-Сонау бұрынғының көп елін Түгелдей тізе бүктірген. Батыстағы көп жұртты Бір шыбықпен айдаған, Қалың түрік көп халқын Дүниеге үстем етем деп Мынау сұм жалған дүниеден Еділ батыр, бұл өткен. Деген өлең жолдарынан Еділ батыр бейнесін оның қолбасшылығымен, ерлігімен көрсеткенін аңғара аламыз.
Көк бөрі дастаны – Ашина руының (түрік тайпалары) бейнесі
«Көк бөрі» дастаны - ұлы Түрік қағанаты құрған көк түріктердің ежелгі ата-тегінің шығу тарихын, олардың халық ретінде қалыптасқанын түрлі аңыздар негізінде жыр еткен эпос. Алайда дастан түгел сақталмай, бізге қытай көне жазбаларындағы шағын прозалық үзінділері арқылы жеткен.
«Көк бөрі» дастанындағы аңыздар көне дәуірдің тарихи шындығынан алыс емес екенін ерекше ескерте кеткіміз келеді. Өйткені «көк түріктердің» көне тарихын зерттеуші ғалымдардың барлығы дерлік осы «Көк бөрі» дастанында айтылатын ғұндар тайпасына енетін Ашина руы жайындағы аңыздарға назар аударып отырады. Кейде тіпті осы аңыздар мен тарихи шындықтың арасын ажыратып алу қиын. Дегенмен, «Көк бөрі» дастанын дұрыс пайымдау үшін алдымен аңызға айналған тарихи шындықтың өзін қысқаша айтып өтейік.
«Көк бөрі» дастанында ғұндардың «Ашина» деп аталатын «бес жүз шаңырақ руы» туралы, түркі тайпалары осы Ашина тайпасынан тарағаны хақында, алғашқы Түрік мемлекетін басқарған көсемнің есімі де Ашина болғаны жайында хикая айтылады. Ашина сөзі «асыл текті қасқыр, бөрі» деген мағына береді. Ал ежелгі түріктер өздерін көк бөріден шыққанбыз деп түсінген. Түріктер үшін қасқыр тотем болған. «Түрік байрақтарына бөрінің басы алтынмен әшекейленіп салынған». Яғни дастанда түркі халқының көк бөрінің ұрпағынан тарайтыны жайлы сөз болады. Дастанда көк бөрі арқылы Ашина тайпасының, түріктердің бейнесі ашып көрсетіледі.
Ергенекон дастаны – Тоғуз бен Қаян бейнелері
«Ергенекон» дастаны - ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, Көк Түріктердің алғашқы мемлекеті - Түрік қағанаты құрылған кезеңге дейінгі аралықта 450 жыл ішінде болған оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата-тегін түрлі аңыз-әфсаналар бойынша жыр еткен ежелгі түркі ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. Дастанның мазмұнын түрік ғалымы С. Банарлыныңзерттеуі негізінде баяндап айтып өтейік:
Баяғы өткен заманда Көк түріктердің елін Иль деген хан басқарыпты. Бұл кезде түркі елі аса қуатты екен. Олардың жебесі жетпеген жер, әскері алмаган ел қалмапты. Бұлардың «данқы жер жарып, беделі аскартау- лардан асып тұрған заманда» көрші отырған бір елдің әміршісі оларға зұлымдық ойлапты. Түркілерді алдап соқпақ болады. Осы оймен олар түркілерге қарсы соғыс жариялайды. Қан майдан шайқас енді ғана қызып келе жатқан сәтте жау әскері дереушегініп, қаша жөнеледі. Бұл олардың айла-тәсілі еді. Түркі әскері соңына түсіп, қуып кетеді. Алайда өздеріне қолайлы жерге жеткенде жау жағы жалт бұрылып, қарсы шабуылға шығады. Қапылыста жау қоршауына түскен түркі әскері жеңіліп қалады. Жау оларды қырып-жойып, тірі қалғандарын тұтқындап әкетеді. Иль ханның балалары өте көп еді. Бәрі соғыста қаза табады. Тек кенжесі Қаянғана тірі қалады. Иль ханның Тоғуз деген жиені де соғыста аман қалып, жауға тұтқын болған екен. Бір күні Қаян мен Тоғуз өздерінің әйелдерімен бірге тұтқыннан қашып шығады. Бұлар қашып шығып, өздерінің баяғы ескі жұртына келеді. Қаян мен Тоғуз жайылып жүрген төрт түлік малды көреді. Олар төрт түлік малдың әрқайсысынан бір-бір жұптан ғана алып, алыс жолға аттанады.
Қаян мен Тоғуздың ендігі арманы - артынан келген жауіздеп таба алмайтын, шөбі шүйгін жайылымы бар, жанға жайлы жерұйық мекен табу еді. Бұлар талай күндер, айлар, жылдар бойы сарылып жер кезеді. Ешбір жер ұнамайды. «Бірі - шөпсіз, бірі - сусыз, бірі - күнсіз» болып шыға береді. Түркілер ақыры айналасын аса биік көгілдір таулар қоршаған, сарқырап ағып жатқан асау өзендері бар жерге тап болады. Сол үлкен дарияның бір жағы - жеміс ағаштары жайқалып тұрған бау-бақша, екінші жағы - шүйгін шөбінен түйе көрінбейтін кең жазира жайлау екен. Бұл жұмақ тектес жерді «Ергенекон» депатапты. Мұнда «ергене» сөзі көне түркі тілінде тау арасындағы «өткел», «шатқал» мағынасында, ал «кон» сөзі қоныстану, яғни «қону» мағынасында қолданылған. Сонымен, «ергенекон» сөзі «шатқалдағықоныс» деген ұғымды білдіреді. Ергенекон жері түркілерге құтты қоныс болыпты. Қаянның баласы Қаяттан тарағандар Қаяттар, ал Тоғуздың баласынан тарағандар Түркештер тайпасы деп аталыпты. Бұлардан тараған ұрпақтар өсіп- өніп, төрт жүз жыл ішінде түтас бір халыққа айналыпты. Түркілердің малы да төрт жүз жыл ішінде көбейіп, Ергенекон жеріне сыймай кетіпті.
Ергенекон дастанында Қаян мен Тоғуз бейнелері көрсетілген. Олардың бейнелеріне тоқталу арқылы, түріктердің халықты ойлағанын, шұрайлы жерді аңсағанын біле аламыз.