Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет8/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
«Хаммад ғұламалар 
ішінде ең жомарты еді, жылда келетін қасиетті 
рамазан айында күнде 500 адамға ауызашар 
беретін, жағдайы нашар шәкірттеріне ақшалай 
көмектесіп тұратын еді»
,–деп риуаят етіледі.
Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.) дүние салғаннан 
соң, оның ісі баласы Исмаилға тиді. Жұрт та 


q
q
18
Имам Ағзам Әбу Ханифа
оның бойынан әкесінің ілімі мен асыл бейнесін 
көргісі келді. Өкінішке орай, Исмаил бірақ халық 
көңілінен шыға алмады. Сол себепті ұстазының 
оқу-ағартушылық істерін әрі қарай жандандырып, 
дамытуды шәкірті Әбу Ханифа мойнына алды. 
Халықтың қалағаны да сол болатын. Ол кезде оның 
жасы қырықта еді.
Әбу Ханифаның есімі мен білімі кеңінен 
тарай бастайды. Оған жер-жерлерден білім алу 
мақсатымен мыңдаған талабалар келіп жатты. Оның 
дәрісханасы Куфадағы ең үлкен, әрі берекелі білім 
ошағына айналды. Шәкірттердің ғылыми сұхбаттары 
мен қуанышты үндері мешіт сыртынан да естіліп 
тұратын.
Әбу Ханифа ақылды, өткір, парасатты кемел ой 
иесі еді. Осы ерекшелігімен ол тез арада өз дәуірінің 
ең ұлы ғалымдарының біріне айналды. Ол– ислам 
фиқһының үлкен мүжтаһид ғалымы болды. Құран 
кәрім және сүннеттен басқа нақты дәлел ретінде 
ол сахабалардың, табиғиндердің алқалы пікірін, 
сондай-ақ қияс (салыстыру), истихсан (дұрыс санау, 
жақсы деп білу) және ғұрып-дәстүр сияқты фиқһ 
қағидаларын пайдалана отырып, шариғат шеңберінде 
үкімдер шығара білді.
Әбу Юсуф (р.а.) ұстазын: 
«Бет пішіні және 
дене бітімі жөнінен ол әдемі еді. Сөзге өте шешен, 
дәлел келтіруге өте ұста, тілі жұмсақ болатын. 
Дәрісіне қатысқан кез-келген адам оның ілім үйрету 
әдісінен ләззат алатын. Ол шәкірттерінің шариғат 
мәселелерін терең түсінетін ғалым болуларына 
көп көңіл бөлді. Оларға жұмсаған күш-қайраты 
соншалық, ол кісіден дәріс алған кез-келген адамның 
әйгілі ғалым болуы оңай еді»,
–деп еске алады.


q
q
19
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Имам Ағзам түні бойы ғибадат етіп, күндіз ораза 
тұтатын, тілін жалған сөзден сақтап, тәнін пәк 
ұстайтын, жағымсыз іс-әрекет пен ойын-сауықтан 
аулақ жүретін, Алла тағаланың разылығын табуды 
өзіне парыз санайтын. Имам Ағзамның имандылығы 
мен тақуалығы, білімділігі мен парасаттылығы туралы 
Имам Шафиғи (р.а.): 
«Адамдар фиқһ ғылымында 
Әбу Ханифаға қарыздар. Кімде-кім Әбу Ханифаның 
кітаптарын оқымаса, ғылымға бойламағаны және 
фиқһ ғалымы болмағаны»,
–дейді. 
Ол тақуа, білімді және парасаттылығынан да 
харам істерге жоламайтын, күмәнді нәрсеге де қол 
сұқпайтын өте сақ адам болатын. Сондықтан, оның 
уағызы әрбір тыңдаушы жүрегіне жететін. Оны 
төмендегі әңгімеден білуге болады:
«Имам Ағзам Куфаның орталық мешітінде жұма 
күні уағыз айтатын. Бір күні жұмадан соң оған 
бір құл келіп: «Ұстаз, сізден өтініш. Құлды азат 
етудің артықшылығы мен сауабы туралы да уағыз 
айтыңызшы. Мүмкін қожамның көңілі жібіп, мені 
азат етер»,–дейді. Әбу Ханифа: «Жарайды, сен 
айтқаныңдай болсын»,–деп жауап береді. (Ол кез 
құлдық заманы болатын). 
Келесі жұма да жетті. Бірақ, Имам Ағзам уағызын 
басқа тақырыпқа арнайды. Тағы бір жұма өтеді. 
Құлдың өтініші тағы орындалмай қалады. Үшінші 
жұмада Имам Ағзам құлды азат ету және оның мән-
маңызы мен артықшылығы туралы тартымды да 
әсерлі уағыз айтады. 
Жұмадан соң әлгі құлдың қожасы келіп: 
«Ұстаз 
куә болыңыз. Алла разылығы үшін құлымды азат 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет