Ассонанс Аллитерация
Ай, хан, мен айтпасам білмейсің, Қорған салдың бейнет қып
Айтқаныма көнбейсің Қызметшің жатыр ішіп-жеп.
Эпитет
Қилы, қилы заман болмай ма?
Суда жүрген ақ шортан.
Шабылып жатқан халқың бар.
Толғау фигура жағынан арнау оның ішінде сұрай арнау, жай қайталау.
Антитеза
Құладын құстың құлы еді,
Тышқан жеп жүнін түледі, —.
Аққу құстың төресі
Ен жайлап көлді жүр еді
Инверсия
Шулатар қатын-балаңды!!
Осыны көрдім түсімде,
Метонимия
Қатын алдың қарадан.
Кәуір алар қалаңды.
Еді, білмейсің деген сөздер жай қайталаудың ішінде эпифора
Құладын деген екі жерде кездеседі ол анафора.
77-сұрақ
Асан қайғы толғауларындағы афоризмдердің мақал-мәтелдермен үндестігі
Афоризм немесе Ділмар сөз — қысқа сөзбен түйінделген тиянақты, бейнелі ой.
Афоризмнің баламасы ретіндегі ділмар терминін А.Байтұрсынов енгізді. Ал Шәкәрім Құдайбердиев "мәнді сөздер" деп атайды. Ділмар сөз ойды жинақтап, тереңдетіп, салмақты, өрнекті, кестелі айтуға, мейлінше қысқа, түйінді тұжырымға, өткір мәнерлілікке, парасатты пайымға негізделеді.
Белгілі ақын, жырау, философ, әрі мемлекет қайраткері, халық арасында Асан қайғы атанған Хасан Сабитұлының түрлі тақырыптардағы нақыл сөздері.
*1.Арғымаққа міндім деп артқы топтан адаспа.
Бұл жерде дәрежем көтеріліп пайда таптым деп қатты астақтама, жолдан тайма, көппен бірге бол деген мағынаны жеткізіп тұр.
Мақал:
Адассаң, көппен адас
Осы екеуіде бір мағынада қолданыс тауып тұрғандай. Бұл мақалдада не стесеңде көпшілікпен істе, көппен бірге бол ақсақтанба, дараланба деген мағына.
2. Еділ бол да, Жайық бол ешкімменен ұрыспа,
Жолдасыңа жау тисе жаныңды аяп тұрыспа.
Мақал
Жолдасың темірші болса,
Өзің көмірші болғаның құп.
Екеуінің де мағыналары жақын. Бұл жерде Кең бол, досқа адал бол, көмек қолын соз мағыналарын беріп тұр
Достарыңызбен бөлісу: |