«Жаңартылған мазмұндағы «Дене шынықтыру» пәнін оқыту әдістемесі» пәні ДӘрістер тезистері


-10  Дәріс 9-10 Дене шынықтыруды ұйымдастыруда бастауыш мектеп



Pdf көрінісі
бет18/24
Дата03.12.2023
өлшемі0,56 Mb.
#133941
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
 
9-10 
Дәріс 9-10 Дене шынықтыруды ұйымдастыруда бастауыш мектеп 
жасындағы балалардың жас және физиологиялық ерекшеліктерін есепке алу 
Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы 
оқушылар жатады. Олар кӛп қимылдағысы келедi. Бiркелкi, ұзаққа созылатын 
ойындар оларды жалықтырып жiбередi. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әр 
түрлi, қысқа демалу аралықтарымен болса жақсы. 
Бастауыш сынып жасы кездерiнде балалардың бойлары, дене мүшелерi, 
әсiресе, аяқтары тез ӛседi. Бала жылына екi килограмм салмақ қосады. 
Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бiрақ сүйек тканьдерiнда әлi де 
органикалық заттар кӛп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемдi, 
созылмалы, әлi толық қатаймай, шемiршектi түрде болады. Осы ерекшелiктерiн 
ескерiп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар 
жүктемесiн аз беремiз. Үлкен биiктiктен секiру, қатты жерге секiру жаттығуларын 
бермеуге тырысуымыз керек. 
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттерi әлсiз, омыртқа арасындағы 
шемiршек қалың болып келедi. 7 жаста барлық омыртқа айқын бiлiнiп тұрады. 
Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесi мен 
эпифиздерiнiң арасында жұқа болса да шемiршектi қабат сақталады. 
Омыртқаралық шемiршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлi де ӛседi, олар 
14-15 жаста бекiп, қатаяды. Омыртқа ӛте икемдi, бiрақ оқыс жағдайларда қисайып 
кетуi мүмкiн. Сондықтан да осы жас кездерiнде әр түрлi омыртқа қисаюлары: 
скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерiнiң сүйектенуi 18-20 
жаста аяқталады. 
Балалардың бұлшық ет тканьдерiнда су кӛп те, белоктық заттар аз болып 
келедi. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдерi олардың жалпы салмағының 
27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. 
Бұлшық еттер әлсiз болады, әсiресе, арқа және iш бұлшық еттерi ұсақ бұлшық 
еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерiнiң жұмыс 
қабiлеттiлiгi тӛмен болады. Осы бұлшық ет жүйесi ерекшелiктерiне байланысты 
ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, бiржақты жүктемелер, 
қайта-қайта бiр түрлi қозғалыстар беруге болады. Жүктемелердi әр бұлшық еттер 
тобына ауыстырып берiп, дененi үйлесiмдi дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен 



Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
амплитудамен кiшi бұлшық ет тобына кӛбiрек беру керек. 
Балалардың бұлшық еттерi жыл сайын бiр қалыпты және тұрақты түрде ӛсiп 
отырады. Алайда, әр түрлi бұлшық ет топтары күшiнiң жыл сайынғы ӛсуi бiр 
қалыпты болмайды. Дене жаттығуларының тоғыз жастан бастап дененi тiк 
ұстайтын бұлшық еттердiң күшi елеулi түрде артады да, саусақ бұлшық еттерiнiң 
күшi бiршама тежеледi. Бұлшық еттер күшiнiң үдемелi түрде ӛсуi қыз балаларды 
11–12 жаста, ал ер балаларды бiршама кейiнiрек 12–13 жас аралығында 
басталады. Балаларда күш қабiлетiн жетiлдiретiн жаттығулар негiзнен жүйелi 
түрде орындалып отыруы қажет. Күш қабiлетiн жетiлдiру кезiнде денеге түсетiн 
күш ӛте кӛп болмауы қажет. Бұл адамның жалпы ӛсуiн кiдiртедi. Күштi 
арттыратын жаттығулар адамның шапшаңдық, күштiлiк, тӛзiмдiлiк қасиет-
қабiлеттерiн дамытудың негiзi болғандықтан, мұндай жаттығуларды үздiксiз және 
жеткiлiктi мӛлшерде орындап отыруы қажет. Ӛз беттерiмен жаттығу кезiнде 
күштi молайтатын жаттығулар икемдiлiк пен жылдамдық қабiлеттерiн 
арттыратын жаттығулардан кейiн, ал кӛп жағдайда тӛзiмдiлiктi арттыратын 
жаттығулрадың алдында орындалғаны жӛн. Күш қабiлетiн жетiлдiру үшiн 
жаттығулардың тӛменгiдей түрлерiн орындау керек. а) кермеге тартылу, биiкке 
ӛрмелеу, аяқты кӛтеру, еденге немесе гимнастикалық орындыққа екпетiмен 
жатып, қолды бүгiп, жазу жаттығуларын орындау қажет. ә) басқа ауыр салмақтар 
кӛтеру (бiрнеше бала болып гимнастикалық орындықты және оны үстiнде 
отырған оқушылармен бiрге қӛтерiп алып жүру) серiппелi спорт құралдарымен, 
баппен (гантель) кӛтерумен жаттығу. Күш қабiлетiн жетiлдiретiн ӛзге де жаттығу 
түрлерi бар. Дегенмен, жоғарыда аталған жаттығулардың алғашқы а тармағы жиi 
қолданылады. Ӛйткенi ол мектеп жасындағы балалардың ең қолайлы жаттығуы. 
10–13 жастағы оқушыларға белгiлi бiр деңгейдегi күш, тӛзiмдiлiк қабiлеттерiн 
жетiлдiретiн жаттығулар керек. Себебi 10 жасқа дейiнгi балалар жиi алаңдап
белгiлi бiр деңгейде күш жұмсауға қабiлетсiз болса, 10 жастан кейiн күш қабiлетi 
едәуiр артады. Тӛзiмдiлiк қабiлетiн жетiлдiру үшiн бiрiншi кезекте күрделiлеу 
жаттығулар пайдаланылады. Бұлар: аласа кермеге тартылу, гимнастикалық 
қабырғаға және орындыққа қолды тiреп, бiрнеше рет бүгiп — жазу, онша ауыр 
емес заттарды кӛтеру. Жылдамдық қабiлетiн жетiлдiру үшiн ең бiрiншi қозғалыс 
шапшаңдығын арттыруға арналған жаттығулар пайдаланады. Қозғалыс 
шапшаңдығын дамытуда қайталау тәсiлi қолданылады. Әрбiр келесi қимыл — 
әрекет бұрын кӛрсетiлген шапшаңдықты арттыру мiндетiн алға қоюы керек. 
Шапшаңдық дене тәрбиесi теориясында «тiкелей және басымдығы жағынан 
қозғалыстың шапшаңдық сипатын, сондай-ақ қимыл реакциясының уақытын 
айқындайтын 
адамның 
функциялық 
қасиетiнiң 
комплексi» 
ретiнде 
қарастырылады. Iс-жүзiнде бұл қимыл әрекеттерiн ең қысқа мерзiм iшiнде 
орындау қабiлетiнен кӛрiнедi.
Шапшаңдық 
қимыл 
реакциясының, 
жекелеген 
қозғалыстардың 
жылдамдығымен, әлденеше рет қайталанатын қозғалыстардың жиiлiгiмен 
анықталады. 
Жылдамдық қабiлетiн жетiлдiруге арналған жаттығулар шапшаңдық қашан 
тӛмендей бастағанша қайталана беруi керек. Оларды сабақтың басында немесе 
ептiлiктi арттыратын жаттығуларды орындаудан кейiн ӛтқiзген жӛн. Ептiлiк 
қабiлетiн жетiлдiру үшiн гимнастикалық жаттығулармен қоса әдеттегi қимыл-
қозғалыс жаттығуларын күрделендiре қолдануға болады. Әдеттегi қозғалыстарды 
кездейсоқ бастапқы қалыптардан орындау (мысалы бiр орыннан ұзындыққа секiру 
бiр жақ жанымен немесе терiс қарап тұрып орындау), бiр орында тұрып 180–360 
қа бұрылып секiру, ал ең бастысы — акробатика мен әр түрлi қимыл- қозғалыс 
ойындары ептiлiктi жетiлдiруге пайдалы болмақ. Ептiлiк қабiлетiн жетiлдiруге 
арналған жаттығулар әдетте кiрiспе бӛлiмiнен кейiн, сабақтын негiзгi бӛлiмiнiң 
басында орындалады. Дене шынықтыруда пайдаланылатын жаттығулар адам 
организмiне белгiлi бiр дәрежеде әсерiн тигiзедi. Денеге түсетiн күштi, яғни 
жүктеме мӛлшерiн белгiлеген кезде оның жүйесi және дәйектi болуын мейлiнше 


Ф КазНПУ 0703-03-18 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
дұрыс сақтау қажет. Дұрыс ұйымдастырылған дене жаттығулары адамға қажеттi 
күш, жылдамдық, ептiлiк, тӛзiмдiлiк т.б қасиет -қабiлеттерiнiң қалыптасуына 
белсендi түрде әсер етедi. 
Бастауыш сынып оқушыларының жүректерi үлкен, қан тамырларының iшi кең, 
қабырғалары созылмалы болып келедi. Жүрек соғу жиiлiгi жиi, минутына 50-90 
рет соғу тӛңiрегiнде болады. Жүректiн бұлшық еттерi әлсiз, созылмалы. Жүректiң 
жиырылуы кезiнде шамамен 25-33 мл қан жүректiң сол жақ қарыншасынан қолқа 
тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық кӛлемi дейдi. Жүрек-қан тамыр 
жүйесiнiң осы ерекшелiктерiне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ кӛтеру, 
ұзақ тарту, ауыр нәрсе кӛтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу 
қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерiн қатайтатын кӛп күш керек ететiн, 
жүрек соғу жиiлiгi кӛп жиiлеп кететiн жаттығуларды байқап беру қажет. 
Балалардың зат алмасу үрдiсi үлкендерге қарағанда тез жүредi. Балалардың 
кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иiлетiндiктен терең дем алуға 
керi әсер етедi. Дем алу жиiлiгi тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиiлiгi 
тӛңiрегiнде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың 
минуттық кӛлемi 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа 
келгенде кӛбейiп 4400 мл/минутқа дейiн жетедi. Ӛкпенiң ауа сыймдылығы кӛлемi 
7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейiн кӛтерiледi. Бастауыш сынып 
оқушыларын терең, бiрқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуiмiз қажет. 
Жаттығуларды орындау тыныс алумен бiрдей орындалуы тиiс. 
1-сынып оқушылары шыдамсыз, ӛздерiн тоқтата алмайды, зейiнi тұрақты емес. 
Бiрте-бiрте оларға жаттығуларды кеңiстiкте орындау түрiнде бергенде ойланып, 
еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды. 
Бастауыш сынып оқушыларына дененi дамыту жаттығуларын бергенде, ұл 
балалар мен қыз балалардың дене дамуы ерекшелiктерiн ескеру қажет. Ұлдардың 
салмағы, бойлары үлкен, кеуделерi кең, ӛкпенiң тiршiлiк кӛлемi жоғары болады. 
Бұлшық ет күштерi қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгiредi, ұзаққа, биiкке 
секiредi, алысқа лақтырады, күштi, әрi шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап 
ұлдарға ауырлық кӛтергенде, қашыққа, жүгiргенде, секiргенде, лақтырғанда 
кӛбiрек жүктеме беруге болады. (Ӛйткенi 1,2- сыныпта ұлдар мен қыздардың дене 
тәрбиесi жаттығулары амалдары бiрге, бӛлуге келмейдi). Қыздарға 3-сыныпта 
ұлдарға қарағанда кӛбiрек бiрқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады. 
Негiзгi қозғалыс түрлерi жүру, жүгiру, секiру, лақтыру ӛмiрге қажеттi дағды 
және iскерлiктердi қалыптастырады. Жас балалардың денесi түрлi жаттығулар 
кӛмегiмен ширап, дамиды. Сондықтан күш, жылдамдық, тӛзiмдiлiк, икемдiлiк 
сияқты адам қабiлетiн дамыту оқушылардың қозғалтқыш тәжiрибесiн байытады, 
дене қозғалысын үйлестiредi. Мұның бәрi балалардың қозғалыс дағдыларын 
дамытудың физиологиялық аспектiлерi ескерiлгенде нәтижелi болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет