26.Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11 сыныптың арналған «Қазақ әдебиеті» оқулығына сипаттама беріңіз (құрылымы, тапсырмалар жүйесі). Мектеп баспасы. Оқулық құрылымы: 4 бөлімнен тұрады.9 автор оқытылады.Әр бөлім басында өтетін шығармаларда оқушылардың не істейтіні айтылады.Мысалы, С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңімен танысып, шығармадағы көркем құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдап,автор стиль анықтайсыңдар.Әр тақырып басында авторға қатысты ғалым-жазушылардың пікір айтылады.
Кері байланыс формалары: «Білім пирамидасы»,«Білім кемесі»,«Зерде»,«321»,«Жер қыртысы»,
Тапсырмалар түрлері: жеке,топтық,жұптық.Мысалы, жұбыңмен кесте толтырыңдар,дөңгелек үстел ұйымдастырыңдар,менталды карта құрастырыңдар,өлең құрылысын талдаңдар,жазушы шеберлігіне баға беріңдер,сұрақ-жауап,әдеби эссе,сыни хабарлама жазыңдар т.б
Лұғат- сөздік (түсініксіз сөздерге анықтама).
Тағлым тамшылары - тақырыптағы кейіпкер өмірінен естелік/ еңбектерден қосымша мәлімет.
Әр бөлім біткен соң,тоқсандық жиындық бақылау жұмысы беріледі.
Атамұра.Оқулықтың көлемі үлкен болғандықтан, 2-бөлімнен тұрады.Алғашқы бетінде оқулық картасы (шығарма/авторы/жанры/теория) көрсетіледі.Тыңдалым тапсырмалары бойынша уақыт мөлшері көрсетіледі.Мысалы,15-минут.
Әр тақырыптың өзіндік оқу мақсаттары,сонымен қатар мақсатқа жету үшін не істеу керекгі көрсетіледі.Әр тақырыптың соныңда ғалымдардың авторға пікір айтылады.Бөлім соныңда қорытынды тапсырмалар.
Тапсырма орындауда қолданатын әдіс-тәсілдер: «Қос жазба күнделігі», «РАФТ», «ПОПС формуласы», «Венн диаграммасы», «1 тезис,3дәлел», «Оқиға картасы», «Көршінің сұрағына жауап бер», «Блум түймедағы»,
Кері байланыс: «Оқырман көзімен», «Үш минуттық эссе», «Жұптық жұмыс», «3-2-1», «Жинақтау парақшасының индексі»,кесте,сұрақ-жауап т.б
27.Эссе мазмұнында қолданылатын дайын тіркестер, қанатты сөздерді келтіріп, эссені бағалау талаптарын көрсетіңіз. Эссені бағалауға қойылатын талаптар: 1.Эссе жазуда мына құрылым сақталуы тиіс: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды.Кіріспеде эссе тақырыбы (басты мәселесі) анық көрініп тұруы керек, керек жағдайда эсседе қолданылатын ұғымдар мен терминдердің анықтамасын беруге болады (көлемі - 1 абзац). Негізгі бөлімде эссе тақырыбы дәлелдемелер көмегімен ашылуы тиіс: 1 пікір - 1 дәлел (мысал,агрумент,факт) - 1 абзац (барлығы - 3 абзац). Қорытынды бөлімде тұжырымдар жасалуы тиіс, эссенің басты идеясын беруге де болады (көлемі - 1 абзац).
2.Эсседе Сіздің өзіндік азаматтық ұстанымыңыз байқалуы қажет.
3.Тілдік тұрғыдан рәсімдеу кезінде эсседе қыстырма сөздер мен сөз тіркестері (меніңше, менің көзқарасым бойынша, деп санаймын...), жекелеген стильдік тәсілдер (мысалы, инверсия, риторикалық сұрақ, синтаксистік алмастырулар, эпитеттер және т.б.) қолданылуы қажет. Эссе мәтінінде қазіргі қазақ тілінің орфографиялық және емле нормалары сақталуы тиіс.
1.Эссенің құрылымын сақталуы – 10 балл
2.Ұсынылған тезистердің сауатты дәлелдемелермен дәйектелуі, түрлі көзқарастардың берілуі, мәселеге қатысты дәйексөз, сандық деректер, ғылыми мәліметтерді қолдану мен дереккөздерді рәсімдеу талаптарының сақталуы – 10 балл
3. Қанатты сөздерді орында тақырыпқа сәйкес қолдана білу - 10 балл
4. Келтірілген қанатты сөздің мағынасын ашып жаза білу - 10 балл