшықты  ашу 

  құжаттың  атауын  теру 

  Сохранить
Excel – де файлдар . XLS кеңейтімімен сақталалады.  
Жұмыс  кітабын  жабу  –    жабу  батырмасын  басу,  немесе 
Файл 

 Закрыть..., немесе Alt + F4. 
4.3.2. Парақ 
Парақ  –  ол  Жұмыс  кітабының  жеке  құжаты.  Парақ  – 
деректерді енгізуге арналған ұяшықтардан тұратын аймақ.  
Әр  Парақтағы  ұяшықтардың  координаталары  –  бағандар 
бойынша:  A,  B,  …,Z,  AA,  …,AB,…,AZ,  BA,  BB,  …,IU,  IV  (барлығы 
256) және жолдар бойынша: 1, 2, 3, … (барлығы 65536 жол). 
Пайдаланушыға 
ыңғайлы 
болу 
үшін 
ұяшықтар 
тор 
сызықтарымен 
бөлінген, 
бірақ 
баспаға 
шығарғанда 
торды 
бейнелемеуге де болады.  
Парақ  қосу  –  Вставка 

  Лист.  Немесе  ағымды  парақтың 
жарлығын оң батырмамен шертіп 

 Добавить 

 Лист 

 ОК. Жаңа 
парақ ағымды парақтың алдына қойылады.  
Керек емес парақты жою – парақтың атауын шертіп 

 Правка 

 Удалить Лист 

 ОК. Жұмыс кітабынан Парақ біржола жоғалады 
– парақтарды жойғанда өте абай болыңыз
Парақтың  атауын  өзгерту  –  Формат 

Лист 

Переимено-
вать 

  Парақтың  жаңа  атын  теру.  Немесе  парақты  тінтуірдің  оң 
батырмасын шертіп 

  Переименовать.  Егер  құжатта  атауы  өзгерген 
парақтағы  деректерге  сілтемелері  болса,  онда  олар  парақтың  жаңа 
атауына автоматты түрде өзгереді. 
Парақтардың орнын ауыстыру – Парақтың атауын іліп алып 
жаңа  орынға  апару  керек.  Сол  сәтте  Парақтың  атауының  жанында 
мына  маркер  ілесуге  тиіс.  Орны  ауысқан  парақтың  атауы 
өзгермейді және бір парақтағы деректердің басқа параққа сілтемелері 
толығымен сақталады. 
Парақты  ішіндегісімен  бірге  көшіру    Ctrl  пернесін  басып, 
керекті  Парақтың  атауын  іліп  алып,  тізімдегі  жаңа  орынға  апару 
керек – нәтижесінде парақ, сол атаудың атын алады. 
Парақтың басына өту: Ctrl + Home 

 
260 
Парақтың  аяғына  өту:  Ctrl  +  End  –  ақпараты  бар,  соңғы 
ұяшыққа  түсеміз.  Немесе  Ctrl 

  –  Парақтың  соңғы  жолына,  яғни  № 
65536 жолына түсеміз. 
Парақтың  оң  жақ  бұрышына  бару:  Ctrl 

.  Соңғы  IV 
бағанына түсеміз. 
4.3.3. Ұяшық 
Ұяшық  –  кестенің  жеке  элементі,  бағана  мен  жолдың 
қиылысында  орналасады.  Әр  ұяшықтың  өз  адресі  болады,  ол  бағана 
атауы мен жол нөмірі. Мысалы: A1B7C12BK43.  
Ағымды  ұяшықтың  адресі  (координаталары)  формулалар 
жолының  сол  жағындағы  терезеде  пайда  болып  отырады.  Бір 
ұяшықтан екінші ұяшыққа өту үшін, меңзерді басқару пернелері және 
TAB  пернесі  қолданылады  немесе  басқа  ұяшықты  шертсе  болғаны. 
Ұяшыққа  енгізілетін  деректер  типі:  мәтін,  сан  (барлық  түрлері), 
формула, мерзім.  
Ұяшықтың көрсеткіші – маркері бар төртбұрыш рамка
Ұяшықтар  диапазоны  –  қос  нүктемен  бөлініп  жазылады, 
мысалы,  А2:А5  жазылымы  –  А2,  А3,  А4,  А5  ұяшықтар  жиынын 
көрсетеді.  Мысалы:  A2:C3  жазылымы  –  жоғарғы  сол  жақ  А2 
ұяшығынан  бастап  төменгі  оң  жақ  С3  ұяшығына  дейінгі  ұяшықтар 
дапазонын  көрсетеді,  яғни:  A2,  B2,  C2,  A3,  B3,  C3  ұяшықтарына 
сәйкес. 
Ұяшықтар  тізімі  –  нүктелі  үтірмен  бөлініп  жазылады, 
мысалы:  В1;  С4;  А1:А5;  Z8.  Тізім  бір  элементтен  де  тұруы  мүмкін, 
мысалы (A1:A5; B1:C4; K1:M3; A4; B7). 
Ұяшықтарға  деректерді  енгізу  –  ұяшықты  шертіп,  санды 
немесе  мәтінді  теріп,  міндетті  түрде  Enter-ді  немесе  көрсеткіш 
пернелерінің біреуін  немесе формулалар жолындағы жасыл   (ввод) 
батырмасын басу қажет. 
Ұяшықтарға өзіңіздің атауыңызды беру – Вставка 

 Имя 

 
Присвоить,  ұяшықтың  жаңа  атын  теру.  Ұяшыққа  пайдаланушының 
атауын  беру  математикалық  формулаларды  үйреншікті  түрде  жазуға 
ыңғайлы.  
Мысалы:  трапецияның  ауданын  есептеу  формуласы  үшін:  A2 
ұяшығын  A-  деп,  B2  ұяшығын  B  –  деп,  C2  ұяшығын  H  –  деп,  D2 
ұяшығын S –деп атап, A, B, H ұяшықтарына мәндерін енгізіп алып, S 
ұяшығында: = (A+B)/2*H формула теріледі.  
4.4. Excel-де деректердің типтері  
Деректердің  келесі  типтері  MS  Excel  кестелік  процессорының 
өңдейтін объектілері болып табылалы:  

 
261 

 
сандар  (яғни  цифрлар,  ондық  бөлгіш,  ,  #,  %,  +,  -)  –  әртүрлі 
пішімдерде  болуы  мүмкін,  атап  айтқанда:  денежный  (ақшалық), 
процентный (пайыздық), финансовый (қаржылық), экспоненциальный 
(экспоненциалдық); 

 
мәтін (барлық басқа символдар); 

 
мерзім және/немесе уақыт. 
Ұяшықтағы  сан  15-ке  дейін  мәнді  цифрлардан  тұруы  мүмкін. 
Мәнді цифрлардың ең көп саны 9.99999999999999Е307, ал ең аз саны 
-9.99999999999999Е307  тең  болады.  Ең  аз  абсолют  мәні  1Е-307 
құрайды.  Егер ұяшықтың  ені  санды  сиғызуға  жеткіліксіз болса,  онда 
оның орнына «#» символынан тұратын тізбек шығады. 
Ұяшықта  мерзім,  уақыт  немесе  мерзім  және  уақыттың 
комбинациясынан  тұруы  мүмкін.  Мерзім  және  уақыт  әртүрлі 
пішімдерде  бейнеленеді.  Деректердің  қалай  енгізілуіне  байланысты, 
Excel ұяшықта мерзім немесе уақыт тұрғанын анықтайды. 
Мысалы: егер – «4-4» немесе «4/4» деп енгізсеңіз, онда ағымды 
жылдың  4  сәуірі  деп  түсінеді,  ал  «11:00»  енгізілсе,  оны  Excel  таңғы 
сағат  11  деп,  «5-5  11:45»  енгізілсе  –  5  мамыр  11  сағат  45  минут  деп 
түсінеді.  
Мерзімдер  есептеулерде  де  қолданылуы  мүмкін.  Бір  мерзімді 
екінші  мерзімнен  алу  амалын  орындап,  екі  мерзім  арасындағы  өткен 
күндер санын есептеуге болады. Мерзімге санды қосатын болса, онда 
ол мерзім сонша күнге ұлғайды деп есептеледі. 
Ұяшықтағы  мәтінде  255  символға  дейін  (бос  орынды 
қосқанда)  болуы  мүмкін.  Мәтінді  пішімдеудің  көптеген  командалар 
жиыны, оның ішінде шрифтті, оның өлшемінкескінін (Ж, К, Ч) және 
түсін таңдау мүмкіндігі бар. 
4.5. Ұяшықтарды пішімдеу 
Ұяшықтағы  деректер  әртүрлі  пішімдерге  өзгертілуі  мүмкін. 
Деректердің көрсетілуіне тапсырыс беруге болады: 
1)
 
санды неше ондық белгіге дейін дөңгелектеуді;  
2)
 
теріс  сандарды  экранда  қалай  бейнелеуді  (мысалы,  оларды 
жазғанда қызыл түсті немесе алдында «-» белгісін қолдану); 
3)
 
ақшалық  шамалар  болғанда,  қандай  валютаның  символын 
қолдануды (мысалы, $ немесе тнг); 
4)
 
мерзім/уақыт 
мәндерімен 
жұмыс 
жасағанда, 
мерзім/уақыттың  (мысалы,  день/месяц/год  немесе  месяц/год
бейнелену типін таңдау. 
Ұяшықта  қажет  пішімді  қою.  Мысалы:  сандық  форматты 
нұсқау  –  керек  ұяшықтарды  ерекшелеу 

  Формат 

  Ячейки 

 

 
262 
Число 

  Числовой 

  керек  параметрлерді  таңдау  (теріс  сандарды, 
ондық таңбалар санын,) 

 ОК
Ұзын мәтінді тар ұяшықта орналастыру – Формат 

Ячейки 

  Выравнивание 

    Переносить  по  словам  (қанатша  қою) 

  ОК
Осыдан  кейін  енгізілген  мәтін  ешқашанда  ұяшықтың  шекарасынан 
шықпайды. 
Ұяшықтар  тобында  ақпаратты  әдемілеп  орналастыру  – 
ұяшықтарды  ерекшелеу 

  Формат 

Ячейки 

  Выравнивание 
выделения  (горизонтальное)  немесе  (вертикальное) 

ОК.  Немесе 
Формат 

Афтоформат 

.... 
Бағандар  бойынша  ортаға  дәл  келтіру  –  ақпарат  дәл  ортаға 
орналастын жолдың, қажет ұяшықтарын ерекшелеп, «Объединить и 
поместить  в  центре»  батырмасын  шерту.  Бұл  мәтін  бір  ұяшыққа 
симай  және  кеңейтуге  болмайтын  жағдайда  ыңғайлы  (мысалы, 
кестенің тақырыбы). 
Ұяшықта  не  барын  көру    сол  ұяшықты  шерту.  Формулалар 
жолында оның ішіндегісі көрінеді (ұяшықтың мәні – константа, яғни 
ештеңе  есептелмеген)  және  формула,  егер  оның  мәні  кандай  да  бір 
амалдардың нәтижесі болса. 
Тура ұяшықтың өзінде барлық формуланы көрсету: Сервис 
→Параметры →Вид →  Формулы. Ал енді, осы  қанатшаны алып 
тастағанда, парақта есептеудің нәтижесі көрсетіледі. 
Ұяшықтарды  әртүрлі  реттелген  деректермен  автоматты 
түрде  толтыру  –  көршілес  ұяшықтарда,  айырмасы  прогрессия 
қадамын анықтайтын, екі мән беру 

 осы екі ұяшықты ерекшелеу 

 
ұяшықты толтыру рамкасының маркерін «іліп» алып 

 тінтуірдің 
сол  батырмасы  басулы  қалпында,  баған  немесе  жол  бойы  керек 
диапазонға дейін тартып автоматты толтыру.  
4.6. Электрондық кестелерде есептеу. Формулалар 
Excel  программасында  кестедегі  есептеулер  формулалар 
көмегімен 
жүзеге 
асырылады. 
Формулада, 
математикалық 
амалдардың  белгілерімен  қосылған,  сандық  константалар,  Excel-ң 
функцияларына  және  ұяшықтарына  сілтемелері  тұруы  мүмкін. 
Жақшалар  әрекеттердің  стандартты  орындалу  ретін  өзгертуге 
мүмкіндік  береді.  Егер  ұяшықта  формула  тұрса,  онда  жұмыс 
парағында,  осы  формуланың  ағымды  нәтижесі  бейнеленеді.  Егер 
ұяшық  ағымды  болып  тұрса,  онда  формуланың  өзі,  формулалар 
жолында бейнеленеді.  
Excel-де арифметикалық амалдардың белгілері: 
(+) – қосу, (-) – алу, (*) – көбейту, (/) – бөлу, (^) – дәрежелеу 

 
263 
Қатынас белгілері:  
 (<)  –  кіші,  (>)  –  үлкен,  (<=)  кіші  тең,  (>=)  үлкен  тең,  (<>)  тең 
емес 
Формулалар – міндетті түрде «=» символынан басталады, одан 
кейін  есептелетін  өрнек  тізбектеледі.  Есептелген  нәтиже  ұяшықта 
бейнеленеді.  Егер,  өрнекте  басқа  ұяшықтарда  тұрған  деректер 
қолданылса,  онда  сол  деректер  өзгерген  сайын,  формула  автоматты 
түрде қайта есептеліп отырады. 
Мысалы =D1+D2 формуласын алсақ, оның нәтижесі D1 және D2 
ұяшықтарының  (екеуінде  де  сандық  мән  тұр  деп  болжамдағанда) 
мәндерінің қосындысы болады. 
Ұяшықтармен арифметикалық амалдар – келешекте нәтиже 
шығарылатын ұяшықты шертіп, міндетті түрде бірінші позициядан = 
белгісінен бастау, одан кейін амалдар тізбегі теріліп → Enter пернесін 
басу.  
Мысалы:  =C1+(d1+d3)  /  C5*100  →  Enter.  Немесе  формула 
жолында пайда болған  (ввод –енгізу) батырмасын шертуге болады. 
Формулаға  керек  ұяшықтың  адресін  термей-ақ,  жәй  шерте  салса,  өзі 
автоматты теріледі.  
Күрделі «көп кабатты» формула бір жолда (бір ізді) теріледі, 
сондықтан  амалдардың  орындалу  ретін  нұсқау  үшін,  дөңгелек 
жақшаларды қою маңызды: 
Мысалы мына формуланы енгізудің тзбегін жазайық: 
Шешімі: А2 ұяшығына енгізіледі: = (A1^2 + B1)^3 / (3 * (A5 –
B2) / 4,5) * (A3 – B1) → Enter 
4.7. Ұяшықтардың салыстырмалы және абсолютті адрестері 
Ұяшықтардың  салыстырмалы  (орысша  относительные
адрестері  –  кестені  басқа  жерге  ауыстырғанда  адрестері  автоматты 
түрде өзгеретін ұяшықтар. Жазылуы: А1,С15,.т.с.с. 
Ұяшықтардың  абсолюттік  адрестері  –  беттегі  ұяшықтың 
адрестері қатаң бекітілген, сондықтан Парақтың басқа жеріне кестені 
апарғанда  немесе  формуланы  таратқанда,  ол  ұяшықағы  адрестер 
өзгермейді.  Жазылуы:  $A1$, $C$15,  т.с.с.,  яғни бекіту  үшін  $ белгісі 
қолданылады.  
Егер  $  белгісі  кірістірілмесе,  онда  ұяшықтың  адресі 
салыстырмалы, мысалы A$5 адресінде – А бағаны бекітілмеген, ал 5-
)
(
.
)
(
1
b
3
a
5
4
2
b
5
a
3
1
b
1
a
2
a
3
2









 
264 
ші жол нөмірі бекітілген, сондықтан формуланы таратқанда А бағаны 
өзгереді.  
Ұяшықтағы  формулада  адрестің  абсолюттік  сілтемесін 
жасау – ұяшықты екі рет шертіп 

 F4 пернесіе басу. 
Жұмыс кітабының басқа Парақтарына сілтеме жасау – яғни, 
әртүрлі  парақтардан  деректерді  өңдеу  үшін:  =  Лист!$A$1  теріледі, 
мұнда леп белгісі парақтың атауымен ұяшықтың адресі арасындағы 
бөлгіш болып тұр. 
Жүктелген басқа Жұмыс кітабына сілтеме жасау (яғни басқа 
файлға) – формула: = [Книга]Лист! $A$12 түрінде теріледі, мұндағы 
бөлгіштер квадрат жақшалар ([ ]) және леп белгісі (!.)  
Егер басқа Жұмыс кітабы жүктелмеген болса, онда сілтеменің 
түрі, мысалы мынадай болады: = ‘C:\EXCEL\[TAB]’ Лист4! $A$11

 
толық жолы және ‘.дәйекше (апостроф) белгісімен аяқтау. 
Бір парақтан басқаларға немесе файлдарға  айқасқан сілтемелер 
жасау  үшін  олардың  барлығын  экранға  шығарып  қойып,  қажет 
Парақтың  керек  ұяшықтарын  шерту  –  сонда  күрделі  сілтемелер 
автоматты түрде қалыптастырылады. 
4.7.1. Бетті құруда абсолютті адрестерді қолдану мысалы 
Z
2
 = - (X
2
 + Y
2

(-5<=x<=5, -4<=y<=4). 

 
B1:L1ұяшықтар  диапазонына  -5  тен  +5-ке  дейінгі,  осы 
сияқты,  бірақ  баған  бойынша  А2:А10  ұяшықтар  диапазонына  -4  тен 
+4-ке  дейінгі  прогрессияларын  енгізіңіз.  В2  ұяшығына  =  (B$1^2  + 
$A2^2)  формуласын  енгізіңіз  (Enter).  Формуланы  баған  бойы 
таратыңыз. (В2 ұяшығының маркерін «іліп» алып L2-ге дейін сүйреу). 

 
B2 ұяшығының үстіне көрсеткіш рамканы қойып, формуланы 
B10  ұяшығына  дейін  таратыңыз.  Осылай  L-ге  дейінгі  барлық  баған 
үшін  жасаңыз.  Немесе  толтыруды  тіпті  тездету  үшін,  алдымен 
кестенің В2 ден L2 ұяшығына дейінгі жолды ерекшелеп алыңыз да, 
одан  соң  L2  ұяшығының  маркерінен  төмен  қарай  L10-ға  сүйресеңіз 
формулалар бүкіл жолдарға бірақ автоматты саналып таратылады (3.6 
сурет).  
3.6-сурет 

 
265 

 
Бүкіл  кестені  –  A1  ден  L10-ға  дейін  ерекшелеңіз.  Добавить 
диаграмму  батырмасын  басып 

  Поверхность 

.  орындаңыз. 
Керекті диаграмма пайда болалы (3.7 сурет). 
3.7-сурет 
4.8. Диаграммалар, графиктер 
Жоғарыдағы  мысалда  қарастырылғандай,  алдымен  графикте 
бейнеленетін  сандық  деректер  кестесін  Параққа  енгізу  керек. 
Сонымен  қатар,  кейін  оларды  диаграммада  бейнелеу  үшін,  кестеде 
графиктердің  атаулары  да  жазылып  тұрса  лазым.  Графикте 
шығарылатын X осінің мәндері мәтін типті болуы керек, әйтпесе жәй 
сандар ғана жазылып шығады. Міне сізден керегі осы ғана, қалғанын 
XL өзі жасайды. 
Диаграмманы  қою.  Саймандар  тақтасындағы  Мастер 
диаграмм  батырмасын  басу  немесе  Вставка 

  Рисунок 

 
Диаграмма 

 графиктің түрін таңдап, шерту, график үшін деректер 
дипазонын беру, немесе ең жеңілі, тура деректер кестесінің өзінде 
графиктің  сандары  тұрған  бағандар  диапазонын  атауларымен 
мысалы $A$1:$D$l – әғни, кестенің бірінші және жолдың (бағанның) 
соңғы  ұяшықтарының  адрестерін  еркшелесе  болғаны.  Деректер 
кестесі  көрінбей  тұрса,  мүмкін  уақытша  мәзірді  жанына  жылжыта 
тұруға тура келер.  
Графиктің түрін таңдау (керегін шерту) 

Далее 

 Готово. 
Өз деректеріңіздің әдемі графигі шығады. 
Немесе 
графикте 
бейнеленетін 
қажет 
параметрлерді 
ерекшелеу.  Егерде  кестеде  деректермен  қоса  бағандардың 
(жолдардың)  атаулары  да  ерекшеленсе,  онда  графикке  атаулары  да 
енеді.  Немесе  саймандар  тақтасындағы  Мастер  диаграмм 
батырмасын шертіп, шыққан ұсыныстар бойынша графикті құру және 
безендіру. 
Графиктің түрін өзгерту  Тип диаграммы батырмасын шертіп 
керегін таңдау. Графикті безендіруді мәзір арқылы тапсырыс жасауға 
болады:  Вставка 

  Диаграмма 

  Мастер  диаграмм  диалогты 
-4
2
-5 -3
-1 1
3 5
0
10
20
30
40
50
0-10
10-20
20-30
30-40
40-50

 
266 
терезесіндегі 

  Стандартные  немесе  Нестандартные  бетбелгісінен 
(закладки) графиктердің көптеген ерекше түрлерін табасыз. 
Жаңа  графикті  дайын  диаграммаға  қосу  өте  жеңіл  –  жаңа 
графикке керек деректер тұрған бағанды немесе жолды ерекшелеген соң, 
сол ерекшеленген ұяшықтар аймағының шекарасынан   көрсеткісімен 
іліп  алып,  тінтуірмен  тура  диаграмманың  алаңына  апарып  түсірсе 
болғаны.  
Диаграммадан  графикті  жою  –  графиктің  элементін  шерту, 
маркерлер пайда болған соң , DEL пернесімен жою. 
Графикті  дәлдеп  түзету  –  оны  екі  рет  шерту  керек.  Кестедегі 
деректерге  өзгерстер  енгізілсе,  ол  бірден  графиктің  өзгеруіне  әкеледі. 
Егер жазық графиктің нүктесін екі рет шертсе, онда нүкте маркерлерін, 
немесе  ↔  ↕  көрсеткілермен  тікелей  қозғау  арқылы,  нүктенің  орнын 
түзетуге  болады.  Сол  кезде  өзгерістер  кестенің  сәйкес  ұяшығына 
автоматты түрде түсіп отырады.  
Графиктің  бөлшегін  дәлдеп  түзету  (осьтерді,  шрифтерін, 
үзінділер  түстерін  және  т.б.)  –  керек  бөлшекті  тінтуірдің  сол 
батырмасымен  екі  рет,  немесе  оң  батырмамен  бір  рет  шертіп, 

 
Формат…. 
Бүкіл  диаграмманы  алып  тастау  үшін  –  оны  шертіп,  қара 
маркерлер пайда болған соң DEL пернесі басылады. 
Диаграмманы (немесе бөлшектерін) редакциялау үшін оны екі 
рет  шертіңіз.  Мысалы,  оның  осьтерін  немесе  шкаласын  немесе 
координаталар  осьтерінің  жазықтықтарын.  Сонымен  қатар,  оң 
батырманы және жанама мәзірдің қызметтерін қолданыңыз. 
Графиктің  элементтерін,  олардың  түстерін,  өлшемін  дәлдеп 
түзетуге көптеген мүмкіндіктер пайда болады. Кестедегі аргументерге 
енгізген  деректеріңіз,  бүкіл  кестенің  қайта  саналуына  және  соған 
сәйкес графиктің де түрінің өзгеруіне әкеледі. 
4.8.1.  Диаграмма  құру  арқылы  бюджетті  есептеу  және 
сараптау мысалы 
Адамдардың  немесе  ұжымның  қай-қайсысының  болсын, 
бюджеті  кірістен  және  шығыстан  құралатыны  белгілі.  Бюджетті 
талдау  дегеніміз,  қалдықтарды,  кірістерді,  шығындарды,  жиналған 
қорды  және  т.б.  есептеулерден  тұрады.  Фирманың  іс  әрекеті  туралы 
көптеген цифрлық көрсеткіштер болса да, пайда өсіп келе ме немесе 
керісінше  төмендеуде  ме,  келешекке  қандай  болжам  бар  деген 
қарапайым нәрселерді бақылау қиындай бастайды.  
Фирманың  есептік  және  сапалық  іс  әрекетін  қалай  бағалауға 
болады? 

 
267 
Адамның  ойлауы  цифрлық  деректерден  гөрі  графикалық 
бейнені  қабылдауға  бейім  екені  белгілі.  Сондықтан,  жұмыстың 
сапасын  бағалаудың  ең  қарпайым  әдісі  –  жұмыстың  көрсеткішін 
(шексіз  цифрлар  бағандарының  орнына)  диаграмма  (график)  түрінде 
көрсету.  
3.8-сурет 
Компьютерге  тек  қана  өз  деректеріңіздің  кестесін  енгізсеңіз 
болғаны, қалғанын Excel өзі санап береді. 
Өз деректеріңізбен кестенің В2-ден С13-ке дейінгі ұяшықтарын 
толтырыңыз. Бұл ұжымның жылдық көрсеткіші. Dl– G1 ұяшықтарына 
тақырыптардың  мәтіндерін  енгізіңіз.  Кіріс  (доход)  және  шығыс 
(расход) бағандарының айырмасы – қалдық (остаток), оң қалдықтар – 
ол  пайда  (прибыль),  теріс  қалдықтар  –  ол  шығын  (убытки)  және 
үдемелі қалдықтар – жиналған қор (накопления) (3.8 сурет). 
Толтыру технологиясы: 

 
D2 ұяшығына мына формуланы: =В2-С2 

  (енгізу). 

 
Ұяшықты  толтыру  маркерін  қозғап  D2  ұяшығынан  D13-ке 
дейін формуланы барлық айларға таратамыз. 

 
Е2  ұяшығына  мына  формуланы:  =ECJIИ(D2>0;D2;"  ") 
енгізіп,  оны  ЕЗ:Е13  ұяшықтар  диапазонына  таратамыз.  Нәтижесінде, 
Е  бағанына  оң  қалдықтардың  ауысқанын,  ал  теріс  қалдықтардың 
орнына – бос орындар жазылғанын көреміз. 

 
F2 ұяшығына мына формуланы: =ЕСЛИ(D2<0;D2;" ") енгізіп, 
оны  F3:F13  ұяшықтар  диапазонына  таратамыз.  Нәтижесінде,  F 
бағанына  теріс  қалдықтардың  ауысқанын,  ал  оң  қалдықтардың 
орнына – бос орындар жазылғанын көреміз. 

 
Барлығы (итого) В14 ұяшығына барып, өзқосынды ∑ белгісін 
шертеміз және  (енгізу). 

 
Жыл  бойы  кірістің  қосындысын  аламыз.  Толтыру  маркерін 

 
268 
В14  ұяшығынан  F14-ке  дейін  сүйрейміз  –  барлық  баған  бойынша 
қосындылар шығады. 
Жыл  басында  ешқандай  қор  болмады  дейік.  Онда  қаңтардан 
кейінгі қор, сол қаңтардың қалдығына тең болады. 
Ол үшін G2 ұяшығына = D2 формуласын енгіземіз. 
Ақпанда  қаңтардың  қорына,  ақпанның  қалдығы  қосылғанда 
ақпанның  қоры  шығады,  әғни  G3  ұяшығына  =G2+D3  формуласын 
енгізу керек. 
Қалған  айлар  үшін  қорлардың  есептелу  процедурасы  осыған 
ұқсас.  Сондықтан  G3  ұяшығындағы  формуланың  әрекетін  G4:G13 
ұяшықтар  диапазонына  таратамыз.  Осы  барлық  автоматты 
есептеулердің нәтижесі 3.8 суретінде бейнеленгендей болады.  
Егер теріс сандарды қызыл түсті жасағыңыз келсе, онда D2:D14 
ұяшықтарын  ерекшелеңіз  және 

Формат 

  Ячейки 

  Число 

 
Числовой және қызыл (–1234,10) нұсқаны шертіңіз. 
Егер қорлар, 200-ден асып кеткен кезде ашық түске бояу керек 
болса, онда  G2:G13 ұяшықтарын ерекшелеп 

  Формат 

  Условное 
форматирование  -

  Значение,  Больше,  200,  Формат 

  Шрифт
ашық түсті тапсырып 

 ОК
Графикті құру: 

 
А1:А13 ұяшықтарын ерекшелейік. 

 
Ctrl  пернесін  ұстап  тұрып,  жиналған  қор  бағанын  –  G1:G13 
ұяшықтарын ерекшелейік. 

 
Саймандар панеліндегі Мастер диаграмм батырмасын шерту 
немесе мәзір арқылы: Вставка

Диаграмма

 График 

Готово. 
12 ай бойы қор жинау графигін аламыз (3.9 сурет). 
Фирманың  болашағын  қарастырайық.  Математикада  бұл 
«трендты бағалау»  дейді.  Тінтуірдің  оң  батырмасымен  графиктің  кез 
келген  нүктесін  шертіп, 

  Добавить  линию  тренда 

  Линейный 

 
Параметры,  Прогноз 

  Вперед  на  жолында,  6  кезең  (период)  деп 
тапсырыс  береміз  (яғни,  6  айға),  Показывать  уравнение  на 
диаграмме терезесінде  қанатша қоямыз

 ОК. 
3.9-сурет 

 
269 
Қорланудың  әдемі  өсу  диаграммасын  және  үдемелі  өсу  сызық 
түрінде  келесі  6  айға  беталысты  көреміз.  Ұжымның  іс  әрекетінің 
сапасын  бағалауға  математик  болудың  да  қажеті  жоқ.  Тренд 
сызығының  теңдеуі  бойынша  сандық  өзгерістер  көрсеткіштерінің 
болашағын бағалауға болады: бірінші коэффициент сызықтың қисаю 
бұрышын  көрсететіні белгілі, егер ол  оң болса,  онда  пайданың өсуге 
беталысы бар, ал егер теріс болса, онда келешек ұнамсыз – пайданың 
төмендеуін күтіңіз.  
Енді  графикті  әдемілеңіз,  ол  үшін  тінтуірдің  оң  батырмасымен 
графиктің сәтсіздеу жерлерін шертіп, түзетіп дәлдеуге болады.  
Мысалы,  графиктің  сұр  реңін  шертіп,  одан  соң 

  Формат 
области построения 

 Заливка 

 Белая 

 ОК. 
Алынған  программаны  фирманың  алдында  жасаған  іс  әрекетін 
талдауға  ғана  емес,  сонымен  қатар,  оның  іс  әрекетінің  келешегін 
жоспарлауға да қолдануға болады. 
3.10-сурет 
Мысалы, маусымда 120 емес, 320 бірлік жұмсауға рұқсат етілді 
делік.  Енді  С7  ұяшығына  320  санын  енгізсек,  қарыздың  пайда 
болғанын және келешекте банкротқа ұшырау мүмкіндігін  – графикте 
қорлану сызығының сенімді төменге қарай құлдырауын көреміз 3.10-
сурет.  
4.9. Функциялар 
Excel-де функциялар – көптеген амалдарды орындауға арналған, 
кірістірілген  қосалқы  программалар  (подпрограммы).  Кез  келген 
функцияның өз атауы болады, бір немесе бірнеше аргументтен тұрады 
және енгізілуі « (тең) белгісінен басталады. 
Excel-де  жүздеген  функциялар  (400  астам)  кірістірілген, 
оларды келесі негізгі түрлерге бөлуге болады: 
 
Математикалық және тригонометриялық; 
 
Статистикалық; 
 
Логикалық; 
 
Мерзім және уақыт функциялары; 
 
Ақпараттық; 

 
270 
 
Мәтіндік; 
 
Сілтемелік; 
 
Қаржылық; 
 
Инженерлік; 
 
Тізімдер  және  деректер  қорымен  жұмыс  жасауға  арналған 
функциялар.  
Функция шебері (Мастер функции) – әртүрлі категориялардан 
(математикалық, қаржылық, статистикалық, логикалық, мәтіндік, т.б.) 
дайын программалар кітапханасы.  
Функцияны енгізгенде Фунция шеберінен функцияны шақыру – 
нәтиже шығарылатын ұяшықты шертіп, 

x
батырмасы басылады. Әрі 
қарай  функция  аргументін  енгізу  ережесі  бойынша  нұсқауларды 
орындау керек. 
Функцияны  қоюы  бойынша  анықтама  –  fx  батырмасын 
шерту 

 категорияны таңдау (мысалы математикалық) 

 функцияны 
таңдау (мысалы COS) 

 Справка по этой функции.  
Қарапайым математикалық функциялар 
=  СУММ(число1;число2…)  –  аргументтердің  қосындысын 
есептеп қайтарады. Аргументтер – ұяшықтың адрестері, диапазондар, 
сандар,  мәтін,  олардың  жалпы  саны  30  дан  аспауы  керек.  Мысалы: 
=СУММ(А1:В2; С3:С4). 
=ПРОИЗВЕД(число1;число2…)  –  берілген  жалпы  саны  30-дан 
аспаған аргументтердің көбейтінділерін есептеп қайтарады. Аргумент 
ретінде  сандар,  формулалар,  шарттар,  диапазондар  бола  алады. 
Адрестік сілтемелерде тек қана сандар алынады. 
=СТЕПЕНЬ(число;степень)    санды  дәрежеге  шығарып 
қайтарады. Мысалы: = СТЕПЕНЬ(5;2) орындалғанда 25 шығады. 
Қарапайым статистикалық функциялар 
=МАКС(число1;число2;…) –жалпы саны 30 аспаған аргументтер 
тізімінен максималды мәнді қайтарады. 
=МИН(число1;число2;…– жалпы саны 30 аспаған  аргументтер 
тізімінен минималды мәнді қайтарады. 
=СРЗНАЧ(число1;число2;…)  –  жалпы  саны  30  аспаған 
аргументтер тізімінен арифметикалық ортаны қайтарады. 
=СЧЕТ(значение1;значение2;…)  –  аргументтердегі  сандардың 
санын қайтарады. 
Логикалық функциялар  
ЕСЛИ  (условие;  выр1;  выр2;)  –  бұл  функцияда  мәндердің 
есептелуі,  қойылған  шартқа  тәуелді  орындалады.  Шарт  (условие
ретінде салыстыру жазылады, выр1 – ретінде формула жазылады, ол 
тек  қана  шарт  орындалса  ғана  есептеледі.  Ал  выр2  –  ретінде  де 

 
271 
формула жазылады, бірақ ол, егер шарт орындалмаған жағдайда ғана 
есептеледі.  
Ескерту:  выр1  және  выр2  ретінде  кез  келген  формуланы,  кез 
келген функцияны қолдануға болады. 
Мысалы,  айлық  жалақының  сомасына  байланысты,  жалақыдан 
ұстап  қалу  мөлшерін  есептеу  керек:  егер  жалақы  15000  дейін  болса, 
онда  жалақыдан  5%  ұстап  қалу,  ал  егер  15000  жоғары  болса,  онда 
жалақыдан 20% ұстап қалу. 
Мысалға  сәйкес  формула  былай  жазылады:  =  ЕСЛИ  (B5  <= 
15000; B5 * 5%; B5 * 20%) (егер мысалы, жалақы 15000 болсын, онда 
тек  қана  <  белгісі  тұрса  15000<15000  –  жоқ  болғандықтан,  машина 
20% есептеп жібереді, сонықтан < = шарт белгісін теру керек). 
4.10. Макростар 
Макрос  (біреуінде  көп)  –  нәтижесінде  бір  командаға  модуль 
түрінде  жазылып  сақталатын  әрекеттер  тізбегі.  Макростар  жиі 
қолданылатын  әрекеттер  тізбектері  үшін  құрылады.  Бір  командамен 
немесе  батырманы  шерту  арқылы  жазылған  әрекеттер  тізбегін 
қайталуға мүмкіндік береді. 
Макросты  құру: 

  Сервис 

  Запись  макроса 

  Начать 
запись,  макростың  атын  бос  орын  жасамай  теру 

  ОК  және,  кейін 
макрос  орындайтын  барлық  әректтер  тізбегін  қателеспей  орындау 

  Остановить  запись  (батырмасын  шерту).  Немесе

  Сервис 

 
Макрос

 Остановить запись
Макростың батырмасын тапсыру

 Сервис 

 Настройка

 
Панели инструментов, установить  Остановить запись. 
Макросты  орындау  – 

  Сервис 

  Макрос,  тізімдегі  керек 
макросты  шерту 

  Выполнить.  Сіздің  макросты  құрғандағы 
орындаған әрекеттер тізбегіңіз қайталанып орындалады. 
Керек  емес  макросты  жою  – 

  Сервис 

  Макрос,  тізімдегі 
керек емес макросты шерту 

 Удалить.  
Макросты  орындау  үшін  Парақ  алаңында  өз  батырмаңызды 
жасау  –  қосымша  саймандар  тақтасын  шығару 

  Вид 

  Панели 
инструментов 

 ФормыКнопка батырмасын шертіп алып, + белгісі 
шығып тұрған маркермен, келешек батырманың орнын және көлемін 
сызып  алу,  тізімнен  осы  батырма  үшін  макросты  таңдау  және  ОК
Батырманы  шертіп,  «Кнопка…»  деген  мәтіннің  орнына  батырмаға 
тағайындалған  мәтінді  теру  және  тыс  жерді  шерту.  Кез  келген 
автофигуралар болуы мүмкін. 

 
272 
4.11. Массивтермен және матрицалармен жұмыс 
Кестелермен  жұмыс  жасау  барысында,  тек  қана  бір  амалды 
немесе  формуланы  қандай  да  бір  ұяшықтар  диапазонына  қолдану 
қажеттілігі  жиі  туындайды.  Ұяшықтар  диапазонын  –  ұяшықтар 
массиві немесе матрица деуге болады.  
MS Excel программасы мұндай типті есептерді шешуге көптеген 
құралдарын  ұсынады.  Матрицалармен  жұмысты:  Математические
Сссылки  и  массивы  және  Статистические  категорияларының 
функциялары қамтамасыз етеді. 
Матрицалармен 
жұмыс 
жасау 
үшін 
кірістірілген 
функциялар 
MS  Excel  –  де  матрицалармен  жұмыс  жасауға  арналған 
функциялардың арнайы жиыны бар. Мысалы, олар: 
 
МОБР() – кері матрицаны есептеу; 
 
МОПРЕД() – матрицаның анықтауышын есептеу; 
 
МУМНОЖ()  –  екі  матрицаның  матрицалық  көбейтіндісін 
қайтарады; 
 
ТРАНСП()  –  аударылған  (транспонированная)  матрицаны 
есептеу; 
 
СТОЛБЕЦ()  –  нұсқалған  сілтеме  бойынша  бағананың 
нөмірін қайтарады; 
 
СТРОКА()  –  нұсқалған  сілтеме  бойынша  жолдың  нөмірін 
қайтарады; 
 
СУММКВРАЗН()  –  екі  массивтегі  сәйкес  мәндерінің 
квадраттарының айырымдарының қосындысы; 
 
СУММПРОИЗВ() 
– 
массивтердің 
элементтерінің 
көбейтінділерінің қосындысы; 
 
СУММРАЗНКВ()  –  екі  массивтегі  сәйкес  мәндерінің 
айырымдарының квадраттарының қосындысы және т.б. 
Массивтермен  жұмыс  жасағанда  келесі  ережелерді  ұстану 
қажет: 
1)
 
меңзерлік рамканы есептелу нәтижесі орналасатын ұяшыққа 
қою  және  келешек  нәтиженың  көлеміне  керек  диапазонды  белгілеп 
алу қажет; 
2)
 
формулалар  жолында  ұяшықтар  массивін  ескере  отырып, 
қажет формуланы теріп  +  +  пернелер тіркесін 
басу керек.  
3)
 
Excel  терілген  массив  формуласын  фигуралық  жақшаға 
алады  және  диапазонның  барлық  ұяшықтарына  тарайды.  Массив 
формуласының  жеке  ұяшығын  өзгертуге  болмайды,  бірақ  бүкіл 
массивті болсын, бөлек бөлшектерін болсын пішімдеуге болады. 

 
273 
Массивті санға көбейту тәртібі (мысалы: (E1:G4) матрицасын 
5 санына) 
1)
 
берілген көбейтінді массивтің өлшеміне тең E1:G4 ұяшықтар 
аймағын ерекшелеу, себебі массивтің әр элементі 5-ке көбейтіледі; 
2)
 
формулалар  жолында  мына  формуланы  енгізу:  =A1:C4*5 
және  ++    пернелер  тіркесін  басумен  бітіру. 
Мұнымен  сіз  Excel-ге  матрицамен  амалдар  жасалатындығын 
хабарлайсыз.  Оны  сізге  білдіру  үшін,  Excel  терілген  формуланы 
фигуралық жақшаға алады (3.11-сурет).  
3.11-сурет 
Ескерту:  матрицалық  формулалар  матрицаның  барлық 
ұяшықтарында  істейді.  Матрицалық  амал  үшін  айқындалған  аймақта 
бір  мәнді  өшіруге  әрекет  жасасаңыз,  3.12-суретіндегідей  ескерту 
хабарламасы шығады. 
3.12-сурет 
Алайда,  ұяшықты  жеке  түзету  мүмкіндігі  бар.  Ол  үшін,  керек 
ұяшықты  ерекшелеп,  формула  жолын  белсенділеңіз.  Фигуралық 
жақшалардың  жоғалғанын  байқайсыз.  Қажет  өзгерістерді  теріп, 
 пернелерімен енгізуді аяқтайсыз. 
Матрицаларды  көбейту  тәртібі  (мысалы:  (A1:C3)  *  (F1:G3) 
матрицаларын) 
Ескерту:  Бірінші  матрицаның  бағаналарының  саны  екінші 
матрицаның жол санына тең болуы қажет
1)
 
алдымен көбейтінді орналасытын аймақты ерекшелеу қажет. 
Матрицаларды  көбейту  ережелеріне  сәйкес,  ол  аймақтың  (3.13 
суретінде I1:J3) жол саны бірінші матрицаның жол санына, ал бағана 
саны екінші матрицаның бағана санына тең болуы керек; 
2)
 
Вставка  →  Функция  →  Математические  категориясынан 
МУМНОЖ()  функциясын  таңдап,  шыққан  Аргументы  функции 
терезесінің көмегімен, берілген екі матрицалардың A1:C3 және F1:G3 
диапазондарын ерекшелеп → ОК басу. Нәтижесінде I1 ұяшығында 38 
ғана шығады, формула жолында фигуралық жақша болмайды; 

 
274 
3)
 
формула жолын белсендіріп (сырт еткізу),  +  + 
  пернелерін  басқан  кезде,  жолда  фигуралық  жақша  пайда 
болады  және  ерекшеленген  аймақта  матрицалардың  көбейтілген 
нәтижесі 3.13 суретіндегідей болып шығады; 
3.13-сурет 
Матрицаны аудару тәртібі 
Матрица аударылғанда оның жолдарының және бағаналарының 
орындары  ауысады.  3.14-суретте,  берілген  4

3  матрицасы  аудару 
амалының  орындалу  нәтижесінде  3

4  матрицасына  айналғаны 
көрсетілген. Енгізуді және де кез келген басқа да амалдарды  + 
 пернелер тіркесімен аяқтауды ұмытпаңыз. 
3.14-сурет 
1)
 
матрицаны аудару аймағы E1:H3 ерекшеленеді; 
2)
 
формула жолында: = ТРАНСП(A1:C4) теріледі; 
3)
 
  +    +    пернелерін  басқан  кезде  керек 
матрица пайда болады. 
Берілген матрицаға кері матрицаны есептеу 
Матрица,  берілген  матрицаға  кері  деп  аталады,  егер  оларды 
біріне бірі көбейткенде нәтижесінде бірлік матрица шықса.  
Бас  диагоналі  бірлермен,  ал  қалған  барлық  элементтері 
нөлдермен толтырылған матрицаны – бірлік матрица дейді.  
3.15-суретте 
{=МОБР(A2:C4)}  функциясының  қолданылу 
нәтжесі: «Обратная матрица» тақырыбында көрсетілген.  
3.15-сурет 

 
275 
Осы амалды тексеру үшін, I2:K4 ұяшықтар аймағында, берілген 
матрицаны 
кері 
матрицаға 
көбейту 
амалы: 
{=МУМНОЖ(A2:C4;E2:G4)} орындалған.  
 «Результат  проверки»  тақырыбында  бірлік  матрицаның 
шыққаны көрініп тұр. 
4.11.1. Тапсырмалар  
Массивтермен қарапайым амалдарды орындаңыз: 
1.
 
Массивтердің 
қосындысын 
(айырымын) 
есептеу: 
{=A1:C3+E1:G3} 
2.
 
Массивтердің  әр  элементтерінің  көбейтіндісін  есептеу: 
{=A1:D4*G1:J4} 
3.
 
Массивтің әр элементтінен қандайда бір функцияны есептеу: 
{=COS(A1:D5)} 
4.12. Excel-де жасалған құжаттарды қорғау 
Жұмыс кітабын құпиялау – Файл 

 Сохранить как 

 Сервис 

  Общие  параметры 

  Пароль  для  открытия  файла  жолында  15 
символға дейін 

 ОК 

 Подтверждение пароля (тағыда теру) 

 ОК. 
Экранда  пароль  жұлдызшалар  жиыны  болып  бейнеленеді 
(ешкім сығаламас үшін). Құжатты сақтап жабамыз. Мұндай файлдың 
ашылуы  парольді  сұраудан  басталады.  Парольді  ұмытпаңыз,  әйтпесе 
құжатыңызды біржолата жоғалтасыз. 
Құпиялық  грифін  алу  –  құжатты  ашыңыз,  дұрыс  парольді 
теріп,  Файл 

  Сохранить  как 

  Сервис 

  Общие  параметры 

 
Пароль  для  открытия  файла  жолында  жұлдызшаларды  жою 
(BACK

 немесе DEL пернелерімен) 

 ОК. 
Бүкіл  Парақты  (оның  ұяшықтарын)  оған  өзгертулер 
енгізуден  қорғау: 

  Сервис 

  Защита 

  Защитить  лист  (нені 
қорғауды  таңдау,  мысалы,  Содержимое 

  ОК).  Бұл  Парақтың 
барлық ұяшықтарын қырсаулайды (заблокирует). Осындай қорғаумен 
құжатты сақтау қажет. 
Өзгерістерді  енгізу  үшін  қорғауды  алып  тастау  –  Сервис 

 
Защита 

  Снять  защиту  Листа.  Бұл  қайтадан  Парақтың 
ұяшықтарына өзгерістерді енгізуге мүмкіндік береді. 
Формулаларды,  кестенің  тақырыптарын,  константаларды 
өзгертулерден қорғау  
Программаны,  яғни  кестенің  формулаларын  және  әрлендіруін 
(дизайн)  қасақана  немесе  кездейсоқ  өзгеріп  кетпес  үшін, 
пайдаланушыға  осындай  ұяшықтарды  қажетсіз  түзетулерден  қорғау 
ұсынылады. 

 
276 
Алдымен, өзгерістер  енгізіліп қалар деген барлық ұяшықтарды 
немесе блоктарды ерекшелеңіз – ағымды кіріс және шығындар туралы 
деректерді. Мысалда (3.16-сурет) – В2:С4 ұяшықтары. 
3.16-сурет 
Одан  соң,  Формат 

  Ячейки 

  Защита,  Защищаемая  ячейка 
алаңынан  қанатшаны алып тастаңыз.  
Қорғау алынады, осындай ұяшықтарға деректерді енгізу рұқсат 
етіледі.  
Енді  қараудан  және  өзгертулерден  қорғауды  қажет  ететін 
ұяшықтарды ерекшелеңіз.  
Мысалда (3.17-сурет) бұл кестенің және формуланың тақырыбы 
– (A1:D1; D1:D5; A1:A5; A5:D5) ұяшықтар тобы. 
Жекеленген  ұяшықтарды  және  блоктарды  Ctrl  пернесін  ұстап 
тұрып ерекшелеуге болады. Формат 

 Ячейки 

 Защита әректтерін 
орындаңыз
Защищаемая 
Ячейка 
және 
Скрыть 
Формулы 
опцияларының қасында  белгісін қойыңыз 

 ОК
Одан соң Сервис 

 Защита 

 Защитить Лист, Содержимого, 
Объекта,  Сценарии  опцияларында    белгісін  қойып,  егер  пароль 
керек болса оны енгізіңіз және ОК.  
3.17-сурет 
Осыдан 
соң 
мұндай 
ұяшықтарға 
ақпаратты 
енгізу 
қырсауланады. Ешкім формулаларды түзету тұрмақ, көре де алмайды. 
Мұндай ұяшықтарға өзгерістерді енгізуге әрекет жасалса, «ячейка или 
диаграмма защищена от изменений» деген хабарлама шығады.  
Формуланы  Сервис 

  Параметры 

  Общие 

  Формулы   
режімінде  қарауға  әрекет  жасау  да  ештеңеге  әкелмейді  – 
формулалардың орнында бос ұяшықтар тұрады. 
Қайтадан  формуланы  көріп  және  түзету,  кестені  өзгерту  үшін, 
Сервис 

  Защита 

  Снять  Защиту  Листа  әрекетін  орындап,  егер 

 
277 
пароль  берілген  болса  оны  енгізу  керек.  Осы  түрде  құжатты  сақтау 
қажет. 
Тест сұрақтары 
1
 
EXCEL – ол: 
a.
 
мультимедиалық  ақпаратты  өңдеуге  арналған  қолданбалы 
программа; 
b.
 
диаграмма  және  графиктерді  өңдеуге  арналған  қолданбалы 
программа; 
c.
 
статистикалық  есептерді  экранға  шығаруға  арналған 
программа; 
d.
 
кесте  түрінде  жүйеленген  ақпаратты  енгізуге  және  өңдеуге 
арналған қолданбалы программа. 
2
 
Электронды кестенің бағаналары қалай белгіленеді? 
a.
 
пайданушы өз бетімен ат қояды;  
b.
 
орыс алфавитінің А...Я әріптерімен; 
c.
 
латын алфавитінің әріптерімен; 
d.
 
цифрлармен нөмірленеді. 
3
 
Саймандар  тақтасындағы  қай  батырмалардың  көмегімен 
сандық форматтардың қайсысын қолдануға болады? 
a.
 
финанстық және негізгі; 
b.
 
негізгі, проценттік және ақшалық; 
c.
 
финанстық, ақшалық және проценттік; 
d.
 
ақшалық және проценттік. 
4
 
EXCEL–  программасында  формула  енгізу  қай  таңбадан 
басталады: 
a.
 
$ таңбасынан; 
b.
 
# таңбасынан; 
c.
 
& таңбасынан; 
d.
 
= таңбасынан. 
5
 
EXCEL  –  де  қандай  ақпаратты  енгізгенде  автоматтандыру 
тәсілін қолдану мүмкін емес? 
a.
 
аптадағы күннің аттарын енгізгенде; 
b.
 
жүйеленбеген ақпаратты енгізгенде; 
c.
 
айдың аттарын енгізгенде; 
d.
 
датаны енгізгенде. 
6
 
Электронды  кестенің  бір  ұяшығына  деректердің  қандай 
типтерін қатар енгізуге болады? 
a.
 
бір ұяшыққа тек бір типті деректер енгізіледі
b.
 
сан және дата; 
c.
 
дата және текст; 
d.
 
диаграмма және текст. 

 
278 
7
 
Тар  ұяшыққа,  көлемін  кеңейтпей,  ұзын  мәтінді  қалай 
орналастыруға болады? 
a.
 
Формат + Ячейки +Выравнивание + автоподбор ширины; 
b.
 
Формат + Ячейки +Выравнивание + Переносить по словам; 
c.
 
Формат + Автоформат + ...; 
d.
 
Формат + Ячейки +Выравнивание + объединение ячеек. 
8
 
Ұяшықтың мәні формула екенін қалай анықтауға болады? 
a.
 
формула жолын сырт еткізу керек; 
b.
 
Сервис  мәзірінен  Параметры  диалогты  терезеде  Формулы 
дегенге флажок қою; 
c.
 
ұяшықтың  басқа  жерге  көшірмесін  жасау,  егер  мазмүны 
өзгерсе онда формула болғаны; 
d.
 
ұяшықты ағымды етіп формула жолына қарау. 
9
 
Саймандар  тақтасында  «Автосуммирование»  батырмасын 
басқанда қандай әрекет орындалады? 
a.
 
таңдалған ұяшыққа қосу функциясы енгізіледі; 
b.
 
таңдалған  ұяшықтар  диапозонының  мәндерінің  қосындысы 
буферге жазылады
c.
 
арифметикалық прогрессяның қосындысы есептеледі: 
d.
 
белгіленген  ұяшықардың  мәндерінің  қосындысы  автоматты 
түрде есептеледі. 
10
 
В2-ден  В8  –ге  дейін  диапазонында  жатқан  ұяшықтардың 
мәндерін қосу формуласын қалай жазуға болады? 
a.
 
= сумм(В2-В8); 
b.
 
= сумм((В2+В8); 
c.
 
= сумм((В2:В8); 
d.
 
= сумм((В2*В8). 
11
 
Формуланы жазып Enter клавишасын басқан соң ұяшықта не 
көрінеді?  
a.
 
осы  ұяшықта  қарапайым  деректер  емес,  формула  екенін 
айқындайтын арнайы символдар; 
b.
 
формуланың  жазылуы,  теңдік  белгісі  және  есептелу 
нәтижесі; 
c.
 
берілген  деректер  негізінде  формула  бойынша  есептелген 
нәтиже; 
d.
 
1 және 2 жауаптар дұрыс. 
12
 
Үяшыққа енгізілген формуланың көшірмесін орындағанда ол 
қалай өзгереді? 
a.
 
формула  көшірме  жасағанға  дейінгі  қалпында  өзгеріссіз 
қалады; 

 
279 
b.
 
адрестерінде 

белгілері 
қойылмаған 
ұяшықтардың 
сілтемелері өзгереді; 
c.
 
формуланың құрылымы өзгереді; 
d.
 
дүрыс жауап жоқ. 
13
 
Енгізілген 
мәтінді 
жолдағы 
таңдалған 
ұяшықтар 
диапазонының ортасында қалай орналастыруға болады?  
a.
 
саймандар  паненелінде  "Объединить  и  поместить  в  центре" 
батырмасын шерту; 
b.
 
саймандар панелінде “По центру” батырмасын шерту; 
c.
 
Формат  +  Ячейки  +  Выравнивание  +  Горизонтальное  +  По 
центру; 
d.
 
Формат + Ячейки + Выравнивание + Переносить по словам. 
14
 
Лист2  –  дегі  B18  ұяшығына  сілтеменің  дұрыс  жазылуын 
нұсқаңыз:  
a.
 
Лист2,В18; 
b.
 
Лист2-В18; 
c.
 
Лист2 В18; 
d.
 
Лист2!В18. 
15
 
Формуланы  көшіргенде  В2  және  B$2  ұяшықтарына 
сілтемелердің айырмашылығы қандай? 
a.
 
жол  нөмірінің  алдындағы  $  белгісі  болғандықтан,  тек  қана 
бағанының атының өзгеретінін көрсетеді; 
b.
 
жол  нөмірінің  алдындағы  $  белгісі  болғандықтан,  тек  қана 
жол нөмірінің өзгеретінін көрсетеді; 
c.
 
егер сілтемеде $ белгісі тұрса, онда ұяшықтың аты өзгерусіз 
қалатынын көрсетеді; 
d.
 
$ белгісі салыстырмалы сілтемені білдіреді. 
16
 
Электрондық  кестеде  H5  ұяшығында  =$B$5*V5  формуласы 
жазылған. H7 ұяшығына көшірме жасалғанда формула қалай өзгереді? 
a.
 
=$B$7*V7; 
b.
 
 =$B$5*V5; 
c.
 
 =$B$5*V7; 
d.
 
 =B$7*V7. 
17
 
Математикада  қабылданған  ережелерге  сәйкес  жазылған 
3(А1+В1):  5  (2В1–3А2)  өрнегі,  электрондық  кестеде  мына  түрде 
болады:  
a.
 
3*(А1+В1)/(5*(2*В1–3*А2)); 
b.
 
3(А1+В1)/5(2В1–3А2); 
c.
 
3(А1+В1): 5(2В1–3А2); 
d.
 
3(А1+В1)/( 5(2В1–3А2)). 
18
 
Ағымды Жұмыс кітабына жаңа Парақ қалай қосылады? 

 
280 
a.
 
Сервис мәзірінің көмегімен; 
b.
 
Формат мәзірінің көмегімен; 
c.
 
Вставка + Лист; 
d.
 
Формат + Лист. 
19
 
Формулада  ұяшықтың  абсолютті  адресін  беру  үшін 
басылатын перне: 
a.
 
F2; 
b.
 
F4; 
c.
 
Ctrl+Home; 
d.
 
Tab. 
20
 
Формула Жолы нені көрсетеді? 
a.
 
ағымды  ұяшыққа  дәл  осы  кезде  теріліп  жатқанды  немесе 
бұрынғы енгізілгенді;  
b.
 
тек қана математикалық формулаларды; 
c.
 
ағымды ұяшықтың атын; 
d.
 
ағымды жолдың барлық мазмұнын. 
21
 
Процентный пішімін қойғанда, сан қалай өзгереді? 
a.
 
% белгісі қосылыды; 
b.
 
сан 100 – ге көбейтіледі және % белгісі шығады; 
c.
 
теріс сан оң сан болып ұсынылады және % белгісі қосылыды; 
d.
 
теріс сан оң сан болып ұсынылады, 100 – ге көбейтіледі және 
% белгісі қосылыды. 
22
 
Электрондық кестеде A1 ұяшығында 5 саны, B1 ұяшығында 
=А1*2 формуласы, C1 ұяшығында  =А1+В1 формуласы жазылған. C1 
ұяшығында есептелген мән нешеге тең болады? 
a.
 
15; 
b.
 
10; 
c.
 
 20; 
d.
 
25. 
23
 
Электрондық кестеде A1 ұяшығында 10 саны, B1 ұяшығында 
=А1/2  формуласы,  C1  ұяшығында  =СУММ(А1:В1)*10  формуласы 
жазылған. C1 ұяшығында есептелген мән нешеге тең болады? 
a.
 
10; 
b.
 
150; 
c.
 
100; 
d.
 
50. 

 
281 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет