§ 6 Желілік ақпараттық технологиялар
Жоспар
6.1. Терминологиялар.
6.2. Әлемдік тордың құрылымы және прициптері.
6.3. Интернет.
6.4. Браузерлер.
6.5. Электрондық пошта.
6.6. Протоколдар.
6.7. Интернетте ақпаратты іздеу стратегиясы.
6.1. Терминологиялар
Интернет-провайдер, кейде жәй Провайдер, (ағылш. Internet
Service Provider, ISP, сөзбе-сөз "Интернеттің-қызмет көрсетуін
жеткізуші") – Интернетке кіруге рұқсат беретін және Интернетке
байланысты қызметтерді көрсетуді ұсынатын ұжым. Мысалы: Nursat,
Казтелеком.
Интернет-провайдердің көрсететін қызметтерінің санына
мыналар жатуы мүмкін:
коммутацияланған және бөлінген арналар бойынша
Интернетке кіру;
Интернетке сымсыз кіру;
сайттардың жұмысын қамтамасыз ету және сақтау үшін,
дискілік кеңістікті бөлу (хостинг);
пошталық жәшіктердің немесе виртуалды пошталық
серверлердің жұмысын қолдау;
провайдердің алаңында клиенттің жабдығын орналастыру
(колокация
1
);
бөлінген және виртуалды серверлерді жалға беру;
деректерді бөліктермен сақтау (резервирование);
және басқа.
Сервер (ағылш. server, қызмет етуші):
Аппараттық жабдықтама сервері — белгіленген сервистік
қызметтерді атқару үшін мамандандырылған және/немесе бөлінген
компьютер (немесе арнайы компьютерлік жабдықтама).
Программалық жабжықтама сервері— клиенттің сұранымы
бойынша сервистік қызметтерді атқаратын, есептеу жүйенің
программалық құрамдасы.
Домен (фр. domaine) жалпы айтқанда — аймақ.— Интернетте
ұсынылған ақпаратқа кіруді қамтамасыз ету мақсатында, домен иесіне
1
Колокейшн – ағылш. co-location— жанына орналастыру
296
(қандай да бір елге, халықаралық ұйымға, өңірге, заңды немесе жеке
тұлғаға) бөлінген, Интернет жүйесінің белгіленген аймағы.
Мұнда, домен деп, бір компьютердің немесе бір желілік жұмыс
машинасын немесе желілік тораптың басқаруымен жұмыс жасайтын,
ақпараттық желі ресурстарының тобы аталады. Мысалы: mail.ru —
mail домені, .ru аймағы, yandex.ru — yandex домені, .ru аймағы және
.с.с.
Доменнің атауы бойынша, тап осы желіасты (подсеть) қай
ұжымға жататынын және оның категориясын, яғни иесін білуге
болады. Мысалы, microsoft.com коммерциялық кәсіпорын, nasa.gov
және edu.gov үкімет мекемелері және т.б. Қазақстанның ғылым
академиясының математика институты үшін math.kz. болады.
FTP (File Transfer Protocol) – файлдарды тасымалдау
протоколы, яғни, кез келген пішімді және көлемді файлдарды
қабылдау және жіберу үшін, желі бойымен ақпаратты беру
технологиясы. FTP – протоколы, басқа серверлерде сақтаулы тұрған,
көлемі үлкен ақпаратқа тез қатынасу мүмкіндігін береді. Олар,
әдетте, программалар файлдары.
HTML (HyperText Markup Language — «гипермәтінді белгілеу
тілі» — Әлем торында құжаттарды белгілеудің стандартты тілі. Веб-
беттердің көбі HTML (немесе XHTML) тілінің көмегімен жасалады.
HTML тілі браузермен түсіндіріледі (интерпретируется) және құжат
түрінде, адам үшін ыңғайлы пішінде бейнеленеді.
TCP/IP (Transmission Control-Internet protocol) –.Интернетте кез
келген ақпаратты тасымалдау үшін, әр деңгейлі өзара желілік
әрекеттер моделінің, желілік протоколдар жиыны.
HTTP (HyperText Transfer Protocol — «гипермәтінді жіберу
протоколы» – осы протокол бойынша браузерлер Web сервермен
тілдеседі. Басқаша айтқанда, http – бас компьютерден немесе
серверден жеке пайданушының қарау құралына құжаттарды жіберу
әдісі.
Hub (хаб) – желідегі компьютерлердің коммутаторы.
Броузер (Brouser) – Шолушы – web-сайттарды қарауға
арналған, яғни web–беттеріне сұраныс жасау (көбінесе Желіден),
оларды өңдеу, шығару және бір беттен екінші бетке ауысу үшін
қолданылатын программалық жасақтама. Броузердің негізгі міндеті –
Желіден web – беттерін жүктеу және оларды экранда бейнелеу.
Веб-бет – (ағылш. Web page) —әдетте HTML тілімен жазылған,
Әлемдік тордың гипермәтіндік ресурсы. Веб-бетте басқа беттерге тез
өту үшін, сілтемелер сонымен қатар, статикалық және динамикалық
бейнелер тұруы мүмкін (3.19-сурет).
297
Веб-беттің мазмұнын динамикалық қылатын, медиа файлдар,
мысалы, дыбыс және бейне файлдар, апплеттер, сонымен қатар,
скрипттер (JavaScript, VBScript) тұруы мүмкін. Әдетте Веб-беттегі
файлдың кеңейтімі html немесе .htm болады. Веб-беттің адресі бірегей
URL адресімен анықталады. Мысалы: http://www.yahoo.com/
Бастапқы бет (home page) – сайт үшін алғашқы нүкте, кітаптың
мазмұны сияқты.
3.19-сурет
URL (ағылш. Uniform Resource Identifier).– кез келген құжатың
орналасқан жерін бір мәнді анықтауға мүмкіндік беретін Веб-беттің
адресі. Адрестің құрамында: протоколдың атауы, доменнің атауы,
домендегі компьютерде құжатты іздеу жолы және құжаттың
ішіндегі белгілі орынға сілтемелер болуы мүмкін.
Мысалы, http://www.soc.ru/dd/rus/index.html.
Адрестерді газеттерден, жорналдардан, мамандандырылған
анықтамалардан және Интернеттің өзінен, іздеуші программалар
(Rambler.ru, List.ru, Yahoo.com, AltaVista.com, Aport.ru және басқа)
көмегімен табуға болады.
Беттің URL- адресі броузердің Adpec жолында теріледі және
http:// және www деген жазбалар болмауы да мүмкін. Мысалы,
берілген ұзын – http://www.inchinas.narod.ru адрестің орнына
inchinas.narod.ru деп терсе де болады.
Веб-сайт (website: web — «өрмек», «желі» и site — «орын»), —
жалпы тақырыппен және дизайнымен біріктірілген, сонымен қатар,
өзара, жеке тұлғаның немесе ұжымның сілтемелерімен және бір
адреспен (домендік атауымен немесе IP-адреспен) байланысқан, веб-
беттердің жиынтығы.
IP – адрес (ай-пи адрес, ағылш. қысқартылған Internet Protocol
Address) – IP протоколымен құрылған, Желідегі жеке компьютердің
бірегей желілік адресі – торап нөмірі, желі нөмірі.
Бастапқы бет
сілтеме
сілтеме
Web – беті
сілтеме
Web – беті
Web – беті
сілтеме
сілтеме
298
Егер де желі Интернеттің құрамдас бөлігі ретінде жұмыс
жасайтын болса, онда адресті провайдер немесе аймақтық интернет-
тіркеуші (Regional Internet Registry, RIR) береді.
IP-адрес екі бөлімнен тұрады: желі нөмірі және торап нөмірі.
IP-адрестің ыңғайлы пішіні ( IP 4-нұсқа), нүктелермен бөлінген, төрт
ондық сандар түрінде (0 ден 255 дейін) жазу болып табылады.
Мысалы, 192.168.150.38.
IP-адресті табу және орнату: Жұмыс столында оң батырмамен
Сетевое окружение қапшығын шертіп
Свойства
TCP/IP (ти-си-
пи ай-пи)
Свойства. Егер протокол жоқ болса, онда оны қосу керек
( Добавить).
ICQ – тікелей тілдесу (on line) режімінде Интернеттегі
клиенттерді байланыстыруға арналған программа, интернеттік
пейджер деуге болады.
Телеконференция ( Newsgroup) – бұл, компьютерлік желілер
абоненттерінің арасындағы ақпарат алмасу жүйесі, әдетте бір
тақырыптық бағыттағы, хабарламалар жиыны, мақалалар, құжаттар.
WWW ( World Wide Web) – Интернетке қосылған, әртүрлі
компьютерлерде
орналасқан,
өзара
байланысқан
құжаттарға
қатынасуға мүмкіндік беретін, үлестірілген (распределенная) жүйе.
Гиперсілтеме – бір-бірімен байланысқан сөздер, яғни бір
құжаттың ішінен басқа құжатқа сілтеме. Құжаттың мәтінінде асты
сызылған түйінді сөз, фраза, белгі, сурет кезіксе, оны «саусақпен»
шертіп екінші құжатқа, одан үшінші құжатқа кіріп, қайта қайтуға
болады. Өз кезегінде, екінші құжаттан үшіншіге, т.с.с. ауысып, одан
қайта қайтуға болады.
Гипермәтін – мәтіндік ақпаратты ұйымдастыру әдісімен
экранда ақпаратты ұсыну пішіні, ішінде Гиперсілтемелерді кіргізу
арқылы, әртүрлі үзінділерінің арасында, оны басқаруға болатын,
мазмұндық байланыстар орнатылған.
Контент (ағылш
.
content — ішіндегісі) — ақпараттық ресурсты
(мысалы, веб-сайтты) кез келген мағыналы ақпаратпен толтыру, олар:
мәтіндер, графика, мультимедиа; әдетте пайдаланушы тек өзі
басыбайлы қолдану үшін, сәйкес заңдылықтың ережелерін сақтай
отыра, компьютердің дискісіне жүктей алатын барлық ақпараттар.
Апплет (ағылш. applet ол application сөзінен— қосымша және –
let — кішірейтетін жұрнақ) — бұл программалық жасақтаманың ергіш
құрамы, басқа, толық қосымшаның жанамасында жұмыс жасайды, тек
аясы тар бір есепке арналған және базалық қосымшадан
ажыратылғанда құндылығы жоқ.
299
6.2. Әлемдік тордың құрылымы және прициптері
Әлемдік тор (ағылш. World Wide Web) — гипермәтінді, дәлірек
айтқанда,
Интернеттің
іздеу
ресурстарының
гипермедиялы
ақпараттық жүйесі және оларға қатынасу.
Бұл, ақпаратты алмастыру үшін желіге байланыстырылған
компьютерлер ортасы. WWW-ті – кітапхана дейік, онда Web-
тораптарды– осы кітапханадағы кітаптар, ал Web-беттерді– кітаптың
беттері деуге болады.
Әлемдік тор, ақпараттық технологияларға нағыз төңкеріс әкелді
және Интернеттің дамуына үлкен серпіліс берді. Көбінесе Интернетті
айтқанда Әлемдік тормен шатастырады, бірақ бұлар бірдей нәрселер
емес екенін есте сақтаған жөн.
Сонымен қатар, Әлемдік торды белгілеу үшін «WWW» және
веб (ағылш. web) сөзі қолданылады.
Әлемдік торды, бүкіл дүние жүзінде орналасқан, Интернет
желісінің миллиондаған веб-серверлері құрайды.
Веб-сервер, HTTP протоколын пайдаланып деректерді жіберу
үшін, желіге қосылған компьютерден жіберілген программа болып
табылады. Қарапайым түрде, мұндай программа, желімен белгіленген
ресурсқа (әдетте файлдар немесе олардың бөліктері) HTTP-сұраным
алады, жергілікті қатты дискіден сәйкес файлды іздеп табады және
оны желімен сұраным жасаған компьютерге жібереді. Бұдан күрделі
веб-серверлер, HTTP-сұранымға жауапты, ресурстарды динамикалы
үлестіру арқылы ұйымдастырады.
Ресурстарды идентификациялау (теңдестіру) үшін, Әлемдік
торда URI (Uniform Resource Identifier) – ресурстардың біркелкі
идентификаторлары (теңдестірушілері) пайдаланылады.
Ресурстардың орналасқан жерін анықтау үшін, желіде URL
(Uniform Resource Locator) – ресурстардың біркелкі локаторлары
пайдаланылады.
Мұндай URL-локаторлар URI идентификациялау технологиясын
және DNS (Domain Name System) – домендік атаулар жүйесін
үйлестіреді. Домендік атауы (немесе тікелей сандық жазылымдағы IP-
адрес), керек веб-сервердің кодын атқаратын, компьютерді (дәлірек –
оның желілік интерфейсінің біреуін) белгілеу үшін URL құрамына
кіреді.
Веб-серверден алынған ақпаратты шолу үшін, клиенттік
компьютерде арнайы программа – веб-браузер қолданылады. Веб-
браузердің негізгі қызметі – гипермәтінді бейнелеу.
Әлемдік тор гипермәтін және гиперсілтеме ұғымдарымен тығыз
байланыста. Веб-тегі ақпаратың дені дәл гипермәтіннен тұрады.
300
Гипермәтінді жасауды, сақтауды және бейнелеуді жеңілдету
үшін, Әлемдік торда дәстүрлі түрде гипермәтінді белгілеу тілі –
HTML қолданылады.
Гипермәтінді белгілеу жұмысын вёрстка ( беттеу), белгілеу
шеберін – веб-мастер немесе дефиссіз вебмастер (веб-шебер) деп
атайды.
HTML-белгілеуден
кейін
алынған
гипермәтін
файлға
орналастырылады, мұндай HTML-файлдар Әлемдік тордың ең кең
тараған ресурсы болып табылады.
Веб-сервер HTML-файлға қатынасуға мүмкіндік алған соң, оны
«веб-бет» деп атай бастайды.
Веб-беттер жиыны веб-сайтты құрайды. Веб-беттердің
гипермәтініне гиперсілтемелер қосылады. Гиперсілтемелер Әлемдік
тордың пайдаланушыларына ресурстар (файлдар) арасында, оның қай
жерде, жергілікті компьютерде немесе алыстатылған серверде
орналасқанына байланыссыз, жеңіл ауысуға көмектеседі. Веб
гиперсілтемелері URL технологиясына негізделген.
6.2.1. Әлемдік торда ақпаратты белсенді бейнелеу тәсілдері
Веб-те ақпарат селқос (яғни, пайдаланушы оны тек оқи алады)
және белсенді түрде бейнеленеді – онда пайдаланушы ақпаратты
қосуға және түзетуге мүмкіншілігі болады.
Әлемдік торда ақпаратты белсенді бейнелеу тәсілдеріне
жататыны:
қонақ кітаптары (гостевые книги),
форумдар,
чаттар,
блогтар,
wiki-жобалар,
контентті басқару жүйелері.
Бірақ, мұндай жіктеу тек шартты түрде екенін айта кеткен жөн.
Айталық, блогты немесе қонақ кітабын, форумның дербес жағдайы
ретінде қарастыруға болса, өз кезегінде, форум контентті басқару
жүйесінің
дербес
жағдайы
болады.
Әдетте,
өнімдердің
айырмашылықтары олардың арналуына және қарастырылуына қарай
көрінеді.
Сонымен қатар, сайттардағы ақпаратқа сөйлеу арқылы қатынасу
мүмкіндігі бар. Индияда тіпті жазуды және оқуды білмейтін адамдар
үшін, беттердің мәтіндік мазмұнына қатынасуды жасайтын жүйенің
тестіленуі басталған
1
.
1
IBM дауыстық интернетті құрастырған.
301
6.3. Интернет
Интернет (айтылуы [ интэрнэт]; ағылш. Internet, Interconnected
сөзінен қысқарт. Networks— біріктірілген желілер) — ақпараттық
және есептеуші ресурстардың ғаламдық телекоммуникациялық
желісі.
Интернет Әлемдік тордың нақтылы негізі болып қызмет етеді.
Бүкіләлемдік желі, Ғаламдық желі немесе жәй Желі деп жиі аталады.
Қазіргі кезде, күнделікті тұрмыста « Интернет» дегенде, нақты
желінің өзі емес, Әлемдік тор және оның ішіндегі ақпараттар туралы
айтылады.
Дүниежүзілік
компьютерлік
Интернет
желісі
дербес
компьютерлермен бірге, халықаралық « Дүниежүзілік ақпараттық
қоғам» концепциясының дамуы үшін, технологиялық негізін
құрастырады.
1997 жылға қарсы Интернеттегі компьютерлер саны 10 млн.
маңайына жетіп, 1 млн. артық домендік атаулар тіркелді.
Интернет ақпарат алмасудың ең белгілі құралы болып
қалыптасты. Дүниежүзілік желі дамыған және дамушы елдері өмірінің
ажыратылмайтын бөлігі болды.
2008 жылдың ортасында, Интернетті үнемі қолданатын
пайдаланушылар саны 1,5 млрд. жуық адамды құрады (бұл Жер шары
халқының ширегіне жуық).
Интернетті пайдаланушылар саны 50 миллионнан асу үшін, тек
бес жыл ғана қажет болды. Басқа бұқаралық ақпарат құралдарына
мұндай белгілілікке жету үшін, анағұрлым көбірек уақыт қажет
болды:
Ақпараттық орта
Уақыт, жыл
Радио
38
Телевизия
13
Кабельдік телевизия
10
Интернет
5
2010 жылдың 22 қаңтарында Интернетке тура кіру мүмкіндігін
Халықаралық ғарыштық стансасының экипажы алды.
Қазіргі кезде Интернетке байланыс спутнигі, радио-арналар,
кабельдік телевизия, телефон, ұялы байланыс, арнайы оптикалық-
талшықты линиялар немесе электр сымдары арқылы қосылуға
болады.
6.3.1. Тілдер
Интернет пайдаланушыларының ақпараттық рессуртарға еркін
кіру мүмкінді мемлекеттік шекарамен және/немесе ұлттық
домендермен шектелмейді, бірақ та тілдік шекаралар сақталуда.
302
Интернетте басымды болып тұрған тіл, ол ағылшын тілі .
Белгілілігі жағынан екінші болып қытай тілі, ал үшіші – испандық
тіл.
Интернетті мемлекет, аймақ және бірінші деңгейдегі домендер
бойынша бөлумен қатар, оны бөлуде жиі қолданылатын белгінің бірі –
ол тіл. Пайдаланыстағы тіл атауын Интернеттің тілдік ортасы алады.
Интернеттің орыс тілді ортасы «Орыс Интернет» деген атауға ие
болған.
6.4. Браузерлер
Веб-шолушы, браузер (ағылш. Web browser; броузер деген
нұсқа — дұрыс емес) — веб-сайттарды қарауға арналған
программалық жасақтама, яғни веб-беттерге сұраныс жасау, оларды
өңдеу, шығару және бір беттен екіншіге ауысу әрекеттерін атқарады.
Сонымен қатар, көптеген браузерлер FTP-серверлердің
мазмұнын көрсете алады. Браузерлер, Әлемдік тордың пайда
болуынан бастап, үнемі дамыған және оның өсуімен қатар, сұранысқа
ие болып жатқан программалардың бірі.
Бүгінде браузер – веб-беттің әртүрлі құраушыларын шығаруға
және өңдеуге, веб-сайтпен оған кіріп шығушының (посетитель)
арасында интефейсті ұсынуға арналған кешенді қосымша.
Іс жүзінде барлық белгілі браузерлер ақысыз немесе басқа
қосымшалармен бірге таратылады.
Internet Explorer (Microsoft Windows-пен бірлескен), Mozilla
Firefox (ақысыз, еркін ПЖ), Safari (Mac OS-пен бірлескен немесе
Windows үшін ақысыз), Opera (8.50 нұсқасынан бастап ақысыз),
Google Chrome (ақысыз, еркін ПЖ).
Кең таралған браузерлер
Белгілі
Internet Explorer, Mozilla Firefox, Safari, Google Chrome,
Opera
Азырақ
таралған
Mozilla, Netscape Navigator, Flock, Maxthon, Konqueror,
SeaMonkey, Green Browser, Avant Browser, AOL Explor-
er, Galeon, Epiphany, Kazehakase, Charon, Arachne,
Links2, slimbrowser, FastIE, MyBrowser, Dillo, K-Meleon,
Arora
Мәтіндік
Alynx, ELinks, Links, Lynx, Netrik, w3m, WebbIE,
DosLynx
Ықшам
құрылғылар
үшін
Internet Explorer Mobile, Mozilla Fennec, Opera Mobile,
Opera Mini, Wapalta, Safari для iPhone
303
6.4.1. Internet Explorer (IE)
Windows Internet Explorer (ертеректе — Microsoft Internet
Explorer немесе жәй Internet Explorer, қысқаша MSIE немесе IE
— 1995 жылдан бастап Microsoft корпорациясының жасап жатқан,
браузерлер сериясы.
Windows тектес операциялық жүйелердің топтамасына кіреді.
Пайдаланушылар саны бойынша бірінші орында тұрған (2010 жылдың
ақпан айында нарықтық үлесі – 61,58% құрады).
Internet Explorer 1999 жылдан бастап ең кең қолданыс тапқан
веб-браузер болды, 2002–2003 жылдары бұл көрсеткіш бойынша
өзінің 95 %. максимальды межесіне жетті.
Оңтүстік Кореяда 2007—2008 жылдары IE үлесі 99% құрады.
Алайда, соңғы кезде Opera, Mozilla Firefox, Safari және басқа осы
сияқты браузерлерге жол беріп, оның үлесі екпіндеп төмендеуде.
Бүгінгі таңда браузердің соңғы тиянақты нұсқасы, ол Internet
Explorer 8. Бұл нұсқа Windows 7 операциялық жүйенің құрамына
кірді, алайда, алдыңғы нұсқалардан айырмасы, оны толығымен
жүйеден алып тастауға болады.
Сонымен қатар, басқа операциялық жүйелер үшін, браузердің
қосымша түрлендірулері (модификациялары) шығарылды, олар
Mobile Internet Explorer (Windows CE және Windows Mobile үшін),
Mac үшін Internet Explorer және UNIX үшін Internet Explorer.
Internet Explorer-ді ақысыз көшіріп алуға болады және ол
Microsoft Windows-ң заңсыз көшірмесіне қойылса да жұмыс жасай
береді. Алайда лицензиялық келісім, Internet Explorer-ді тек қана
Windows тектес операциялық жүйенің заңды лицензиясы болған
жағдайда ғана қоюға рұқсат етеді.
6.4.2. Mozilla Firefox
Mozilla Firefox — еркін таратылатын браузер. Бар әлемде
белгілілігі бойынша екінші және еркін таратылатын ПЖ
арасында – 2010 жылдың ақпанында оның үлесі 24,23% құрады, ал
жеке елдерде – 45% дейін жетті.
Браузердің жапсырмалы (вкладочный) интерфейсі, орфография
тексеру, теру барысында іздеу, жүктеу менеджері және іздеу жүйесі
бар. Жаңа қызметтерін кеңейтімдер көмегімен қосып отыруға болады.
Firefox – Microsoft Windows, BeOS, Mac OS X, Linux және
көптеген басқа Unix-ке ұқсас операциялық жүйелер үшін
шығарылады.
Браузердің коды – еркін ПЖ және үш еселік GPL/LGPL/MPL
лицензиямен таратылады.
304
Firefox, баптау мүмкіндігі кең ең бір икемді браузерлердің бірі,
пайдаланушы программаның сыртқы түрін және оның кеңейтімін
өзгертетін қосымша тақырыптарды қоюына болады.
Достарыңызбен бөлісу: |