Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Қоғамның саяси жүйесінің негізгі функциялары



бет13/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі функциялары:
1.Интеграциялық;
Интеграциялық функциясының мәні мынада – ол негізгі құндылықтарды орнықтыру негізінде әлеуметтік және мәдени құрылымдардың барлық элементтерін біртұтас қоғамдық игіліктерге біріктіру болып табылады;
2.Мақсаткерлік;
Мақсаткерлік функция қоғамды дамытудың мақсаттары мен міндеттерін анықтаудан тұрады.
3.Ұйымдастырушылық;
Ұйымдастырушылық функциясы дегеніміз – адам, материалдық және рухани ресурстарды қоғамның алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерді орындауға арналған міндетке жұмылдыру болып саналады;
4.Реттеуші;
Ретеушілік функциясы дегеніміз- бұл ең алдымен саясатты жария ету, яғни саясат пен билікті қоғамның мойындауын; азаматтардың саясатқа қатысуын қамтамасыз ету.Сонымен бірге ол қажетті білім беру мен іс- тәжірибелерді кең түрде таратуға бағытталады.
5.Бақылаушылық;
Қоғамның саяси жүйесінің бақылаушылық функциясы дегеніміз, бұл саяси жүйенің әрқилы әлеуметтік топтардың шиеленісін және қоғамның әлеуметтік тұтастығын бақылауы болып саналады.
3.Бір-бірінен объективті және заңды түрде қалыптасқан мәдени және әлеуметтік- тарихи ерекшеліктермен ерекшеленетін қоғамның саяси жүйелерінің әр түрлі формалары өмір сүреді.
Саяси жүйелер ең алдымен, олар қай таптың саяси мүддесін білдіргендігіне, әлеуметтік – экономикалық құрылымныі сипатына және қоғамдық – экономикалық формацияның түріне байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес қоғамның саяси жүйелері құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік болып бөлінген.
Заңдылығына және билік етудің үлгісіне қарай бағдар ұстауға байланысты саяси жүйелер дәстүрлі, харизматикалық, рационалды болып бөлінеді. Бұл мәселелерге зерттеуге Вебер тұрғысынан келу саяси жүйелерді типтендірудің осы заманғы дамуына үлкен ықпалын тигізді.
Саяси жүйелерді жіктеудің басқа да нұсқалары бар. Американдық саясаттанушы Г.Алмондтың саяси жүйелерді жіктеуі де кеңінен тараған әдістердің бірі болып саналады. Алмонд оларды саяси мәдениеттің үлгісі және саяси процеске қатысушылардың өзара ішінде саяси рөлдерін бөліп көрсету бойынша ажыратуды ұсынды. Ол саяси жүйелердің ағылшындық – американдық, континентальды – еуропалық, индустриалдыға дейінгі немесе ішінара индустриалды және тоталитарлық деп төрт түрлі үлгісін бөліп көрсетеді.
Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйелерді жіктеуі кеңінен танымал. Ол саяси жүйедебасқарудың маңызы мен формасы бойынша танып білуді ұсынды. Оның 5 түрін көрсетті: либералдық, радикалды – авторитарлық немесе коммунистік, дәстүрлік, популистік және авторитарлы-консервативтік деп бөлді.
Саяси жүйелерді Ресей саясаттанушысы В.Е. Чиркин де жіктеген. Ол саяси жүйенің командалық, жарыспалық және әлеуметтік бітімгершілік сияқты үш басты үлгісін көрсеткен.
Саяси жүйелердің әр алуандығы бұлардың әрқайсысында өзінің артықшылары мен кемшіліктері болатынын, бірақ ол әмбебеп демократия принциптеріне ғана емес, сол қоғамның өзіндік ерекшеліктерін, өзгешеліктерін, қоғам алдында тұрған міндеттерге байланысты оның бір саяси жүйе үлгісіне әлеуметтік – мәдени бейімділігін ескере отырып құрылған жағдайда ғана тиімді болатынын дәлелдеп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет