«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері


Дәріс 13-14. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтарын



Pdf көрінісі
бет21/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Дәріс 13-14. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтарын 
ұйымдастыру және ӛткізу 
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы – 
дене шынықтыру сабағы.
 
Дене шынықтыру сабақтарының мазмұны мемлекеттік 
стандарт пен оқу бағдарламасына сәйкес белгіленіп, оқушылардың күші мен 
жылдамдығын, ептілігі мен шыдамдылығын және ерік-жігерін, батылдық пен 
табандылықты және тез шешім қабылдау секілді тәрбиелік қасиеттерін дамытады. 
 
Дене шынықтыру сабақтары оқушылардың қимыл-қозғалыс негіздерін, 
спорттық жаттығулар мен спорттық ойындардың қарапайым техникаларын 
меңгертуге, сол арқылы күш-қайратты жетілдіріп, епті де тӛзімді болып ӛсуге 
жағдай туғызады. Жаттығулар жасау арқылы денсаулықты сақтап, нығайтып
ӛмірге қажетті қимыл-қозғалыс әрекеттерін бірте-бірте кӛбейтіп, қызықты да 
мазмұнды ӛмір сүруге бастайды. 
Мұғалім дене шынықтыру сабақтарының барлық түрінде де уақытты тиімді 
пайдаланып, сыныптағы әрбір баланың қимыл-қозғалыстарының сапасы жақсара 
түсуіне үнемі жағдай жасап отыруға тиіс. 
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру 
міндеттері шешіледі. 
Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті – оқушылардың дене 
шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дарыту. Бастауыш 
сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан 
алуандығымен ерекшеленеді. 

Дене шынықтыру сабағы 


дайындық, негізгі, қорытынды
бӛлімдерінен 
тұрады. 
Дайындық 
бӛлімі
оқушылардың 
сергек 
кӛңіл-күйін, 
дене 
шынықтырумен шұғылдану ынтасын арттыру және балалардың сабақтың негізгі 
бӛлігінде күрделі дене жаттығуларын орындау даярлығын жасау үшін 
пайдаланылады. Мұнда кӛбінесе жүру, жүгіру, сапта тұру барысында 
оқушылардың дене бітіміне, қол-аяқтарының қимыл-қозғалыс сәйкестігіне, аяқ 
алысының, жүгіруінің дұрыстығына, жалпы ӛзін-ӛзі ықшам, жеңіл ұстауына кӛп 
кӛңіл бӛлінеді.
Балалардың денесін қыздыру үшін тоқтамай жүгіру сабақтың барлық түрінде 2-
3 минут жүргізіледі, жалпы дамыту жаттығулары кеңінен қолданылады. Бұл 
жаттығулар сабақтың мақсатына және негізгі бӛлімде жүргізілетін қимыл-
қозғалыс негіздеріне байланысты ыңғайлап алынады. Мысалы секіру түрлеріне 
үйрететін сабақта балалардың аяқ бұлшық еттерін қыздыратын жалпы дамыту 
жаттығулары басымырақ болады. 
Сабақтың


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет