Issn 2308-0590 Индекс 74661 редакциялық кеңес мағауин Мұхтар Қазақстанның халық жазушысы Ғарифолла Есім



Pdf көрінісі
бет3/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#6078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

2015  №2  (27)
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
– деп жанның екінші бір бүркеулі тылсым сырын
ашатыны бар. Адам өмірден көрген білгенін, сол
арқылы танып ұғынған ой пікірінің түйінін өлең
сөз өнерімен сыртқа шығарған ой қазынасы да
мәңгі  өлмейді  деген  байламға  келеді.  Біздер
мұның тереңде жатқан жұмбағын әлі де сезіне
алмай келеміз. Бұған Абайдың өз өмірінен түйген
сырын,  немесе  екшеп  тереңнен  алған  ой
қазынасын өлең сөзбен сыртқа шығарып, келер
ұрпақ  санасынан  орын  алып  отыр.  Абай  сөзі
күнде  ауызға  алынып,  мектеп,  жоғары  оқу
орындарында күнделікті айтылып, өздерінше ой
қорытып  сөйленіп  жатуы  –  «Өлмейтұғын
артына сөз қалдырған» ақын сөзінің жан сияқты
өлмейтін  мәңгілік  құбылысқа  айналуында
жатады екен.
Немесе Абайдың «Алла деген сөз жеңіл»
өлеңін философтардың біреуі де шындап білуге
ұмтылған  емес.  Себебі,  олар  бұл  өлеңнің
идеялық мазмұны дінге байланысты деп қарады.
Өйткені діни ой пікірді атеистер терістеп жоққа
шығаратын.  Осы  өлеңдегі  «Ақыл  мен  хауас
барлығын, білмейдүр, жүрек сезедүр» деген өлең
жолын академик С.Мұқанов алғаш рет өзінше
талдап көрді. Бірақ «ақыл» сөзі мен «хауас» сөзін
екі бөлек ұғым деп қарады. Себебі Абай өлеңдер
жинағында  осы  тұрған  қалпында  басылып
келеді. Сондықтан С.Мұқанов екі сөзді екі бөлек
ұғым  деп  текске  сеніп  қалып,  мағынасынан
адасты.
Аспирантурада оқып жүрген кезімде мен
де  Сәкеңе  ілесіп  біраз  жыл  жете  түсіне  алмай
адасқаным бар. Келе келе өлең тексіне күдіктене
бастадым.  Екі  сөзге  қарап  (ақыл,  хауас)
мағыналық жағынан талдағанда логикалық ұғым
талабына үйлесе бермейді екен. Осыдан кейін
бұрынғы өлең тексін өзгертіп:
Ақылмен хауас барлығын
Білмейдүр, жүрек сезедүр,
–  деген  қалыпқа  салып  қарадым,  яғни  екі  сөз
арасындағы «мен» деген жалғаулықты «ақыл»
сөзіне қосып, «ақылмен» деп жазып едім, түп
мағынасы  кенеттен  ашыла  кетіп,  қуанышқа
бөленгенім  бар.  Сонымен  бұл  өлең  жолының
мағынасы  түп  иені  (хауасты)  ақылмен  тани
алмайсың, оны жүрекпен сезесің болып шығады
екен.
Абай  қолданысындағы  хауас  сөзінің  үш
түрлі  мағынасы  бар:  Біріншісі,  хауас  арапша
түйсік,  сезім.  Екіншісі,  сыртқы  бес  сезім
мағынасында. Үшіншісі, хауас сәлим, яғни ішкі,
сыртқы  он  сезім  мағынасында.  Түп  иені
ақылмен  тани  алмайсың,  жүрекпен  сезесің
дегені сопылық танымның өзекті пәлсапасына
соғады екен.
Өткен  жылдары  Астанадағы  ақын,
жазушы,  ғалымдар  арасында  Абайдың  өлең
жолындағы «Махаббатсыз дүние дос» дегенді
«Махабатсыз дүние бос» болуы керек деп пікір
таласына  түсіпті.  Шынында,  Абайдың  «дүние
дос» деп жазғаны дұрыс. Өйткені «дүниеге дос»
адамнан махаббатқа деген қастерлі асқақ сезім
шықпайды. Одан Мағжан айтатындай «Қарын
деген  сөзді ғана  жаттаған» дүниеқоңыз,  нәпсі
құлдары шығады.
Ең күрделі әрі келешекте жан жақты терең
зерттелетін  зор  мәселенің  елеулісі  қазақ
әдебиетінің  сопылық  танымға  қарым-қатысы
туралы таным болмақ. Бұл мәселені түбірінен
қазып  шешпей  әдебиет  тарихындағы
пәлсапалық  лириканың пайда болу, өзіндік даму
жолын  толық  танып  біле  алмаймыз.  Бұл  аса
күрделі  әрі  шетін  мәселеге  тұңғыш  рет  қалам
тартқан академик Мұхтар Әуезов. М.Әуезовтің
абайтану  туралы  ізденіс  жылдарында  қағазға
түскен, бірақ баспасөз бетіне жарияланбаған үзік
пікірлері  мен  терең  ой  толғаныстарының  97
дерек-мағлұматтарын іздеп тауып «Абайтанудан
жарияланбаған  материалдар»  деген  кітапты
жариялап  та  үлгердік.  Осы  кітапта  Абайдың
Ясауидің «Девони хикметіне» қарым-қатынасы
көрініс  берген.  Мұның  үстіне  «Абай  жолы»
эпопеясында  Құнанбайың  «Девони  хикметін»
баласына  оқытып,  ойға  батып  толғанысын
шебер суреттеп жеткізуі де жай көрініс болмаса
керек-ті.  Бірақ  1949  жылы  КПСС  ОК
космополитизм туралы зәрін бойына жинаған
сұр  жыландай  суық  түсті  қаулысы  шығып,
М.Әуезовті шығысшыл  деп жерден  жеті қоян
тапқандай әдебиет полицайлары жабыла сынап,
қуғынға  түсірсе,  Абайдың  шығысы  жайлы

17
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
мақалалар жазған доцент, білгір зерделі ғалым
Ә.Қоңыратбаевты  Қызылорда  о блысына
қуалап жер аударып қаңғыртып жібергенін көрдік
те.
Осы жағдайға  саяси жағынан  сақтанып,
әдеби  маневр  жасап  қуғындалған  М.Әуезов
«аузы  күйген  үріп  ішеді»  дегендей  тартына
сөйлеп  қамыққан  күндерінің  бірінде  Яссауи
мұрасы  туралы  қалдырған  жазба  пікірінде
«…Абайдың  Науаи,  Низами,Физулилерге
көзқарасын  Қожа  Ахмет  Ясауидің  «Хикметі»
тәрізді мистикалық суфистік әдебиетіне деген
қатынасынан қапысыз, дәлме дәл ажыратып алу
қажет. Алдыңғы аталғандар Абайдың зердесінің
жоғары  дәрежелі  шеберлігімен,  өмірге  деген
гуманистік  көзқарасымен  және  өздерінің
эстетикалық  пікірімен  баураса,  Абайдың  өз
тұстастары — Шортанбай, Мұрат, Әубәкірден
айырмашылығы  суфизмге  тән  жер  бетіндегі
тіршілікті  мистикалықпен  жоққа  шығаруды,
оның ішінде қоғамдық өмірді місе тұтпай және
оны  қайта  құру  үшін  күресті  мансұқ  етуін
қабылдамайды» 
(Абайтану 
дәрістері,
Алматы,1994 31), - деп саяси Орталық тудырған
идеологиялық  қысымға  бейімделе  сөйлеуге
еріксіз барған замандар болған. Болмаса Науаи,
Низами, Физулиердің суфизммен қоян-қолтық
байланысын  біле  отырып,  оның  тереңіне
бойлай  отырып,  олардағы  сопылық  ой
танымдық Яссауидің «Хикметінде» баяндалған
басты сопылық танымдардан бөлектей ажырата
қарауды  алға  тартады.  Бұл  құбылыстарды
тереңдей  зерттеп  танып  білу  міндетін  алға
қояды.  Ал  соңғы  жылдардағы  зерттеулер
Ясауидің  пенделіктің  кәмалаттығы  бағытын
ұст анғанын,  ал  Абайдың  инсаияттың
кәмалаттығы жолын ұстанғанын анықтап беруі
арқылы М.Әуезов талабының жүзеге асқанын
аңғартады.
Абайдағы  толық  адам  ілімінің  бастау
көздерін тауып, оның тарихи жолдарын анықтау
аса қажет болып тұр. Көпке дейін зерттеушілер
Абайдағы  толық  адам  ілімінің  төркінін
мұсылмандық 
шығыстан 
іздеп,
«Кабуснамадағы» жәуанмәртілік туралы пікірмен
ұштастырып  келдік.  Сөйтсек  жәуанмәртілік
ілімінің төрт негізі яғни оның іргетасы ХІ ғасырда
қазақ жерінде яғни қазіргі Жамбыл облысындағы,
Шу  өзені  бойындағы  Баласағун  қаласынан
шыққан ғұлама ақын жазғаны анықталып отыр.
Ал, «Кабуснама кітабы «Құтадғу біліктен» кейін
ХІІ  ғасырда  жазылған.  Осыдан  кейінгі
ғасырларда жәуанмәртілік ілімі туралы жазылған
еңбектер қарасы молығып отырады. Мұсылман
әлемінде  ХІІ  ғасырға  дейін  кемел  адам  ілімі
болған  емес  деп  Иранның  атақты  ғалымы
Мұртаза Мұттакари Мәскеуде басылым көрген
«Усовершенный  человек  в  исламе»  (Москва,
2008) деген ғылыми монографиясында пікірін
ғылыми тұрғыдан дәлелдеп айтатыны бар.
Жәуенмәртілік  сөзін  біздер  Будаговтың
сөздігіне сүйеніп «юный, шедрый» деген парсы
сөзі деп келдік. Жәуәнмәртілік сөзі парсы тіліндегі
сөз  емес,  көне  түрік  тіліндегі  «зомарт»  яғни
жомарт  деген  сөз  деп  өзінің  этимологиялық
зерттеуінде  әзербайжан  ғалымы  профессор,
филология 
ғылымдарының 
докторы
М.Шералиев ғылыми тұрғыдан дәлелдеп отыр.
Тіпті,  1501-1510  мамлюктер  билеген  Мысыр
жерінде  қыпшақ  ақыны  Шәріп  Әмеди
Фирдоусидің  «Шаһнама»  дастанын  қыпшақ
тіліне тұңғыш рет толық аударған болатын. Түп
нұсқасында бір жүз он мың өлең жолы болса,
Шәріп Әмеди аудармасы жүз жиырма екі мың
жол  болып  шыққан.  Бұл  туынды  «Қазыналы
Оңтүстік»  кітапханасында  37  том  көлемінде
басылым көріп жатыр. Осы басылымда
 «Жомарттық елінің кеніші ғой ол,
Барша адамзат ұлының жаны ғой ол»,
–  деген  өлең  жолындағы  «жомарт»  сөзі  көне
түрік тілінде айтылатын «зомарт» сөзі болып тұр.
Тұранның ұлы қағаны Алып Ер Тоңа /шын
аты  Мадай  б.з.д.  ҮІІ  ғасырда/  туралы  халық
аузында жырланған тарихи жырда жәуанмәртілік
сөзі «ақи» /жомарт/ деген сөзбен берілетінін
«Қойғын маған ақилық
Болсын менің лақабым»,
– деген сөз жау қолынан уланып өлер алдындағы
өсиеті ретінде Алып Ер Тоңа аузымен айтылады.
Осы «ақи» сөзі «Құтадғу білік» дастанында да осы
мағынада  қолданылады.  Бұдан  шығатын
қорытынды, жәуанмәртлік ілімінің бастау көзі Шу
өзені  бойындағы  қазақ  жерінде  жатыр  деген
байламға келеміз.

18
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
Абай  толық  адам  іліміне  айрықша  мән
беріп, неге ой толғанысына түскен деген сұрақ
алдымызға  көлденең  қойылады?  Қазақ
қауымының  саяси-әлеуметтік  жағдайы  1867-
1917 жылдар аралығында Ресей империясының
қазақ еліне арнайы саяси мақсатпен жүргізген
мейлінше  кертартпалық  ел  билеу  жүйесінің
нәтижесінде  туындаған  террито риялық
принципке негізделген болыстық сайлауға орай
туындаған қасіретті құбылыс. Өйткені «Қазақ
заманы  қалып,  о рысқа  қараған  со ң,  бір
тағылымды ел, білімді жұртқа еріп, ілгері баспақ
түгіл, бұрынғыдан жаман кейін кеттік…
Енді  біздің  көксерлік  ісіміз  –  тасталған
сүйекке  таласқан  мойнақша  орыстың  знагіне
таласып, ата бабамыздың елдік, жұрттық сақтап
келген бірлік берекесін жыртып алғанымыз» деп
жазған  еді  «Сарыарқа»  газеті.  Қазақтың  осы
береке бірлігін отаршылдар саналы түрде саяси
мақсат қоя отырып бүлдіргенін Сібірдің генерал-
губернаторы болған М.Сперанскийдің патшаға
жазған хатында «Қазақ жерінде сексеуіл деген
ағаш өседі. Соны бір біріне ұрып жарады екен.
Сол сияқты қазақтар үш жүзге, руға бөлінеді. Біз
соларды бір біріне ұрып жаруымыз керек» деп
бар  шындықтың  бетін  ашып  беріп  отыр.
Қазақтарды  оп-оңай  тобықтан  бір-  ақ  ұрып
жығатын  бұл  саяси  тәсілді  Кеңестік  билік  те
пайдаланғанын  саналы  қазақтар  білген.
Мысалы,  Оңтүстік  Қазақстан  облысының
бірінші 
хатшысы 
Ливенцовтың
М.Сперанскийдің  әдісін  қолданғанынан
жұртшылық  хабардар.  Отаршыл  Ресей
патшалығы ендірген ел билеу жүйесіндегі осы
қасіретті терең сезінген ақын С.Торайғыров:
Абай тұсы қазақтың бұзылғаны,
Қаралыққа айналып қызыл қаны…
Ақ пейіл, бауырмалдық қалып кетіп,
Желбуаз, «сұрқия» боп қызынғаны.
Мас болып партияға қызып алған,
Даланың табиғатын бұзып алған.
Елдігіне, жеріне һәм дініне,
Құрылды талай тұзақ, талай қақпан,
–  деп  о й  то лғанысында  халқымыздың
отаршылдық  жұтқа  ұшыратқан  орны  толмас
қасіреті  жатыр.  Қазақ  елінің  мінез  құлқының
бұзылуы  –  тікелей  отаршылдық  саясаттың
нәтижесі  екенін  Абай  білді.  Білді  де  о сы
қасіреттің отына күйер елінің алдын алу үшін
толық  адам  ілімімен  емдеп,  мінез-құлқын
бұзылудан аман алып қалатын жолын ізденді.
Бұл жол Абайды толық адам іліміне алып келді.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым,
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың
Бірі қан, бірі май боп екі ұртың.
Бет бергенде шырайың сондай жақсы,
Неге ғана бұзылды сартша сыртың…
Өздеріңді түзелер дей алмаймын
Өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың.
Баста ми, қолда малға талас қылған
Күш  сынасқан  күндестік  бұзды  -ау
шырқын,
–  деп  халықтың  мінез-құлқын  бұзудың  түп
төркіні қайда жатқанын дәл меңзеп отыр емес
пе?
Абай  мұрасының  рухани  нәр  алған  үш
қазына  көздерінің  ішінде  шығысы  қатты
қысымда  ұсталып  келді.  Бәрі  бір  шығыспен
қарым қатынасы ең күрделі де қиын мәселеге
айналғаны абайтану тарихына назар аударсақ
мен  мұндалап  тұратыны  бар.  Бұл  салада
академик М. Әуезовтің ғылыми зерттеулері, ой-
пікірлері  шешуші  мәнге  ие.  Бірақ  өз  ой
танымдарын 
ілгері 
қарай 
дамытып
жалғастыруға  1949  жылы  КПСС  ОК
космополитизм  қаулысы  мүмкіндік  бермеді.
Яғни  Абай  мұрасының  шығысқа  қарым
қатынасын  зерттеп  танып  білуге  қатаң  тиым
салынды.
М.Әуезо втің  «Абайдың  батысынан
шығысы  басым»  деген  ой  танымы  әдебиет
полицайлары  мен  философтар  тарапынан
қатты сынға алынып, қудалауға ұшырады. Бұл
мәселе, шындығын айтсақ, М.Әуезовтің Абай
мұрасының  рухани  нәр  алған  қазына  көздері
Абайдың  «Сәулең  болса  кеудеңде»  деген
өлеңінен өріліп барып айтылған пікір екендігіне
көзіміз  жете  түседі.  Абайтану  тарихының
М.Әуезовтен  кейінгі  үшінші  кезеңдегі
абайтанушылар  тарапынан  қайта  көтеріліп,
қиындықпен қолға алынса да, оларға еркін жол
берілмей  қысымда  ұстап  келді.  Бәрі  бір
«өлермендікпен» зерттеу жұмыстары жүргізіле
берді.  Енді  ғана  философтар  тарапынан

19
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
академик Ғ.Есімов Абай мұрасының шығысқа
қатынасына оң көзбен қараған ой пікірлері алғаш
рет белгі бере бастады. «Абай- шығыс ақыны,
шығыс мәдениетінің қайраткері, нақтырақ айтсақ
мұсылман  шығысының  аса  көрнекті
ойшылдарының  бірі…оның  көзқарасын  діни
философия жағынан іздеу керек.» (Абай. Ұлы
дала  тұлғалары.  Алматы,  2013,  361-362  бет)
деген салиқалы ғылыми ой танымдар алғаш рет
көрініс  бере  бастауы  –  Абай  шығысына  тарс
жабылған  есіктің  айқара  ашылуына  сеніммен
келіп  отыр.  Абайдың  дүние  танымы  ғылыми
тұрғыдан тереңдеп дендей енбей мақсатқа жету
қиын. Ол үшін Абайдың шығысқа қатысы жайлы
ақындық кітапханасының көлемі мен жағдайын
анықтап алмай іске кірісу-далаға лағумен бірдей
болып  шығады.  Абай  ой  танымының  бұл
болмысын танып білмек үшін екі түрлі тәсілді
ұстану қажет.
1. Абай өз шығармаларында аз да болса
нақтылы  түрде  атап  отыратын  дерек
мағлұматтар  сілтемесі.  Мысалы,  Ғұламаһи
Дауани, Бабырнама, Құтайба т.б.
2. Абай ой танымының кейбір иіні келетін
шығыстың  ақындары  мен  ғұламаларының
шығармаларындағы сабақтасып іліктесіп келетін
туындыларды  қаншалықты  қиын  болса  да
сарыла іздену арқылы тапса болады.
Мысалы мен Абайға тікелей қатысы бар
Жүсіп  Баласағұнидің  «Құтадғу  білік»,
Наршаһидің «Бұхара тарихы» мен әл Фараби,
Қарабағи,  ибн  Сина,  Журжани  т.б.  осындай
дерек көздеріне сүйене отырып тапқаным бар.
Ғ.Есімо в  «…ислам  фило со фиясына
үңілмей  Абайдың  көзқарастарын  талдау  өте
қиын шаруа», - деп өте дұрыс пікір қозғап отыр.
Бұл үшін Абайдың ақындық кітапханасын екінші
тәсілмен іздеп табуға мүмкіндік туады. Бұларсыз
босқа лағып айтар пікірімізді нақтылы талдауға
бара алмайсың. Көптеген абайтанушылар осы
мәселені  жете  түсіне  алмай  Абайды  әлем
алыптарымен орынсыз салыстырып әуреленіп
сабылып жүр.
Суфизмнің  білгірі  атанған  ғалым
Е.Бертельс «Суфистік әдебиетті зерттемейінше
шығыстың орта ғасырдағы өмірін түсіну мүмкін
емес. Оның классиктері шығыс әдебиеттеріне
ХІХ ғасыр басына дейін ықпал жасап келеді»,
деп жазуыннда елеулі шындық жатыр. Мұны,
тіпті, Абай мен Шәкәрім туындыларынан анық
аңғарамыз. Сондықтан суфизмді танып білуді
Яс ауиден  бастамағы  керек.  Бұл  әрекет
басталып та кетті. Мен қазақ түрік халықаралық
университетінде  барлық  факультеттерге
ректордың тапсыруы бойынща Ясауидің өмірі
мен шығармаларынан тұңғыш рет таныстыру
мақсатында  шолу  дәрістерін  өткізе  жүріп,
«Қазақ  әдебиетіндегі  сопылық  таным»
(Алматы, «ГИС -frint» баспасы, Алматы, 2012,
182  бет?)  деген  кітабымды  жарияладым.
Әсіресе,  Ясауидің  фило софиясы  туралы
ізденгіш  ғалым  Кенжетай  Досаев  «Ясауи
дүниетанымы» 
деген 
докторлық
диссертациясын  қорғаса,  бірнеше  жас
ғалымдар  осы  тақырыппен  айналысып,
зерттеу нысанасын молықтырып ізденіп жатуы
– рухани өсуіміздің нышаны деп қараймыз.
Абайдың толық адам ілімі мен жантану
ілімін ерекше әрі жанжақты терең зерттеу ісіне
тікелей кіру қажеттілігі туып отыр. Ол ілім қазақ
жерінің  туындысы  болу  үстіне  бүкіл  түрік
халықтарының  келешекте  қабылданар
моральдік  кодексінің  іргетасына  айналумен
бірге  күллі  әлем  халықтарының  Кемал  адам
қалыптастыруында  толық  адам  іліміне  тең
түсер өзіндік ілімі болмауы себепті де, бар күшті
осы  мәселені  шешуге  салып,  тезірек  зерттеу
нысанасына қоюға міндеттіміз.
Абай мұрасын танып білу тарихына 125
жыл (1889-2014) толып отыр. Қазақ елі ойшыл,
хакім ұлын ғасырдан астам уақыт ішінде қалай
танып білу жолын, ғылыми тұрғыдан талдап,
көп  мәселенің  бар  болмысын  өз  деңгейінде
шешу міндеті тұр. Осы міндетті жүзеге асыра
алсақ, Абайды танудың ұзақ жолында, ғылыми
зерттеулерде 
жіберілген 
сан 
түрлі
кемшіліктеріміз бен қол жеткен жетістіктеріміз
көз алдымызға келеді. Жалпы, Абайтану тарихы
филология,  тарих  факультеттерінде  арнайы
курс,  арнайы  семинар  сабақтары  ретінде
оқытылуы жөн. Өйткені бұл сала студенттерге
Абайтанудан  терең  мағлұмат  берумен  бірге
Абай мұрасының рухани, тарихи болмысынан
кең,  жаңаша  соны  танымдар  беруімен
ерекшелінеді.  Ол  үшін  «Абайтану  тарихы»
оқулығы  мен  хрестоматиясы,  бағдарламасы

20
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
мен арнайы библиографиялық көрсеткішті қоса
жазып беруі - қажеттілік.
Ал,  барлық  университеттер  мен
пединстиуттарда және орта мектеп пен арнаулы
оқу  орындарының  барлығында  «Абай:  Толық
адам  ілімі»  деген  арнаулы  ортақ  оқулық  пен
хрестоматия, 
бағдарламасы 
мен
библиографиясымен қамтамасыз ету – рухани
қажеттілікке айналып отыр. Өйткені бұл ілім жас
ұрпаққа жетілген, кемелденген мінез-құлықты
қалыптастырып,  сырттан  еніп  жатқан  жат
қылықтардан  сақтайтын  «қытай  қорғаны»
болатынын назарда ұстау – әділетті жол болмақ.
Абайтанудың ғасырлық мерзімінде кеңес
билігі  орнасымен  тұрпайы  социологиялық
танымға  таңылған  әдебиетшілер  мен
философтар Ұлы ақын мұрасын терістеуге дейін
барып,тұрпайы 
социологиялық,
компоративистік,  фо рмалистік 
таным
шеңберінен  шыға  алмады.  Олар  әдебиеттің
партиялық,  таптық  ұстанымына  сүйене
отырып,  ұлттық  мұраға  айналған  ақын
туындыларын ғылыми тұрғыдан танып білуге
кедергі  жасап  келеді.  М.Әуезовтің  бүкіл  әлем
танып,  мойындаған  әрі  аса  жоғары  бағалаған
«Абай  жолы»  эпопеясын  қатаң  сынға  алып,
байшылдық феодалдық ескілікті дәріптеді деп,
Абайдың  ақындық  дәстүрін  терістеуге  шейін
барған  саяси  идеоло гиялық  тұрғыдан
шабуылдар  жасап  жатты.  Абай  мұрасының,
әсіресе рухани нәр алған Абай шығармаларының
шығыстық қазына көздерін танып білуге тыйым
салумен қатар, халықтың рухани тірегі болған
сопылық  негіздегі  Ясауи  мұрасын  теріс
танытып,  оны  ғылыми  тұрғыдан  танып  білу
әрекетіне өлердей қарсылық жасап, мұра ретінде
терістеумен келеді.
Тарихқа  азырақ  көз  жіберсек,  Ресей
патшалығы  Қазақ  жері  мен  Орта  Азия
халықтарын  жаулап  алған  соң,  алдымен,
халықтың  рухани  әлеміне  қол  салып,
миссионерлік саясатын астыртын түрде жүргізе
бастады.  Ясауи  жолына  өшіге  тиісті.  Тіпті,
Түркістан  қаласын  басып  алған  соң,  Ясауи
кесенесін  жойып  жіберу,  талқандау  ниетінде
болды.  Өйткені  Ясауиге  деген  түрік
халықтарының  рухани  ықыласынан  шошына
түсті.
Артынша кеңес билігі  орнап, жалпы дін
атаулыны терістеп, атеистік насихатты күшейтті.
Кеңестік  идеологтар  да  Ясауидің  сопылық
жолынан дін мен халықтың әдет-ғұрып, салт-
дәстүрін  үйлестіре  білген  бағытына  сескене
қарады.  Ясауи  кесенесіне  ағылып  зиярат
етушілерден құтылу үшін Ясауи кесенесін астық
қамбасына  айналдырып  жіберді.  Ақыры
кесенені  атеистік  музейге  ауыстырып,  Ясауи
мұрасын мейлінше кертартпа мистикалық әлем
ретінде бағалап, жас ұрпақты адастырып жатты.
Ясауи  кітабы  басылымнан  қалып,  мұрасы
насихатталмай жер бауырлап қалған күндерді де
бастан өткіздік.
Енді Тәуелсіздік заманда  шетелден бізге
қарай  ағылған,  мұсылманның  рухани  әлемін
бүлдіруге жіберілген вахабистер құдды генерал
Чернаевке ұқсап Ясауи кесенесін жарып жіберуді
армандап жүр. Бұлар аз дегендей, ислам атын
жамылған  көптеген  жат  ағымдар  да  Ясауи
жолына  қарсыласып  жаулық  әрекеттерін
тоқтатар  емес.  Сонда  неге  бұлардың  бәрі
жабыла кеп Ясауидің сопылық жолына жаулық
ниет  ұстанып,  бәрі  бір  нүктеге  яғни,  Ясауи
әлеміне идеялық соққы беруге жабылуда. Мұның
да басты себебі болса керек. Ол себеп егер ой
санасына  Ясауидің  сопылық  танымымен  хәл
ілімінің адамгершілік, гуманистік негіздері сіңген
пенделерді  бұл  жолдан,  бұл  танымнан
айырмайынша,  о ларды  со ңынан  ерте
алмайтындығы,  нандыра  алмайтындығы
танудан шығып отырған қастандық әрекет деп
тану-шындыққа келеді.
Егер  қалың  қауымды  Ясауи  жолынан
тайдыра алса, оларды мұрнын тескен тайлақтай
қайда сүйресе солай кете беретін еріксіз тобырға
айналарын  біліп  отыр.  Халықтың  рухани
тұтастығын  бұзу,  ыдырату  үшін  ислам  дінін
жамылған жат ағымдар өз мақсаттарын жүзеге
асыруға  жан  сала  күресуде.  Ең  өкініштісі  бұл
күресті ақшаға сатылған космополиттенген қазақ
өнерпаздары  мен жазушы,  ғалымдары  бастап
жүр. Әрине, бұның да бір себебі болса керек,
меніңше,  бұл  себеп  Ясауи  жолы  хәл  іліміне
сүйеніп, сопылық таныммен халықтың ұлттық
дәстүрін бірлікте үйлестіре кемел адам тұлғасын
қалыптастыру  қуатында  жатса  керек.  Осы
себептерді  назарда  ұстай  отырып,  Абай

21
АБАЙТАНУ
2015  №2  (27)
мұрасымен  сопылық  таным  болмысындағы
қарым-қатынасын  ғылыми  тұрғыдан  танып
білмейінше, Абай дүниетанымын анық танып
біле алмаймыз. Өйткені Ясауи исламның діни
философиясы болуы себепті академик Ғ.Есимов
Абай «…көзқарасын діни философия жағынан
іздеу керек» (сонда, 362 бет),- деп осы пікірге
салмақ салуы – тегінен-тегін болмаса керек-ті.
ХІІ-ХІІІ  ғасырда  өмір  сүрген  рухани
бабамыз  Ясауиде  «жан  ғалымы»  және  «тән
ғалымы» деген күрделі ұғым бар. Жан ғалымы
дүниенің көрінбеген сырын танып білуге, оның
құпиясын  ашуға  ұмтылған  руханияттың
өкілдері.  Ал,  «тән  ғалымы»  дегені  дүниенің
көрінген сырын ашып, танып білуге ұмтылған
заһри  ғылымның  өкілдері.  Ясауи  «жан
ғалымын» жоғары бағалап, нәпсіге бүйрегі бұра
беретін  тән  ғалымынан  бөлектей  қарайтын
пікірі де бар.
Ал, Абай жетінші қара сөзінде «дүниенің
көрінген сыры мен көрінбеген сырын» танып
білуге  шешуші  мән  бере  қарайды.  Ол  екі
құбылысты  бірлікте  алып,  танып  білуді
меңзейді.
Абай бұл ой танымының 1898 жылдары
казіргі  кванттық  физиктерден  бір  ғасырдан
астам бұрын-ақ болжап, толғанысқа түсіп пікір
білдірген.
Бірақ еуропалықтар XVI ғасырдан бастап
дүниенің көрінген сырын ашып, танып білуге
шешуші  мән  берді  де,  тән  ғалымдарын  осы
жолға бағыттап, таза материалисттік, атеистік
дүниетаным  жолын  ұстанып  кетуі  себепті,
адамдардың  мінез-құлқы  бұзылып  рухани
қасіретке  ұшырауда.  Олардың  бұл  рухани
дерттен  құтылуы  екі  талай.  Өйткені
европалықтардың 
дүниетанымы
материалисттік  негізде  қалыптасып,  тұрақты
көзқарасқа айналып кетті.
Қатты қалыптасқан, бір жүйеге түсіп бекіп
кеткен  дүниетанымдағы  материалистік
модельді  санадан  сырып  тастау  –  қиынның
қиыны. Әрі оларды бұл теріс танымнан алып
шығарлық  европалықтарда  толық  адам  ілімі
тәрізді  рухани  құбылыстың  ізі  де  жоқ.  Осы
себепті де біздер Абайдың толық адам ілімінің
болмысын  жан-жақты  тереңдете  зерттеп
меңгеріп алуға, онда қол жеткен жетістікті қоғам
игілігіне  айналдыруға  бар  күш  қуатымызды
жұмсау  –  қоғамның  қажеттілігіне  айналып
отырғанын түсінетін уақыт жетті деп білеміз.
Абай  мұрасын  танытудағы  қуатты
құралдың бірі «Абай» энциклопедиясы ойшыл,
хәкім  Абайдың  150  жылдық  мерейтойы
қарсанында  басылым  көрді.  Бірақ  шынын
айтсақ, бұл энциклопедия асығыс, жылдам, тез
даярланумен  бірге  ақын  мұрасын  ғылыми
тұрғыдан өз деңгейінде таныта алмады, себебі
кеңестік тоталитарлық идеология оның өрісін
тарылтты.
Әдебиет  пен  өнерге,  ғылымға  таптық,
партиялық  принципті  орынсыз  тықпалап
қақпайлай  берудің  қажет  еместігін  Қытай
компартия жетекшілері өз тәжірбиесінен көріп
сезінуі  себепті  Дын  Шау  Пин:  «Әдебиет  пен
көркем өнер саясатқа тәуелді деген сөз бұдан
былай  айтылмауы  керек.  Өйткені  бұл  ұран
әдебиет пен көркем өнерге қисынсыз килігудің
оп-оңай  теориялық  негізі болып  шыға  келді.
Бұл  тектес  ұрандардың  әдебиет  пен  өнерге
пайдасынан зияны көп екені өмірдің өзі көрсетіп
берген жоқ па?» деп өте сындарлы пікір білдіруі
өмір  ағысынан  туындап  отырған  шындық
екенін көріп сезінудеміз.
Абай  мұрасының  шығысқа  қатысын
«Абай» энциклопедиясында жан-жақты ашып
көрсетуге мүмкіндік берілмеді. Абайдың орыс
әдебиеті  мен  европалық  мәдениеті  шамадан
тыс мадақталып, назар осы тарапқа молырақ
аударылды. Ал, Абайдың дүниетанымы жайлы
мәселелер қала, қалама материалистік, атеистік
таным тұрғысынан баяндалып, насихатталды.
Кейде, тіпті, Абайтануға қатысы жоқ кездейсоқ
лауазымы  жоғары  тұлғалар  еніп  кетіп,
энциклопедияның  ғылыми  құндылығын
төмендеткені де рас. Мәселе – осы кемшіліктен
арылған энциклопедияны асықпай жан-жақты
қарастырып,  ақын  дүниетанымын  кванттық
физиктер  ұстап  отырған  жана  дүниетаным
негізіне сүйене отырып шығаруды қолға алуда
жатыр.  Жаңадан  қолға  алынып,  басылымға
даярланатын «Абай» энциклопедиясы өте биік
талғаммен,  әсіресе  ақын  дүниетанымының
салаларын жаңаша көзқараспен танудың үстіне
бұрынғы  энциклопедияда  қалың  бұқара
оқырмандардың санасына сіңірілген кеңестік

22
идеологияның  сарқыншақтарынан  арылттып,
тазалауды басты мақсат ретінде ұстану – уақыт
пен жаңа таным қажеттілігі деп ұғыну жөн.
Абайтану 
т арихында 
ақын
дүниетанымына  байланысты  аса  күрделі  де
қиын мәселенің бірі – қазақ поэзиясында Абай
негізін қалаған жантану ілімі мәселесі. Жантану
ілімінің  дүниетану  тұрғысынан  екі  салаға
бөлінетіні бар:
Бірі,  еуро палық  танымдағы  жанды
адамның  психикалық  әрекетінен  туындайтын
материалистік танымынан туындайтын жантану
ілімі. Бұл ілім бойынша жан ешқайдан келмейді.
Ол адамның ішкі психикалық сан түрлі әрекеті
арқылы көрініс беретін заттық құбылыс. Ол адам
қайтыс  болғанда  бірге  жоғалатын,  қайтып
келмейтін  нәрсе.  Осы  ұғымды  Мағжан  «Жан
деген жеке зат жоқ, жан деген дененің бір бөлігі
деген сөз» деп материалистік танымды меңзей
көрсетіп отыр.
Екіншісі, Абайдың жиырма жетінші қара
сөзінде «Жә, сен бұл ақылға қайдан ие болдың?
Әрине, қайдан келсе де, жан деген нәрсе келді
де,  сонан  соң  ие  бо лдың»  деген  ой
толғанысында жан сырттан, түп ие тарапынан
келгенін меңзеп отыр. Ал, Шәкәрім болса:
Жанымыз күннен келген нұрдан,
Тәніміз топырақ пен судан,
– деген ой танымын ортаға тастайды. Жанды
танып  білу,  ғарыштан  келетін  яғни,  жанның
тылсым  құбылыс  болуы  себепті,  ол  жантану
іліміне жатады.
Абай мен Шәкәрімнің зерттеу нысанасына
алып отырғаны да осы ғарыш яғни, түп иеден
келген  жанды  танып  білу  іліміне  жатпақ.
Шәкәрім:
«Жанның бастан барын байқамапты
Психолог ғылымын ашқан адам»,
–  деп,  батыс  ғалымдарын  адасқанына  сын
көзімен қарап сынауы жай нәрсе емес. Дарынды
ақын Мағжан Жұмабаевтың «Пайғамбар» деген
өлеңі бізден бір ғасыр бұрын жазылса да, ақын
дүниетанымының арқауы Абай ой танымымен
сабақтас жатқан құбылыс екеніне көзіміз жете
түседі.  Европалықтар  Абай  айтқан  дүниенің
көрінген  сырын  танып  біліп,  материалдық
игілікке жетуді мақсат етуден, ғылым табысын
имансыздық  жолға  түсіріп,  отарлаған  елдерді
қырып жойып, тілін, дінін, ділін, салт-санасын
аяқ асты етуден тартынбай адамшылық жолынан
шықты. Мағжан терең мән бере айтатын:
Білген емес иман деген не нәрсе,
Болған емес жұмысы оның жанменен,
–  деген  өлең  тезистік  мағынада  қолданысқа
түскен «иман, жан» деген сөздерінің мағынасын
батыс елдерінің танып білуі мүмкін емес. Өйткені
«иман» ұғымы түпиенің барлығына нануды алға
қойса, олар оған нана алмай атеистік жолға түсті.
«Жан» сөзін де осы мағынада ұғынды.
Абайдың  түпиені  танып  білуге  айрықша
ізденіске түскен әрекеті «Лай суға май бітпес қой
өткенге» (1895 жыл) деген өлеңінде:
Өзгені ақыл, ойға қондырады,
Біле алмай бір тәңіріні болдырады.
Ақылдың жетпегені арман емес,
Құмарсыз құр мүлгуге тоя алмаймын,
– деп, түп иені танып білуге ұмтылады. Бірақ түп
иені танып білуге адам ақылы жетпесін білсе де,
«Сонда  да  оны  ойламай  тұра  алмаймын»  деп
алда да іздене беретінін меңзейді. Абай түпиеден
келген жанның болмысын танып білуге ұмтылу
әрекеті оны жантану іліміне алып келеді.
Бұлар  –  адамзат  баласының  алдына
қойылып  отырған  ұлы  мәселелер.  Мұны  тек
қана  кванттық  физиктердің  «Ғаламды  Сана
билейді»  деген  жаңа  дүниетанымымен
сабақтасып  жатқан  мүлде  соны  тың  танымға
қадам бастық.
Абай,  Шәкәрім,  Мағжан  сынды  дарабоз
ақындар  дүниетанымының  енді  дүние
бастауында  тұрған  Сана  билігі  арқылы  танып
білуге күш салу – Абайтану саласындағы ғылыми
зерттеу, ізденістеріміздің өзегіне айналар уақыт
жетті деп білеміз.
АБАЙТАНУ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет