69. «Диуани хикметтегі» адам баласының өмір сүру концепциясындағы төрт басқыштың рөлі.
Қожа Ахмет Ясауи «Диуани хикметте» «Аллаға жақындай түсу үшін» әрбір адам өзінің өмір жолында төрт басқыштан өтуі керектігін айтады. Біріншісі – шариғат. «Шариғат» – ислам діні қағидалары мен шарттарын тақуалықпен мүлтіксіз орындауды әрі құдайға құлшылық жасауды талап етеді. Екіншісі, «тариқат» – дін ғұламаларына шәкірт болып, жалған дүниенің түрлі ләззаттарынан бас тарту, Аллаға деген сүйіспеншілікті арттыра түсу болып табылады. Бұл басқыш сопылықтың негізгі идеясын, мұрат-мақсатын аңғартып тұр. Үшіншісі, «мағрифат» негізінен дін жолын танып-білу сатысы деуге болады. Бұл басқыштың негізгі талабы – күллі дүниедегі болмыс-тіршіліктің негізі «бір Алла» екенін танып-білу, түсіну. Төртіншісі, «хақиқат» («фано») – Аллаға жақындап, оны танып-білудің ең жоғары басқышы. Сопылық түсінік бойынша, «шариғатсыз» «тариқат», «тариқатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақиқат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бірі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады. Қожа Ахмет Ясауи Аллаға (яғни Хаққа) жету жолында міндетті түрде төрт асудан мүдірмей өтуі керек деген пікір айтады. Ақынның айтуы бойынша, Хаққа жету жолындағы әрбір асудың он-оннан мақамы (тоқтамы) бар. Демек, осы төрт асудың қырық мақамын игерген пенде ғана «жабарут» (адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік), «мәләкут» (өмірдің мәнмағынасына қанық болу), «лахут» (бұл жалғаннан безіп, о дүниенің рухани әлемін меңгеру), «насут» (жоғарыда аталған үш өлшемнің басын қосып тұрған күш) деп аталатын рухани дүниенің сырын пайымдауға мүмкіндік алады.
70. Әбу Насыр әл Фарабидің «Өлең өнерінің тарихы» атты трактатының әдебиеттану ғылымындағы орны.
Фараби поэзияда екі түрлі құбылыс бар деп біледі. Олардың бірі - софистика, алекіншісі - еліктеу. Ғалым бұлекеуі төркіндес емес, қайта екеуі бір-біріне қайшы келетін ұғымдар, екеуінің мүддесі де екі түрлі екенін ерекше атап көрсетеді: «Софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды, ал оған қарама-қарсы - еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді».
Фарабидің ақындық ой қорыту, өлең өлшемі мен мазмұны жайындағы пікірлерін айқынырақ аңғару үшін трактатты одан әрі оқи түсейік: «Ақындық түйіндеуді өлшеміне яки мазмұнына қарай топтау мүмкін. Өлшеміне қарай топтау әуенділікке немесе екпінге, тұжырымдау қай тілде екеніне байланысты, сонымен қатар музыканың деңгейіне де қатысты. Мазмұнына қарай ғылыми тұжырымдау, тап басып болжау поэзияны талдаушының, поэтикалық мәнді зерттеушінің, түрлі халық поэзиясы мен оның әрбір мектебін білетіңдердің харекетіне кіреді»
Міне, Фараби осы жәйттерді айта келіп, ежелгі араб және парсы өлең-жырларын зерттеушілер бұл халықтардың поэзиясын сатира, поэтика, айтыс, комедия, ғазел, жұмбақ, тағы басқаларға бөлетінін ескертеді. Сонымен бірге Фараби өзі өмір сүріп отырған дәуірде және көне заманда көптеген халықтардың шайырлары фабула мен өлшем арасына шек қоймағанына оқырман назарын аударады. Поэзиядағы мұндай жағдайдан тек ежелгі гректер ғана тыс тұр деп көрсетеді. Өйткені гректер әрбір ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған.
Сөйтіп, Әл-Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп си-
паттайды, олар: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, амфигеноссос (космогония), акустика.
Әрине, бұл айтылған өлең формалары бүгінгі әдебиетке әбден орныққан әдеби жанрларға айналғаны мәлім. Алайда, Фарабидің айтуы бойынша, кезінде мұның бәрі өлеңнің түр-тұлғасы қызметін атқарған.
«Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» атты осы шығармасында Фараби ақындарды үш топқа бөліп қарастырады әрі әрбір топқа өзінше сипаттама береді. Бірінші топқа Фараби табиғи дарыны мол, тамаша теңеулер табуға мейлінше бейім, бірақ өлең өнерінің сыр-сипатымен, яғни теориясымен онша таныс емес ақындарды жатқызады. Ал енді екінші топтағылары - өлең өнерімен толық таныс ақындар, олар өлең жазуқағидасынада, бейнелеуқұралдарынқолда- нуға да шебер болып келеді. Үшінші топтағылар - жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер деуге болады. Бұлардың әлі өзіндік жазу мәнері толық қалыптаспаған.
Сонымен, Фараби біз әңгіме етіп отырған шығармасында ежелгі дәуірдегі араб, парсы және грек поэзиясының тарихы, тақырыбы, композициялық құрылысы, өлшемі, шумағы, ырғағы, тармағы, буыны, бунағы, ұйқасы, түр-тұлғасы, т. б. мәселелерін әдебиетші-ғалым ретіңде жан-жақты зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |