Жаңартылған білім мазмұнындағы


Қазақ әдебиеті пәнінен А/И бөлімі бойынша өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу, креативті жазу тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз



бет11/32
Дата19.12.2022
өлшемі1,79 Mb.
#58184
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
22.. Қазақ әдебиеті пәнінен А/И бөлімі бойынша өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу, креативті жазу тапсырмаларының өзіндік ерекшеліктерін сипаттап жазыңыз. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1. Әдеби шығарманың композициясы;
2. Автор бейнесі
3. Көркем шығарманың тілі;
4. Шығармашылық жұмыс.
Өзіндік көз қарас тұрғысынан дамытып жазу тапсырмасында үзінді беріп оқиға желісін өзіндік көзқарасымен жалғастырып жазады. Әдетте 3-4 сөйлем жеткілікті. Бұл тапсырма балалардың қызығушылығын арттырып, ойлап қабілеттерін дамытып, жеке пікірді қалыптастырады.
Креативті жазу тапсырмаларының бір неше түрін айтсақ болады.
1) Шығармадан тыс қалған көрініс.
Оқушылар осы шығармада тағы қандай оқиға болуы мүмкін екенін жазады.
2) Фокусты ауыстыру.
Шығармадағы қосалқы кейіпкер туралы жазады. Бұл шығармада ол болмағанда оқиға қалай өрбитін еді немесе бұл шығармадағы кейіпкердің орны қандай.
3) Жалғасы
Шығарма кейіпкерінің өмірі әрі қарай қандай болды.
4) Моральдық қайта бағдарлау.
Жағымды кейіпкерді жағымсыз кейіпкер ретінде таныту немесе керісінше.
5) Жанрлық трансформация.
Шығарманың бір сюжеттін газеттік мақала, пьеса түрінде ұсыну. Комедиялық сюжетті трагедияға ауыстыру, немесе керісінше.
6. Кроссовер
Әртүрлі шығарма кейіпкелерінің диалогын құрастыру.


23.М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі «Әсерлену ұғымы» деген мәселені мысалдармен дәйектеп жазыңыз.
Жауабы: Әсерлену- нерв системасы алып келген әсерді жанның ұғынуы. Әсерлену қалай жүреді: дүниедегі бір зат, нерв ұшына әсер етеді. Мысалы, құлақ әуенді естиді, кейін оны орталық нерв жүйесі яғни миға жібереді. Осы кезде ми келген ақпаратпен әсерленеді, яғни мида бір аңдау пайда болады. Жанда әсерлену құбылысы болу үшін келесі шарттар болуы қажет. 1. Әсерлену тым әлсіз және тым қатты болмауы қажет. Мысалы, шаң тозаңның бетке қонғаны ешқандай әсер бермейді, дәл солай құлақты қатты дыбыс жай ғана ауыртады, бірақ ми одан ешқандай әсер алмайды. 2. Әсерленулердің арасында белгілі бір уақыт болу керек. Мысалы, зырылдауықты айналдырсақ ол дөңгелек болып көрінеді, ал оның түстері әр түрлі болса зырылдауық бізге сұр болып көрінеді.
3. Әсерлену миға жетсін. Көру нервысын мидан айырсақ, жанда көру әсері болмайды. Мысалы, бір қыз беріліп кітап оқып отыр, сол кезде бөлмеге кірген адамды байқамайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет