«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет16/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24
 

 
Дәріс 7 Қимыл-қозғалыс ойындары -дене тәрбиесінің құралы 
Жоспары: 
1.
Қимыл-қозғалыс ойындары, оның түрлері 
2.
Дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс ойындарын пайдаланудың 
маңызы
Бастауыш мектептердегі балалардың дене тәрбиесі процесінде қозғалмалы 
ойындарға жетекші роль беріледі. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары мен 
әдістерінің бірі ретінді кӛп қозғалысты ойындар сауықтыру және тәрбие, білім 
беру міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік ашады. 
Ол бала денесінің дамуына және сауығуына жан – жақты ықпал жасайды. Ойын 
процесінде балалардың қозғалғыш ширақтығы бүкіл организмде жігерлі жағдай 
туғызады, алмасу процестерін күшейтеді, ӛмірлік тонустарын арттырады. Қимыл 
– қозғалыс ойындарын ӛткізу кезінде қол жеткен сауықтыру тиімділігі 



Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда болған және баланың психикасына 
ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз байланысты. 
Қимыл – қозғалыс ойындары балалардың игеріп үлгерген қимыл дағдыларын 
жетілдіру және дене қабілетін қалыптастыру әдісі ретінде қызмет етеді. 
Қимыл – қозғалыс ойындары ӛзінің мазмұны мен формасы жағынан 
эстетикалық әрекет болып табылады. Балалардың бұрын игерген қимыл 
дағдыларын тірек ететін әр алуан ойын қимылдары оларға қолайлы дәлдікпен, 
қалыптылықтан, ептіліктен, ерекше мәнерліліктен кӛрінеді. 
Ойындардың, әсіресе, халық ойындарының эстетикалық сипаты ойын 
бастаумен, әңгімелесумен, санамақпен байи түседі. 
Балаларға музыка ерекше эстетикалық ықпал жасайды: ол балаларды 
жігерлендіреді, олардың кӛңіл – күйін біріктіреді, қимылға эстетикалық сипат 
береді. 
Музыканың қимыл ойындарына енгізілуі, ең алдымен, оның эстетикалық – 
тәрбиелік ролін атқаруы керек. Балалардың музыкалық шығарманың ерекшелігі 
мен формасына сай қимылдауы маңызды. Осыны ескеріп, музыканы ойынның 
жекелеген бӛлімдеріне енгізу керек. 
Сӛйтіп, эмоционалды – сауықтыру, танып – білу және тәрбие компоненттерінің 
қимыл ойындарына енгізілген бүкіл жиынтығын пайдалану жан – жақты тәрбие 
беру міндетін жүзеге асыруға кӛмектеседі. 
Қимыл – қозғалыс ойындарының сан қырлы тәрбиелік маңызы, олардың 
бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін ыңғайлылығы, ойындардың 
қуанышты, балаларды ӛзіне тартатын әрекет саласын туғызуы – осылардың бәрі
қимыл – қозғалыс ойындарын балалардың күнделікті ӛмірінің ажырағысыз
бағалы серігі ретінде айқындайды. Қимыл – қозғалыс ойындарын ӛткізу кезінде 
қол жеткен сауықтыру тиімділігі балалардың ойнау әрекеті процесінде пайда 
болған және баланың психикасын ізгілікті әсер ететін жағымды эмоциямен тығыз 
байланысты. Эмоциялық ӛрлеу балалардың жалпыға ортақ мақсатқа жетуге 
ұмтылысын туғызады және тапсырман айқын түсінуінен қимылдардың жақсы 
үйлесімімен, кеңістікте және ойын жағдайында неғұрлым дәл бағдар 
белгіленуінен, тапсырманы жедел қарқынмен орындауынан кӛрінеді. Мақсатқа 
жетуге ұмтылу қуынышы баураған балалардың осындай әуестенуі кезінде әр 
түрлі кедергілерді жеңуге кӛмектесетін жігердің рӛлі артады. 
Спорттық ойындар нышандары қолданылатын ойындарға жататындар – 
волейбол, баскетбол, бадминтон, городки, үстелде ойналатын теннис, хоккей, 
футбол. 
Сюжетті қимыл – қозғалыс ойындары шартты формада ӛмірлік немесе ертегі 
оқиғасын бейнелейді. Балаларды ойында шығармашылықпен кӛрінетін ойын 
бейнелері қызықтырады. 
Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа ӛте бай және әр алуан болып келеді. 
Ұлт ойындары тақырыбына, мазмұнына, кӛздеген мақсатына байланысты, 
негізінен, үш салаға бӛлінеді. Атап айтқанда: ойын – сауық, тұрмыс – салт 
ойындары және оймен келетін ойындар. Шындап келгенде ұлт ойындары – ауыз 
әдебиетінің бір саласы. Олай болса, ұлан байтақ қазақ даласына ауызекі тарай 
келіп, ол түрленіп, ӛзгеріп отырған. Осыған орай, халық арасына кең тараған 
кейбір ойындардың бірнеше түрлерін қоса беруді жӛн кӛрдік. Ӛйткені, олардың 
мазмұны кеңейіп, әрлене түседі. Жан – жануарларды бейнелейтін ойындардың 
кейбіреуі тұрмыстық, ойын – сауықтық мақсатта берілсе, кейбірі дене 
шынықтыру, спорттық мақсатты кӛздейді. 
Ойын тегінде адам баласының ұжымдық шығармашылығы және орындалуы да 
кӛбіне ұжымдық түрде болғандықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым – 
қатынасқа әрекеттенуге, тәрбиеленуге мүмкіндік мол. 
Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше. М. Горький айтқандай, бала сӛзбен де 
ойнайды. Ол сӛзбен ойнағанда, ӛз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің 
музыкасын ұғынады. 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Сонымен, нақтылай айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің 
пікірімізше, тіл меңгерудің құралдарының бірі болып табылады. Ойын үстінде 
бала ешнәрсеге тәуелсіз. Ӛзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз – барлық 
дамудың баспалдағы. Олай болса тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде де 
ойынның айтарлықтай ролі бар. Ойын үстінде бала тілдің ішкі иірімдерін, ойлау 
жүйелерін, сӛз қолдану әдістерін, сӛйлеу дәстүрлерін, тілдік психологиялық 
ерекшеліктерін жете түсініп, еркін білуге мүмкіндік алады. 
Бастауыш мектепте дене тәрбие барысында баланың психологиялық, 
физиологиялық, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып мына мәселелерге қатты 
кӛңіл аударуды жӛн деп санаймыз. 
1.Баланың мектепке дейінгі білім деңгейі, ұғымы, танымы еске алыну керек. 
Оқушының мектепке дейінгі тәрбиесі дағдысы оны қоршаған ортамен 
байланысты. Сондықтан мектеп қабырғасындағы дене шынықтыру сабағы 
мектепке дейінгі алған қимыл – қозғалыс дағдысына ұштастырып жүргізілуі 
керек. 
2.Бастауыш мектепте берілетін дене шынықтыру бағыты, ондағы ӛткізілетін 
қимыл – қозғалыс жаттығу ойындар болашақ орта мектепте жүргізілетін дене 
шынықтыру сабағына бағытталып жүргізілуі тиісті. 
3.Ойдың дамуы тіл арқылы жүзеге асатынын естен шығармай, дене тәрбие 
сабағында баланың түсінуіне жеңіл келетін термин – атаулардың ана тілінде 
дамып қалыптасуына ерекше жағдай жасалған жӛн. 
4.Баланың үздіксіз дамуына ескере қолайлы жағдай туғызу мақсатында, әр 
сабақта белгілі бір пәнаралық байланыстарды жүзеге асырып отыру қажет. 
5.Баланың бойынан үйлесімділік табу үшін, әр күнгі дене шынықтыру 
сабақтарының кезеңдері мен элементтері арасында ӛзара байланыстылық болуы 
керек, ол үшін сабақтың кіріспе бӛлімінде қолданылған жаттығу, қимыл, 
құралдар, негізгі бӛлімде іске асырылып отыруы тиіс, ол – сабақтың құнды 
ӛтуінің кепілі. 
6.Дене шынықтыруға бағытталған қимыл – қозғалыс ойындары, жаттығулар 
балаға таныс, ӛздері білетін, қоршаған ортадан алынған болуы керек. 
7.Дене шынықтыру сабағындағы қолданылатын құралдар
(қамшы, доп, арқан, белбен, тұсау, асық, тұғыр т.б.) балаға таныс табиғи 
күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген болса, тіпті жақсы. Дене шынықтыру 
сабағының 
жақсы, 
сапалы 
жүргізілуі, 
ол 
оқытушының 
іскерлігіне, 
іздемпаздығына, біліміне тікелей байланысты екенін ешқашан естен 
шығармауымыз керек. 
8.Бастауыш сыныпта дене шынықтыру сабағының мазмұнды болуы, оның 
шындық ӛмірден алынуы, немесе шындыққа жалғасуы оқушылардың бұл пәнге 
деген қызығуына себепші болады. 
Жоғарыдағы мәліметтерге сүйене отырып, тӛменгі мектеп оқушыларының 
дене тәрбие барысында, балалардың психологиясын ескере отырып, халықтық 
педагогика элементтерін қолданса, балалардың дене қасиетіне, сабақ үлгеріміне, 
танымына, ақыл ойына, тілінің дамуына әсері зор болады. Ол үшін, әрине, 
оқушыларға дене тәрбиесіне деген қызығушылық пен білім алуға деген ынта – 
ықыласты да болуы шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет