Жаңартылған білім мазмұнындағы


Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбие түрлерін жіктеп, сипатты белгілерін көрсетіңіз



бет10/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
ҚӘОӘ сессия НОВЫЙ

20..Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тəрбие түрлерін жіктеп, сипатты белгілерін көрсетіңіз.
Тəрбие бөлімдері
Тəрбие төрт түрлі: дене тəрбиесі, ақыл тəрбиесі, сұлулық тəрбиесі һəм құлық тəрбиесі.Егерде адам баласына осы төрт тəрбие тегіс берілсе, оның тəрбиесі түгел болғаны. Егерде ол жөпшенді ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дəл табатын дұрыс ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, əдемі түрден лəззат алып, жаны толқынданарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс тəрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тəрбиені дұрыс орындасын. Бала аурулы, зағып болса, баладан емес, тəрбиешіден. Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінəлі емес, тəрбиеші кінəлі. Бала сұлулықтан лəззат ала білмейтін мақау жанды болса, бала айыпты емес, тəрбиеші жазалы. «Бала істеген жауыздықтың жазасын тəрбиеші көтерсін» деген иран елінің мəтелі – шын дұрыс мəтел.


21.Қазақ əдебиеті пəнінен Б/С бөлімі бойынша шағын сын, мақала жазу тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз.
Әдеби сын жазушылар шығарманы талдап, оған эстетикалық баға береді. Әдеби туындының идеялық-көркемдік мәнін, әдебиеттегі алар орнын айқындап, пайымдаулар жасайды, түйінді пікірлер айтады. Әдеби сынның сыни мақала, сын пікір, шолу мақала, эссе, әдеби портрет секілді жанрлық түрлері бар. «”Қазақ әдебиеті” пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында «оқырманның рухани дүниесіне шығарма әсерін талдай отырып, сыни хабарлама жазу», «шығармада көтерілген мәселенің әлеуметтік рөлі туралы сыни хабарлама жасау», «әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы шағын сыни шолу жазу», «шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу», «әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдап, шағын сын мақала жазу» оқу мақсаттары қамтылған. Жазба жұмыстарын жазуда оқушыларға оның құрылымын, үлгісін ұсынған жөн. Төменде сыни мақаланы жазу қадамдары ұсынылған.
Сыни мақала жазуға дайындық келесі қадамдарды қамтиды: 1-қадам. Қажетті ақпараттарды іріктеу.
2-қадам. Мәтінді талдау
3-қадам. Құрылымын сақтап, сыни мақала жазу
Негізгі сөз
• Шығарманың мазмұнына қысқаша сипаттама беру.

• Қоғамдық мәселені талқылау (құрылым, стиль, көзделген аудиториясы, автор көзқарасы).


• Шығармадан дәлел келтіру. Автор ұстанымын, өз ұстанымын дәлелдеу, т.б. үзінділерді қолдану.
Сөз соңы
• Автор көздеген мақсатына жетті ме? Шығармадан қандай ой
түюге болады? Қандай қорытынды шығаруға болады?
Мақаланы қалай дұрыс жазу керек? Мақаланың құрылымы қандай болу керек?
- Кіріспе
- Негізгі бөлімі
- Қорытынды
Соныме қоса мақала үшін тақырыптың болуы міндетті.
Шағын сын, мақала жазу тапсырмалары оқушының шығармашылық деңгейін шыңдауға өте үлкен көмек бере алады. Себебі сын жазу үшін оқушыға ең алдымен үлкен ізденіс керек. Шығарманы түсініп оқуы, салыстыра алуы, өз көзқарасын еркін әрі тиянақты жеткізуі маңызды. Бұл тапсырманы орындау арқылы жан-жақтылық, байқампаздық қасиеттері артады.
Эссе жазу тапсырмасы оқушының ішкі әлемін оятуға, өзін тереңінен тануына көмектеседі. Себебі эссе “мендік” көзқарастардан тұрады . Эссе жазу талаптарын білген әрі оны сақтаған оқушы сауатты әрі сапалы жаза алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет