Жалпы тарих және әгп кафедрасы саясаттану пәнінен дәрістер



бет16/73
Дата19.04.2023
өлшемі0,82 Mb.
#84569
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73
Саяси клубтардың аристократиялық үйірмелерден айырмашылығы – олар ең алдымен буржуазияның мүддесін білдірді. (Ал аристократиялық үйірмелер жер иелерінің мақсатын қорғаған болатын). Олардың тұрақты идеологиялық сайланыстары мен дамыған ұйымы болды. Мұның бәрі оларға қоғамдық жұмысты кең өрістетуіне мүмкіндік тұғызды.
Ал көпшілік партиялардың саяси клубтардан ерекшелігі – олар жұмысын тек сайлау кезінде ғана емес, сонымен қатар әдеттегі, дағдылы уақытта да көпшілікке ықпал етуге тырысады. Өз қатарына адамдарды көп тартады. Өздерінің үгіт-насихат жұмысында саяси ағартушының, үгіт, тәрбие, мәдени қызмет т.б. саяси әсер етудің бай мүмкіндіктерін пайдаланды.
Көрсетілген үш кезеңді толығымен Ұлыбританияның екі партиясы ғана басынан кешірді. Олар Либералдық (Виги) және консервативтік (Тори) партиялары. Ал қазір өмір сүріп отырған партиялардың көбінің даму жолы қысқа. Олардың біразы екі сатыдан өтсе, біразы бірден көпшілік партия болып қалыптасты.
Бірінші саяси көпшілік партия болып 1861 ж. Англияда Либералдық партиясы құрылды.
Американың белгілі саясаттанушысы Дж.Ла Паломбараның ойынша партиялар мынадай төрт белгімен сипатталады.
1) партия белгілі бір идеологияны қорғайды немесе кем дегенде адамды, дүниені ерекше көре біледі;
2) партия –адамдарды жергілікті ұйымнан бастап, халықаралық дәрежеге дейін саясаттың әртүрлі деңгейде ұзақ біріктіретін ұйым;
3) партияның мақсаты –билікті қолға алып, жүзеге асыру (көбінесе ол коалициялық жолмен жасалады);
4) әр партия өзіне халықтың дейінгі беруінен бастап, мүше болуына қолдауын қамтамасыз еткісі келеді.
Поляктың белгілі саясаттанушысы А.Боднардың көрсеткеніндей, қазіргі қоғамда саяси партиялар мынандай қызметтерді атқарады:
а) қоғамның ірі топтарының мақсат-мүдделерін анықтау, тұжырымдау және негіздеу;
ә) олардың белсенділігін арттырып, жинақтау;
б) саяси идеология мен саяси ілімдерді жасау;
в) саяси жүйелерді, принциптерін, элементтерін, құрылымдарын қалыптастыруға қатысу;
г) мемлекетте билік үшін күреске қатысу және оның жұмысының бағдарламасын жасау:
д) мемлекеттік билікті іске асыруға қатысу;
е) қоғамдық пікірді қалыптастыру;
ж) жалпы қоғамды, оның белгілі бір бөлігін (топты, тапты, жікті) саяси тәрбиелеу;
з) мемлекеттің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың аппараты үшін кадрлар даярлау мен ұсыну т.б.
ХХ ғ. ортасынан бастап жағдай өзгеріп, ірі партиялар сайлауда халықтың әртүрлі топтарының дауысын жинады. Солардың мүддесін де көздеді. Партиялар сайлауға, мемлекеттік органдар құруға, мемлекеттік маңызды шешімдер қабылдауға және оларды іс жүзінде асыруға белсене қатысады.
2. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар.Бұл мәселені терең зерттеген саясаттанушылардың бірі француз ғалымы М.Дюверже ХХ ғ. 50-ші жылында сайлаушылар мен белсенділер санына байланысты партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөледі.
Кадрлық деп қатарында сайлаушылардың 10% -інен кемі ғана болатын, мүше саны аз партияны айтады. Бірақ ол ұйым мүшесінің партия билеті болады, мүшелік жарнамаларын уақытылы төлейді, жарғысында қаралған тәртіпті мүлтіксіз орындайды. Мысалы, оған Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, ГФР-дің христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы, Швеция орталық партиясы жатады.
Бұқаралық партияда оны үнемі жақтап дауыс беретін сайлаушылары, мүшелері, белсенділері көп болады. Бірақ олардың ресми мүшелері болмайды. Партбилет алып, мүшелік жарна төлемейді. Мысалы, мұндайларға АҚШ-тың республикалық және демократиялық партиялары, Англия лейбористер партиясы т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет