Жануарлар этологиясы


Табындық (топтық) мінезқылық



Pdf көрінісі
бет10/20
Дата08.01.2017
өлшемі1,51 Mb.
#1431
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Табындық (топтық) мінезқылық 
Көптеген  жануарлар  ірі  отбасылық  топтарға  бөлінеді.  Олар  қаз  және  аққу 
үйірлері  тәрізді  бірнеше  отбасыдан  тұрады  немесе  отбасылық  дәнекермен 
байланысты  даралардан  құрылуы  мүмкін.  Индивидтердің  топтық  өмір  сүруден 
алатын  пайдасы  әр  түрлі.  Олардың  үшін  жыртқыш  аңдардан  қорғану  басты 
орында  болады.  Жоғары  сатыдағы  жануарлар  бір-бірін  қауіптің  бар  екендігі 
жайлы  хабарландырады,  нәтижесінде  топ  тұтастай  қорғанады.  Оның  үстіне, 
көптеген  жануарлар  бірге  шабуылдау  үшін  бірігеді.  Бұл  функциялар  негізінен 
жылы қандылар арасында байқалады, алайда эволюцияның төменгі деңгейлерінде 
топтық іс-әрекеттің көптеген басқа да пайдасын көруге болады. Алли және оның 
серіктестері  тәжірибе  түрінде  осындай  артықшылықтардың  көптеген  жағдайын 
көрсетті.  Мысалы,  күміс  мөңке  балық  топтан  оқшау  жүріп  көбірек  тамақтанады 
және  жылдамырақ  өседі,  оның  үстіне  желінетін  тамақ  көлемінің  артуынан  ғана 
емес,  сонымен  қатар  қандай  да  бір  басқа  факторлар  әсерінен  де.  Әрбір  оқшау 
балық топта өмір сүретін балық тәрізді тамақтанған кезде де өседі. Теңіз жалпақ 
құрты  топта  тұз  құрамының  өзгерістерін  оқшау  жүргенге  қарағанда  жақсырақ 
басынан  өткізеді.  Егер  тарақандардың  екі-үш  дарасын  бөлек  емес,  бірге  ұстаған 
кезде  бағыт-бағдар  табу  сынақтарынан  жақсырақ  өтеді.  Уэлти  көрсеткендей, 
дафниялардың  бірігу  артықшылығы  олардың  жыртқыштардардан  қашуын 

 
116 
 
жақсартады;  мөңке  балық  осы  шаяндардың  тобымен  кездескен  кезде  оның  «көзі 
бір  орында  тұрақтамай»,  ол  біршама  уақыт  қайсысынан  бастайтынын  таңдайтын 
болады. Нәтижесінде олжаның жалпы мөлшері саны аз топпен қоректену кезінен 
қарағанда азырақ болатын болады. Уапезш көбелек құрттарының жиналуы оларды 
отқұйрық  торғай  тәрізді  сайрағыш  құстардан  сақтайды;  олардың  құрттар  тобына 
шабуылдамай, топтан бөлінгендерін ғана жейтіндігі анықталған.  
 
Топтық  өмір  сүру  дараларға,  атап  айтқанда  топтарға  артықшылық 
беретіндігі  анық.  Сонымен  қатар  бұл  жерде  келесі  сұрақ  орынды  болады: 
мінезқұлық осындай оң нәтижеге жетуге қалай себептеседі? 
 
 
 
 
Ең  алдымен  даралар  бірге  жиналып,  қалуы  тиіс.  Ол  әр  түрлі  сенсорлық 
мүшелерге  әсер  ететін  белгілер  көмегімен  қамтамасыз  етілуі  мүмкін.  Құстарда 
ондай  белгілер  әдетте  көрумен,  естумен  немесе  екеуімен  де  байланысты.  Қаздар 
мен үйректердің қанаттарындағы жарқын түспен ерекшеленетін айнашықтары әр 
алуан  түрлерде  әр  түрлі  және  осы  міндетті  атқарады.  Хайнрот  әлемнің  әр  түрлі 
жерінен әкелінген үйректер мен қаздар жиналған Берлин зообағында болып, ұшып 
бара  жатқан  құстарды  көрген  кезде,  егер  ол  құс  өзіне  ұқсайтынын  көрсе,  ұшып 
барып, соған қосылатындығын аңғарған. Көптеген құстардың құйрық жағындағы 
ашық  өзіндік  бедер,  әсіресе  балшықшыныкі,  дәл  осы  мақсатқа  қызмет  етеді. 
Сайрағыш  құстардың  шығаратын  шақырма  дыбыстары,  мысалы,  сары  шымшық 
пен  құнақтардың  дыбыстары,  топтың  сақталуына  себептеседі;  әрбір  дара  өзіндік 
түрге ғана тән  әнмен шақырылады, оны үйірден бөлініп қалған құсты бақылаған 
кезде көруге болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Көптеген  балықтар  бір-бірімен  алдымен  көру  арқылы  әрекеттеседі,  алайда 
кейбір  жағдайларда  хеморецепция  да  маңызды  болып  табылады.  Мысалы, 
көкталмалар  өз  түрлерінің  «иісін»  ажыратады.  Олар  тіпті  сол  иіс  бойынша  жеке 
дараларды  да  тани  алады,  алайда  оның  табиғи  жағдайда  маңызы  бар  ма,  жоқ  па 
екендігі белгісіз.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
117 
 
Жоғары  деңгейлі  жануарлардың  әлеуметтік  мінез-құлығы  қарапайым 
агрегация  шеңберінен  шығады.  Кейбір  түрлерде  бұдан  да  күрделірек  серіктестік 
белгілі.  1  тарауда  айтылып  өткендей,  кейбір  құстар  «өзіне  тамақ  табу  үшін 
тамақтанып  отырған  тұқымдас  түріне»  қарайды.  Ол  жағдай  «симпатикалық 
индукция»  немесе  «әлеуметтік  жеңілдік»  деген  атаумен  белгілі;  ол  көптеген 
түрлерде  байқалған  және  тек  тамақтанумен  ғана  емес,  сонымен  қатар  басқа  да 
инстинктермен байланысты. Үйірдегі бір құс қауіп белгісін көрсетсе, қалғандары 
да  алаңдай  бастайды.  Мінезқұлықтың  тағы  бір  «жұқпалы»  түрі  –  ұйқы.  Тіпті 
серуендеу  мен  ұшу  да  осы  тәсілмен  біріктіріледі;  үйірдің  бірнеше  мүшесі  басқа 
жаққа  кеткісі  келгенін  көрсеткен  кезде,  қалғандары  оларға  қосыла  алады.  Кенет 
ұшу  ауаға  бүкіл  үйірді  көтереді.  Әлеуметтік  жеңілдіктің  барлық  осы  түрлерінің 
артықшылықтары  айқын:  ол  даралардың  іс-әрекеттерін  біріктіреді,  сол  арқылы 
қандай да бір қызмет атқару кезіндегі бытырап кетуіне кедергі келтіреді. 
 
 
Мұндай  қарым-қатынастардың  көпшілігі  әрбір  индивидтің  қалғандарының 
іс-қимылына  әрекет  етуінің  жоғары  деңгейлі  тенденциясына  негізделген. 
Әлеуметтік жануарлар ұсақ-түйек белгілерге, тіпті болмашы «жыбырлауларға» да 
сезімтал. Аттауға немесе секіруге деген жасқаншақ талпыныс тәрізді әлсіз көрінет 
іс-қимылдар  ниет  қимылдары  немесе  интенциялық  қимылдар  деп  аталады. 
Көптеген  әлеуметтік  белгілер,  соның  ішінде  жоғары  маманданғандары  да, 
өздерінің  туындыларына  жатады.  Ұшып  бара  жатып  шауқарға  топтың  басқа 
мүшелеріне  мұқият  қарайды.  Егер  олар  орындарында  қалса,  онда  ол  не  артқа 
оралып,  өз  ниетін  кейінгіге  қалдырады,  немесе  қалғандарын  өзіне  қосуға 
итермелейді.  Ол  үшін  ол  жерде  отырған  дараларға  жақын  ұшып  келіп,  төмен 
ұшып,  құйрығын  тез-тез  қимылдатады.Әлеуметтік  серіктестіктің  тағы  бір  түрі  – 
біріге шабуылдау. Ол да құстар үшін барынша танымал. Көптеген құстар, мысалы, 
шауқарғалар,  бізтұмсық  шағалалар  және  әр  түрлі  сайрағыш  құстар  жыртқышты 
«қоршап  алады».  Олар,  мысалы,  бұтада  отырған  қырғиды,  немесе  үй  байғызын, 

 
118 
 
немесе бұқпалап келе жатқан мысықты айнала қоршап жиналуы мүмкін. Мұндай 
әрекетті  жиі  үй  торғайларында  байқауға  болады.  Басқа  жағдайда  олар  жоғары 
ұшып, әлсін-әлсін шабуылдап, қырғидың үстінен тығыз үйірмен ұшады. 
 
 
 
 
 
Кейбір  кездері  мұндай  іс-әрекет  барлық  дараларда  бір  уақытта  басталуы 
мүмкін, себебі олардың әрбіреуі жыртқышты бірден көреді.  Егер оны үйірдің бір 
мүшесі ғана көретін болса, ол дабыл көтеріп, басқаларын хабарландырады. Дабыл 
айғайы  –  бүкіл  топ  қызығушылығына  қызмет  ететін,  алайда  жеке  индивидті 
қорқытатын іс-әрекеттің айқын мысалы.   
 
 
 
 
 
 
Бірыңғай шабуылдардың атқаратын қызметтері әр түрлі. Егер жыртқыш аш 
болмайтын болса, онда ол мұндай шабуыл басталмастан бұрын қашуға тырысады. 
Мысалы,  қырғи  шынымен  аш  болатын  болса,  яғни  қарқынды  аңшылық  жасаса, 
онда шабуылдаушы құстар оның мазасын алмайды да. Алайда оның басқа олжаны 
іздеуге  бағытталған  назарын  аудартады.  Ителгі-лашын  қуған  қараторғайлар  мен 
балшықшылар  тәрізді  жауға  шабуыл  бірігіу  тірі  қалу  тұрғысынан  құндылық 
болып  табылады;  олжаға  шаубылдаушы  лашын  басқаларынан  бөлініп  шыққан 
дараны таңдауға тырысады, себебі өзінің орасан зор жылдамдығының салдарынан 
қалың құсты жара ұшып, ол өзі де зардап шегуі мүмкін. 
 
 
 
 
 
Қауіп  белгісінің  міндетті  түрде  дыбыстық  болуы  немесе  көзге  көрінуі 
міндетті  емес.  Көптеген  әлеуметтік  құстарда  ол  химиялық  сипатта  болып 
табылады.  Шортан  немесе  алабұға  үйірден  көкталманы  ұстап  алған  кезде, 
қалғандары  бытырап  кетіп,  ол  орынға  енді  оралмайды.  Олар  ұзақ  уақыт  бойы 
мұқият  болып,  жыртқыш  көрінген  кезде  бірден  пана  іздей  бастайды.  Ол  өлген 
тұқымдасы  терісінен  шыққан  затқа  деген  ольфакторлық  реакциясымен 
шарттасқан.  Оны  аквариумдағы  көкталмадан  да  көруге  болады,  ол  үшін  оның 
тамағына  теріден  кесіп  алынған  экстрактты  қосса  жеткілікті.    Ол  зат  әр  түрдікі 

 
119 
 
өзінікі, оған деген реакция да өзгеше, оның үстіне балықтар өз тұқымдастарының 
«қорқыныш затына» ғана әрекет етеді.   
 
 
 
 
 
 
 
Ашық  кеңістікте  маймылдардың  топтасуы.  Зоологтар  туысқандығы 
бойынша  жақын  емес,  алайда  Шығыс  Африка  саваннасындағы  біздің  ата-
бабаларымыз  өмір  сүрген  жағдайға  ұқсас  жағдайда  өмір  сүретін  түрлерге  назар 
аудара бастады. Саваннада жер үсті маймылдары үшін күрделі ұйымсыз тірі қалу 
мүмкін  емес.  Олардың  әрбіреуі  жеке-дара  барыстан,  арыстаннан  және  гиена 
иттерінен  қорғалмаған,  оның  үстіне  оларға  қарағанда  баяу  жүгіреді.  Жер  үсті 
итбасты  маймылдар  –  павиандар,  бабуиндар,  гамадрилдар  –  саваннаны 
мекендейді.  Адам  ата-бабаларына  ұқсас  жағдайда  олар  ұқсас  заттар  мен 
мінезқұлықты туындатқан.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дәрежесі  бірдей  анубистердің  одақтары.  Итбасты  маймылдар  күрделі 
ұйымдасқан  үлкен тобырды  құра алады.  Олар  үшін  дәреже үшін күрес,  сонымен 
қатар  аналықтарға  ие  болу  талпынысы  аталық  өмірінің  мәні  десе  де  болады.  Ол 
күрес  қатал,  төбелеспен  бірге  жүреді,  ал  жеңіліс  тұрақты  төмендету,  қорқыныш, 
доминанттарға  ең  жақсыларын  беру  қажеттілігін  білдіреді.  Төменгі  дәрежелі 
павиандар  дағдарыста  болады,  жиі  түрде  ауырады  және  аз  өмір  сүреді.  Бір-бірін 
қинау  үшін  қолданатын  барлық  айлакерліктерді  сипаттайтын  кейбір  еңбектерді 
оқу кезінде тіпті құсқың келіп кетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
Африка 
саваннасын 
мекендейтін 
анубис 
павиандары 
келесі 
«жаңашылдықты»  ашқан:  агрессиялы  және  мықты  қарсыластың  дәрежесін 
төмендету үшін өзің тәрізді әлсіз одақтас табу керексің.  Егер бірнеше аталықтан 
одақ құра алсаң, онда одан да жоғары тұрған дараға қол жеткізуге болады. Одақ 
құру үшін бір аталық екіншісіне қызмет етіп,онымен жанжалдаспауға тырысады. 
Төмен дәрежелі жас аталықтарда ол одақ мықты емес, себебі олар бір-бірін сатып 
жібере  береді,  ол  әсіресе  жоғары  дәрежелі  аталықпе  күрес  кезінде  көрінеді. 
Алайда бірдей жасты аталықтардың қандай да бір бөлігі тұрақты одақ құрып, олар 

 
120 
 
жоғары  дәрежелі  аталықты  құлата  алады.  Әдетте  павиандар  табыны  жас 
ерекшеліктері  бойынша  иерархиялық  пирамиданы  құрады.  Алайда  одақтар  оны 
«төмендегі төңкеріс» көмегімен құлата алады. Жас ерекшелігі бойынша пирамида 
құру адамға тән. Дәстүрлі қоғамдарда жастық иерархия қатал сақталады. Алайда 
доминантты  құлату  мақсатымен  одақ  құру  –  көне  заманнан  бері  қазіргі  уақытқа 
дейін  белгілі  нәрсе.  Адамдарда  ол  одақтар  да  тұрақсыз,  салыстырмалы  түрде 
жылдам  құлайды.  Кешегі  одақтасыңның  сатқындығы  –  саясаткерлердің 
мінезқұлықнормасына айналған. Әйтпесе мың жылдық рим мәтелі «Бөл де биле» 
сақталынып  қалмас  еді.  Әрине,  басқыншыларды  құлату  мен  олардың  орнына  ие 
болу мақсатында бірігу идеясына интеллектуалдық тұжырымдау көмегімен жетуге 
болады  немесе  инстинкті  пайдалана  отырып,  компьютерлік  үлгімен  орындауға 
болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Павиандар–  геронтократия.  Енді  павиандар  пирамидасының  жоғарғы 
шыңына  қаралық.  Оны  кім  басқарады?  Күміс  сақалды  патриарх-павиан?  Жоқ! 
Шыңда  бірнеше  патриарх  отырады  екен.  Олардың  қарым-қатынастарын  достық 
қарым-қатынас деп атауға болмас, сенім де жоқ; алайда онда жаулық та жоқ. Бір 
кездері  жас болғанда  олар  өздерінің жастық  тобында билік  үшін ұзақ  әрі  талмай 
күрескен  және  уақыт  өте  келе  бір-біріне  дес  бермейтіндерін  түсінген.  Одақ 
құрғаннан  кейін  олар  табындағы  әрбір  иерархиялық  баспалдақ  үшін  ұжымдасып 
күрескен. Олардың бастары бірікпен қарсыластары баяғыда өлген. Енді міне, олар 
жоғарыда. Олар аз қалды және азая береді де. Енді олардың қалған өмірінің басты 
мәні  –  біртіндеп  күш  жинап,  пирамиданың  жоғарғы  баспалдағын  басып  алғысы 
келетін  көптеген  субдоминанттарды  ұстап  қалу.  Қарттардың  біреуі  де  жалғыз  өз 
орнын ұстап қала алмайды, сондықтан олар оны бірігіп ұстайды.  
 
 
Жасы бойынша үлкен топтардың үстемдік етуін этологтар геронтократия  – 
қарттар билік деп атайды. Геронтократия жиі түрде адамдарда да қалыптасады. Ол 
кішігірім  топта  да, мемлекет басында да  құрылуы  мүмкін.  Әдетте  геронтократия 

 
121 
 
ресми көшбасшы өзіне сенімді болмай, жастардан қорыққан кезде пайда болады. 
Өзінің  жанына  өзі  тәрізді  кәрілер  мен  өзі  тәрізді  сенімсіздерді  тартып,  олармен 
билікпен бөліседі, осы арқылы қарттар шыңын қалыптастырады, олар үшін билікті 
жоғалтып  алу  қорқынышы  жалғыз  басқару  талпынысынан  да  жоғары  болады. 
Қарапйым өмірде геронттардың іс-әрекеті біз үшін ойластырылған және қу болып 
көрінуі  мүмкін.  Шындығына  келгенде,  ол  инстинкт  қулығы.  Оған  сеніп, 
кейбіреулері  кәрілік  маразм  жағдайында  болып  та  билікті  сақтап  қала  алған. 
Дәстүрлі  қоғамда  заңдармен  және  нұсқаулармен  қоршалып,  қабылданған  қарт 
тобының билігі – барлық ақсақалдар, геронттар, сенаторлардың билігі – қатардағы 
мүшелер жасай алатын іс-әрекет болып шықты.  
 
 
 
 
 
 
Жайылған жал, кең күміс мантия, қабақ астынан қараған қатал көзқарас пен 
ірі  сары  азулар  –  табындағы иерархия  шыңына  жеткен  павиан  гамадрилдер  міне 
осындай.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шыңға  жеткеннен  кейін  павиан  өз  өмірін  жеңілдетпейді.  Оған  үнемі 
табында  қажетті  тәртіп  жоқ  сияқты  болып  көрінеді.  Шыңда  отырған  ол  қабағын 
біресе  бір  маймылға,  біресе  басқа  маймылға  түйеді.  Уақыт  өте  келе  жұдырықты 
түю,  кеудесін  ұру,  азуын  көрсету,  біресе  бір  аталықты,  біресе  екінші  аталықты 
шақырып  көндіру  керек  болып  тұрады;  басын  түсіру,  төмен  қарау,  аталық  үшін 
намысты болып табылатын аналық тәрізді тұру. Егер біреу тәтті немесе қызықты 
бір нәрсені тауып алса – алып қою. Геронттар аналықтарды жеке меншіктері деп 
есептейді  және  олардың  төменгі  дәрежелі  аталықтармен  жыныстық  қатынасқа 
түсуіне жол бермейді, алайда аналықтардың да өз бастары бар, сондықтан оларды 
қадағалау қиын. Иерархтың не ұясы, не мүлігі жоқ. Оны тек үш нәрса мазалайды: 
табын территориясын сақтау және ұлғайту, аналықтар мен билікті ұстап қалу. 
 
Павиандар  үшін  геронтократия  міндетті,  себебі  иерарх  билікті  өз  бетімен 
сақтап  қала  алмайды.  Оған  бағынышты  аталықтар  оның  әрбіреуін  жеке-жеке 
басуға  көмектеспейді.  Керісінше,  олар  ұжымдық  шабуыл  жасай  алады.  Күшті, 

 
122 
 
қатал,  билікке  құмар,  алайда  сатқын  емес  павиандар  аталықтары  әлемін  біраз 
уақытқа шегеріп қойып, ұсағырақ және әлсіз қорғалған макакалар табынына назар 
аударайық. Олар да көп уақытын ашық жерде өткізеді және ұйымдасуы жағынан 
әлсіз  болса  да,  саны  көп  табын  құрады.Үстемдік  ету  үшін  күрес  макакалар 
аталықтары  үшін  көпті  білдіреді,  алайда  ол  күрес  соншалықты  қатал  емес. 
Олардың  доминанттары  одақты  қажет  етпейді,  себебі  макакалардың  бір 
жиіркенішті инстинкті бағдарламасы бар (басқа да кейбір табындық жануарларда 
кездеседі,  мысалы,  иттерде).  Доминант  бағынышты  біреуін  жазаласа  болды, 
қалғандары  оған  көмектесуге  асығажы:  айғайлайды,  жазаланушыға  секіреді,  оны 
бірдеңемен түртуге тырысады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Этологтар мұндай мінезқұлықтың қалай пайда болатындығын зерттеген. Ол 
доминант  алдындағы  қорқынышта  сақталынып  қалған,  алайда  бағытын  өзгерген 
агрессия.  Ол  қарапайым иерархиялық  қағида  бойынша  өзінен  әлсізге  көшеді.  Ал 
жазаланушы  дәл  осы  сәтте  сол  әлсізге  айналады.  Оны  барлық  макакалар  жасай 
алады,  алайда  пирамида  түбінде  орналасқандар  бұған  барынша  белсенді 
қатысады:  себебі  олар  бәрінен  қорқады  және  агрессиясын  тек  жансыз  заттарға 
ғана  көрсете  алады,  ал  ол  қызықсыз.  Кенет  жазаланушы  пирамида  түбінде, 
олардан  да  әлсіз  болып  шығады,  оны  ешбір  жазадан  қорықпастан  ұруға  болады. 
Әдетте аталықтардың иерархиялық ойындарына қатыспайтын аналықтар (олардың 
дәрежесі  кез  келген  аталықтан  төмен)  осы  іске  тартылып  қана  қоймай, 
аталықтардан  да  белсенді  болып  шығады.  Бұл  қарапайым  механизм  доминантты 
ешбір  қауіпсіз  төмен  тұрғандарды  басуға  мүмкіндік  береді.  Бастаса  болды, 
қалғанын табын өзі-ақ бітіреді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Дәл осыған ұқсас бағдарлама бізде де бар екендігімен келіспеуге болмайды. 
Кезекте тұрған кезде сатушы (біздің санамызда ол доминант, себебі ол бірдеңені 
басқарады)  бүкіл  кезекті  бірдеңе  талап  еткен  (соның  ішінде  бүкіл  кезек  үшін 
пайдалы  нәрсе  –  жылдамырақ  жұмыс  істеу,  алдамау,  балағаттамау  және  т.б.) 

 
123 
 
тұтынушыға  айдап  салатындығын  байқадыңыз  ба?  Ол  үшін  өз  санасында 
басқалардан  төмен  және  әлсіз  сезінетіндерді  (әйелдерді  тарту  еркектерге 
қарағанда  оңайырақ,  кәрі  адамдарды  тарту  жастарға  қарағанда  оңайырақ)  тарту 
бәрінен де оңай екендігін байқадыңыз ба? Сіздің ойыңызша, сатушыны осы нәзік 
психологиялық  тәсілге  үйрету  керек  пе?  Жоқ,  ол  біздің  санамыздан  өздігінен 
пайда  болады.  Адамдарда  ол  бағдарлама  сан  қырлы  болып  келеді.  Жиналыстағы 
мүйіздеу.  Бұйрықтағы  сөгіс.  Көрсетілім  үдерісі.  Жұрт  алдында  өлтіру,  Халық 
жазаланушыны таспен ұрып, оны өлтіруді талап етуі мүмкін, ал егер осыған дейін 
жоғары орында отырған адамды беретін болса, оны тірідей жеуге бар.  
 
 
Адам  макакадан  тағы  бір  белгісімен  ерекшеленеді:  егер  екіншісі 
жазаланушыға  бүкіл  агрессиясын  төккендерді  мадақтамаса,  біріншісі  ең 
белсенділерін жақындатып, көтере алады. Осылайша ең қорқынышты құрылым – 
жауыздар қоршаған  иерарх пайда болады. Жаппай  пайда болатын жасөспірімдер 
тобында  ол  кәдімгі  жағдай:  мықты  көшбасшы,  оның  жанында  бірнеше 
жиіркенішті  және  байғұс  етеккөтергіш,  ал  төменірек  –  мықтырақ  жігіттер. 
«Алтылықтың»  психологиясы  мен  мінезқұлығын  Р.Киплинг  бала  кезімізден  бері 
таныс  жолбарыс  Шерханды  маңайлаған  шибөрі  Табака  бейнесінде  келтірген.
 
Жаппай  қылмыстық  топтарда  «басшы»  да  әдетте  «алтылықтармен» 
қоршалған.  Дәл  сол  мемлекеттік  деңгейде  де  жүзеге  асады:  тиран  сатраптармен 
қоршалған,  олардың  ерекше  сипаты  –  қылмыскерлік,  адамгершіліктен  жұрдай 
болуы,  сатқындық  және  төмендегілерге  агрессия  көрсету.  Көне  гректер  ондай 
құрылымды охлократия – ең нашарлар билігі деп атаған.   
 
 
 
Адамдарда  да  бар  бір  дәреже  шеңберіндегі  одақтардың  құрылу 
бағдарламасы  билікті  жеке-дара  ұстап  қалуға  мүмкіндік  бермейтіндігін 
анықтадық.  Алайда  егер  оны  доминант  шабуылдап  жатқандарға  топ  болып 
жабылу  бағдарламасымен  салыстырсақ,  билікті  жалғыз  ұстап  қалу  мүмкіндігі 
пайда  болады:  субдоминанттардың  кішігірім  одағы  табындағы  барлық 

 
124 
 
жаншылардар  қолдаған  доминант  шабуылына  қарсы  тұра  алмайды.  «Халықты» 
қолдау  көретін  тиранды  жасайтын  механизм  міне  осындай.  Барлық  тирандар 
мықты  тұлғаларға  төмендегілерді  жоямын  деп  қорқыта  отырып,  үнемі  өзіне 
бағынышты ұстайды.   
Одақ жасау үшін бір бабуин екіншісіне қызмет етеді. 
Одақтың мақсаты – иерархиялық дәреже үшін бірігіп күресі. 
 
 
 
 
 
 
Одақтар  билік  үшін  күреседі.  Дәрежесі  төмен  үш  бабуин 
дәрежесі  жоғары  аталықтарға  шабуылдайды.  Шабуылдаушылардың  ішінде 
ортаңғысы ғана өзінің артықшылығын білдіріп құйрығын алып шыға алды, алайда 
ол  да  басын  доминанттар  арасында  көтере  алмайды.  Оның  одақтастары  –  не 
шабуылдайды,  не  қашып  кетеді.  Бір  доминант  басшылық  позасына  ие  болып, 
күреске дайындығын білдіреді. Алайда оның одақтасытары екі қарсыласы тәрізді 
әлі қозғалмаған. Бұл жерде кімнің жеңетіндігі олардың өздеріне байланысты, тым 
болды бір бабуин өзінің «саяси» одақтастарын сатып кете ме әлде жоқ па. Билік 
үшін күресте сатқындық – кәдімгі құбылыс болып табылады. 
Табындық  жануарларды  аулау.  Мықты  ересек  жануарлар  әдетте 
жыртқыштарға  берілмейді.  Әдетте  олардың  құрбандарына  жалғыз  не  ауру 
жануарлар  айналады.  Солтүстік  бұғыларға  шабуылдай  отыра,  қасқырлар  әдетте 
оны  фронт  бойымен  қуады..  Бірнеше  минут  жүгіргеннен  кейін  табыннан  бір 
немесе бірнеше ауру жануар қалып қояды, дәл солар жыртқыштың аузына түседі. 
Егер  олай  болмайтын  болса,  қасқырлар  аңшылықты  тоқтатады.  Қорқау  иттер 
қарақұйрықтарға  аңшылыққа  түскен  кезде  табыннан  бір  жануарды  алып  қалуға 
тырысады.   
 
 
 
 
 
 
Үй  солтүстік  бұғылары  қасқырлардың  оңай  олжасына  айналады. 
В.П.Макридиннің  бақылаулары  бойынша  үй  бұғыларының  жылдамдығы  қасқыр 
жылдамдығынан біршама төмен, алайда жыртқыштар ұзақ уақыт қуа алмайды. Үй 
бұғыларының  үлкен,  қыс  жағдайына  сай  келмейтін  көлемі,  олардың  жыныстық 
және  жастық  құрылым  ерекшеліктері  қасқырлардың  табын  ортасына  кіріп, 

 
125 
 
ондаған жануарды өлтіре алу мүмкіндігінің басты себептері болып табылады. 
 
Жыртқыш  құстар  мінезқұлығын  бақылауды  Д.В.Радаков  жүргізген. 
Жыртқыш балық шабуылдаған кезде үйір бұзылады, жыртқышты өткізіп жіберіп, 
оның  соңынан  қайта  бірігеді.  Атерина,  кефаль  шабақтары  үшін  ондаған 
сантиметрге  созылатын  бірінші  ырғу  тән,  оның  үстіне  балық  жыртқыштың  көз 
аясынан  кету  үшін  жеңіл  қозғалады.  Жыртқыш  олжасын  ұстап  алу  қолынан 
келмесе,  қууды  біршама  жылдам  тастайтындығы  анықталған.  Жетістікке  жеткен 
жағдайда оның белсенділігі артады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Топқа  бірігу  құрбандарға  ғана  емес,  сонымен  қатар  жыртқыштарға  да 
көмектеседі. Қасқырлардың үйірлік шабуылы жақсы белгілі. Олар фронт бойынша 
таралып,  құрбанын  қуады,  оның  үстіне  қасқырлар  қаншықтың  барлық 
қимылдарын қайталайды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет