«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет13/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24
Сурет
Дене тәрбиесi әдiстерi 
 
Ойын әдiсi. 
Дене тәрбиесi үрдiсiнде спорттық және қозғалмалы 
ойындардың элементтерiн қолдану – ойын әдiсi деп аталады. Ойын әдiсiнiң 
мынандай ӛзiне тән ерекшелiктерi мен белгiлерi бар: 
1. Белгiлi бiр мақсатқа (жеңiске) жету үшiн ойынның жоспары және тәртiбi 
арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру. 
2. Ойын әрекеттерi кезiнде ойнаушылардың бәсекелестiк, жеңiске деген 
ұмтылысының, кӛңiл-күйлерiнiң кӛтерiлуi. 
3. Ойын барысында жаттығушылардың ӛз бетiмен қимыл-әрекет жасауға 
шешiм қабылдауы (ойынға қатысушы жүгiрудiң, секiрудiң, лақтырудың жолын 
ӛзi таңдайды). 
4. Қимыл-әрекеттердiң алуан түрлiлiгi, олардың ойын барысында, әр түрлi 
жаттығуларда кенеттен пайда болуы. 
5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлi қарым-
қатынастары. 
Ойын әдiсiнiң кӛмегiмен дене қасиеттерiн (күш, тӛзiмдiлiк, шапшаңдық, 
ептiлiк) кешендi дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетiлдiру және 
оқушылардың ӛзiндiк қасиеттерiн тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық
ұйымдастырушылық, ӛз бетiмен шешiм қабылдаушылық), бұдан басқа да 
кӛптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. Жаттығуларды ойын әдiсiмен 
жүргiзу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бiрқалыптылықтан 
құтқарады. Ойын әдiсiнiң бiр кемшiлiгi, жүктеме мӛлшерiн дәл бiле 
алмайтынымыз. 
Жарыс әдiсi. 
Дене тәрбиесi жаттығуларын жарыс, бәсеке түрiнде 
орындауды жарыс әдiсi деймiз. Жарыс әдiсiнiң ең негiзгi белгiсi – бiрiншiлiкте 
қарсыласыңды, команданы, топты жеңу үшiн бәсекелесу, күрес, күш сынасу 
жағдайында жоғарғы кӛрсеткiштерге жету. Бұл әдiс әр түрлi мақсаттарды 
орындауға пайдаланылады. Мысалы, адамгершiлiк, жiгерлiлiк, дене қасиеттерiн 
тәрбиелеу, күрделi жағдайда қимылдың ептiлiгi мен дағдысын жетiлдiру. Жарыс 
әдiсi адам ағзасының мүмкiншiлiктерiне жоғарғы талаптар қояды да, оның ары 
қарай тез дамуына ықпал етедi. Бұл жарыс әдiсiнiң мiндеттi түрде орындалуы 
үшiн керектi шарт: жарыс, бәсеке жаттығуларына оқушылар ӛте жақсы 
дайындықпен келулерi керек, ол болмаса берiлетiн үлкен қарқынды жүктемелер 
олардың денсаулығына зиян келтiруi мүмкiн. 
Сонымен қатар бұл әдiс оқушылардан жаттығуды орындау кезiнде пайда 
болатын мiндетке ӛз шешiмiн тез қабылдауын талап етедi (ӛйткенi, мұғалiмнiң, 
жаттықтырушының ақыл-кеңесiн жарыс кезiнде ести қою мүмкiндiгi ӛте аз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет