«
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-
құқықтық жүйесі» // akorda.kz
7.
Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу
конституционного закона, «О Конституционном Совете Республики Казахстан» от
29 декабря 1995 года // Казахстанская правда. - 1996, 9 января.
157
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ЭКОНОМИКА
158
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ӘОЖ: 336.1
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНК ЖҮЙЕСІНДЕГІ САҚТАНДЫРУ
ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
Абдибеков С.У., Жумаханова А.Б.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Saken_Abdibekov@mail.ru
,
Aika92_7@list.ru
Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі сақтандыру қызметінің
дамуының
өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-бюджет және
ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы мен
сақтық
ұйымдары
жүмысының
сенімділігіне
байланысты
іс-шаралар
қарастырылған.
Развитие страхования в банковской системе Республики Казахстан, в свою
очередь, законодательная база, государственная фискальная и денежно-кредитная
политика, чтобы улучшить безопасность и качество надзора мер безопасности,
связанных с надежностью работы организаций.
Development of insurance in the banking system of the Republic of Kazakhstan, in
turn, the legal framework, the state fiscal and monetary policies to improve the safety and
quality of supervision of safety measures related to the reliability of the organizations.
Кілт сөздері: Сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру, міндеті сақтандыру,
медициналық сақтандыру, көлік құралдарын сақтандыру, жүктерді сақтандыру,
жазатайым
жағдайдан
және
аурудан
сақтандыру,
мүліктік
сақтандару,азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру
Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты - мемлекеттің,
азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың
нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық
рыногын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын
сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең кезеңімен іске
асыруды талап етеді. Бұл қағида Қазақстан Республикасында сақтандыруды
дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде жүргізіледі. Онда мынадай
міндеттерді шешу көзделінген:
- әлеуметтік сақтандыру түрі ретіндегі сақтық қорғауды ұсынудың
қағидаттарын нақтылау;
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін
нақтылау;
- сақтық рыногының қазіргі заманғы инфрақұрылымын қалыптастыру және
оның қатысушыларының - сақтық ұйымы, сақтық брокер, сақтық агент, сақтанушы,
сақтандырылушы, пайда алушы, өзара сақтандыру қоғамы, сақтандырумен
байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын өзге де заңи және жеке
тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін жағдай жасау;
- халықаралық стандарттарды ескере отырып, сақтық қадағалауын жүйесін
ұйымдастыру;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен
төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;
- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін
арттыру жүйесін ұйымдастыру.
159
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық-
бюджет және ақша-кредит саясатын жетілдіруге, сақтық қызметін қадағалау сапасы
мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.
Қазақстанның сақтық рыногы қалыптасу стратегиясында тұр: экономикалық
және құқықтық негіздемелері бойынша ол дүниежүзілік деңгейден айтарлықтай
артта қалып келеді. Дамыған нарықтық қатынастары бар елдерде сақтық қызметтер
көрсетудің ассортименті 500 түрге жетіп отыр, ал Қазақстанда ол не бары 40 түрін
қамтиды.
Ерекше сақтық қатынастар, сақтық қызметінің рыногын дамыту, азаматтар
мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы қорғау «Сақтық қызметі туралы»
Қазақстан Республикасының заңымен, сақтандыру мәселелері жөніндегі Үкімет
қаулыларымен және Ұлттық банктің сақтық қадағалау департамаентінің нормативтік
актілерімен реттеліп отырады.
Қазіргі кезде Қазақстанның сақтық рыногы қатысушыларының ассоциациясы
құрылған. Ассоциацияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының сақтық
рыногын дамытудың қолайлы жағдайларын жасау және халықтың сақтық
мәдениетінің деңгейін арттыру болып табылады [1, 15-19бб.].
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-
қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың
жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында
оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының
(салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да
немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті
қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық
қорлары түрінде калыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз
ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық
қорғау болып табылады.
Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда -
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кэсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
-
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
-
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
-
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
-
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемелекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты ретінде қарауға
болады.
160
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру -
қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке жэне заңи
тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык зиянды төлеу
үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік
қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бүл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол
алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
-
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
-
сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
-
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша
-
жинақтаушы және жинақтаушы емес.
Міндеті сақтандыру - заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны
жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын
реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді [2, 393-427бб.].
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын
сақтандыру.
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен
басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен
байланысты.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық
жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы
(мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің жоғалу
(жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі жэне өзге де мүліктік игіліктер
мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы
жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы
немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін жүзеге
асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
161
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе
жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін
сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдцелеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соньщ ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүліктік сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су
көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойлүы салдарынан
келтірілген зиянды ішшара немесе толық өтемі мөлшершде сақтық телемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардьщ өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауааптылықты сактандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандыру [3,24-28бб.].
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақгандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл
талаптарга сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдьшда азаматтық - құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс - қимыл жасайтын тұлғаның паидасына сақтандырылған болып есептеледі.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардьщ кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды жэне экспорттық
кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған
байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық
ұйымдардың капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық
инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында
мамандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік болып
табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Қазақстан Республикасының қаржысы.-Алматы.2006жыл, Б.15-19.
2.
Мельников В.Д., Ілиясов К.К. Қаржы: Жоғары оқу орындарына арналған
оқулық, - Алматы, 2001жыл, Б.393-427.
3.
Баяхметов Т. Қазақстандағы сақтандырудың маңызы мен болашақта дамыту
тенденциялары.- Алматы, Қаржы-қаражат, №2, 2007жыл, Б.24-28.
162
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
ӘОЖ: 336.1
ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛІНУІ
Абдибеков С.У., Талдыбаева М.Қ.
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
Saken_Abdibekov@mail.ru
,
Marzhan92_03@mail.ru
Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі кеңінен тарап отырған
ауқымды мәселелердің бірі валюталық операциялар болып табылады.Бұл мақалада
кеңінен тарап отырған:төлем құралдарын каражат ретiнде пайдалануға
байланысты мәмiлелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсiлмен елге немесе
елден әкелу/әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен
(немесе) құны ұлттық валютада корсетiлген бағалы қағаздар мен телем
құралдарына меншiк құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты
резиденттер мен бейрезиденттердiң арасындағы мәмiлелер.
Широкий спектр современных проблем в Республике Казахстан, который
является одним из крупных валютных операци, в этой статье рассматривается:
использования в качестве средства платежных операций; валютные ценности в любом
случае из страны или импорта/экспорта и транспортировки национальная валюта, а
также номинальная стоимость и стоимость национальной валюты по ценным бумагам
и телевизионные права и другие права в связи с передачей права собственности на
средства операциям между резидентами и нерезидентами
.
A wide range of contemporary issues in the Republic of Kazakhstan, which is one of the
major foreign exchange operations, this article examines: use as a means of payment
transactions; currency values in any case out of the country or import / export and
transportation; the national currency, as well as the nominal value and the value of the national
currency with the Securities and television rights and other rights in connection with the transfer
of ownership of the means of transactions between residents and non-residents.
Кілт сөздерi: Валюталық операция, валюталық операциялар түрлері,
валюталық бақылау агенттерi.
Әр мемлекеттің өз ақшасы бар, олар айырбас құралы немесе төлем, есеп бірлігі
құралы, құнды бірқалыпты сақтау құралы, сонымен бірге төленбеген төлемдерге шара
қолдану қызметін атқарады. Яғни, ақша ұлттық валюта ретінде тек ішкі рынокта ғана
емес, сыртқы рыноктада үлкен рөл атқарады. Қанша тәуелсіз ел болса, сонша ұлттық
валюта болады. Соған байланысты, бірнеше түрлі валюта құрылымы пайыздық қойылым,
валюта бағамының режимі, және тағы басқалар болады. Солардың барлығы халықаралық
валюта нарығында жинақталады.
Валюталық операция түрін қарастырмас бұрын, алдымен, валюталық операция
деген не, яғни оған дұрыс анықтама беру керек.
Валюталық операция - бұл шетел валтасын сатып алу - сату немесе бір валютаны
екінші бір валютаға айырбастау.
Шетелдік валютасы валюта операциясын жүргізудің ең негізгі обьектісі болып
табылады және мынадай жағдайда қолданылады:
1)
коммерциялық мәміле жүргізуде;
2)
валюта нарығын құруда;
3)
абсолюттік жүргізуде;
4)
қауіп-қатерді ретке келтіруде [1,3б.].
163
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
Шетел валюталық операциясы қолданылатын коммерциялық мәмілелер шетел
валютасын иемдену және сатуды таза қаржы операциялары үшін емес тауар саудасын
және қызмет көрсету түрлерін жеңілдету үшін қолданылады.
Валюталық операциялар - бұл меншiк құқығының және өзге құқықтардың
валюталық құндылықтарға өтуiне байланысты, соның iшiнде шетел валютасы төлемдерi
мен шетел валютасындағы төлем құралдарын каражат ретiнде пайдалануға байланысты
мәмiлелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсiлмен елге немесе елден әкелу/әкету
және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада
корсетiлген бағалы қағаздар мен телем құралдарына меншiк құқығы мен басқа
құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердiңар арасындағы
мәмiлелер.
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты
операцияларға бөлiнедi.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады: тауарлар мен қызметтерге төлем
мерзiмi ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшiн ақша аудару; экспорт-
импорт мәмiлелерi бойынша 180 күннен аспайтын мерзiмге кредит беруге байланысты
есеп айырысуларды жүзеге асыру; 180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және
кредиттер алу;депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша
аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы баска кiрiстер алу; сауда түрiне жатпайтын
ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлiк сомалардың аударымдары, жалақы,
зейнетакылар, алименттер және өзге операциялар капитал қозғалысына байланысты
операциялар мыналарды қамтиды: инвестициялар; жылжымайтын мулiктiң мұлiктiк және
басқа да құқықтарына төленетiн ақша аударымдары; 180 күннен астам мерзiмге
экспорттық-импорттық мәмiлелер бойынша кредит беру жәнс алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды
инвестициялау, халықаралык, мемлекеттiкжәне коммерциялық кредит, экономикалық
көмек көрсету, елдiң алтын- валюта резервтерiнiң қозғалысы, дипломатиялық және басқа
органдарды ұстау, шетелдiк iссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық
трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық
қызметтiң басқа түрлерi кезiнде жасалады.
Елдегi пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздерi болуы тиiс,
сондықтан сыртқы экономикалық қызметтiң аталған түрлерiнiң көбiсi валюталық
ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады. Валюталық ресурстар қаржы
ресурстарының құрамды бөлiгi болып табылады және ұқсас орталықтандырылган
(мемлекеттiк) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң
ресурстары) болып бөлiнедi. Мемлекеттiк валюта ресурстары мыналардың есебiнен
қалыптасады; экономиканың мемлекеттiк секторының - кәсіпорындардың, ұйымдардың,
компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.б. өнiмiн, тауарларын және
қызметiн экспортқа шығарудан түскен түсiм- ақшадан;тауарлар мен жүктердiң кеден
шекарасы арқылы қозғалысы жөнiндегi операцияларды дайындау кезiндегi шетел
валютасындағы
кеден
баждарынан,
басқа
төлемдерiнен
келiсiмшарттардың,
мәмiлелердiң, контракттардың шетелдiк қатынасушылары төлейтiн сапықтардан,
бонустардан, роялтилерден түсетiн түсiмдерден; валюталық занды бұзғаны үшiн
шетелдiк валютада төленгсн айыппұлдар мен өсiмнен;шетел банктерiне және басқа
қаржы ұйымдарына депозиттердi орналастырудан түсетiн түсiмдерден, сондай-ақ
шетелдердегi мүлiк пен активтердi пайдаланғаннан алынған табыстардан;шетел
мемлекеттерiнiң, банктерiнiң, халықаралық және мемлекетаралық каржы ұйымдарының
кредиттерi мен қарыздарынан валютадағы гранттар мен тегiн кемек түрiндегi
түсiмдерден.
Валюталық
ресурстар
көбiнесе
мемлекеттiң
қарамағына
шоғырландырылады. Басым мәселелердi орындау үшiн немесе жалпы мемлекеттiк
ресурстардың бiр бөлiгi жергiлiктi органдарға берiлуi мүмкiн. Бұдан басқа, билiктiң
164
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
жергiлiктi органдары валютаны валюта нарығында сатып ала алады. Мемлекеттiң
уәкiлеттi органдары мен оның қаржы агенттерi де банкаралық биржада валютаны сатып
алушылар бола алады. Мемлекеттiң валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1)
Ұлттық банк: елдегi тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөнiндегi
мемлекеттiң стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетiн деңгейде ұлттық
валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жузеге асыру үшiн; Ұлттық
банктiң қарыздары мен басқа мiндеттемелерi бойынша есеп айырысу үшiн;
2)
Қаржы министiрлiгi: қарыздар туралы келiсiмшартпен белгiленген уақытта
сыртқы берешектi өтеу графигi бойынша жабу үшiн; халықаралық ұйымдардағы мүшелiк
үшiн жарналар төлеу; елшiлiктердің, консульдықтардың, өкiлдiктердiң және басқа
елдердегi осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшiн;
3)
Үкiмет органдары: мемлекеттiк қажеттердi – тауарлар мен көлшiлiк қолды
бұйымдарды импорттау жөнiндегi орталықтандырылған сатып алуды қанағаттандыру
үшiн;
4)
Басқарудың жергiлiктi органдары – коммуналдьқ шаруашылықтың, өндiрiстiк
емес сфераның қажеттiлiкгерiн, аймақтардың жергiлiктi инфрақұрылымын дамытуды,
халықтың түрлi елеулi қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн.
Валюта қаражаттары түсiмдерiнiң мүмкiн болатын көзi келiсiмшарттарды,
арбитраж органдары белгiлеген контракттар бойынша мiндеттемелердi, басқа елдердiң
сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдердi орындамағаны үшiн
алынатын компенсациялар болып табылады.
Қайта бөлу ретiндегi валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы буыны тарапынан
төменгi шаруашылық бөлiнiстерге бөлiнуi мүмкiн (басқарудың бұл деңгейiнде валюта
қорларын жасау кезiнде).
Банктерді валюталық операциялармен үш мақсатта айналысады:
1)
Клиеттердің тапсырысымен;
2)
Спекулятикті мақсатта;
3)
Валюталық тәуекелдерді хеджерлеу.
Валюталық операцияларды мақсатына қарай былай жіктеуге болады:
1)
Валюта айырбастау;
2)
Алып-сатарлы және абсолюттік.
Валюта айырбастау операциясында айырбастауға қатысушы үшін шешуші кезең
бола алмайды, яғни түсім оған байланысты емес (тіпті залалдан сақтану үшін ол
валюталық қауіп қатерден сақтандыра алмайтынын ескермеген жағдайда да). Шетел
валютасына айырбастау басқа нарықтарда (тауар, қаржы) түсім түсіру үшін қолданылады,
мысалы шетелге сатылған тауар есебінен [2,9б.].
Кез келген валюталық операцияны жүргізуде жүргізуші жақтар ақша айырбастау
кезеңінің тәсіліне байланысты (телеграфт, пошта арқылы аудару, чек, жедел шарт немесе
банкнот), баға белгіленімі тәсіліне байланысты валюта айырбастау бағамын келісіп алу
керек. Сонымен бірге банк арқылы баға белгіленіміланған сатып алу, сату бағамы немесе
орташаланған курс арасындағы таңдау маңызды рөл атқарады. Телеграфтың атқару
бағамы ең жоғарғы курс болып табылады, себебі онда шетел валютасы банк арқылы тез
төленеді немесе шетел банкінен аударуда алғаннан кейін келесі күні төленеді. Мәмілені
орындауды жылдамдығына байланысты спот мәмілесі үшін телеграфтық аудару
тиімдірек. спот мәмілесінде басқа тәсілдер ақша айырбастауда жылдамдығына
байланысты тиімсіз болуы мүмкін. Егер ақша айырбастаудың басқа тәсілін қолдану
мүмкін болса, онда соңғы курс телеграфтың айырбастау бағамының негізінде
анықталады. Ол бір елден екінші елге төлем құжаттарын жеткізу мерзімі ішінде
пайыздың көлеміне азайтылған телеграфтық айырбастау бағамының негізінде
анықталады.
Валюталық бақылау агенттерi:
165
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 1 / 2015
1) өздерi, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмасы бойынша операциялар жүргiзген
кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасы талаптарының сақталуын
бақылауды жүзеге асыруға;
2) валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есептiлiктiң толымдылығын
және объективтiлiгiн қамтамасыз етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өкiлеттiктерге сәйкес өз
клиенттерi жол берген, өздерiне белгiлi болған Қазақстан Республикасының валюталық
заңнамасын бұзу фактiлерi туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, сондай-
ақ басқа да валюталық бақылау органдары мен құқық қорғау органдарына хабарлауға;
4) валюталық бақылау органдарына өздерiнiң қатысуымен жүргiзiлетiн валюталық
операциялар туралы валюталық реттеу органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнде
белгiленген тәртiппен ақпарат беруге мiндеттi.
Валюталық бақылау органдары мен агенттерi өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған
кезде өздерiне белгiлi болған коммерциялық, банктiк және заңмен қорғалатын өзге де
құпияны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтауға мiндеттi.
Уәкiлеттi банк резиденттiң және (немесе) резидент еместiң төлемдер мен ақша
аударымдарын соңғысы осы Заңға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынған жағдайда
ғана жүзеге асырады.
Бұдан шығатын қорытынды өкілетті мемлекеттік органның құқықтық нормотивтік
актілердің бастырып шығуына валюталық реттеу басты делдал қызметін атқарады.
Қазіргі уақытта валюталық бақылау және реттеу туралы бірнеше нормативті-
құқықтық актілері бар. Солардың ішінде ең негізгілер: «Валюталық реттеу және бақылау
туралы» заңы, «Төлемдер және ақша аударулар туралы» заңы, «Валюталық
құндылықтарды қолданумен байланысты іс-әрекетті лицензиялау ережесі туралы» заңы
[3].
Қазақстан Республикасы үкіметі және өзгеде мемлекеттік органдар Қазақстан
Республикасы заңдарына сәйкес өз құқықтары ретінің шегінде валюталық реттеуді жүзеге
асырады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бөлшек сауданы және қолма-қол шетел
валютасы үшін қызметтер ұсынуды жүзеге асыруға байланысты қызметті, Қазақстан
Республикасындағы валюта түріндегі есепшоттарымен қоса, олар тіркелген
мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар шетел банктері мен қаржы
институттарында (бұдан әрі - шетелдік банктер) резиденттердің ашқан есепшоттарын,
сондай-ақ валюталық құндылықтардың резиденттерден резидент еместердің пайдасына
өтуін (орналастырылуын) көздейтін капитал қозғалысына байланысты операцияларды
лицензиялайды.
Достарыңызбен бөлісу: |