УДК 342
ҚР-НЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
Хасеинова А.Н.
І. Жансүгүров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Талдықорған қаласы,
ajin_91@mail.ru
Данная статья рассматривает важность Конституций для человека и
общества в целом и рассмотрения его социального значения. Правовой статус
Конституционного Совета и важность его обязанностей.
Бұл мақалада Конституцияның жеке адам мен қоғам үшін атқаратын
маңыздылығы мен жоғары әлеуметтік мәні қарастырылған. Конституциялық
Кеңестің құқықтық мәртебесі және атқаратын міндеттері мен оның қоғам
үшін елеулілігі.
The present article considers the importance of constitution for the individual
and generally for the society and his social value. The legal status of the Constitutional
Council and the importance of his duties.
Кілт сөздер: конституция, реформа, демократия, заң, конституциялық
кеңес.
Елімнің тұғырын биікке самғатып, халқымызды бір ел қылып, ал жерімізді
отан қылған ата-заңымыз Конституция. Адамды ең басты құңдылық ретінде
белгілеген Конституцияның адам үшін де маңызы зор. Конституция тек қана
міндеттер мен талаптар жиынтығы емес, ол күллі халқымыздың болмыс-бітімін
айқындайтын басты құжатымыз болып табылады. Оны қорғау, бақылау, қарастыру
сияқты аса маңызды міндетті орындау кімге жүктелген, бақылау құрылымы қандай?
Осы сұрақтарды қарастыруды ұйғардық.
Жалпы құқықтық мәртебе дегеніміз құқық нормаларымен бекітілген
субъектінің заңды құқығы мен міндеттері. Бекітілген құқықтық нормалардың
кепілдігі. Субъектінің өз міндетің орыңдамаған жағдайда тартылатын жазасы.
Конституциялық Кеңес өте маңызды қызмет атқарады, себебі Конституция құқық
пирамидасының, юрисдикцияның және тәртіптің, құқықтық актілер жиынтығы
болып табылады, оған қоса бұл жоғары құндылықты, нормативтік-саяси,
мобильдендіретін манифесттік құжат, ол бір топ адамды халық қылып, белгілі
географиялық территорияны мемлекетке айналдырады. Кез келген мемлекеттің,
елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі
құжат. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен
ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары айқындалып
көрсетілген.
Тәуелсіздігіміздің
айқын
белгісі,
болашағымыздың
кепілі.
Конституциямыз
қабылданған
бері
20
жыл өтті.
Әлемдегі
ең
жас
Конституциялардың бірі болып саналғанымен, дамушы мемлекеттер қатарында
Тәуелсіз Еліміздің беделді болуына және халықаралық саяси аренада белді орынға
ие болуына өз үлесін қосуда. Яғни өткен 20 жылдан бері мемлекет пен қоғамның
дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік
мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Конституция қағидалары
негізінде жүзеге асырылып келеді. осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата
151
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-
жақты дәлелдеді.
Әрине бұндай жетістікке жету үшін өте үлкен жұмыс атқарылды, 3 млн
азамат қатысқан 33 мың ұжымдық қаралым, 30 мыңнан астам ұсыныстар мен
ескертпелер
аталды,
55
бапқа
1100
өзгеріс
еңгізілді.
Сонымен
ағымдағы
Конституция
1995 жылы
30 тамыз
күні жалпыхалықтық
Референдум
негізінде қабылданды және
5 қыркүйек
күні өз күшіне енді. Конституция 9
тараудан, 98 баптан тұрады [1]. Біздің зайырлы мемлекетіміздің тіреушісі.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат
болып табылады. Ол қоғаиның, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін
белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз
Қазақстанның 1995 жылдың 30 тамызында қабылдаған екінші конституциясы.
Осындай күрделі жұмыспен саяси сауаттылықтың арқасында тәуелсіз елімнің
тұғыры биіктен көрінуде.
Уақыт өз орнында тұрмайды, онымен бірге кез келген жүйе өзгеріске
ұшырайды. Қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі, ол заңнамалық системалардың
бір біріне жақындауы. Осы орайда ең басты мәселе, ол заңды және адамдардың
бас бостандығын қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасы нарықтық
экономика, демократиялық саясат системасы және еркін азаматтық қоғамға өз
есігін айқара ашты. Әрине бұл Конституциялық заңнамаға да өз толықтыруларын
еңгізеді. Осы орайда ерекше рөл атқаратын орган, ол Конституциялық Кеңес
болып табылады. Оның жергілікті міндеті саралау, бақылау және ұғыну.
Конституциялық кеңестің қабылдаған шешімі, әрекеті, еңгізген өзгерісі, тікелей
халық үшін, оның бостандығы мен құқықтарына негізделеді. Конституциялық
Кеңес осындай ерекше институт болып табылады. Біздің еліміздің
Конституциясында ең жоғары құндылық ретінде адам белгіленген. адамның
құқығы мен бостандығы бастапқылық. Тарихқа кері шегінетін болсақ,
тәуелсіздікке ие болған Қазақстанның ең басты қадамы Конституцияны
қабылдаумен тұтастай байланысты. Бұл туралы: «Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін
бізге бүгінгі өмір шындығымен және алдағы уақытпен бірге қадам басып, өткен
ұрпақтың іс-тәжірибесі мен жарқын болашаққа деген сенімді жинақтаған Негізгі
Заң қажет болды. Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы ашық және
демократиялық қоғам орнатудың негізгі принциптерін баянды етуге тиіс
болатын», - деп жазады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің
«Қазақстан жолы» атты кітабында. Осылайша Конституция тек экономикалық
немесе саяси қатынастарға ғана емес адам туғалы ажырамас өмірінің бөлігі болып
табылады. Елбасы айтып кеткен сөздердің барлығы осылайша шындыққа
айналып, Конституция шын мәнінде демократиялық қоғам орнатты. Өзім осы
мемлекеттің азаматы ретінде, прогрессивті өмір сүруге негізделген осы заманның
куәсі ретінде өзімнің нақты позитивті ойымызды білдіре аламыз. Осы сөздерімізге
дәл келіп қалған Елбасының тағы бір цитатасын мақаламызға еңгізуді жөн көрдік
«Конституцияны қатаң ұстану - бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және
қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру - бұл
демократияның ең жоғарғы мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз.
Біздің міндет - Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау. Өзіміздің елімізді,
өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктерімізді қалай құрметтесек, оны да
солай аялауымыз керек. Конституцияны сыйлай білмесек, оның талаптарын
мүлтіксіз орындай алмасақ, онда қоғамдық келісімге, тәртіпке, бейбітшілікке және
тыныштыққа жету мүмкін болмайды, яғни мұндай жағдайда Отанның ырыс-
берекелі болашағы туралы айтудың да қажеті жоқ» [2]. Шын мәніңде Елбасының
152
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
осы орайда айтылып кеткен сөздерімен толық келісе отырып, бұл мектептен
сүрінбей өтіп келе жатырмыз деп сеніммен айта аламыз.
Кез келген бастама бірден сәтті бола бермейтіні анық. Мәскеу де бірден
салынбаған сияқты Конституциялық Кеңес құрылуының алдында да оның
міндетін басқа алқалы органдар атқарған. Кеңес Одағында қайта құрылым
басталғаннан кейін мемлекетте Конституцияны заңды түрде қорғау органның құру
әрекеті орын алды. 1989 Жылы Кеңес Одағының Конституцияны бақылау
комитетіне аналогиялық институт ретінде Конституциялық бақылау органы
жарияланды, оның өкілеттілігі кең ауқымды болды. Дегенмен сол кезде орын
алған саяси ақаулар мен кейіннен Президенттік орынға Елбасының келуімен бірге,
бұл органның ұзақ созылмаған болмысы осылайша аяқталды. Біздің мемлекеттің
тәуелсіздігімен бірге Қонституциялық Сот құрылды. Шығыс Еуропа мен Ресейдін
тәжіребиесі бұл орайда үлкен ықпалын тигізді. Бұл органның болмысы да ұзақ
болмағанына қарамастан, ол Негізгі Заңның беделін біршама көтергені сөзсіз. Бұл
органның жалғасы болмағанның себебін саясаткерлер әр түрлі түсіндіретін.
Мүмкін басқа экономикалық жағдай мен саяси, конституциялық тұрақсыздық та
өзінің кері әсерін тигізген болар. Не дегенмен басқа ел тәжіребиесінен алынған
бұл орган, біздің мемлекетке тура келмегені анық. Осылайша Конституциялық
Кеңес құрылды. Өте маңызды рөл атқаратын орган болып табылады. Ол
Конституцияның тұрақтылығы мен оған заңның беріктілігінің кепілі.
Конституциялық Кеңес Конституцияның құқықтық мағынасына түсінік беретін
орган. Бұл бақылау системасы толықтай біздің мемлекетке дәл келеді, мүмкін
тұрақтылық кезіңде орнығуы да өз септігін тигізгені болар [3]. Алайда тек біздің
мемлекетте осындай нысандағы бақылау органы бар деп айта алмаймыз, себебі
Францияның Конституциялық бақылау органымен біршама ұқсастықтары бар,
бұның себебі біздің кеңес Франция кеңесінің аналогы болуы мүмкін бе? Әрине,
аналог деген дәлме-дәл деген мағына бермейтіні анық. Кез келген жас мемлекеттің
саясаткерлері жаң-жақты ізденісте болады, бірден бір құрылымды ойлап табу
мүмкін емес. Оның орнына тиянақты зерттеу мен саралау жүргізу арқасында өз
мемлекеттік ерекшеліктерің негізге ала отырып қолданысқа алуға болады. Заң
ғалымдарының докторы Остапович И.Ю бұл мәселеге толықтай мақала арнап,
Конституциялық Кеңес Францияның кенесінің толықтай аналогы болып табылады
деген ойға дәлелдер келтіріп кетіп, “1995 жылғы Нұрсұлтан Н. реформасындағы
жалпы халықтық Ассамблеяда да Францияның тәжіребиесі жайлы бекер сөз
қозғамағаны болар” деп айтты [4]. Біздің елге сол саяси тұрақсыздық кезіңде дәл
осындай орган қажет болды, заңның кепілі және саяси күрестен алшақ тұратын
орган.
Мен
Тәуелсіздікпен жасты, зайырлы мемлекеттің азаматымын.
Конституцияны құрметтеу және сыйлау менің міндетім, тәуелсіздік қаншалықты
маңызды болса, Конституцияда соғұрлым маңызды. Идеология, міне ең басты
құңдылық, тек идеология бізді алға сүйреп, дамуға есіктерді айқара ашады. Менің
отаныма деген патриоттық сезімді тудыратын факторлар бірнеше: ол менің
отбасым, отаным, халқым, тілім, дінім, ал Конституция осының барлығын бір
жиынтық қылып, белгілі бір тәртіп пен жүйеге келтірген. Оны берік ұстану заң, ал
заңды бұлжытпай орындау керектігі барлығымызға аян. Идеология - таптың,
әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін, қоғамдық сана, философиялық,
моральдық, эстетикалық теория. Адамның санасындағы идеалды мемлекеттік
құрылым, идеалды Конституция, сол Конституцияны берік ұстанатын қоғам,
Конституцияны бақылап, қорғайтын идеалды Конституциялық Кеңес. Жоғарыда
аталып кеткендей Конституциялық Кеңес бірден осындай күйі мен құрылымда
болмады. Себебі, бұл үшін үлкен тәжірибе, тұрақтылық және де әрине уақыттың
153
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
қажеті сөзсіз. Бостандығымыздың нақты кепілі, демократиялық қоғам мен
құқықтық мемлекеттің ірге тасы. ҚР мен Францияның Конституциялық Кеңесіне
мемлекеттің экс-Президенттері мүшелік етеді. Біздің елде өте дұрыс, оң
қабылдаңған шешім деп айта аламыз, Франция жайлы әрине осындай бірқалыпты
позитивті ой ұстай алмаймыз, себебі әрине барлығымыз білетіндей Францияның
экс-Президентінің қаржы алаяқтығы сияқты даулы жағдаяттардан кейін кеңес бұл
шартты талқылауға салғаны белгілі. Ал біздің Елбасының алғырлығы,
мемлекетіміздің құрылуының ең басында ақ, барлығына аян болған. Осы уақытқа
дейін барлық жасаған шешімдері мен еңгізген реформалары өте орынды әрі халық
үшін жасалғаны ешкімде күмән тудырмайтындығы анық.Мысалы біздің
Елбасының өтінішімен және Конституциялық Кеңестің қаулысымен «Бұқаралық
ақпарат құралдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері
бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» реформалары
Конституцияға негізделе еңгізілген, ал Конституцияға сәйкес емес Заң міндетті
түрде оған сәйкестендіріледі. Себебі ең басты қозғаушы күш конституция, заң
одан ауытқымауы шарт.
Конституциялық Кеңес атқаратын міндеттер біршама, соның ішінде
Прламент қабылдаған заңнама Елбасы қолын қояр алдында Конституциялық
Кеңес қаралымынан өтеді. Баршамызға аяндай заң-жалпыға бірдей міндетті ереже,
неғұрлым маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін
нормативтік акт
.
Заңға
қарама-қайшы келетін кез келген құқықтық акт "қолданысқа жарамсыз" деп
танылуға тиіс. Заңды қабылдаудың айырықша тәртібі бар. Мазмұндалған
нормалардың маңызына қарай заңдар
конституциялық заңдар
және қарапайым
заңдар
болып
бөлінеді.
Конституциялық
заңға
Конституцияның
өзі
және
Конституцияға
өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдар жатады. Ал
қарапайым заңдарға жүйелік және ағымдағы заңдар жатады.
Елдегі
Конституциялық заңдылықтың нығаюына, сондай-ақ Конституциялық Кеңестің
беделі артуына көп ретте мемлекет басшысының септігі Республика Конституция-
сына және Конституциялық Кеңеске деген ерекше ықыласы оң әсерін тигізуде.
2008 жылы Республика Президентінің заң шығарушылық бастамасы тәртібімен
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық
заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, солар арқылы Конституциялық
Кеңестің шешімдеріне жоғарырақ дәрежедегі салмақ берілді [5]. Мұндағы
енгізілген жаңалық сол, Конституциялық Кеңестің шешімдеріндегі заңнаманы
жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды
тұлғалар міндетті түрде қарап, қабылданған шешім туралы Конституциялық
Кеңесті хабардар етуге тиіс. Конституциялық Кеңестің бұл функциясы ұлттық
заңнаманы жетілдіруге өз үлесін қосатыны анық.
Конституция мен
Конституциялық Кеңестің беделі мен қызметі біраз
айқындалған секілді, әрине осы орайда Конституциялық Кеңестің регламенті
және құрылымы жайлы атап кеткеніміз дұрыс. Қазақстан Республикасы
Конституциялық Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен
құралған. Конституциялық Кеңестің ғұмыр бойлық мүшелігіне Республиканың
экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің
Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген
жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады. Конституциялық Кеңестің екі
мүшесі
Республика
Президентімен
,
екеуі
Сенат
төрағасымен,
екеуі мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің жартысы әр
үш жыл сайын жаңартылып тұрады. Конституциялық Кеңестің ұйымдастырылуы
мен қызметі Конституциялық заңмен реттеледі. Конституциялық Кеңеске өтініш
154
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
беру құқығына: Қазақстан Республикасының Президенті, Сенат Төрағасы, Мәжіліс
Төрағасы, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiр бөлiгi,
Премьер-Министр, Республика соттары ие. Конституциялық Кеңес сот органы
емес. Ол Констиуцияның үстемдігін сот әдістерімен қамтамсыз етпейтін
мемлекеттік орган болып табылады. Конституциялық Кеңес өз құзіреітн
Конституциялық іс жүргізу жолымен жүзеге асырады. Бірақ ол сот ісін жүргізу
емес, Конституциялық Кеңестің мемлекеттік органдар жүйесінде алатын орны
мемлекеттік іс жүргізу. Конституциялық Кеңес мемлекеттік механизмнің бір
бөлігі бола тұрып мемлекеттік биліктің бірде бір тармағына жатпайды.Ол тіпті
билік тармақтарының бірде біріне жуыспайды. Осының бәрі Конституциялық іс
жүргізудің өзіндік қырын көрсетеді. Осыған орай Конституциялық Кеңеске өтініш
беретін субъектілер ауқымы шекті. Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей бұл
субъектілер Президент, Сенат Төрағасы, Мәжіліс Төрағасы, Парламент
депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бірі, Премьер Министр,
Республика соттары,мемлекеттік органдар жатады.
Конституциялық
Кеңес республиканың барлық аумағында ҚР
Конституциясының жоғары тұруын қамтамасыз ететін мемлекеттік орган ретінде
өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде дербес және мемлекеттік органдарға,
ұйымдарға, лауазымды адамдар мен азаматтарға тәуелсіз, республика
Конституциясына ғана бағынады әрі саяси және өзге себептерді негізге ала
алмайды. Конституциялық Кеңестің атқаратын тікелей міндеттері: Конституция
нормаларына ресми түсінік береді, Республика Президенті мен Парламент
депутаттарын сайлауға қатысады, Республикалық референдум өткізудің
дұрыстығы жайлы мәселеге туған дауды шешеді, жоғарыда айтылып кеткендей ең
басты міндеттерінің бірі Парламент қабылдаған заңдардың Конституциямен
сәйкестігін тексереді, Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін
қарайды, Республика Президентін қызметінен мерзімінен бұрын босату
туралы
Парламент
тиісті
шешім қабылданғанша, Республика Президентін
қызметінен босату туралы соңғы шешімге келгенге дейін белгіленген
конституциялық
рәсімдерді
сақтау туралы ұйғарым жасайды [6]. Сонымен,
Конституция мен Конституциялық Кеңестің және оның атқаратын міндеттерінің
қаншалықты маңызды екені түсінікті болды. Оның қабылдаған кез келген шешімі
республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндет болып табылады.
Осындай маңызды міндеттер атқаратын кеңес халық үшін қызмет етіп,
әрбір қабылдаған шешімін егжей-тегжейлі ойластырып қана жүзеге асырады.
Кеңестiң құрамына отыз жасқа толған, Республика аумағында тұратын, жоғарғы
заң бiлiмi бар, заң мамандығы бойынша кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар
Республика азаматы тағайындала алады. Сонымен осындай тәжірибесі бар
адамдардың іскерлігі арқасында қазіргі таңда біздің мемлекет шын мәнінде
құқықтық мемлекеттер қатарына өту үрдісінде екенің байқадық. Халық пен
мемлекет үшін үлкен қызмет атқаратын Конституциялық кеңестің аппараты
жайлы айтып кететін болсақ, ҚР Конституциялық Кеңесі аппараты ҚР
Конституциялық Кеңес қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын
қамтамасыз ету үшін құрылды. Себебі кез келген құрылымдағы жұмыс, аппарат
немесе ұйым арқылы жүзеге асады, Конституциялық Кеңес аппараты: ғылыми-
қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес
қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды. ҚР
Конституциялық Кеңесі аппараты құрылымдық бөлімшелері: ғылыми-қүқықтық
бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім және қаржы-шаруашылық бөлімі
болып бөлінеді . Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін анықтау
барысында біз оған жүктелетін міндеттері мен оған қойылатын негізгі талаптарды
155
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
қарастырдық. Әрине біздің қоғам үшін өте маңызды рөл атқаратын
Конституциялық
Кеңес
мүшелеріне
азғантай
басымдыдлық
беріледі.
Конституицялық Кеңес мүшелері мәртебесінің ерекшілігі мынандай сәттерден
көрінеді: өз міндетін орындау кезінде тәуелсіз және тек Конституцияға және
Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығына ғана бағынады, басқа
актілердің ол үшін айтарлықтай міндеттілік күші болмайды, кез келген жағдайда
ол негізге Конституцияны алады. Олардың қызметіне араласушылық, сондай ақ
қысым көрсету, өз ойын байлау немесе өзгедей бір қандай да болсын әрекет жасау
заң бойынша жауапқа тартылады [7]. Конституция Конституциялық Кеңестің
немесе оның мүшелернің қандай да бір органның алдында есеп беретіндігін
көздемейді. Конституциялық Кеңестің Парламентке елдегі конституциялық
заңдылықтың жай күйі туралы жыл сайынғы жолдауы оның есебі болып
табылмайды. Конституциялық Кеңес Төрағасы және оның мүшелері
конституциялық іс жүргізу жөніңдегі қызметі үшін ешкімге есеп бермейді.
Президенттің Конституциялық Кеңес туралы Жарлығында олардың өкіліеттігін
жүзеге асыру жөніңдегі есебін талап етуге ешкімнің құқығы жоқтығы тура
жазылып айқын көрсетілген. Қаралған мәселе бойынша шешім шығарылғанша
Конституциялық Кеңес Төрағасынан немесе оның мүшелерінен ешкімнің ешнәрсе
сұрауына құқығы жоқ немесе жоғарыда атап кеткендей ешбір басымдылдық
көрсетілмеуі тиіс. Конституиялық Кеңестің Төрағасы мен мүшелері шешім
шығарғанша оған қатысты мәселелер бойынша пікір білдіруге немесе ақыл кеңес
беруге құқығы жоқ. Әрине бұл тек Конституциялық Кеңес жағдайын ойдлау емес,
біздің Конституия мен халқымыз үшін де маңызды.
Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері иммунитетін пайдаланады.
Олар өз өкілеттігі кезінде түрмеге қамалмайды, күштеп әкелінбейді, сот тәртібімен
әкімшілік жазалау шаралары қолданылмайды, қылмыс немесе ауыр қылмыс
үстінде ұсталғаннан өзге жағдайларда қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
Конституциялық Кеңес Төрағасы және мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек
алдын ала анықтау және тергеу жүргізуші республикалық мемлекеттік органның
лауазымы жоғары адамы туралы болғандықтан Бас Прокурор істі тергеу
барысында заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады. Қылмыстың
жасалғаны туралы дәлелдемелер болған жағдайда Бас Прокурор Конституциялық
Кеңестің Төрағасын немесе мүшелерін қылмыстық жауаптылыққа тартуға келісім
беру туралы Парламентке ұсыныс енгізеді. Конституциялық Кеңестің Төрағасы
және оның мүшелеріне қатысты қылмыстық істі тек Жоғарғы Сот жүргізеді. Аса
маңызды міндет атқаратын Конституциялық Кеңес мүшелеріне осындай
басымдылық беріледі. Әрине мемлекеттік қызметшілерге сияқты тиымдар да бар.
Олар, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына,басшы органдардың немесе
коммерциялық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің құрамына кіруге болмайды
дейтін тиым болып келеді. Аталған тыйымдарды орындамау Конституциялық
Кеңесте мүшелікті тоқтауға әкеліп соқтырады.
Кез келген мемлекеттің Конституциясын қарастыратын болсақ, оның
негізгі мақсаты әдеттегідей, адам мен азамат құқығы, оның бостандығы мен
міндеттерін қорғау. Яғни Конституция және Конституциялық Кеңес, мен және сіз
сияқты қарапайым азаматтар үшін құралған, мен және сіз сияқты адамдарды
зайырлы мемлекеттің азаматы қылады. Осылайша, жоғарыда атап кетілген барлық
факторлар Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесін айқындап отыр.
Конституциялық Кеңес өзінің бекітілген құқықтық мәртебесіне сай өз құзіретің
атқара келе үнемі саралау мен бақылау жасайды. Сонымен, Конституциялық
Кеңестің атқарып отырған қызметі қаншалықты маңызды екені түсінікті болды.
156
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Конституцияның құңдылығы, Конституциялық Кеңестің атқаратын
міндеттерінің маңыздылығы, Кеңестің құрылуының жолы және барысы сияқты
өзекті тақырыптарға жауап іздеп тауып, ең басты құңдылық ретінде қарастырдық.
Жас азаматтар міндетті түрде Конституция қалай бақыланып, қорғалады деген
сұрақтарға жауап іздегенде осы мақаламен танысса болады. Біз үнемі
«мемлекеттік идеология жоқ, мемлекеттік идеологияны жасау керек» деп айтып
келеміз. Ал егер шындыққа келетін болсақ, мемлекеттік идеология дегеніміз — ол
біздің Конституция. Конституцияның әрбір бабының астарында осы мемлекеттік
идеология жатыр, бірақ әрине ешбір мемлекет Конституциясын мемлекеттік
идеология деп айтпайтыны анық. Бірақ ішкі саясат та, сыртқы саясат та,
әлеуметтік саясат та, тәжірибе жұмысы да Конституциядан шығады. Сондықтан,
Конституция — Ата Заң, Заңның Заңы, мемлекеттің идеологиясы. Онымен таныс
болу, дәріптеу және бағалау керек. Осы уақыттың ішінде Қазақстан әлемдiк
қауымдастықтан өз орнын тауып, өзіндік даму жолына түскен елге айналды,
кезінде біз басқа елдердің тәжірибесінен сабақ алсақ, енді өз тәжірибемізбен өзге
елдермен бөлісетін жағдайға да жетіп қалдық. Біз осыған орай Қазақстан
Республикасының қалыптасуы мен өсіп-өркендеуіндегі Конституцияның рөлі
қаншалықты ауқымды екені анық, ал мемлекет ішінде оның міндеті
Қазақстан
Республикасының
бүкіл
аумағында
Конституциясының
үстінен
қарауды
қамтамасыз ететін
мемлекеттік орган
болып саналады. Конституциялық Кеңес
өкілеттігін жүзеге асырған кезде мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, лауазымды
тұлғалар мен азаматтарға тәуелді емес, тек Конституцияға бағынады әрі саяси
және басқадай себептерге сүйене алмайды. Конституциялық Кеңес өз іс-әрекетінің
процесінде, барлық жағдайда, соттардың және өзге де мемлекеттік органдардың
құзыретіне жататын мәселелерді анықтаудан және зерттеуден тартынуға міндетті.
Конституциялық Кеңес өкілеттігі, қызметінің ұйымдастырылуы және кепілдігі
жағынан соттарға көбірек жуықтағанымен, билік тармақтарының бірде-біреуіне
бірікпейді. Халық үшін қызмет етіп, Конституцияның берік болуын қадағалап,
халық үшін маңыздылығы жоғары Конституцияны қорғайтын өзекті міндет
атқаратын орган.
ЛИТЕРАТУРА
1. Об опыте исполнения решений Конституционного Совета
Республики Казахстан // Конституционное правосудие в странах СНГ и Балтии.
Хитрин Ю. Конституционный Совет Республики Казахстан: особенности статуса и
пути повышения эффективности его деятельности 2001. № 2. С. 26-27
2. «Егемен Қазақстан» газетіндегі Конституциялық Кеңес мүшесі А.М.
Нұрмағамбетовтың сұхбаты 1.01.2015 ж. Ата Заңның асқаралы асуы. 2015 –
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы
3. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата
юридических наук Остапович И.Ю Томск, 2005. - c.126-127
4. Автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата
юридических наук Остапович И.Ю б. 28-29
5. Конституция РК.- Алматы ТОО «Издательство «Норома К» с.49
6 .
Достарыңызбен бөлісу: |