Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет22/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Сенсибилизация (лат. sensibilis – сезімтал) – организмнің немесе оның бөлек 
құрылымдарының сезімталдығының жоғарылауы, қайтадан енгізілген антигенге 
жауап беру қабілетінің пайда болуы  
Активті аллергия –организмге енген аллергенге жауап ретінде аллергияның 
қалыптасуы.
Пассивті 
аллергия 

аллергиялық 
антиденелер 
немесе
сенсибилизацияланған 
лимфоциттер 
организмдегі 
қанға 
немесе 
қан 
компоненттеріне енуінің нәтижесінде пайда болатын аллергиялық серпіліс. 
Реагиндер – жоғары жасушалық аффиндігі бар Е класына жататын 
иммуноглобулиндер. Базофилдер мен бұлтты жасушалардың беткейінде Fc-
рецепторлармен бекіп тұрады (1 реттегі нысана-жасушалар). Реагинге 
байланысқан аллерген бұлтты клеткалардың бұзылысын шақырып, қанға көптеген 
медиаторлар мен гистаминді бөледі, нәтижесінде тегіс бұлшықеттік талшықтар 
жиырылып, тамырлардың өткізгіштігі жоғарылайды, қышу сезімі пайда болады... 
Аллергиялық серпілістердің реагинді түрі - Джелл және Кумбс жіктеуі 
бойынша аллергиялық серпілістертердің алғашқы түрі. Бұл реакциялардың 
дамуында иммундық G
4.
және
Е глобулиндердің түзілуі өте маңызды орын алады. 
Бұл реагиндер эффекторлы – жасушаларға бекиді және жиналады (мес 
жасушалар мен базофилдер). Клиникада анафилаксиялық шок түрінде, атопиялық 
бронх демікпесінің ұстамасымен, поллинозбен, Квинке ісінуімен, Есекжем 
бөртпелерімен көрінеді.
Анафилаксия (грек. ana- қарама-қарсы + phylaxis – қорғаныс) –аллергенді 
қайталап енгізгенде туындайтын дереу дамитын аллергиялық серпіліс (бөгде 
текті нәруыздар, сарысулар, медикаменттер, жәндіктердің шағып алуы 
Поллиноз (лат. pollen – тозаң) – өсімдіктердің тозаңымен шақырылатын 
созылмалы мерзімдік аллергиялық қабынулық ауру 
Аллергиялық серпілістердің цитотоксикалық/цитолиздік түрі – Джелл 
және Кумбс жіктеуі бойынша аллергиялық серпілістертердің екінші түрі.
Жасуша 
беткейінде өзгерген антигендік детерминанттар мен G1-3 және М, класына 
жататын иммуноглобулиндер байланысуынан туындайды. Клиникада гемолиздік 
анемия, лейкопения, тромбоцитопения, инфекциялық аллергиялық миокардит
энцефалит, гепатитпен көрінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет