«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


ІІI - ші жұп : көзқимыл нерві ( n.oculoтotorius )



бет42/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

ІІI - ші жұп : көзқимыл нерві ( n.oculoтotorius ) : -жеке өзі таза қимыл нерв , бірақ құрамында вегетативтік талшықтар бірге жүретіндіктен аралас нервтерге де жатады ;
-ядролары :
а ) көзқалтқыш нервінің ядросы ( nucleus n.oculomotorii ) - қимыл ядро , ортаңғы мидың жоғарғы төбешіктер ( colliculi superiores ) деңгейінде орналасқан ;
б ) көзқимыл нервінің косалқы ядросы ( nucleus accessorius п.oculomotorii ) немесе Якубович ядросы ( жұп ) - парасимпатикалық ядро , nucleus n.oculoтotorii - дан медиалді және артқа таман орналасқан ;
в ) сыңар орталық ядро ( nucleus centralis impar ) немесе Перли ядросы - бұлда парасимпатикалық ядро , Якубович ядросымен бірге орналасады ;
-мидан шығатын жері : аяқшааралық шұңқыр ( fossa interpeduncularis ) , әрі қарай көзқимыл ( III - ші жұп ) нервісінің жүлгесі ( sulcus oculomotorius ) арқылы өтеді ;
-бассүйегінен шығатын жері : көз ұясының жоғарғы саңылауы ( fissura orbitalis superior ) арқылы шығып , көзұясына өтеді ;
-тармактары :
1.Жоғарғы тармақ ( ramus superior ) : көз алмасының жоғарғы тік бұлшықетін ( т.rectus superior - ды ) және жоғарғы қабақты көтеретін бұлшықетті ( т.levator palpebrae superior - ды ) иннервациялайды ;
2.Төменгі тармақ ( ramus inferior ) : көз алмасының төменгі тік бұлшықетін ( т.rectus inferior - ды ) , медиалді тік бұлшықетін ( т.rectus medialis - ты ) және төменгі қиғаш бұлшықетін ( m.obliquus inferior - ды ) иннервациялайды ;
3. Көзқимыл нервінің түбіршігі ( radix oculomotoria ) : төменгі тармақтан ( ramus inferior - дан ) бөлініп вегетативтік кірпікті түйінге қосылатын түбіршік : -radix oculomotoria - ның құрамында парасимпатикалық ( Якубович және Перли ) ядроларынан басталатын прегангилік нерв талшықтары болады ; -прегангилік талшықтар п.oculomotorius құрамымен жүріп , оның төменгі тармағы арқылы өтіп , одан бөлектенеді де вегетативтік кірпік түйінінде ( ganglion ciliare - де ) аяқталады ; -ganglion ciliare - ден постганглийлік талшықтар ( 3-6 пn.ciliares brevis ) шығады және т . ciliaris et m.sphincter pupillae - ны парасимпатикалық иннервациялайды , яғни аталған бұлшықеттерді жиырылтып аккомодацияға ( жақын - алыстан айқын көруге ) және қарашық рефлексына ( қарашықтардың тарылуына ) қатынасады . Кірпік түйіні ( ganglion ciliare ) — көзұясының артқы бөлімінде , көру нервісінің бүйір жағында орналасқан , көлемі 1,5 мм шамасындай , сопақша келген парасимпатикалық түйін .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет