«жаратылыстан» институты


ИОӘ-нің басқа пәндерді оқыту әдістемесімен байланысы



бет22/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
umkd - ioa - dist - utverzhd (1)

ИОӘ-нің басқа пәндерді оқыту әдістемесімен байланысы.
Информатиканы оқыту әдістемесі басқа мектеп пәндерін оқыту әдістемелерімен тығыз байланыста дамиды. Мысалы, информатиканы оқыту әдістемесі математиканы оқыту әдістемесінен тектік (генетикалық) тұрғыда байланысады. Себебі, информатиканың бастапқы ұғымдары алгоритм, функция, т.б. математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады.
Информатиканы оқыту әдістемесінің физика, химия пәндерін оқыту әдістемесіне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке (лат. Exsperimentum - тексеріп көру, тәжірибе) негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программанны жіктеу мен жүргізу эксперимент ретінде әсіресе, программадағы қатені іздеуде айқын байқалады. Физикалық көзқарас тұрғысынан компьютер приборлар секілді қарастырылады. Оның жан-жақты сипаттамасын зерттеуге және тәжірибелер жүргізуге әдістерді физиканы оқыту әдістемесінен алып қолдануға болады.
Информатиканы оқыту әдістемесінің психологиямен байланысы оқушылардың компьютермен қарым-қатынас мәселесінде көрінеді. Сұхбаттық программалармен, компьютерлік ойындармен жұмыс істеу оқушылар үшін «компьютерге жан біткендей» әсер етеді. Информатикада таңбалар мен белгілеулер кең қолданылатындықтан оларды түрлендіруде компьютердің рөлі ерекше. Компьютерді оқыту процесіне енгізу жағдайында танымдық ақыл-ой әрекеттері – анализ, синтез, индукция, дедукция, жалпылау, салыстыру, аналогия, т.б. әдістер ескеріледі.
Информатиканы оқыту әдістемесінің шет тілдерін оқыту әдістемесімен байланысы аударма жасау, текстерді өңдеу кезінде көрінеді. Сондай-ақ формальды тілден мазмұндылыққа көшу информатика ғылымының жетістіктері негізінде табысты шешілуде.
Информатика пәнін философия ғылымымен салыстыруға болады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың күштілігіне көрінеді.
Информатиканың пәнаралық байланысы оның білім беру саласындағы мүмкіндігінің мол екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет