Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011


«Алла тағала балаңызға және оның болашақ



Pdf көрінісі
бет6/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
«Алла тағала балаңызға және оның болашақ 
ұрпақтарына мол береке берсін»,
–деп дұға етеді. 
Атасының тілегі мен халифаның дұғасы қабыл 
болып, ұрпағынан иманды да, тақуалы ғалым Әбу 
Ханифа дүниеге келеді.


q
q
12
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Әбу Ханифаның әкесі Сәбит те өте тақуа адам 
болған. Ел арасында ол туралы ғибратты әрі 
жұртқа таныс төмендегі оқиға жиі айтылады: 
«Әбу 
Ханифаның әкесі Сәбиттің жас жігіт кезі еді. Бірде 
дәрет алып, сүлгімен бет-аузын сүртіп тұрғанда
арықта ағып келе жатқан алмаға көзі түседі. 
Алманың әдемі түсі көз тартатын. Сәбит шыдамай, 
алманы алып бір тістейді. Сонан соң ол: «Не істеп 
қойдым? Алманың иесі бар шығар? Оны тауып, 
дереу ризашылығын сұрайын»,
– деп, өзен бойымен 
жоғары қарай алманың иесін іздеуге шығады. 
Содан ол үлкен баудың ішіне кіреді. 
«Жеген алмам 
осы баудан шығар»,
-деп, Сәбит бау иесіне барып, 
оған: 
«Ассәләму әлейкум! Ойламай бақшаңыздың 
бір алмасын жеп қойдым. Мүмкін болса, кешірім 
етсеңіз»,
–дейді. 
Жігіттің ақылдылығы мен имандылығын байқаған 
бағбан әдейі: 
«Разы емеспін»,
–деп дөрекілеу жауап 
қайырады. Бұл сөз Сәбитке ауыр тиеді. Ол бағбанның 
аяғына жығылып, оған: 
«Кешіріңіз! Жеген алманың 
ақысын төлейін немесе қызметіңізді істейін»,
–деп 
жалбарынады. Сонда бағбан: 
«Онда былай. Үш жыл 
қызметімді істейсің. Сонан кейін арғысын көре 
жатамыз»,
–деп жігітке шарт қояды. Амал жоқ
Сәбит шартқа көнеді. Өйткені, ақырет есебі мен кісі 
ақысынан қорқатын. 
Ол үш жыл бойы бағбанның үйінде адал қызмет 
етеді. Мерзімі біткеннен соң, кетуге рұқсат сұрайды. 
Бағбан оған: 
«Мен саған үш жыл өтсе, арғысын 
тағы көрерміз деп едім. Сондықтан, менің тағы 
бір кішкене шартым қалды. Соны орындасаң, сөзім 
сөз, сенен разы болып, рұқсатымды беремін»
,–дейді. 
Сәбит көнеді. Бағбан оған: 
«Менің бір қызым бар. 
Көзі көрмейді, құлағы естімейді, қол – аяғы сал әрі 


q
q
13
Имам Ағзам Әбу Ханифа
мылқау. Соған үйленесің. Соңғы шартым осы»
,–
дейді. Жігіт бұған да көнеді. 
Қыз бен жігіттің некелері қиылып, тойы өтеді. 
Жігіт шымылдыққа кірген соң, көзі де көретін, 
құлағы да еститін, қол-аяғы да сап-сау қызды көреді. 
Қыздың әкесіне барып, оның сырын сұрайды. Әкесі 
айтқан сөздерінің себебін былай түсіндіреді: 
«Қызым 
ұят нәрселерге қарамайды, сол үшін ол көр; ұят 
әрі балағат сөздерді естімейді, сол үшін ол керең
тыйым салынған нәрсеге қол созбайды және бұзық 
жерлерге бармайды, сол үшін оның қол-аяғы сал; 
жаман сөз сөйлемейді, сол үшін ол мылқау. Қызымды 
сен сияқты құдайшыл, иман жүзді жігітке берсем, 
ол Алладан қорқатын, біреудің ақысын жемейтін 
таза адам болып, туған немерелірім де Ислам 
тағлымдарына сәйкес өмір сүрсе деген арманым бар 
еді. Алла маған сені жеткізді. Бір көргенде-ақ сенің 
адал екеніңді байқадым. Сонда да сынап бақсам 
артықтық етпес деп ойладым. Сен мен ойлағандай 
боп шықтың. Бұдан былай ерлі-зайыпты болып, бірге 
тату-тәтті өмір сүріп, бақытты болыңдар»,
–деп 
батасын береді. Міне, осындай пәк, тақуа, текті 
отбасында әлемге әйгілі ғалым Имам Ағзам дүниеге 
келеді» [3, 65-67]. 
Имам Ағзам Әбу Ханифа ән-Нұғман ибн Сәбит 
(р.а.) Ирақтың Куфа қаласында үмәуйлік халифат 
тұсында (699 жылы ) дүниеге келген.
Азан шақырып қойылған аты ән-Нұғман 
болғанымен, халық оны Әбу Ханифа немесе Имам 
Ағзам деп атайтын. Өйткені, ислам әдебі бойынша 
үлкен ғалым адамдардың аттары аталмайды. Олар 
хазірет, ұстаз сияқты құрметті сөздермен тілге 
алынады. 


q
q
14
Имам Ағзам Әбу Ханифа
«Әбу Ханифа»
(Ханифаның әкесі) оның шын 
есімі емес, өйткені, оның Ханифа атты перзенті 
болмаған. (Имам Ағзамның Хаммад есімді жалғыз 
ұлы болған. Хаммадтан екі ұл қалады, біреуінің 
есімі – Омар, ал екіншісі – Исмаил). Ғалымдардың 
айтуынша, 
«ханифа»
— мазһабтың сипаты болып, 
ол 
«хақ, тура жол»
деген мағынаны білдіреді. 
«Әбу»
сөзінің түп мағынасы 
«әке»
болғанымен, сонымен 
қатар оның 
«иесі, өкілі, басшысы, жетекшісі»
деген 
баламалары да бар. Сонда, 
«Әбу Ханифа»
деген 
сөздің мағынасы 
«хақ жолдың бастаушысы, тура 
жолдың жетекшісі»
дегенге саяды. 
Әу бастан адамзатқа түсірілген, адам табиғатына 
ең лайық, нағыз тәухид дін – ол ханиф дін. Құранда 
Алла тағала: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет