«Жалпыұлттық құндылықтар негізінде білім беру және тәрбиелеу»


Қазақ тілі сабағында тіл кемістігі бар бала тілін түзету үшін заманауи



Pdf көрінісі
бет74/188
Дата25.11.2023
өлшемі6,46 Mb.
#127328
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   188
Қазақ тілі сабағында тіл кемістігі бар бала тілін түзету үшін заманауи 
ойын әдіс-тәсілдерді қолдану маңыздылығы 
 
Кожахметова Ж.Б. 
 
Қарағанды қаласы 
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа 
мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы 
екені барлығымызға белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік 
көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі әр баланың ес білген шағынан 
дамып, тілі шыққан кезінен өрбитіні анық.
Сөйлеу тіл кемістігінің ішіндегі жиі кездесетін – дыбыс айтылуының 
бұзылуы болып саналады. Аталған кедергілерді түзету үшін дыбыстық 
артикуляциялық қалпын, бұзылу түрлерін, бейімдейтін себептерін, түзету 
тәсілдерін әр дыбысқа қажет дайындық жаттығуларды таңдап сабақ жоспарын 
құрастыра білу қажет [1]. 
Сондықтан да қарқынмен дамып бара жатқан мына заманда мектеп 
қабырғасындағы қазақ тілі пәнінде де, қазақ тілді де, оның ішінде өзге тілді 
оқушыларға қазақ тіліне тән дыбыстарды дыбыстауды үйрету барысында 
мұқият болу қажет. Сөздерді есте сақтап, өзге тілдегі сөздердің қазақша 
аудармасын мәнерлі дыбыстауды үйретіп қана қоймай, логопедтердің 
мектебінен өтіп, кеңестеріне жүгініп, ұлттық қалып, ұлттық мінезді сақтай 
отырып, оқушының тәрбиесі, денсаулығы және де тіл кемістігі жайлы тынбай 
зерттеп, жиі әдіс-тәсілімізді заман сұранысына қарай жаңартып отыру үлкен 
еңбек. Тіл кемістігі бар мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың 
сөйлеу тілін, дыбысты айту, қою жолына арналған түзету-дамыту жаңа әдіс-
тәсілдерді тиімді қолдану.
Логопедия- бұл сөйлеудің бұзылуы және оны арнаулы оқыту мен 
тәрбиелеу нәтижесінде анықтау және алдын алу әдістері туралы ғылым. Осы тіл 
кемістігін түзету барысында тіл мамандары да зейін салып, өз пәндерінде, яғни 
орыс тілі, қазақ тілі және ағылшын тілі пән мұғалімдері де мән беріп, мәнерлі 
айтылуына зер салса, бұл кедергіден мүлдем құтулуға болатын мүмкіндік бар. 
Көрсеткіш сапасының деңгейі жоғары болмаса да, қазақ тілін үйрену 
барысында әрбір жіңішке, әрбір жуан дыбыстарды дұрыс айтылуы, дұрыс 
аудармасын білуі қуантарлық жағдай болар еді. Қазақ тілі пәнінің барысында 
тіл кемістігі бар оқушының жас ерекшелігіне қарай, қабылдауына қарай әр 
түрлі заманауи пәндік әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы белгілі бір нәтижеге қол 
жеткізуге болады. Мысалыға, неврология, нейролингвистика, психология, 
педагогика негізінде жүзеге асырылса, оның ішінде қазақ тілі мамандары да 
бағдарламаға сәйкес оқушының өмірінде өз үлесін атқара алмақ. Демек, тіл 
мамандары ғылыми әдістерін қолдану аясында оқушының сөйлеу тілінің 
функцияларын орнына келтіріп, дамыту мүмкіндіктеріне негіз болады. Осының 
барлығы жалпы әдістемелік ұстанымдарды бағдарлағанда ғана қолжетімділік 


166 
болады. Сондықтан ойлаудың дәл сол әдістемелік мәдениетін заманға сай 
маманның жалпы интелектуальдық мәдениетінің құрамының бірі ретінде 
қарастыру қажет. Арнайы бағдарламаны, арнайы білімді қажет ететін 
оқушыларымызға қазақ тілі сабағын өткізу барысында модельдік және 
ертегілерлі сахналаудың мақсаты: сөзді байланыстыру, сөздің грамматикалық 
тізбегін құру, сөздік қорын молайту, дамыту және белсенділігін арттыру
сөйлеуге ынталандыру, ауызша (вербальды) коммуникация жасауды 
қалыптастыру болып келеді. Сөйлеуге деген ынтасын оятады, алғашқы 
аграмматизмді жояды. Технология сөздің буындық құрамын (алақан, саусақ, 
тіл, тіс, жақ) арқылы қалыптастыру. Коммуникацияның мақсаты ауызша тәсілін 
қалыптастырады. Демек, қазақ тілі сабағында тек жазылым, тыңдалым 
дағдысынан гөрі айтылым, оқылым дағдыларына көп назар аударған жөн. 
Оқушының сөйлеудегі тіл тазалығын, қоршаған ортасына түсініктілігін, 
коммуникативтік байланыста кездесетін кедергілерді шешеді.
Сөйлеу патологиясын зерттеу және түзету жұмыстары XIX ғасырдың орта 
шенінен бастап жүргізіле бастады. Мұның өзі сол кездерде сөйлеу қызметін 
қамтамасыз ететін негізгі анатомиялық, физиологиялық механизмнің жүйесінің 
зерттелуімен және айқындалуымен түсіндіріледі. Тіл кемістігі жайлы 
зерттеулер ғылым ретінде қалыптасуы Ф.А.Рау, М.Е. Хвацев, О.П.Правдина, 
Р.Е.Левинаяның есімдерімен тығыз байланысты. 
Сөйлеу іс-әрекеті бұзылған балалардың өз бетінше және бағытты 
дамуының динамикасын белгілеу, сонымен қатар, тіл кемістігінің оқушының 
тұлғалық қасиеттеріне, психикалық дамуына, түрлі іс-әрекеттерінің 
қалыптасуына білдіретін әсерін қарастырып белгілеу тіл кемістігі бар 
оқушының еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландырып, өз қатарластарының, 
сыныптастарының ортасында өзін еркін ұстауына, өз ойын еркін жеткізуіне, 
белсенділік қабілеттерін қалыптастыруына алып келеді. [2]. 
Сөйлеудің бұзылу түрлері: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   188




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет