Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
«Ибн Масъудтың 
айтқандарын бұлжытпай орындаңдар»
, – деген. 
Бұл кісі Куфада Құран Кәрім мен хадис шәріптен 
сабақ беріп, шариғат ғылымының мамандарын 
дайындады.
Олардың бірі – Әлқама ибн Кайс (р.а.). Ол – Омар, 
Әли, Әбу Дәрда (?-652), Айша, Саъд, Хузайфа, Халид, 
ибн Масъуд және басқа да сахабалардан (р.а.) дәріс 
тыңдаған әрі хадис риуаят еткен сахаба. Абдулла ибн 
Масъуд (р.а.): 
«Менің білімім Әлқаманың білімінен 
артық емес»,
– деген екен.. 
Абдулла ибн Масъуд (р.а.) дүние салғаннан кейін, 
Әлқама ұстаз болып қалды. Бұдан кейін білім ордасын 
«Фақиһ әл-Ирақи»
, яғни 
«Ирақтың шариғат ілімінің 
маманы»
деген атаққа ие болған Ибраһим ән-Наһаъи 
басқарды. Ол кісіден кейін Хаммад ибн Сүлеймен 
(р.а.) Куфаның үлкен ұстазы саналды. Одан соң бұл 
орынды 
имамдар сарбазы
Әбу Ханифа ән-Нұғман 
ибн Сәбит (р.а.) иеленді.


q
q
11
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Имам Ағзамнан (р.а.) кейін бұл жолды оның 
шәкірттері – ұстаз Әбу Юсуф пен имам Мұхаммед 
ұстанды. Олар ұстазының шығарған пәтуаларын 
хатқа түсіріп, халыққа насихаттаған. Осы кісілер 
арқылы Ханафи мазһабы жер жүзіне тарады әрі фиқһ 
саласы кемеліне жете дамыды.
Әбу Ханифа. Ғибратты өмір өрнектері
Имам Ағзамның ата-бабалары Әмудария өзені 
жағалауындағы Тирмиз бен Хорасанда ертеректе 
болған Наса қалаларында өмір сүрген. Олар парсы 
әулетінен еді. Әйтсе де, кейбір деректерде оның 
түркі текті екені жайлы да айтылады. Ұлық төрт 
халифа кезінде Ислам діні парсы елдеріне тарай 
бастады. Исламға қарсы шығып, тұтқынға алынған 
дінсіздер ішінде Әбу Ханифаның бабасы да болған 
деседі. Кейінірек ол Исламның шынайы дін екенін 
түсініп, мұсылман болады. Сол себепті ол тұтқыннан 
босатылып, үйіне жіберіледі.
Отбасына аман-есен оралған бабасы Исламды 
тереңінен түсініп, балаларын да Исламға сәйкес 
тәрбиелейді, болашақтағы ұрпағының барлығы 
Исламның ақ жолында дүниеге келулерін тілейді. 
Хазіреті Әли ибн Әбу Талибтің (р.а) халифалық 
кезінде олар Хорасаннан Куфа қаласына қоныс 
аударады. Бабасы ұлы Сәбитті хазіреті Әлидің (р.а) 
қасына ертіп барып, бата сұрайды. Хазіреті Әли 
(р.а): 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет