Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Әл-фарабидың ақындық тұлғасын танытатын жырлары



бет73/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97
67. Әл-фарабидың ақындық тұлғасын танытатын жырлары.

Әбу Насыр әл-Фараби - өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Бұл жөнінде Әл-Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген Шығыстың көрнекті ақындары, әдебиетшілері мен тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған. Мәселен, белгілі араб тарихшылары Ибн Аби Усайба және Ибн Халликон өздерінің еңбектерінде Әл-Фарабидің араб, парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірген.


Кезінде араб тарихшысы Ибн Халликон жазып қалдырған Фараби бәйіттерінің бірнеше шумағын жолма-жолаударып беруді жөн көрдік:
Бауырым, сен теріс жолға түскен жандарға ерме,
Олардан аулақ жүр, қашанда әділдік жағында бол.
Бұл дүние - біз мәңгі тұратын мекен-жай емес, Әлемде ешкім өлімді жеңе алмады.

Сөйтіп, ақыл-парасат пен оқу-ағарту ісінің жалынды күрескері болған Фараби зорлық-зомбылық атаулыға барынша қарсы шықты. Осы идеяны өз жырларына арқау етті. Ақынның гуманистік тұрғыдан айтылған ой-пікірлері бүгінгі оқырманды да таңдандырып, сүйсіндіреді.


Фараби табиғатты танып білу мәселесіне материалистік тұрғыдан қарады. Ғұлама-ғалым, өнер мен білімнің қамқоршысы, озат ойлы азамат десек те, Фараби - өз заманының перзенті еді. Фарабидің араб тілінде жазылған бір өлеңінің мазмұны мынадай болып келеді: «Ей, барлық нәрселердің себепшісі! Мына әлемдегінің бәрі сенің нұрыңнан жаралған. Сен өз құдіретіңнен қабат-қабат аспанды жарат- тың, соласпандар ортасында Жер мен теңіздерді жараттың. Міне, осы Жер мен теңіздер - күллі әлемнің кіндігі, орталығы. Тәңірім, сен осылардың бәрінің иесісің. Мен сенен пана іздеп келген бір күнәкәр пендемін. Мендей күнәкәріңнен кемшілік кеткен болса, ғафу ет, кешір! Сен өз құдіретіңмен табиғат пен элементтердің (унсур) былға- нышты кір-қоқыстарынан менің жан-тәнімді тазала».
Фарабидің пайымдауы бойынша, ондай кезде адамдардың табиғатын жамандық элементтері билеп алады. Мұндайда адамдар бұзылып, адамгершілікке мүлдем жат, жиіркенішті мінез-құлық көрсетеді. Бұл өлеңінде ақын «мені сондай кір-қоқыс элементтерден тазарта гөр» деп құдайға жалбарынып отыр.
Орта ғасырда өмір сүрген арабтың мәшһүр шайырлары мен тарихшыларының еңбектерінде Әл-Фараби көп өлең жазған деген пікір айтылады. Белгілі шығыстанушы Е. Э. Бертельс те осындай қорытынды жасайды. Бірақ оның жырлары сақталмаған. Бізге Әл- Фарабидің бірнеше өлеңі ғана мәлім.
Әл-Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өмірдің мән-мағына- сы жайлы толғау, оқу мен білімді мадақтау, адамгершілікке шақыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет