41
ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат - топырақ
қарашіріндісі - гумусты түзеді.
Сонымен органикалық қалдықтардың біразы толық
ыдырап минералданса, біразы қайтадан топырақта органикалық
заттардың осы жаңа күрделі түріне, биохимиялық синтез
арқылы айналады. Минералдану мен гуминдену процестері
микроорганизмдер арқылы жүреді.
Гумус заттарының түзілуіне
көптеген зерттеушілер
көңіл бөлген. Олар химиялық талдау жасап, мәліметтер жинап,
түзілу
жолдарын
анықтаған.
Бұл
жөнінде
ең
алғаш
көзқарастарын
білдірген
М.В.Ломоносов,
П.А.Костычев,
С.П.Кравков, А.Г.Трусов т.б. болды. Гумустың құрылуының
жалпы сызбасын қағазға түсірген В.Р.Вильямс еді. Бірақ ол
топырақтың тек қана биологиялық жағына көңіл бөледі. Одан
кейін топырақтың гумусының көзі лигнин деген көзқарас туды
(Ж.Фишер, 1921, В.Фукс, 1936). Бұл көзқарас бойынша гумус
ешқандай да
ерекше құрылым емес, ол лигнин мен протеин
комплексі дегенді айтты. ТМД елдерінің топырақтарындағы
органикалық заттарды толық зерттеуде, топырақтағы гумустың
мөлшерін анықтауда И.В.Тюриннің үлесі ерекше. Ол бұл
процестің күрделілігін көрсетті. Бұл ғалымның зерттеулерін
М.М.Кононова
жалғастырып, гумус заттары - ароматикалық
құрылымдардың
жеке
молекулалары
ферменттерінің
қатысуымен өтетін, конденсация арқылы түзілген заттар екенін
көрсетті. М.М.Кононованың айтуы бойынша барлық өсім діктер
қалдықтары гумустену кезінде микроорганизмдермен сіңіру
жолынан өтеді екен.
Гумификация құбылысын зерттеген белгілі ғалым -
Л.Н.Александрова. Оның жасаған сызба-нұсқасына қарағанда
гумус органикалық қалдықтардың ыдырауы, микробиологиялық
синтез, гумификация, топырақтың
минералды бөлігімен
әрекеттесуі, минерализация процесі және минералдық құрамдас
бөліктерінің биологиялық айналымға қосылуы арқылы түзіледі.
Л.Н.Александрова бойынша гумификация - органикалық
қалдықтардың
түзілуі арқасында жоғары молекулярлық
қосылыстардың күрделі биофизико-химиялық құбылыстар
арқылы органикалық құрамдардың ерекше класы - гумусты
түзуі. Бұл процестің белсенділігі: топыраққа түскен өсімдік
қалдықтарының мөлшері, химиялық құрамы,
топырақтың
ылғалы, ауа режимдері, ортаның реакциясы, биологиялық
белсенділігі
сияқты
факторларға
байланысты
жүреді.
42
Л.Н.Александрова топырақтағы органикалық қалдықтардың
гумификациялану типтерін көрсетті: фульватты, гуматты,
фульватты-гуматты.
Белгілі ғалым Д.С.Орлов (1977) осы түсініктерге
гумификацияланудың тереңдігі деген ұғым енгізіп,
өрнегін
құрды:
H=f
(Qі t)
.
Q - жыл сайын топыраққа түсетін өсімдіктер қалдықтарының
мөлшері, і - олардың ыдырауының тезділігі, t- топырақтың
биологиялық белсенділігінің уақыты. Бұл көрсеткішпен әр
түрлі топырақтардағы гумификация процесінің сипаттамасын
анықтауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: