«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Дене қасиеттерiн дамыту әдiстерi. 
Дене қасиеттерiн дамытуға 
бағытталған қатаң шектелген жаттығулар әдiстерi әр түрлi формадағы жүктеме 
мен тынығудың түрлерiн ұштастыру мүмкiндiгiне байланысты қолданылады. 
Жүктеме дегенiмiз – дене тәрбиесi жаттығуларымен адам ағзасына әр түрлi 
кӛлемде әсер ету. Жүктеменiң шамасы оның қарқындылығы мен кӛлемiне 
байланысты. Жүктеменiң кӛлемi – орындалған дене қуаты жұмысының саны 
(мысалы, 10 минуттық жүгiру, жаттығуды қайталау саны т.б.).
Жүктеме қарқындылығы - ол белгiлi бiр уақытта дене тәрбиесi 
жаттығуларын қарқынды, тездете орындау. Жүктеменiң iшкi және сыртқы 
қарқынды кӛрсеткiштерi болады. Сыртқы кӛрсеткiш – қозғалыс жылдамдығы 
(жүгiру, шаңғы жарысы, суда жүзу т.с.с.), спорт ойындарындағы ойын қарқыны 
т.б. Қарқындылықтың iшкi кӛрсеткiштерi – жүректiң соғу жиiлiгi, белгiлi бiр 
уақытта күш жұмсау ӛлшемi.
Дене қасиеттерiн дамыту үшiн мынадай әдiстер қолданылады:
Бiрқалыпты орындау (стандартты) әдiсi
. Бұл әдiс жаттығуларды үзбей, 
ұзақ уақытта, бiр қарқында орындауды талап етедi (мысалы, ұзақ уақыт 
бiрқалыпты жүгiру, жүзу, ескек есу және т.б.). Жүктеме бұл кезде жоғары 
деңгейдiң 70 пайызынан аспауы керек, жүрек соғуының жиiлiгi минутына 130-150 
рет). Ұзақ уақыт бiрқалыпты iстелген жұмыс жүрек-қан тамыры және тыныс алу 
жүйелерiн нығайтып, ағзаның жалпы тӛзiмдiлiгiн дамытады. 
Өзгермелi орындау әдiсi
. Бұл әдiсте жүктеме қарқыны жаттығуды орындау 
кезiнде ӛзгерiп отырады (мысалы, 400 метр қашықтыққа жүгiруде жылдамдық - 
бiрiншi 100 метр жүгiрген кезде 1/2 жартылай күшпен, екiншi, 100 метрде қатты 
қарқында, үшiншi 100 метрде – еркiн, тӛртiншi 100 метрде 3/4 күшпен орындалып 
отырылады). Жүктеме бұл жүгiру кездерiнде кiшi жүктемеден үлкенге және 
керiсiнше ӛзгерiп отырады. Ӛзгермелi орындау әдiсiнiң кӛмегiмен бiз жалпы 
тӛзiмдiлiктi және жылдамдық тӛзiмдiлiгiн дамытамыз, оқушыларды жiгерлiлiкке 
тәрбиелеймiз. 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Қайталап орындау әдiсi
. Бұл әдiс кезiнде жаттығу кӛп қайталанады, 
аралықтағы тынығуда ағза толық бастапқы қалпына келуi қажет (мысалы, қысқа 
қашықтыққа ӛте жоғары жылдамдықпен қайталап жүгiрген кезде, аралық тынығу 
толық болуы қажет). Қайталап орындау әдiсi күштi, жылдамдықты және күш 
жылдамдығын, жылдамдық тӛзiмдiлiгiн дамытады. 
 Аралық орындау әдiсi
. Бұл әдiстiң мәнiсi кӛп рет қайталанған жаттығудың 
орындау қарқыны жоғары (минутына 160-180 рет жүрек соғу жиiлiгi) және 
тынығу аралығы қатаң болуында. Жаттығуды орындаған соң тынығу кезiнде 
жүрек соғысы минутына 120-140 ретке жеткенге дейiн созылады да, сонан соң 
жаттығу қайталанады. Әрбiр жаңа жүктеме ағза толық бастапқы қалпына 
келмеген кезде берiледi. Тынығу белсендi немесе бәсең болуы мүмкiн, жаттығу 
тiзбекпен орындалады. Бұл әдiстiң кӛмегiмен аз мерзiмде жалпы және арнайы 
тӛзiмдiлiк қасиетiн дамытуға болады. 
Жоғарыда аталған әдiстер дене тәрбиесi тәжiрибесiнде жеке ғана емес
топтастырыла, жiктестiрiле қолданылады (мысалы, бiрқалыпты аралық 
жаттығулар әдiсi, ӛзгермелi-аралық жаттығулар әдiсi т.б.). Осындай әдiстердi 
топтастыру тәсiлдерi ағзаның функционалды мүмкiндiктерiнiң ӛсуiне тиiмдi әсер 
етедi және кең кӛлемде дене қасиеттерiн дамытады. 
Айналмалы орындау әдiсi
. Спорт зал мен спорт алаңдарында шеңбер 
бойынша орналасқан «бекеттерде» жаттығуларды шеңбер бойымен айналып 
жүрiп орындау айналмалы орындау әдiсi деп аталады. 
«Бекеттерде» (саны 6-10 болуы мүмкiн) қарапайым, үйренген бiр жаттығу 
орындалады (мысалы, штанганы иықта ұстап отырып, тұру, белтемiрде тартылу 
және т.б.). Жаттығуды орындау саны әрбiр «бекетте» жеке белгiленедi. Бiр 
сабақта «шеңбердi» бiр реттен үш ретке дейiн тынықпай немесе тынығу 
аралығымен ӛтуге болады. Бiр айналып жаттығуды орындау уақытын, тынығудың 
аралық уақытын, жаттығуды қайталау санын мӛлшерлеп белгiлеу қажет. 
Шеңберлi орындау әдiсiнiң
бiрнеше түрi бар: 
1. Жаттығуларды ұзақ, үзбей орындау. Сабақ тынығусыз, шеңбер бойынша 
бiрден үш ретке дейiн қайталана орындалады. Сабақ мiндетi – жалпы және 
арнайы тӛзiмдiлiктi дамытады. 
2. Аралық орындау әдiсi бойынша. Жаттығуларды орындау аралығында 
тынығу қатаң аралықты сақтауға, күш және жылдамдық, күш тӛзiмдiлiгiн 
тәрбиелеуге қолданылады. 
3. Бiрқалыпты орындау әдiсi бойынша. Тынығу аралығы толық. Күштi 
және жылдамдықты тәрбиелеуге қолданылады. 
Шеңберлi жаттығу әдiсiн қолданар алдында жаттығуларды топтап, 
жүйелеп алады, «бекеттердiң» орындары, жаттығуларды орындау мӛлшерi 
белгiленедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет