Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»



бет29/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97
Байланысты:
хандықт

Шырақ батыр. Парсы елінің патшасы Дарий 700 мың нөкері бар қалың қолмен сақтар еліне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Ол кезде мұншалықты көп әскерді көз көріп, құлақ естімеген екен. Міне, «Шырақ» дастанында сақтардың Дарий әскеріне қарсы қаһармандық күресі аңызға айналған тарихи деректер негізінде жырланған. Алайда дастанның өзі сақталмаған. Тек дастанның негізгі сюжеті ғана проза күйінде бізге жеткен. «Шырақ» дастанының сюжетін қағазға түсіріп, бүгінгі ұрпаққа жеткізген грек тарихшысы Полиэн (б. з. б. II ғасыр) еді.
«Шырақ» дастанының сюжеті төмендегідей оқиғалардан басталады. Парсы елінің патшасы жер қайысқан қалың қолмен сақтар еліне жақындап келеді. Елдің қауіпсіздігіне қатер төнеді. Сақ әміршілері Омарг, Саксфар, Оамирис жауға қарсы қалай күрес жүргізуді өзара талқылып жатыр еді.
Дәл осы сәтте патша сарайына көздері бейне бір шырақтай нұр шашып тұрған, қапсағай денелі жігіт ентігін баса алмай, жүгіріп кіріп келді де:
- Ұлы мәртебелі тәңірқұтым! Мені тыңдаңыз! Жау жақындап келеді. Мен жылқышымын. Бұл өңірдің ой-шұқырын өзімнің бес саусағымдай білемін. Оларды шөл далада адастырып кетуге маған мүмкінді беріңіз, - дейді.
Бұл Шырақ еді. Шырақ патшадан денесін тілгілеп, киімін жыртып тастауды өтінеді. Содан Дарий патшаға сақтардан қорлық көрген адамдай киіп танытып, парсыларды шөл далада 7 күн, 7 түн бойы адастырып кетеді. Солай ол парсы қолбасшысы Ранасбаттың қолынан қаза табады.
Алып Ер Тоңға дастаны. «Алып Ер Тоңға» - түркі халықтарының арғы ата-тегі саналатын сақтар тарихынан сыр шертетін, көне түркі ауыз әдебиетінің дәстүрлі талаптарына сәйкес өмірге келген қаһармандық жыр. Бүгінгі күнге дейін «Алып Ер Тоңға» дастанының жалпы сюжеті мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де сол үзінді түрінде сақталып келген жыр жолдарының өзінен-ақ бұл дастанның сюжеттік желісін, басты идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес. Дастанның басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға. Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға, Тұран елінің билеушісі, сақтар әскерінің қолбасшысы, ержүрек батыры. Дастанда оны елдің көреген көсемі ретінде де бейнелейді. Тұран әскері қолбасшысының атына қосылып айтылатын «алып» сөзі сол заманда «күшті», «батыр», «қаһарман», «ержүрек» деген мағынаны білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет