3. Тәрбиелік мақсат – информатика сабақтарында оқушыларды отансүйгіштікке, азаматтыққа, биік адамгершілікке, жоғарғы саналылыққа баулуға бағытталған. Сонымен бірге, оқушылардың этикалық, эстетикалық дамуын жалпыхалықтық рухани құндылықтар арқылы қалыптастыру көзделеді.
Информатиканы оқытуда тәрбиелеу мақсаты оқушының компьютерді қолдануында өзі үшін де басқалар үшін де қауіпсіз, әрі тиімді пайдалануды назардан тыс қалдырмайды. Ол сабақ уақытында, компьютерде жұмыс істеуі кезінде санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың тәрбиелі болып қалыптасуын мақсат етеді. Атап айтқанда,
психологиялық көңіл-күй;
компьютермен объективті қарым-қатынас;
өзінің немесе өзгенің ақпаратына мұқият болу;
компьютерлік техникаға ұқыпты қарау;
компьютерге вирус жұқтырудан сақтану;
компьютерді меңгеру арқылы өзінің шығармашылық қабілетін дамыту;
компьютерде жұмыс істей отырып, алынған нәтижелерді талдай білу;
күрделі есептерді шешуде ұжыммен бірлесіп жұмыс істеу;
ұжым мүшелерінің пікірлерімен санасу;
өз еңбегінің нәтижесін пайдалануды қамтамасыз ету, т.б.
Информатиканы оқыту әдістемесі мектептегі информатика пәнінде компьютерді 2 тұрғыдан қарастырады: 1) компьютер - оқу объектісі; 2) компьютер - оқу құралы.
Оқу объектісі ретінде компьютер орта мектептегі «Информатика және есептеуіш техника негіздері» пәнінің мазмұнына кіреді. Ол оқушыларға білім беру, іскерлік пен дағдыны қалыптастыра отырып, практикалық қызметке дайындауды мақсат етеді.
Ал, компьютерді оқу процесіне оқу құралы ретінде қолдануда оның тиімділігі және дидактикалық мүмкіндігі ескеріледі.
ИОӘ информатика пәнін оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін қарастырумен қатар, оның құралдарын, формаларын, тапсырмалар жиынтығын да қарастырады. Яғни, мұның барлығы біртұтас жүйе ретінде қарастырылады (суретте).
Мұғалім оқу процесіндегі жетекші тұлға болғандықтан ол оқу бағдарламасын таңдайды, осы бағдарламаға сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар және оған сәйкес сабақ жоспарын жасайды.
Оқу бағдарламасы мемлекеттік, авторлық және жеке бағдарламалар болуы мүмкін.
Мемлекеттік бағдарлама ҚР БжҒМ-де бекітіледі.
Авторлық бағдарлама жеке немесе авторлар ұжымымен жасалып, республикалық білім беру мекемелерінде бекітіледі.
Жеке бағдарлама оқытудың нақты жағдайлары мен материалдық-техникалық базаға қарай мемлекеттік бағдарламаға ішінара өзгерістер енгізу арқылы жасалады.
Мақсаты
Мазмұны
Мұғалім
Әдістері
Оқушылар
Құралдары
Формалары
Тапсырмалар жиынтығы
«Қалай оқытамыз?» сұрағы, яғни әдістемелік мәселе мұғалімнің әpбip сабаққа дайындық барысында сабақ түрін, оқыту әдістерін, бекіту және бақылау кезеңдеріндегі тапсырмаларды анықтау қажеттілігінен туындайды.
Демек, болашақ информатика мұғалімі мектеп информатикасын оқытуда:
білім берушілік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарды түсінуі және оларды өзіне білім ретінде бойға сіңіруі;
игерілген білімдегі информатиканың орны мен маңызын көре білуі;
информатика курсының мазмұнын меңгеру мақсатына сәйкес
оқулықтар мен бағдарламаларды салыстыра білуі;
мазмұн таңдау принципін түсіну және оны қолдана білуі;
пәнді оқыту құралдарын меңгepyi;
оқытудың дәстүрлі және жаңа ақпараттық технологияға негізделген әдістерін білyi;
оқушылардың. ақыл-ой қызметін басқаруды меңгepyi;
оқытуды ұйымдастыру формаларын меңгеруі;
басқа пәндермен информатиканың, байланысын зерттеуі;
информатиканы оқыту процесін талдай білyi;
бағдарламалық және техникалық құралдарды қолдана білyi;
оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыра білуі қажет.
Болашақ информатика мұғалімінің оқу әрекеті информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы және дербес мәселелерін қарастыратын лекция курстарымен 6ipгe:
1) оқушы рөлінде болуы керек, яғни жаңа материалды оқушы ретінде меңгеруі керек;
2) оқытушы рөлінде болуы керек, яғни оқушы үшін оқу материалдарын, тапсырмаларды дайындауы қажет;
3) пән әдіскері рөлінде әдістемелік құралдарды даярлауы керек.
Болашақ информатика мұғалімі мектептегі нақты жағдайларға байланысты сабақта барлық оқыту әдістерін қолданудың мүмкін болмайтындығын түсіне отырып, өзі үнемі шығармашылық ізденісте болуы қажет.
Сонымен, әрбір информатика мұғалімі пән бойынша мектепте өткізілетін педагогикалық іс-тәжірибе кезінде информатика сабағын талдауды, сабақтың оқу-әдістемелік, бағдарламалық жабдықтарын таңдай білуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |