Оғыз қаған дастаны – түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеалогиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Бір қызығы - дастанда алғашқы қауымдық құрылыс кезінде, ғұндар дәуірінде, тіпті орта ғасырда орын алған сан қилы тарихи оқиғалар өзара үйлесіп, жалғасып жатады. Көне түркі тілінде «оғуз» сөзі - уыз, уыздас, сүттес, емшектес, яғни бір анадансүтішкен деген мағынаны берген. Ежелгі ғұндардың кейінгі үрпақтары, «оғуз» сөзін тайпалардың бірлестігі, одағы деген мағынада қолданған.
Оғыз қаған - ғұндардың көсемі Мөденің әдеби бейнесі деуге болады, Сол себепті Мөденің тарихи тұлғасы туралы бірер сөз айта кетейік. Мөде - ғұндардың атақты билеушісі, патшасы, тәңірқұты. Әкесі Тұман б. з. 6. 206 жылы қайтыс болғаннан кейін патша тағына отырады. Мөденің билік жүргізген кезеңі ғұндар мемлекетінің алтын дәуірі саналады. Бұл кезде ғүндар Хань (Қытай) әскерін күйрете жеңіп, оларды «тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр етеді. Бұлшарт бойынша олар енді ғұндарға көп салық төлеуге мәжбүр болды. Мөде билік жүргізген кезде ғұндар қазіргі Кореядан сонау Тибетке дейін, одан әрі Шығыс Түркістаннан бастап, Алтай өңіріне дейінгі ұлан-ғайыр өлкені түгелдей өздеріне қаратып алған еді. Қытай өзінің «ұлы қорғанын» осы Мөде әскерінен қорғану үшін салған болатын. Алайда «ұлы қорған» ғұндардың тегеурініне төтеп бере алмады.
Сонымен, Мөденің әдеби бейнесіне - Оғыз қағанға оралайық. Ол үшін «Оғыз-қаған» дастанына назар аударайық. Бұл дастан Мөденің көптеген өлкелерге жасаған жауынгерлік жорықтарынан елес береді. Яғни, Мөденің батырлығы мен ерлігін Оғыз қаған жыры арқылы көрсеткен. Оғыздың тууы, патшалық етуі, оның жорықтары, Оғыз батырдың өз еліне оралып, үлкен жорықтар жасауы – барлық дерлік оқиғалар тарихи деректермен байланысты. Бұл байланысты Мөде арқылы байқай аламыз және жырда кездесетін тайпалар, жер-су аттарының өзіде Мөде билік еткен жылдардағы кезең.
Аттила дастаны мен жырдағы Еділ бейнесі.
«Аттила» дастаны - Батыс ғұн империясының әміршісі, есімі әлемге әйгілі әскери қолбасшы, Қыпшақ даласының перзенті Еділ (Аттила) батырдың Еуропаға жасаған жауынгерлік жорықтарын тарихи деректер мен аңыз-әфсаналар негізінде баяндайтын қаһармандық жыр. Еділ батырдың есімі сол кездегі латын тілінде, дәлірек айтсақ, Рим империясының мемлекеттік тілінде «Аттила» деп аталып кеткен. Әйтсе де оны әр елде әр түрлі атаған. Мәселен, Аттиланы немістің ежелгі батырлық жырларында «Эціл» десе, Скандинавия халықтарының тілінде - «Атли», қытай тілінде - «Этил», қазақ жырларында - «Еділ» деп атайды.
Аттила ( 400-454 жылдар) есімінің түп-төркіні, түбірі Еділ (Волга) өзенінің атымен байланысты болып келетіні даусыз. Ежелгі түркі тілі бастауларының бірі саналатын ғұн тілінде Еділ өзені әр кезде әр түрлі (Ател, Итил, Еділ, т. б.) аталып келгені мәлім, батыс ғұн империясының атақты королі Ругила 434 жылы қайтыс болды. Патша өлген соң мемлекет билігі оның немере інілері Бледа мен Аттиланың қолына тиді. Ругила патшаның Мыңзық және Ақтар деп аталатын екі інісі болатын. Аттила - Мыңзықтың баласы, ал Бледа - Ақтардың ұлы еді. Ғұндар империясын біраз уақыт қос патша (Аттила мен Бледа) басқарып тұрды. Ақыры патша тағына Аттила отырды.
Еділ бейнесі.Аттиланы өз көзімен көріп, онымен әңгімелескен грек жазушысы Приск жазбаларында мынадай жолдар бар: «оның бет-әлпетін көргендер нағыз азиат екенін айтпай-ақ біледі. Басы үлкен, өзі орта бойлы, мығым денелі. Көздері қысық, бірақ қараған жерін ойып түсердей өткір, жүрісі өте ширақ, сөйлегенде дауысы күмістей сыңғырлап өте жағымды естіледі»
Ал Аттилла дастанында Еділ бейнесін оның күш-жігері мен қайраты арқылы, сонымен қатар, жасаған жорықтарындағы көзсіз ерлігінен көруге болады.