Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Мазһабтардағы 
айырмашылықтар 
тек 
абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни, біз өз 
мәзһабымызды абзал санаймыз да, ал қалған үш 
мәзһабты дұрыс деп білеміз. Тек біздің мәзһаб 
дұрыс, қалған үшеуі бұрыс деу адасушылық 
болып есептеледі.
Соның ішінде біздің Ханафи мазһабымыз тұла 
бойы адамгершілік пен бүкіл адамзатқа ортақ асыл 
құндылықтарға бай. Бұл күндері әлем халқының 
төрттен бірі мұсылман болса, солардың 48% осы 
мазһабта. Қалған 52% үш мазһаб пен өзге де 
ағымдарға тиесілі.
Имам Малик мазһабын Африканың бірқатар елі, 
Имам Шафидің мазһабын Мысыр, Сирия, Малайзия, 
Индонезия, ал Ахмад ибн Ханбал мазһабын Парсы 
шығанағы аймағындағы халықтар ұстанады. Әбу 
Ханифа мазһабы негізінен Үндістан, Пәкістан, 
Ауғанстан Түркия, Ресей, Кавказ, Орта Азия мен 
Қазақстан жұртына кеңінен тараған. 


q
q
9
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Осы төрт мазһаб ішіндегі жұмсағы әрі халқымыз-
дың жүрегі мен табиғатына, әдет – ғұрпына жақыны, 
бабаларымыз ежелден таңдаған Әбу Ханифа – Имам 
Ағзам мазһабы. Исламдағы бір мазһабта болудың 
артықшылығы – 
халық біртұтас, ынтымағы 
мен бірлігі күшті, ұйымшыл болады. Орта 
Азия мен Қазақстанда қанша ғасырлардан бері 
діни алауыздықтың болмай, ұрыс-керіс, дау-
жанжалдан іргесін аулақ салуының да бірден-бір 
сыры осында. Өйткені, құлшылық амалдарының 
бір болуы ондай жат пиғылдың тууына жол 
бермейді.
Әбу Ханифа мазһабы өзге діни мектептермен 
салыстырғанда өз жамағатына көп жеңілдік беруімен 
әрі демократиялығымен де ерекшеленеді. Біздің 
жартылай көшпелі халқымыздың бұл мазһабты 
қабылдауының тағы бір себебі – өз дүниетанымы, 
болмысы мен діліне оның тонның ішкі бауындай 
жақындығында. 
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен 
оның қарауындағы бүкіл мешіттер Әбу Ханифа 
мазһабы бойынша шариғат ұстанып, соған орай амал 
етеді. Бұл ел бірлігі мен ынтымағын, достығы мен 
ұйымшылдығын сақтап, оны одан әрі күшейте түсуге 
қызмет ету деген сөз.
Ханафи мазһабының негізін қалап, оны нығайту 
жолындағы фиқһ ғұламаларының жасаған қызметін 
дін ғұламалары былай баяндайды:
«Фиқһ ілімінің 
дәнін Абдулла ибн Мәсъуд (р.а.) екті, Имам Әлқама 
өніп шыққан егінді суарды, Ибраһим ән-Наһаъи 
піскен астықты жинады, Әбу Ханифа оны диірменге 
тартты, Имам Әбу Юсуф ұннан қамыр жасады, 
Имам Мұхаммед нан пісірді. Міне, барлық халық осы 


q
q
10
Имам Ағзам Әбу Ханифа
күнге дейін Имам Ағзам дайындаған ұннан жасалған 
нанды жеп келеді».
Негізінде 
«фиқһ»
сөзі «терең, жан-жақты түсіну» 
деген мағынаны білдіреді. Фиқһ пәні ғибадат
қоғамдағы өзара қарым-қатынас, әдет-ғұрыптардың 
шариғатқа сәйкес тәртіп – қағидалары мен оның 
қайнар көзін үйретеді. Бұл саланың маманын фақиһ 
(мұсылман заңгері) деп атайды. 
Әли ибн Әбу Талиб (600–661) пен Абдулла ибн 
Масъуд (р.а.) (590–653) Куфа қаласында шариғат 
жөнінде білім беретін орталық құрып, Құран кәрім 
мен сүннет бойынша тәлім-тәрбие істерін жүргізген 
алғашқы сахабалар еді. Кейінірек бұл білім ордасын 
шариғат ілімінің ғалымы, ұлық сахаба Абдулла ибн 
Масъуд (р.а.) басқарып қалады. Ол туралы хазіреті 
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет