Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет21/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
терминдік сөздік ПФ-1

Прогрессия (лат. progression - алға жылжу)- өсу барысында морфологиялық, 
биохимиялық, қызметтік және т.б., өспелік атипизмнің үдеуі-күшеюі.
Протоонкоген – нәруызды реттеуші ген, қалыпты жағдайда жасушалардың 
өсуін 
және 
дифференциациялану 
процесін 
реттейді. 
Протоонкоген 
активацияланғаннан кейін онкогенге айналады және өспе туындауына ықпал 
етеді.  
Регенерация (лат. regeneratio- қайта туылуы)- зақымдалған немесе жойылған 
ағзалардың бөліктерінің, олардың органойдтарының, тіндерінің қалпына келуі. 
Репарация (лат. reparatio- қалпына келу)- зақымдалған тіндердің
жасушалардың, жасуша ішілік құрылымдардың қалпына келуі. 
Саркома (грек. sarcos - ет) - дәнекер тіннен шығатын қатерлі өспе; обырлық 
өспелерге тән белгілері: инфильтрацияланып өсуі, яғни айналасындағы тіндерге 
еніп оларды бұзу арқылы өсетін, хирургиялық жолмен алынып тасталғаннан кейін 
қайта метастазаланатын қасиеті бар. 
Экспансивті өсу (лат. expansion - кеңейту, керу) - айналасындағы тіндерді 
ығыстыру, жылжыту арқылы өсу; қатерсіз өспелерге тән. 


ТАҚЫРЫБЫ: «Аллергия» 
 
Аллергия (лат. allos- өзгеше + ergon – әсер) – антигендiк қасиетi бар 
заттарға жалпы және жергiлiктi реакциялармен көрінетін организмнiң ерекше 
жоғарылаған патогендiк сезiмталдығы. 
Аллергендер (от лат. allos- өзгеше + gen – туындататын) –аллергиялық 
реакциялар дамуын туындататын заттектер. 
Антигендер (лат. anty- қарсы + gen – туындататын)иммунды 
лимфоциттердiң антиденелердi түзуiн шақыратын жоғары молекулалық организм 
үшiн бөгде заттектер. 
Антитела – антигендердің әсеріне жауап ретінде түзілетін және 
антигендермен әрекеттесетін иммуноглобулиндер.
Аутоантиген – организмнің кейбір тіндерінің меншікті антигендері және 
әртүрлі биологиялық, физико-химиялық факторлардың әсерінен екіншілікті пайда 
болатын антигендер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет