Ислам дәуіріндегі әдеби ескерткіштердің зерттелуі. Түркі халықтары әдебиеті тарихында ислам дәуірі (X-XII ғасырлар) ерекше орын алады. «Ислам дәуірі әдебиеті»


Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің



бет80/97
Дата21.12.2023
өлшемі303,2 Kb.
#142156
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97
Байланысты:
хандықт

3. Надандықтың белгісі – тілін алмау білгеннің.


Мақал
Әдептілік ар-ұят -Адамдықтың белгісі,
Тұрпайы мінез, тағы, жат –Надандықтың белгісі.

Бұл жердеде мағыналары, білдіріп тұрған ойлары бір-біріне жақынырақ. Надандық пен адамдыққа


жетелейтін мінез-құлықты, іс-әректті танытып тұр.

4. Көлде жүрген қоңыр қаз қыр қадірін не білсін,


Қырда жүрген дуадақ су қадірін не білсін,
Санасы жоқ жамандар ел қадірін не білсін.


Мақал
Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.

Ата-ананың қадірін балалы болғанда білесің.


Бұл екеуінің арасындағы байланыс қандай да бір заттың, адамының қадірін тек соның орынында болғанда ғана түсінетінлігін үндеу.


5.Жеңемін деп біреуді өтірік сөз қостама.
Мақал
Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.

Байланыс: өтіріктің бәрібір бір жерден ашылатынын сол үшінде өтірік сөйлемеу керек екенін үндейді.




6. Көлдің суын жамандап - Еділ қайдан табарсың,
Әкіміңді жамандап - әділ қайдан табарсың,
Өз барыңды жамандап - асыл қайдан табарсың.


Мақал
Жат елдің қаршығасынан,
Өз еліңнің қарғасы артық
Байланыс: бұл жерде қанша жерден өзіңдікінен безіп одан артығын табамын десең де одан артығын таба алмайтытындығын айтады.

78. Қазтуған жыраудың мадақ жырындағы жыраудың өз тұлғасы


Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған - жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -«Бұдырайған екі шекелі» толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. 
Жыраудың әйгілі «Мадақ жыры» тұтас суретке құрылған. Қарапайым сөзді суретке көшірудің ғажайып үлгісі іспеттес.
«Қазтуған толғауларында суреттелетін объектіге ақынша қарап, оны ақындық жолмен тану, таныту мақсаты бірден көзге түседі... Ал, осы шағын дүниенің көркемдік жағына назар аударсақ, бір алуан жайларды аңғарамыз. Мұнда жырау өзін таныстыру барысында адам бейнесін, ақын бейнесін, әсіресе, сыртқы пішінін ұтымды көрсетеді. Толғауда бұл ретте батырлар жырының үлгісі де жоқ емес. Әйтсе де жыраудың өзіндік сөз өрнегін танытарлық өткір де уытты жолдар да баршылық. «Бұдырайған екі шекелі, мұздай үлкен көбелі»,-деп басталатын жолдар метафоралық бөлшектерден құралып үдемелі, күрделі эпитет жасайды. Бұлардың ішінде:
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,- деген сияқты соны да бейнелі ұлғайған метафоралар соңғы кезге дейін өзінің көркемдік қасиетін сақтап келген. Қазтуған толғауларында батыр мен жырау бейнесі бір мезгілде бір адамның бойынан көрінеді. Оның ноғайлының батыр-жырауы аталуы да осы себепті болар.
«Жалпы, мазмұны мен әлеуметтік мағынасы жағынан Қазтуған толғаулары да Асанның өлең аңыздары тәрізді қазақ халқының халық болып құрала бастау тұсындағы жайлы қоныс, жақсы мекен іздеу мәселелерінің сол алыс замандағы жаңғырығы, поэзия өмірінде сақталған шағын ескерткіш үлгісі тәрізді кейінгі дәуірге жетті. Бұлар өз дәуірі мен шығарушысы жайында кішкентай болса да елес, ұғым бере алса, поэзия эволюциясындағы белгілі бір кезеңнің көркемдік дүниетанымы тарапында нышан таныта алса, өз міндетін артығымен орындағаны болып саналады», – деген пікір білдіреді Ә.Дербісалин «Әдебиет туралы толғаныстар» атты кітабында.
Қазтуған жыраудың толғауларының тақырыбы – ата қоныс, туған жер. Жыраудың туған дерге деген ыстық сезімі әр тармақ сайын киелі «жер», «жұрт» сөзімен тиянақталып шебер өрілген. Оқыған, естіген адамды ерекше әсерге бөлейді.
Қазтуған толғауларының ішінде адам бейнесін жасауда шоқтығы биік ерекше сөз өрнегі – «Мадақ жырынан» танылады. Жырау өз бойындағы тұлғалық қасиеттерді еркін көсіле толғауына өлеңнің “мен” “мен едім” формасында емес, екінші жақта айтылуы сөз бастандығын беріп, жағымды жағдай туғызғандай әсер етеді. Көркем шығармада адам образының жасалу жолы портрет, мінездеу, жанама мінездеу, кейіпкердің іс-әрекеті, күйініш-сүйініші, психологиялық параллелизм, монолог (ішкі монолог) арқылы жүзеге асады десек, осы бір шағын өлеңде адам бейнесін беруде бұл тәсілдердің біразы қамтылған.
Бұдырайған екі шекелі,
Мұздай үлкен көбелі,
Қара ұнымы сұлтандайын жүрісті,
Адырнасы шайы жібек оққа кірісті,- деген тармақтарда автор метафоралық бөлшектерден күрделі эпитеттер қолдану арқылы батырдың портретін жасаған.
Айдаса қойдың көсемі,
Сөйлесе қызыл тілдің шешені,
Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,
Қалайылаған қасты орданың сырығы...
Буыршынның бұта шайнар азуы,
Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.- деген күрделі метафорамен келген тармақтар - образға жасалған таза мінездеулер. Мізедеудің өзі адамның болмыс, бітімін әр қырынан, яғни елге тұтқа болар қол бастарлық қасиеті, шешендік, билік айтар көсемдік қасиеті, ел тентегіне тойтарыс берер өрлік қасиеті, ел таянышы боларлық көрнектілік қасиеті тұтас қамтылып, кең көлемде сипатталады.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын өтіп бұзып дінді ашқан – деген тармақтар ел қамын ойлап, халық мүддесіне әрекет еткен образдың іс-әрекетін танытады.
Қазтуғанның «Мадақ жыры» қазақ әдебиетіндегі ода, қасида жанрында жазылған өлеңнің көркем де шебер жасалған үлгісі десе болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет