«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет45/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Тіл асты нервтің (n.hypoglossus) функциясы: m.hypoglossus-тың алдыңғы жиегінің деңгейінде n.hypoglossus тіл қалыңдығына еніп, тілдің меншікті және қаңқалақ бұлшықеттерін (mm.longitudinales superior et inferior, m.verticalis linguae, m.transversus linguae, m. hyoglossus, m.genioglossus, m.stylo glossus) иннервациялайды;
-сонымен қатар, ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың талшықтарының бір бөлігі бет нервісінің тармақтарының құрамында ауыздың дөңгелек бұлшықетін нервтендіретіндігі; сол себепті, n. hypoglossus-тың ядросы зақымданғанда, тілдің қозғалысының бұзылуымен қатар, ауыздың дөңгелек бұлшықетінің де қызметі бұзылады (еріндерін жымқыра немесе алға шығара және үре алмайды);
-n. hypoglossus-тың жоғарғы түбіршік (radix superior) деп аталатын тағы бір тармағы, мойын өрімінің төменгі түбіршігімен (radix inferior-ымен) қосылып, мойын ілмегін (ansa cervicalis) түзеді, яғни ansa cervicalis – ми нервтерінің соңғы жұбының және бірінші өрім – мойын өрімінің қосылысы болып табылады;
-мойын ілмегінен (ansa cervicalis-тен) тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттер (m.sternohyoideus, m.sternothyeoideus, m.thyeohyoideus, m.omohyoideus) және иек-тіласты бұлшықеті (m.geniohyoideus) иннервацияланады;

-ескеретін жағдай, n. hypoglossus-тың жоғарғы түбіршігінің (radix superior) құрамы, толығымен мойын өрімінен келіп қосылатын, І-ші және ІІ-ші мойын нервтерінің талшықтарынан тұратындығы; осы n. hypoglossus-тың және мойын өрімінің тығыз байланысын, нервтердің дамуымен, сонымен қатар, тамақты жұту процесі кезіндегі тіл бұлшықеттерінің тіласты сүйегі мен қалқанша тәрізді шеміршекке әсер ететін мойын бұлшықеттерімен функциялық тығыз байланыста болатындығымен түсіндіруге болады.





  1. Вегетативті нерв жүйесі. Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі.

Вегетативтік нерв жүйесі – біздің санамызға (еркімізге) байланыссыз жиырылатын, яғни жазық бір салалы бұлшықеттерді (жүректі, ішкі ағзаларды, тамырларды) және бездерді иннервациялайтын нерв жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Сонымен қатар вегетативтік нерв жүйкесі қоректендіру (трофикалық), тыныс алу, асқорыту, зәр шығару, көбею, заттек алмасу, иммундық, температураны реттеу және гомеостаз сияқты қызметтерді реттеп отырады. Вегетативтік нерв жүйесі тіндер мен ағзалардың сыртқы ортаның өзгеріп отыратын жағдайларына орай бейімделуін қамтамасыз етеді (адаптациялық, трофикалық қызмет)
-екі жүйеніңде морфологиялық негізін нейрондар, нейрондар тізбегі рефлекстік доғалар құрайды;
-физиологиялық негізі, яғни қызметі рефлекс арқылы атқарылады;
-нерв жүйесінің сомалық және вегетативтік бөліктерінің функциясы ми жартышарларының қыртысы арқылы реттеледі және бір-бірін толықтырып отырады;
-екеуінің де орталық және шеткі бөліктері болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет