Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет15/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар.
1.Элита түсінігі. Элитаның қызметі мен түрлері.
2.Саяси жетекшілік концепциясы.
3.Кеңестік дәуірге дейінгі Қазақстандағы элитаның қалыптасу ерекшеліктері.
4.Қазіргі Қазақстандағы басқарушы элита және саяси жетекшілік; ерекшеліктері мен даму тенденциялары.
5.В.Парето, Г.Моска, Р:Михельс еңбектеріндегі элита мәселесі.
6.Элитизмнің қазіргі тұжырымдары.
Тақырып: Саяси партиялар.
Жоспар:
1.Саяси партия ұғымы, атқаратын қызметтері.
2.Саяси партиялардың жіктелуі.
1. “Партия” деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағын айтады.
Тарихқа белгілі алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грецияда пайда болды. Олардың мүшелері аз, тұрақтылығы шамалы, жөнді ұйымдаспаған шағын топтар болатын. Олар, негізінен, құл иеленушілердің әр түрлі ағымдарының мүдделерін қорғады. Мұндай партиялар феодалдық қоғамда да болды.
Қазіргі біздің түсінгеніміздегі саяси партиялар Еуропада ХІХ ғ. ІІ жартысында пайда болды. Бұған сол кезде болған буржуазиялық революциялар тікелей ықпал етті. Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы түрі және жүзеге асырылуы ретінде парламенттер мен парламентаризм дүниеге келді. Жалпыға бірдей сайлау қықығының енгізілуі бухара халқының саясатқа қатысуы алсын одан әрі кеңейте түсті. Жұмысшы табының ұйымшылдығы күшейді. Олар парламентке өз мүдделерін қорғайтын көпшілік партияларды құра бастады. Саясатқа көптеген адамдар тартылып, әлеуметтік қайшылықтар шиеленісті. Осыған байланысты саяси партиялардың рөлі одан әрі өсті. Олар саясаттың негізігі субъектісіне айналады.
Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік партия болған жөн. Оның ұзақ тарихы бар. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер с аяси партиялардың дамуының мынандай кезеңдерін атап көрсеткен:
1)Аристократиялық үйірмелер;
2)Саяси клубтар;
3)Көпшілік партиялар;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет