Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Мектеп үйіндегі жарық режимі және жарықтың жұмысқа қабілеттілікке әсері



бет9/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
УМК Окушылар физиол дамуы (1)

15.Мектеп үйіндегі жарық режимі және жарықтың жұмысқа қабілеттілікке әсері.
Оқу процесінде әдетте көзге айтарлықтай күш түседі. Мектеп үйінде (сынып бөлмелері, кабинеттер, лабораториялар, оқу шеберханалары, акт залы және т.б.) жарықтың қалыпты немесе едәуір мол болуы нерв жүйесін зорықтырмай, жұмысқа қабілеттілікті, оқушылардың белсенділігін сақтайды. Күн жарығы, әсіресе ультракүлгін сәулелері бала организмінің өсіп жетілуіне септігін тигізіп, жұқпалы аурулардың таралуына кедергі келтіреді, организмде Д витаминінің түзілуін қамтамасыз етеді. Сондықтан мектеп үйіне тікелей түсетін күн сәулесінің барынша көп өтуіне мүмкіндік жасап, жасанды жарықтың түсу нормасын қатаң сақтаудың маңызы зор.
16. Көрудің бұзылуы мен көздің жұқпалы ауруларының сақтану шаралары.
Гемералопия. Ақшам соқыр деген атпен көбірек гемералопия көрудің бұзылуының бір түрі болып табылады. Ол көбінесе жүре пайда болады. Бұл жағдайда адам ымыртта және қараңғыда нашар көреді., ал күндіз жасанды жарық жеткілікті болғанда әдеттегідей көреді. Көрудің бұлайша бұзылуының себебі- тамақта А витаминінің жетіспеушілігі. Аурудың алдын-алудың бір жолы-витаминдер соның ішінде А витамині жеткілікті тамақ ішу керек. А витамині мол азық-түлік ретінде балық майын, майға бұқтырылған немесе сүтке пісірілген сәбізді, салатты пайдаланады. Сонымен бірге еңбек ету мен дұрыс тынығу қажет.


Бақылау сұрақтары.
1. Оқушылардың физиологиялық дамуы пәндерінің тәрбие жұмысы, оқушылардың денсаулығын күшейту мен сақтау үшін маңызы.
2. Оқушылардың физиологиялық дамуы оқытудың мақсаттары мен міндеттері қандай.
3. Оқушылардың физиологиялық дамуын зерттеудің неше әдісі бар.
4. Оқушылардың физиологиялық дамуының басқа ғылымдар мен байланысы.
5. Оқушылардың физиологиялық дамуының дамуына үлес қосқан ғалымдар.
6. Организмнің даму этаптары.
7. Жоғарғы нерв әрекеті және оның жастық ерекшеліктері .
8. Нерв жүйесінің хабарларды қабылдау, өңдеу, өткізу түрлі организм реакцияларын ұйымдастыру және психикалық қызметтерін атқару кездеріндегі ролі.
9. Шартты рефлекс туралы ұғым және олардың жасалу механизмі.
10. Жоғарғы нерв әрекеті типтері және оқушының типтерін ескерту.
11. Тірек функциясына сипаттама бер.
12. Тірек-қимыл аппаратының бұзылулары және балалар жарақаттануынан алдын ала сақтану жолдарына толық мәлімет бер.
13. Көру анализаторлары және оның функциялық бөлімдеріне сипаттама бер.
14. Гемералопия ұғымын қалай түсінесің және оның анықтамасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет