Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры ұЛЫҚ имам – имам ағзам әбу ханифа алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет7/21
Дата16.09.2023
өлшемі0,61 Mb.
#108213
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
«Ендеше, (Ей, Мұхаммед) бетіңді 
ханиф (тура, шынайы) дінге бұр. Адамдарды Алла 
әу баста сол дін үшін жаратқан. Құдай жаратқанды 
өзгерту мүмкін емес. Сенің дінің хақ дін, тек көп 
адам соны білмейді»,
–дейді («Рум» сүресі, 30–аят).
Ханиф сөзі 
«ислам»
ұғымында да қолданылады. 
Сахабалар:
 
«Алла қандай дінді қабыл етеді?»
, – деп 
сұрағанда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
 «Ханиф (Ислам) 
дінін»,
–деп жауап берген. Басқа бір хадисте: 
«Алла 
барлық пенделерін ханиф (дінге, таухидке бейім) 
етіп жаратты»,
–делінген.
Құран Кәрімде Алла тағала: 
«Ибраһим яһуди 
де, христиан да болған емес, ол ханиф (нағыз) 
мұсылман болған. Көп құдайшылдар қатарында 
да болмаған»,–
деген («Әли Ғимран» сүресі, 67–аят). 
Ия барлық әлемдік дәстүрлі діндер ханиф – тұп-
тура дін болған. Бұл дін – адам табиғатына жеңіл 
келіп, жүрекке жылы тиген, жанын рахатқа бөлеп, 
бейбітшілік бесігінде тербеткен кеңпейілділік діні. 
Имам Ағзамның көзқарастары басқа ғалымдарға 


q
q
15
Имам Ағзам Әбу Ханифа
қарағанда кеңпейілділік пен жеңілдік рухына сай 
келгендіктен, жұрт оны Әбу Ханифа деп атаған. 
Ғасырының танымал, беделді, ірі ғалымы 
болғандықтан халық оны Имам Ағзам деп те 
атайтын. Бізде имам деп мешіт қызметкерін түсінеді. 
Бірақ, бағзы заманда имам деп аса білімді әрі тақуа 
кісілер айтылатын. 
«Имам»
– 
«жетекші, басшы, 
ұстаз, данышпан»
деген мағыналарды да береді. Ал, 
«Ағзам»
сөзінің 
«айбынды, ең зор, ең үлкен, ұлық, 
теңдесі жоқ»
деген мағыналары бар. Шынында 
да, Имам Ағзам мұсылмандардың жетекшісі, 
ғалымдардың басшысы, білім мен тақуалықта теңдесі 
жоқ данышпан, айбынды әрі ұлық ұстаз еді. 
Абдулла ибн Мүбарәк (р.а.): 
«Имам деген атқа Әбу 
Ханифадан артық лайық кісі жоқ. Өйткені, ол өте 
тақуа ғалым еді, фиқһ ілімі жолында басқалар ол кісі 
секілді еңбек ете алмады. Ол асылдығы, көрегендігі, 
қабілеттілігі, парасаттылығы арқасында оған жол 
салды», 
– деп еске алады.
Ислам діні тарих сахнасына көтерілгеннен кейін 
Куфа Ислам нұрына малынып, онда өнер, ғылым 
мен мәдениет дами түсті. Әсіресе, соңғы халифа 
Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) тұсында мұнда атақты 
ғұламалардың дәрісханалары көбейіп, бұл жерге 
әлемнің түкпір-түкпірінен ілім алу мақсатымен 
мыңдаған шәкірттер ағылып келе бастады. 
Әбу Ханифа да осындай ортада дүниеге келіп, 
онда өнегелі өмірі басталды. Ол жастайынан Құран, 
хадис, араб тілі мен әдебиетіне көңіл қойып, азды-
көпті дәріс алды. Дегенмен, біржола ілім қуып 
кетпеген де еді.
Әкесі саудагер-тін. Олардың жеке дүкендері болды. 
Онда олар жібек мата саудасымен айналысатын. Әбу 


q
q
16
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Ханифа әуелде мешітке тек күнделікті бес уақыт 
намаз оқу үшін ғана барып тұрды.
Бірде ол сол дәуірдің атақты ғалымы Шағбиге 
(р.а.) кездесіп қалады. Шағби одан: 
«Қайда барасың, 
інім?»
– деп сұрайды. Ол заманда адамдар тек ілімді 
ойлап, табыс табу, бала-шаға бағу, үйлі-жайлы болу 
секілді дүние тіршіліктерін екінші орынға қоятын. 
Сұрақ төркінін түсінген Әбу Ханифа дәрісханаларға 
барып, жүйелі сабақ алып жүрмегендігінен, 
«Базарға»

– деп, ұяла жауап береді. Өйткені, осы уақытқа дейін 
оның мақсаты да, кәсібі де сауда болып келген-ді, ал 
сабаққа деген қызығушылығы шамалы еді. 
Әбу Ханифаның бойындағы асыл қасиеттерді, 
оның ақылдылығын, зеректігін, шешендігін және 
ойының ояулылығын байқаған Шағби (р.а.) бұл 
жігіттің былай жүргеніне іштей қынжылады. Әбу 
Ханифаның болашақта үлкен ғалым болатынын 
іштей сезген Шағби (р.а.) оған: 
«Уақытыңды бос 
өткізбей, ғалымдардың дәрісханаларына қатысып, 
сабақ оқы»
,–деп ақылын айтады. Шынайы сөз Әбу 
Ханифаның жүрегіне жетеді. Сол күннен бастап 
ол барлық уақыты мен күш-жігерін ғылым-білімге 
салады. Ол кезде Әбу Ханифа жиырма екіде ғана еді 
[4, 15].
Ол жылдары Куфадағы оқу-ағарту істеріне 
Хаммад ибн Сүлеймен (р.а.) жетекшілік ететін. Әбу 
Ханифа хадис пен фиқһ ілімін сол заманның ең 
атақты ғалымдары – Шағби және Хаммад сияқты 
ғұламалардан үйренді. Куфада хадис ұстаздары, араб 
тілі мен әдебиеті мамандары, шариғат ғалымдары 
жеткілікті болатын.
Ибн Шуһаб аз-Заһри: «Әлемде беделді ғұламалар 
төртеу. Олар: Мәдинада ибн әл-Мусәйб, Куфада 
Шағби, Басрада Хасан әл-Басри (642–728), Шамда 


q
q
17
Имам Ағзам Әбу Ханифа
Мәкхул (р.а.)»,–деп сол кездің ең үлкен ғалымдарын 
атайды.
Шағби (р.а.) бес жүзге тарта сахабалармен 
кездесіп, олардан білім алған. Омар ибн Әбдул 
Әзиздің (р.а.) халифалық тұсында Куфа қаласында 
қазылық қызмет етіп, 87 жасында дүниеден өткен. 
Оның қайтыс болғанын естіген Хасан әл-Басри: 
«Шағби Исламда өзінің ерекше орны бар нар тұлғалы 
адам еді. Алла тағала оны өз мейіріміне бөлесін»,

деп дұға еткен.
Әбу Ханифа өмірінде төрт сахабамен кездескен. 
Олар: Әнас ибн Малик, Абдулла ибн Әбу Ауфә, 
Сәһл ибн Саъд және Әбу Туфайл. Сахабаны көрген 
адам 
“табиғин»
деп аталады. Дегенмен, 
«табиғин»
сөзінің анықтамасы жөнінде екі түрлі көзқарас бар. 
Біріншісінде: 
«табиғин – сахабаның көзін көрген 
адам»,
– делінсе, ал екіншісі: 
«табиғин – сахабаны 
көріп, одан білім үйренген адам»,
– деген пікірді алға 
тартады. 
Әбу Ханифа ұстазы Хаммадтың (р.а.) қолында 
жүйелі түрде 18 жыл оқыған. Ұстазы дүниеден 
өткенге дейін, одан ажырамаған. Өйткені, ол ұстазын 
жақсы көріп, оның асыл қасиеттерін, даналығын, 
парасаттылығын, тақуалығын, әсіресе кеңпейілділігі 
мен жомарттылығын өзіне үлгі тұтқан. 
Хаммад бай болғанымен, мал-мүлкін туған-
туысқандарына, жетім-жесірлерге және шәкірттеріне 
жұмсайды екен. Бұл жайлы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет