ІV - ші жұп : шығыршық нерві ( п . trochlearis ) :-қимыл нерв ;
-ядросы : жалғыз сомалық қимыл , яғни шығыршық нервінің ядросы ( nucleus n.trochlearis ) болады төменгі төбешіктер ( colliculi inferiores ) деңгейінде орналасады ;
-мидан шығатын жері : төменгі төбешіктердің ( colliculi inferiores - тың ) артында , жоғарғы ми желкені жүгеншiгiнiң ( vеlum medullare superius - тың ) жанынан шығып , ми аяқшаларын латералді жағынан орап өтеді ; ескеретін жағдай , шығыршық нерві ( п.trochlearis ) — мидың дорсалді бетінен шығатын жалғыз ми нерві ;
-бассүйектен шығатын жері : көз ұясының жоғарғы саңылауы ( fissura orbitalis superior ) арқылы шығып , көзұясына өтеді ; -тармақтары және нервтендіретін ағзалары : көз алмасының тек жоғарғы қиғаш бұлшықетін ( т.obliquus superior - ды ) нервтендіреді .
VI - шi жұп : әкететін нерв ( n . abducens ) : -таза қимыл нерв ;
-ядросы : n. abducens - тың жалғыз сомалық қимыл ядросы ( nucleus motorius n . abducens ) ромбтәрізді шұңқырдың бет төмпешігі ( colliculus facialis ) аймағында проекцияланады және бет нервісінің ядросынан жоғары қарай иіліп шығатын ( colliculus facialis ) доғатәрізді нерв талшықтары т . abducens - тың ядросын қоршап жатады ;
-мидан шығатын жері : мидың вентралді жағында пирамида мен көпір аралығынан шығады ;
-бассүйектен шығатын жері : көз ұясының жоғарғы саңылауы ( fissura orbitalis superior ) арқылы шығып , көзұясына өтеді ; -тармақтары әне нервтендіретін ағзалары : көз алмасының тек латералді тік бұлшықетін ( т.rectus lateralis - ты ) нервтендіреді
Нервтенуі 352 бет атлас 4 Көз алмасы, bulbus oculi (ophthalmos) дұрыс емес шар тәріздес пішінде болады. Қарап зерттеуге тек алдыңғы, кіші, аса шығыңқы бөлігі - мөлдір қабық, cornea, оны қоршап жатқан қалған бөлігі қолданымды, үлкен бөлік көзұяның терең бөлігінде жатады.
Көз алмасының екі белдеуін айырады:
алдыңғы және артқы. Алдыңғы белдеу, polus anterior, аса шығыңқы орталық бөлікте, мөлдір кабықтың алдыңғы бетінде орналасады, ал артқы белдеу, polus posterior, кһз алмасының артқы сегментінің ортасында,көру нерві шығу орнынан сәл сыртына таман орналасады. Алдыңғы және артқы белдеулер аракашықтығы шамамен алғанда - 24 мм.
Көз алмасының екі белдеуін қосып тұратын сызықты көз білігі, axis oculi, немесе көздің геометриялык білігі, axis oculi geometrica, немесе көздің сагиталді білігі, axis oculi saggitalis деп атайды. Осы аталған біліктен көздін ішкі білігі шығады, axis oculi interna, ол 21,3 мм жетеді де, мөлдір қабықтың өзіне сәйкес келетін ішкі білігінің оның алдыңғы белдеуімен түйісетін нүктесін, торлы қабаттағы көз алмасының артқы белдеуіне сәйкес келетін нүктесімен қосып жалғайды