ХІ-ші жұп: қосымша нерв (n. accessorius): -таза қозғалтқыш нерв, екі қозғалтқыш ядросы болады.
Ядролары: -жұлындық ядро (nucleus spinalis)– қозғалтқыш, жұлынның С1-6 сегменттерінде орналасады;
-краниалдық ядро (nucleus cranialis) – қозғалтқыш, Х және ІХ жұп ми нервтерінің қозғалтқыш ядроларымен бірге ромбтәрізді шұңқырдың төменгі ұшбұрышында проекцияланады (қосарланған ядро, nucleus ambiguus);
Мидан шығатын жері:сопақша мидан артқы латералді жүлге (sulcus posterolateralis) арқылы шығады;
Бассүйектен шығатын жері: бас сүйектен, ішкі мойындырық венамен, Х және ІХ жұп ми нервтерімен бірге, мойындырық тесік (foramen jugulare) арқылы шығады;
Қосымша нервтің (n. accessorius) функциясы: -мойынның (трапеция тәрізді, төсбұғана еміздік) бұлшықеттерін иннервациялайды.
Ескеретін жағдай, қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, онымен бірге foramen jugulare арқылы шығады; сонымен қатар n.аccessorius-тың ми бөлігі n. laryngeus recurrens құрамында көмей бұлшықеттерін нервтендіреді, ал жұлын бөлігі жұтқыншақтың бұлшықеттерін иннервациялауға қатынасады.
ХІІ-ші жұп: тіл асты нервісі (n.hypoglossus), таза қозғалтқыш нерв, бір қозғалтқыш ядросы болады
Ядросы: n. hypoglossus-тың қозғалтқыш ядросы (nucleus motorius n. hypoglossus) ромбтәрізді шұңқырдың төменгі ұшбұрышындағы trigonum n. hypoglossi-да проекцияланады; ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың жалғыз сомалық қозғалтқыш ядросы сопақша ми арқылы төмен түсіп, жұлынның І-ІІ-ші мойын сегменттеріне дейін жетіп орналасатындығы;
Мидан шығатын жері: сопақша мидан алдыңғы латералді жүлге (sulcus anterolateralis) арқылы шығады;
Бассүйектен шығатын жері: бас сүйектен өзі аттас, яғни тіласты
нервісінің өзегі (canalis n. hypoglossi) арқылы шығады; каналдан шыққаннан кейін a.carotis interna-ның латералді жағымен төмен түсіп, m.digastricus-тың артқы қарыншасының астымен өтеді де, дөңесі төмен қараған доға тәрізді орналасып, m.hypoglossus-тың латералді бетімен жүреді; ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың осы дөңесі төмен қараған доға тәрізді бөлігі Пирогов үшбұрышының жоғарғы шекарасын шектеп жатады; Пирогов үшбұрышы арқылы тіл артериясы өтеді;