Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет12/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73
Байланысты:
lektsii po politologiya

Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.«Демократия» сөзі қазір қандай мағынаны білдіреді?


2.Демократияның белгілеріне не жатады?
3.Демократияның антикалық теориясы немен ерекшеленеді?
4.Жаңа дәуірден демократияның классикалық теориясының айырмашылығы неде?
5.Демократияның алуан түрлігіне не жатады?


Тақырып: Қоғамның саяси жүйесі.
Жоспар:
1.Қоғамның саяси жүйесі жөніндегі ұғым және оның мәні.
2.Қоғамның саяси жүйесінің функциялары.
3.Қоғамның саяси жүйесінің түрлері және оларды жіктеу.
1. Қоғамның саяси жүйесінің осы заманғы тұжырымдамасы оны анықтаудың әр түрлі өлшемдерін ұсынады. Сондықтан саясаттанушылар арасында бұл ұғымды түрліше түсіндіру қалыптасқан. Бүгінде ғылыми әдебиетте қоғамның саяси жүйесі жөнінде елуге жуық анықтама берілген.
“Жүйе” ұғымы ХХ ғасырдың 20 жылдары ғылыми айналымға алғаш енгізген неміс биологы Л.Фон Борталанфи (1901-1972).
Кейін жүйелік тәсіл қоғамдық ғылымдарда пайдаланыла бастады. Социологияда қоғамды жүйелік түрде талдаған – Т.Парсонс. Ол қоғамды өзара байланыста болатын жүйешіктен (экономикалық, саяси, әлеуметтік, рухани) тұрады деді.
Саяси жүйе теориясын ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушы Давид Истон ойлап тапты. Оның идеяларын Г.Алмонд одан әрі дамытты. ХХ ғасырдың 50-60 жылдары көптеген бұрын отаршылдықта болған Африка, Латын Америкасы елдері егемендігін алып жаңа даму жолына түскен. Олардың біразы батыс саяси жүйесін қабылдады. Алайда ол келеңсіз зардаптарға әкелді. Д. Истон соны зерттеді. Батыс елдерінің саяси институттары әлеуметтік- экономикалық және мәдени- діни ортада өзінің көптеген қызметттерін ойдағыдай атқара алмады. Ең алдымен қоғамның тұрақты дамуына қол жетпеді. Мұндай тәжірибені сараптау негізінде салыстырмалы зерттеулер дами бастады. Оған Д.Истон басшылық етті.Бұл құрылымдарды талдаған ол 2 деңгейді көрсетті: 1.Институционалдық; 2.бағдарлық.
Ол, егер институционалдық мемлекеттік және мемлекеттік емес институттарды зерттеуге көңіл бөлсе, екіншісі бағдарлық, саяси мәдениетті құрайтын саяси құрылымды зерттеуі керек деді.
Д.Истон мен Г.Алмонд саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктерінің төрт түрін көрсетті:

  1. топтар мен жеке адамдардың жүріс – тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі:

  2. өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;

  3. қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;

  4. әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі;

Үндістан саясатшысы П.Шарон бұл төртеуіне бесіншісін - ішкі жағдайын басқара алатын өзін -өзі реттеу мүмкіндігін қосады. Осының бәрі, сайып келгенде, үстемдік етіп отырған қоғамның біртұтас өзін-өзі басқаратын әлеуметтік организм ретінде қызмет етуін қамтамасыз етуі керек.
Сонымен, қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйымдар мен мекемелердің жиынтығын айтады. Бұл жүйе саяси деп аталады. Себебі мемлекеттік істер алға қойған мақсатты, амал-әдістерді, оларға жету жолдарын қамтитын арнайы жете зерттелген шаралар, саяси бағыт арқылы жүзеге асырады.
2. Кез келген қоғамның саяси жүйесі қоғамның тұрақтылығы мен өміршендігін кепілдендіре алатын белгілі бір тетіктердің болуы арқылы сипатталады. Осыған байланысты қоғамның әрбір саяси жүйесінің сан қырлы және көп өлшемді болатындығын атап өткен жөн. Онда әдеттегідей әр түрлі құрылымдар, функциялар мен қатынастардыңбір-бірімен үйлесуі жиі кездеседі. Саяси жүйе қоғамның тұрмыс- тіршілігінің экономикалық негіздерін, әлеуметтік және ұлттық құрылымдарын, демографиялық және экологиялық үрдістерді, халықтың білім деңгейін, қоғамдық сананың жағдайын, рухани – идеологиялық өмірді, халықаралық жағдайды қоса алғанда қоғамның жай-күйін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет