Issn 1607-2782 Республикалық ғылыми-әдістемелік


ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата12.03.2017
өлшемі3,29 Mb.
#8959
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

ЖОҒАРҒЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БОЛАШАҚ 
МҰҒАЛІМДЕРДІ ДАЯРЛАУДА ОҚЫТУДЫҢ 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Ұ.З. ЕШІМОВА, 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Ш.А. ЖУМАГУЛОВА, 
магистрант,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу­тәрбие процесіне озық тәжірибе­
ні,  ғылыми  жетістіктерді  енгізуді  талап  етеді.  Қазіргі  мектеп  мұғалімдерінің  алдында  тұрған  басты 
міндет – оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. 

117
Жас ұрпақ заман талабына сай білім беру, әрбір ұстаздан шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен 
ізденісті талап етеді. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауат­
ты, жан­жақты маман болуы мүмкін емес. Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру 
жүйесінің  алдына  оқыту  үрдісін  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр.  Осындай  сұраныстарға 
орай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енгізілуде.
Физика сабағында оқушылардың белсенді қабілеттерін арттыру – педагогикалық мәселелердің бі­
рі. «Қазақстан­2050» атты Елбасының стратегиялық бағдарламасында ең негізгілердің бірі – жоға ры 
интеллектуалды жастарды жан­жақтылыққа тәрбиелеу. Сондықтан, мұғалімдер қауымының алдында 
үлкен міндет жүктелді [3].
Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі – интербелсенді әдіс. Интербелсенді 
оқу  білім  процесінің  бұрынғы  біржақты  түсінігін  екіжақты,  диалогтік  түсінікке  ауыстырады. 
Интербелсенді оқудың негізгі қағидасы әрекет арқылы және әрекетпен үйренуге негізделеді: адам 
бірінші өз қолы мен жасағанды есте сақтап, игереді. Конфуцийдің «Маған не айтып берсең – ұмытып 
қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, өзіме жасатсаң – үйренемін [1]» деген ұлағатты сөзінде біраз 
мағына жатыр.
Осыған  байланысты,  интербелсенді  әдістемеде  қолданылатын  дидактикалық  тәсілдер  ретінде  тірек 
сызба жасау әдісін ұсынамыз. Тірек сызбаның тиімді жақтары – оқушының мынадай мәселеге көңіл 
аударуын  қажет етеді:
• Тірек­конспектіні мұқият оқып шығып, егер түсініксіз сұрақтар кездесіп қалса, оқулықтағы мате­
риалды қарау; 
• Тірек­сызбада берілген материалды жадында жақсы сақтап, меңгеру үшін дәптерге заңдар мен 
олардың математикалық өрнегін, негізгі формулалар мен теңдеулерді, заңдылықтарды жазып алу;.
• Көру мен жазу арқылы өзінің есте сақтау қабілетінің артуына көп ықпал жасау [5];
Мысалы, «Геометриялық оптиканың негізгі ұғымдары мен заңдары» тақырыбын оқыту барысында 
төмендегідей тірек сызбаны ұсынамыз.
Геометриялық  оптикада  қарастырылатын  негізгі  ұғымдар.  Геометриялық  оптика  –  жарықтың 
табиғатын қарастырмай, оның тек таралуын ғана зерттейтін оп тиканың бөлімі. Геометриялық оптика – 
тек геометрияның заңдарына ғана сүйенетін абстракты оптика.
Жарық  табиғатты  танудағы  маңызды  құрал  болып  табылады.  Бізді  қоршаған  дүние  туралы  мә­
ліметтің  90%­ын  біздің  көру  мүшеміз  береді,  ал  оның  тасымалдаушысы  жарық  болып  табылады. 
Жарық дегеніміз не? Осы сұрақтың жауабын төмендегі 1, 2­сызбаны болашақ мұғалімдердің «Физика­
ны оқыту әдістемесі» пәнінде қолданудың тиімділігі зор (1­сурет) [2].
Бұл  қысқаша  «Геометриялық  оптика  тарауының  негізгі  ұғымдары  мен  заңдары»  тақырыбының 
негізгі элементтері негізгі мектеп физика курсында және орта мектеп физика курсында да қолданыла­
ды [2, 4]. Алайда, болашақ мұғалім сызбаны өз қажетінше оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 
қолдануына толық мүмкіндік береді (1­сурет). 
Келесі 3­тірек сызба «Геометриялық оптика тарауының негізгі ұғымдары мен заңдары» тақырыбын 
оқытуға байланысты. Бұл сызбаның артықшылығы – негізгі мектепте де, орта мектепте де қолдануға 
тиімді (2­сурет).
Физика сабағында тірек сызбамен оқыту технологиясын қолдану арқылы мектеп физика мұ ғалімі:
• уақытын үнемдеуге, ұтымды пайдалануға;
• оқушыларға білімді жүйелі беруге;
• оқу материалдарын оқушылардың жас еркшеліктеріне сәйкестендіруге мүмкіндік жасайды;
• бірнеше оқушыларды бағалай алады.
Ал оқушы үшін:
• тірек сызбаны қолдану арқылы есте сақтау қабілетін дамытады;
• оқушыларға ұзақ мәтіннен гөрі нақты негізгі ұғымдарды іріктеп алуға мүмкіндік алады;
• жоғары сынып оқушыларына жоғарғы оқу орындарында оқуға дайындық ретінде көмек жасайды;

118
Сурет 1.
Сурет 2.

119
Әдебиеттер:
1.  Әлімов  А.  ЖОО­да  оқытудың  интербелсенді  әдістемесін  қолдану  курсының  «Интербелсенді 
оқытудың тәсілдері» атты бірінші семинар­тренингі. – 2012 .
2. Дүйсенбаев Б.М., Байжасарова Г.З., Медетбекова А.А. Физика / 8­сынып оқулығы. – Алматы: 
Мектеп, 2008.
3. «Математика және Физика» ғылыми әдістемелік журналы. – 2011. – №2.
4. Тұяқбаев С., Кронгарт Б. Физика / 11­сынып оқулығы. – Алматы: Мектеп, 2007.
5. «Физика Қазақстан мектебінде» ғылыми әдістемелік журналы. – 2012. – №1. 
Резюме
В статье излагается определение эффективных путей применения интерактивных методов обучения 
темы «Основные понятия и законы главы, «Геометрическая оптика» для будущих учителей физики.
Предлагаются конкретные рекомендации для использования опорно­схематической технологии при 
формировании в процессе обучения физического понятия.
Summary
This article states the determination of effective ways to use interactive teaching methods of theme «Basic 
concepts and laws of the chapter «Geometrical Optics» for future physics teachers.
Also the specific recommendations for the use of support­schematic technology in shaping the learning 
process of physical concepts are suggested.
ӘОЖ 372.853:004.032.6
ОРТА МЕКТЕПТЕ «ЖЫЛУЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС» 
ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУДА 
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
Ұ.З. ЕШІМОВА, 
педагогика ғылымдарының кандидаты 
Ж. М. НАЗАРОВА
магистрант,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, 
Қазақстан Республикасы
Қазіргі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой­өрісінің шыңдалуын, жеке тұлға ретінде қалыптасуын 
талап етуде. Егеменді еліміздің алғышарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өр­
кениетке жету үшін жан­жақты дамыған, рухани бай тұлғаны өсіру керек. Жас ұрпақтың бойындағы 
қабілетін  көру,  оны  жетілдіру  ізденгіштік  қасиетін  дамыту  мұғалімнің  сабақ  берудегі  ізденушілік, 
шеберлік қабілеттеріне байланысты.  
Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа Жолдаған жолдауында «Біздің міндет – жаңа технологияларды, 
идеялар   мен  көзқарастарды  пайдалана  отырып,  білім  мен  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу»  деп 
ұстаз дар қауымының алдына жаңа міндеттер қойды [2]. 
Дәстүрлі  білім  беру  өз  мақсаты  мен  мағынасын  нақты  белгіленген  (мемлекеттік  стандарттар да 
көрсетілген  пәндер  мен  сабақтардың  аумағында)  білім  жиынтығын  игерумен  шектейді.  Ал  иннова­
циялық  көзқарас  оқу­үйренудің  негізін  тек  пәндер  емес,  ойлау  мен  рефлексияға  негізделген  ин тер­

120
белсенді әдістер құрауы керек деп түсінеді. Интербелсенді әдістер педагогикалық тәсілдердің өз геруі­
не алып келіп, оқушылардың өздік және өзіндік дамуына, олардың өз мүмкіншіліктері мен ұстан ған 
құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді. Тұлғаның пәнге деген қызығушылығын туғызып, 
танымдық іс­әрекетті қалыптастыру үшін интербелсенді оқыту үрдісін пайдалану қажет. Сонда бізде 
интербелсенді оқыту дегеніміз қандай оқыту және бұл оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері 
қандай деген сұрақтар туындайды. Енді осы сұрақтарға жауап беретін болсақ, интербелсенді оқыту – 
бұл, ең алдымен, оқушы мен мұғалімнің қарым­қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту 
болып табылады. Интербелсенді оқыту бірінші мезетте білім игеру процесіне қатысушылардың тиімді 
қарым­қатынасына негізделеді. Ағылшын тілінен келген «интерактив» сөзі де осы ұғымды білдіре ді: 
«inter» дегеніміз – «өзара» мағынасында, ал «act» «әрекет жасау» дегенді білдіреді» [1]. 
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз – біреумен қоян­қолтық қарым­қатынаста болу, оны­
мен бірлесе әрекет жасау, диалог құру [1].
«Интербелсенді»  дегеніміз  –  диалог  арқылы  үйрену  /  үйрету,  яғни  «үйретуші»  –  «үйренуші», 
«үйрену ші» – «үйренуші», «үйренуші» – «өзімен­өзі» форматтарында жасаған қарым­қатынас («әң­
гіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»). 
Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:
1) Барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;
2)  Әрбір  үйренушінің  өзінің  үйренгені  мен  өз  білімі  туралы  түсініктерін  ортаға  салып,  бірлесе 
талқылап, олар туралы ой толғауына мүмкіндік жасау. 
Сонымен интербелсенді оқыту бірлесе үйрену идеяларын ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйре­
нуші танымның ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, басқалармен өзінің білге­
німен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге қандай бірлескен үйрену / оқу әрекеттері 
арқылы жете алатындығын анықтайды. Енді осы интербелсенді оқытудың мынадай әдістері бар [1]: 
◊ Интербелсенді (интерактивті) лекциялар мен семинарлар;
◊ Пікірталастар;
◊ Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.);
◊ Кейс­стади;
◊ Тренингтер;
Оқытудың компьютерлік технологиялары. Осы интербелсенді оқытудың әдістерін қарастыра оты­
рып, осы интербелсенді әдістемеде қолда нылатын дидактикалық тәсілдер бар. 
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық 
құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асы­
ру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Олай бол­
са,  ақпараттық  бірліктердің  білімге  айналуы  әлемнің  жүйелік­ақпараттық  бейнесін  оқушылардың 
шы ғармашылық  қабілеттері  мен  құндылық  бағдарларын  дамыту  арқылы  қалыптастыруды  көздей­
тін,  адамның  дүниетанымының  құрамдас  бөлігі  болып  табылатын  интеллектуалды  дамуды  қалып­
тастырудың бір жолы.
Қазіргі уақытта жаратылыстану – ғылыми білім беруде сабақ барысында интербелсенді құралдарды 
қолдануда. Интербелсенді құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс 
істеуіне жол ашылып отыр.
Интербелсенді  оқыту  –  бұл  танымдық  әрекеттің  арнаулы  ұйымдастыру  формасы.  Ол  толық  ай­
қындалған және мақсатын алдын­ала болжауға болатын оқыту түрі [3]. Осындай мақсаттардың бірі – 
оқушы өзінің жетістіктерін, интеллектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысында қызығушылық­
та рын  арттыратын  оқытудың  жинақы  шарттарын  жасау.  Интерактивтік  оқытудың  тиімділігі  сол, 
сы  ныпта ғы барлық оқушы қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге 
және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Физика сабағында «Жылулық қозғалыс» тақырыбының негіз гі 
ұғымдарына броундық қозғалыс және диффузия жатады. Осы тақырыпты түсіндіруде, интербелсенді 
әдістемеде қолданылатын дидактикалық тәсілдер ретінде тірек сызба жасау әдісін қолдансақ болады. 
Оны төмендегідей етіп көрсетуге болады.

121
Сызба 1 [4].
Қорыта келгенде, жаңа оқыту технологиясы, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үр­
дістерді:  яғни,  жадының  алуан  түрлерін  –  есту,  көру,  қимыл  және  т.б.  ойлауды,  ынтаны,  қабылдау 
қа білетін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға,  сондай­ақ  тұлғаның 
қауіпсіздігін,  өзін­өзі  өзектілендіру,  өзін­өзі  бекіту,  қарым­қатынас,  ойын,  танымдық  және  шығар­
16­0126

122
машылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, белсенді сөздік қорын (ауызша және жазбаша тілінде) 
дамытуға бағытталуы. 
Оқытудың  интербелсенді  әдістемеде  қолданылатын  дидактикалық  тәсілдер  ретінде  тірек  сызба 
әдісінің артықшылықтары мынада [5]:
• оқушының қызығушылығын туғызады;
• әрқайсысының оқу процесіне қатысу белсенділігін кеңейтеді;
• оқу материалдарын тиімді меңгеруге бейімдейді;
• оқушыға көп жоспарлы әрекет етуге әсер етеді;
• мұғалімнің уақытын үнемдейді, оқушыны бағалау мүмкіндігі туады.
Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді жағдайға қояды, білім алу 
үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, интербелсенді оқытуды қолдану арқылы белгілі бір жетістіктер­
ге жете аламыз. Болашақ ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру, 
инновациялық үрдісте тиімді қолдану – қазіргі заман талабы.
Әдебиеттер:
1. Әлімов А. «ЖОО­да оқытудың интербелсенді әдістемесін қолдану» курсының «Интербелсенді 
оқытудың тәсілдері» атты бірінші семинар­тренингі. – 2012 .
2. Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағ­
дарламасы. – Астана, 2012.
3. Мұхамбетжанова С.Т. Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту. – Алматы, 2011. 
4. Дүйсенбаев Б.М., Байжасарова Г.З., Медетбекова А.А. Физика / 8­сынып оқулығы. – Алматы: 
Мектеп, 2008.
5. «Физика Қазақстан мектебінде» ғылыми әдістемелік журналы. – 2012. – №1.
Резюме
В статье излагаются эффективные пути применения интерактивных методов обучения и основные 
понятия по теме «Тепловое движение» для будущих учителей физики. Предлагаются конкретные ре­
комендации  для  использования  опорно­схематической  технологии  при  формировании  процесса  об­
учения физического понятия.
Summary
This article states the determination of effective ways to use interactive teaching methods of theme basic 
concepts on «Thermal motion» for future physics teachers.Also the specific recommendations for the use of 
support­schematic technology in shaping the learning process of physical concepts are suggested.
ӘОЖ 82.03: 372.881.111.1
АУДАРМАНЫҢ БАЗАЛЫҚ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ 
КЕЙБІР ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
М.Ш. ЖҰМАҒҰЛОВА, 
филология ғылымдарының кандидаты, доцент, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы
Қоғам дамуының қазіргі кезеңін халықаралық қатынастың өте қарқынды түрде жүріп, ұлғаюымен 
тығыз байланыстыра қарастыруға болады. 

123
Бүгінгі таңда көрші елдер ғана емес, бірін­бірі мүлде танымайтын мұхиттар арқылы бөлініп жатқан 
түрлі континенттер халықтары біртұтас саяси­экономикалық контексте өмір сүруде.
Жаһандану  процесі  жүріп  жатқан  кезеңде  әлемнің  барлық  елдерінен  мамандарды  жинап,  адам­
зат іс­әрекетінің түрлі мәселелеріне арналған конференциялар, симпозиумдар өткізу ешкімді де таң­
дандырмайды.
Мұның  барлығы  да  ерекше  мамандық  иелері,  тіпті  халықаралық  байланыс  мәселелерін  оңтай­
лан дыруға өз үлестерін қосып, қамтамасыз етіп жүрген аудармашылар еңбегінсіз іске аспаған болар 
еді. Аудармашылардың көмегінсіз, сондай­ақ, халықаралық дәрежедегі түрлі қоғамдық ұйымдардың 
құрылуы, әріптес мамандар арасында тәжірибе алмасулар, бірнеше ресми тілде жұмыс жасайтын БҰҰ, 
Еуропалық парламент тәрізді тұрақты ұйымдардың жұмысын көз алдымызға елестету қиын­ақ.
Толассыз жүріп жатқан халықаралық қарым­қатынаста аудармашыларға деген қажеттілік күннен­
күнге өсе түсуде. Ал бұл қажеттілік әлі де болса толық қанағаттандырылмай келеді.
Республикамыздың жоғарғы оқу орындарында жыл сайын тіларалық қатынас мәселесін қамтама сыз 
ету үшін кәсіби аудармашыларды дайындайтын жаңа факультеттер, бөлімдер ашылуда.
Еліміздің  оқу  орындарында  аудармашыларды  дайындаудың  жаңа  бағдарламасы  құрастырылып, 
бекітілген.
Соңғы онжылдықта аударма теориясы мен практикасының жалпы және жеке аспектілеріне арнал­
ған көптеген басылымдар шығарылды. Әлемнің көптеген елдерінде аудармашылық қызметтің өзекті 
мәселелеріне арналған пікірталастарды жариялап тұратын арнайы мерзімді басылымдар да бар. Мұ­
нан басқа, аудармашылардың жаңа буынын дайындау ісінде жыл сайын жаңадан шығып жатқан оқу­
әдістемелік құралдардың да көмегі зор. Осындай толып жатқан басылымдар ішінде қазақ аудиториясына 
арналған оқу құралдары өте сирек кездеседі. Дегенмен, қазіргі уақыт талабының міндеттерін ескер­
ген «Фолиант» баспасы К. Юсуптың аударма ісіне арналған үш томдығын ана тілімізде жарыққа шы­
ғарып отыр. Жинақтың бірінші кітабында шет елдер мен ТМД елдерінің, екінші кітабында өз еліміздің 
көркем аударма саласындағы тәжірибесі мен кейбір өзекті мәселелері, ал үшінші кітапта қоғамдық­
саяси мәтіндер және ресми құжаттар мен терминдер аудармасының мәселелері қарастырылады. Ав­
тор елімізде тәуелсіздікке қолымыз жеткен уақыттан бергі кезеңде аударманың өмірлік мән­мағынасы 
бұрынғыдан бетер жоғарылап, оның күнделікті қажеттілігімізге айналғанын айта келіп: «Аудармашы­
лар қатарын толықтыра әрі нығайта түсу мақсатында алдағы уақытта да ауқымды міндеттерді жүзеге 
асыруымыз керек. Бұл салада Әлем тілдері университетінде, ҚазМҰУ­де, ЕҰУ­де және басқа жоғары 
оқу  орындарында  нысаналы  жұмыстар  жүргізіліп  жатқаны  да  мәлім.  Дегенмен,  білім  ошақтарын­
дағы кафедралардың бұл саладағы жұмыстарын бүгінгі уақыт талабына сай бұрынғыдан да ширата 
түскені мәдениетімізге де, әдебиетімізге де құт болары анық. Бұл арада шет тілдерінен сабақ беретін 
мұғалімдерді ғана емес, өзге жұрттардың құндылықтарын бізге жеткізетін, біздің рухани өремізді 
өзге жұрттарға таныстыратын тәржімешілер даярлау қолға алынса – қандай игілікті шаруа», – деп 
жаза ды [1, 17­бет].
Аударма теориясы мен практикасының қайсыбір мәселелеріне арналған басылымдар, аудармата­
ну саласында жаңа теориялық жүйелерді ұсынатын монографиялар, мақалалар баршылық болса да, 
болашақ  аудармашыларды  аударманың  бастапқы  курсын  оқытуға  арналған  оқу  құралдары  жоқтың 
қасы.
Аударма  процесі  әдетте кезеңдік  принципке  сәйкес құрылады. Аударма  курсын  оқыту  бастапқы 
немесе базалық сатыдан басталады. Мұнан соң студенттер аудармашылық қызметтің күрделірек және 
мамандандырылған формасы мен түрлерін оқуға көшеді.
Аударманың базалық курсы аудармаға оқытудың бастапқы кезеңі ретінде танылады. Тиісті ресми 
бағдарламаға сәйкес бұл курс болашақ аудармашыларды дайындаудың бірінші сатысы болып табыла­
ды және осы кезеңде аудармаға да, аудармашылық қызметке де оқытудың берік негізі қалануы керек.
Базалық курсты қалыптастыратын фундамент, біріншіден, аударма, аудармашылық қызмет болса, 
екіншіден, аудармашылық дағдылар туралы білім негізін беру.

124
«Аударма – адамзаттың тіларалық, сондықтан да жалпы тілдік іс­әрекетінің ең жоғарғы көріністері­
нің бірі» деген қағида аксиомаға айналғалы қашан. Осыған орай, студент немесе оқушы аударманың 
базалық курсына белгілі бір білім деңгейімен келу керек. Бір тілден екінші тілге аударуды оқыту үшін 
білім алушы ең кем дегенде сол тілдерді жеткілікті түрде меңгеруге міндетті. Сондай­ақ, ол өзінің 
аудармашылық қызметінде қолданатын тілдер елінің, халқының мәдениетінен де хабардар болу керек. 
Егер аударманың базалық курсы тақырыптық­кәсіби саланы қамтыса, студент екі тілде де сол салаға 
қатысты терминдерді және сол жүйенің басқа да лексика­синтаксистік бірліктерін білу қажеттілігі 
туады.
Аударманың  базалық  курсын  оқыту  барысында  студенттің  тілдік  және  жалпымәдени  танымына 
қатысты төмендегідей мәселелер келіп туындайды:
– лингвистикалық тұрғыдан алып қарағанда студент екі тілдің де грамматикасын жете білуі керек;
– лексикадан тіларалық және мәдениетаралық қарым­қатынаста жиі қолданылатын түрлі идиома­
лық оралымдарды қолданып, өз ойын кедергісіз жеткізе алатындай көлемдегі сөздік қоры болуы шарт;
– білім алушы, сондай­ақ, бір тілде жазылған, бірақ түрлі функционалды стильге жататын мәтін­
дерді тиісті деңгейде ажырата білуге міндетті;
– сонымен қатар, студент контрастивті (салыстырмалы) лингвистика саласынан да мәлімет алып, 
тілдердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар, аударылатын жұп тілдердің әлемнің тілдік бейнесіндегі 
ерекшеліктері жайлы хабардар болуы шарт.
Болашақ аудармашының «бастапқы» құзырлылығына сөздік қорын өз бетінше байытып, лингво­
мәдени ақпаратпен қамтамасыз етілуін де жатқызуға болады.
Білім алушыларға қажетті теориялық білім беретін және практикалық дағдыларын қалыптастыра­
тын екі бөлімнен құралған аударманың базалық курсының аударма теориясының дәрістер курсынан 
айырмашылығы – теория мен практиканың арасын байланыстыра отырып, мамандыққа кіріспе пәні­
нен студенттерге ұсынылатын әдебиетті айқындайды. Әдебиет арнайы кәсіби бағытта тереңдетілген 
болмаса  да, аудармашылық қызмет жайлы негізгі мәліметтерді қамтуы керек. Мұндай оқу құралдары 
шартты­теориялық мазмұнда болып, аударма теориясының материалдары аз қамтылса, ал оны практи­
ка жүзінде қолдануға арналған тақырыптарға көп көңіл бөлінеді. Кітап авторлары өз тәжірибелерінен 
мысал дар келтіріп, аудармашылық кызмет пен аударматану мәселелерін терең түсінуге дайындығы 
әлде де аз оқырман аудиториясының пәнге деген қызығушылығын арттырады. Осы мақсатта Ресей, 
Украин баспаларынан жарық көрген Р.К. Миньяр­Белоручевтің [2] , Г.Э. Мирамның [3], А. Чужакин 
мен П. Палажченконың [4] оқу құралдары ұсынылса, мұнан соң іргелі теориялық және практикалық 
кә сіби бағыттағы тақырыптар негізінде қысқа курстарды қамтыған А.Л. Бурактың [5], Д.И. Ермолович­
тің [6], Д.С. Мухортовтың [7] еңбектерімен жұмыс істеуге болады. 
Ұсынылатын әдіс негізінде аударманы интегралды тұрғыдан оқыту мәселесі жатыр, ал мүның 
мәні аударманың лексика­семантикалық, синтаксистік және прагматикалық ерекшеліктерін бір мез­
гілде теория арқылы игеріп, алған білімді аударма процесінде қолдана білу болып табылады.
Аударманың базалық курсы аясында білім алушылардың бойында қалыптастыратын практикалық 
дағдыларға қатысты төмендегі мәселелерді ескеру маңызды:
– жазбаша аударма практикасы ауызша аудармадан бұрын оқытылғаны дұрыс, өйткені түпнұсқа­
ны қабылдау тұрғысынан ол оңайлау болады. Аударма курсы ана тілі мен шетел тілінің ауызша жә­
не жазбаша сөйлеу курстарына негізделе отырып, студенттердің тіл ұстарту әрекеттерін қиындатып 
жібереді.  Мәтіндерді  оқу  тыңдау  дағдысын  қалыптастырудан  әлдеқайда  жеңіл,  дегенмен,  жазбаша 
аударма тыңдау дағдысынан да қиын, өйткені жазбаша аудармада ұсынылатын мәтінді жай ғана қа­
былдап, өз көзқарасын білдіру емес, сол мәтінді шетел тілінде қалпына келтіріп, өңдеу қажет. Ал ауыз­
ша  аудармада түпнұсқа мәтінін есте сақтау қажеттілігі де туады. Сөйтіп, студенттің еркін сөйлеуге 
мүмкіндігі болмай, тек түпнұсқаға «таңылған» болып шығады. Шетел тілінің ауызша және жазбаша 
сөйлеу практикасы сабақтарында студенттің сөйлеу дағдысына көп көңіл бөлінсе, ауызша аудармада 
да есте сақтау қабілетін дамыту, тіл мен сөйлеу шеберлігі талап етіледі. Ал оқытуды ауызша аударма­

125
дан бастасақ, біріншіден, есте сақтау дағдысы мұндай жұмысты бірден атқара алмайды, оны алдымен 
машықтандыру керек, екіншіден, түпнұсқаны тұтастай немесе бөліп қайталауға тура келеді, ал мұның 
өзі сабақ барысында түрленіп отыратын аудармашылық іс­әрекеттің шынайы процесін бұрмалайды. 
Осы бір әдістемелік мәселені шешу үшін «қарапайымнан күрделіге» принципін ұстанып, оқытуды жаз­
баша аудармадан бастау керек. Мұндай жағдайда білім алушы түпнұсқаны немесе оның бөліктерін 
бірнеше рет қарап шығу мүмкіндігіне ие болады, ал ауызша аудармада мұндай мүмкіндіктерге жол 
берілмейді;
– аударманы оқытудың бастапқы кезеңінде тақырыптық оқытудан бас тарту керек, өйткені аудар ма 
сабақтары экономика, банк ісі, заңтану сабақтарына айналып кетуі мүмкін. Алғашқы уақытта аудар­
машылық  дағдыларды  қалыптастыруға  бағытталған  сөздік­минимумдармен  жұмыс  істеп,  сабақты 
лингвистикалық мәтіндер негізінде құрған дұрыс болады. Сөйтіп, жаңа лексика мен аудармаға қатысты 
жаңа ұғымдармен таныстыру мәселесі шешіледі;
– негізгі лексика­грамматикалық, синтаксистік және стилистикалық бірліктердің бір тілден екін­
ші тілге аударылу жолдарын айқындап отыру қажет. Бұл жағдайда шетел тілінен ана тіліне аудару 
мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Әрине, керісінше ана тілінен шетел тіліне аудару тапсырмалары да 
қамтылып отыру міндетті;
–  студенттерді,  біріншіден,  нақты  тілдік  материал  негізінде  аудармадағы  трансформация  түрле­
рін қолдана отырып аударма жасауға, екіншіден, сөздіктермен үнемі және дұрыс жұмыс істей білуге 
үйрету керек;
– ең басты әдістемелік міндеттердің бірі – білім алушылардың өз ана тілдерінде және шетел тілінде 
толық  мәтін  түріндегі  сөйлеу  дағдыларын  қалыптастыру  қажет.  Ғылыми  ортаға  тән  мәтін  түрлерін 
(реферат, рецензия) анықтай отырып, студенттердің өздеріне таныс лексика­грамматикалық, синтак­
сис тік және стилистикалық бірліктер негізінде клише фразаларды қолдануға үйрету қажет;
– оқытушылық қызметтегі келесі маңызды аспектілердің бірі білім алушының өзінің немесе өз ге­
нің аудармасын өңдей отырып, сол аудармаларға сыни тұрғыдан қарау дағдысын қалыптастыру болып 
табылады;
– білім алушылардың аудармада түпнұсқа вариантын сақтай білу іскерліктерін дамыту қажет, яғни 
олар  түпнұсқа  мәтінінің  негізгі  мазмұнына  қарай  аудармада  сақталуы  міндетті  маңызды  элементті 
анықтап, түпнұсқа мағынасын беруде қолданылуы тиіс элементтерден ажырата білуі тиіс. 
Міне, аударманың базалық курсын жүргізудегі маңызды аспектілер жоғарыда айтылғандар болып 
табылады. Аталмыш аспектілер курс барысында басшылыққа алынбаса, әдістемелік және әдіснама­
лық қателіктерге соқтыруы мүмкін және болашақ аудармашы мамандарды даярлау процесінде кері 
әсе рін де тигізеді. Базалық курстан соң кәсіби арнайы бағыттағы тақырыпты модульдік (көркем аудар­
ма, ғылыми­техникалық мәтіндер, заң, экономикалық терминдер аудармасы) жазбаша аударма және 
ауызша аударма курстары басталады.
 
Әдебиеттер:
1. Юсуп К. Көркем аударма: тәжірибе мен тағылым. Екінші кітап. – Астана: Фолиант, 2011.
2. Миньяр­Белоручев Р.К. Как стать переводчиком? – М., 1999.
3. Мирам Г.Э. Профессия: переводчик. – Киев, 1999.
4. Чужакин А., Палажченко П. Мир перевода, или Вечный поиск взаимопонимания. – М., 1997.
5. Бурак А.Л. Введение в практику письменного перевода с русского языка на английский. – М., 
2002.
6. Ермолович Д.И. Основы профессионального перевода. – М., 1996.
7. Мухортов Д.С. Практика перевода: английский­русский: Учебное пособие по теории и практике 
перевода. – М.: Книжный дом «Либроком», 2009. – 256 с.
8. Тюленев С.В. Теория перевода: Учебное пособие. – М.: Гардарики, 2004. – 336 с. 

126
Резюме
В  статье  рассматривается  методическая  сущность  преподавания  перевода  на  начальном  этапе 
обучения  как базового курса перевода. В соответствующей официальной программе базовый курс яв­
ляется  первой  стадией  подготовки  будущих  переводчиков  и  должен  заложить  прочный  фундамент 
для дальнейшего обучения как переводу, так и собственной деятельности молодого специалиста­пере­
водчика. Фундамент, который должен быть заложен базовым курсом знаний о переводе, переводчес­
кой деятельности и переводческих навыков.
Summary
The systematic essence of translation teaching in the intial stage as the basic course of translation has been 
investigated in the article. According to the curriculum the basic translation is the first stage in preparing future 
translators and it must lay the stable foundation for further teaching of basic translation and proper activities of 
new specialists in the field of translation and interpreting. 
ӘОЖ 316.74: 80: 001. 01: 342.727

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет